Конституциялық құқықтың әлемдік тәжірибедегі дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Октября 2014 в 19:25, реферат

Краткое описание

Конституциялық құқық — құқық жүйесінің басты саласы (кейбір елдерде ол "мемлекеттік құқық" деп аталады). Конституциялық құқық, құқықтың басқа салаларының жасалуы, әрекет ету мен қалыптасуының негізі болып табылады. Мұндай салалар бүгінгі күні жиырмадан астам: мысалы, әкімшілік құқық, азаматтық құқық, қылмыстық құқық, қаржы құқығы және т.б.

Вложенные файлы: 1 файл

СРО кукык.docx

— 36.45 Кб (Скачать файл)

               Конституциялық құқықтың әлемдік тәжірибедегі дамуы.

  Конституциялық құқық — құқық жүйесінің басты саласы (кейбір елдерде ол "мемлекеттік құқық" деп аталады). Конституциялық құқық, құқықтың басқа салаларының жасалуы, әрекет ету мен қалыптасуының негізі болып табылады. Мұндай салалар бүгінгі күні жиырмадан астам: мысалы, әкімшілік құқық, азаматтық құқық, қылмыстық құқық, қаржы құқығы және т.б. Конституциялық құкық маңызды мынадай мәселелерді:

  • қоғам мен мемлекет құрылысының негіздерін;
  • мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару ісін жүзеге асырудың тәртібін;
  • адам және азамат құқығын, бостандығы мен міндеттерін реттейді.

Конституциялық құқық — адам, мемлекет пен қоғамның өз тіршілік әрекетін құруына өте кажетті оған лайықты басты ережелерді белгілейді. Мемлекеттік билікті жүзеге асырумен байланысты пайда болатын қоғамдық қатынастар конституциялық құқықтың мәнін құрайды. Қазақстан Республикасында азаматтарға мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуға кепілдік берілген. Азаматтардың бұл құқығын кім камтамасыз етеді? Әрине осыны жүзеге асыруға құқылы мемлекет. Біздің елімізде әркім Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамаларын сақтауға, басқа тұлғалардын құқықтары мен еркіндіктерін, ар-ожданы мен абыройын қастерлеуге міндетті. Аталған талаптар сақталмаған жағдайда оны бұзушыларға мемлекеттік органдардың алдында (полиция, прокуратура, сот) жауап беруге тура келеді. Конституциялық құқық қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуге багытталған әдістер мен тәсілдер арқылы реттейді. Оларға мыналар жатады:

  • міндеттеу әдісі;
  • тыйым салу әдісі;
  • ерік беру әдісі;
  • мойындау әдісі.

Қазақстанда әркім мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге міндетті (аталған жағдайда міндеттеу әдісі қолданылады). Республика азаматын Қазақстаннан тысқары жерлерге қуғындауға жол берілмейді (мұнда тыйым салу әдісі колданылады). Біздің елімізде әркім өзінін ана тілін, мәдениетін пайдалануға, колдануға құқығы бар екендігі белгілі (бұл жағдайда ерік беру әдісі колданылады). Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адамдардың құқықтары мен еркіндіктері танылады және оған кепілдік беріледі (көріп отырғанымыздай, мұнда мойындау әдісі колданылады).                                1991 жылғы тәуелсіздік жарияланған уақыттан бастап ,1993 жылғы еліміздің тұңғыш Конституциясы қабылданғанға дейінгі уақытта демократиялық құндылықтар мен институттардың қалыптасу кезеңі болды. Тұңғыш рет бүкілхалықтық Президент және Парламент сайлаулары өтті.

 Ұлттық саяси сахнада  көптеген саяси партиялар құрыла  бастады. 1993  жылғы  Конституциядан  1995  жылғы  жаңа Конституцияға  дейінгі уақытта Қазақстандық демократияның өсіп,  кемелдену  кезеңі  болды. Еліміздің мемлекеттілігі  бекітіліп, демократиялық институттар толық  күшіне енді. Қазақстанның саяси дамуы парламентаризмге бағыт алды. Тәуелсіз сот жүйесі құрылып, адам  және  азамат  құқықтарын  қорғаудың  мемлекеттік  саясаты қалыптасты. 1995  жылғы  жаңа  Конституция  қабылданудан басталып, 2007  жылғы  Конституцияға  енгізілген  өзгертулер мен толықтырулар  аралығында  өтті.  Бұл  кезең  демократиялық құндылықтар  мен  институттардың  толық  күшіне  енуімен ерекшеленеді.  АҚШ,  Ресей  және  тағы  да  басқа  демократиялық  мемлекеттер  таңдаған  президенттік  басқару  формасын  Қазақстан өзінде толық қалыптастырғандығын мәлімдеді. Елімізде тұңғыш рет барлық демократиялық елдер тәжірибесінде бар қос палаталы кәсіби Парламент пайда болды. Қазақстанда адам және азамат құқықтарын қорғаудың әлемдік тәжірибесін негізге алған Омбудсмен институты құрылды. Қазір Қазақстан өз демократиялық дамуының төртінші кезеңінде.  Елімізде  тұңғыш  рет  Еуропалық  демократия тәжірибесіндегі  пропорционалдық сайлау жүйесі енгізілді. Парламент  билігі мен өкілеттігі күшейтілді. Сот  жүйесіне қосымша өкілеттіктер берілді. Адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының  нақты қорғалуы мақсатында алқа билер соты енгізілді. Жергілікті өзін-өзі басқару негізі болып табылатын барлық деңгейлердегі мәслихаттарға Конституциялық  деңгейде қосымша өкілеттіктер берілді.

            Хаммурапи заңдары — Вавилон заңдарының жинағы. Бұл заңдар Хаммурапи патшалық еткен кезде, шамамен б.з.б. 1760 жылы қабылданған. Хаммурапи заңдары Ежелгі Шығыстағы құл иеленушілік құқықтың аса маңызды ескерткіші болып есептеледі. Диорит бағанға сына жазуларымен жазылған бұл заңдардың мәтіндері 1901 — 1902 жылдары ежелгі  Эламның астанасы — Сузы қаласының орнына жүргізілген қазба жұмыстары кезінде табылған. Оны ол жерге эламдықтар әскери олжа ретінде әкелген болса керек. Хаммурапи заңдары қазіргі кезде Луврда сақтаулы тұр. Заңның неғұрлым кейінгі көшірмелерінің жұрнақтары Сузы, Ниневия, тағы басқа.Месопотамия қалаларында жүргізілген қазба жұмыстарында табылды. Хаммурапи заңдарының мәтіні кіріспеден, 282 баптан және қорытынды бөлімнен тұрады. Онда әлеуметтік теңсіздіктің салыстырмалы түрдегі жоғарғы дәрежесі бейнеленген. Сына жазуымен баяндалған заңдар азаматтық және қылмыстық құқыққа бөлінбесе де баптар белгілі бір топтарға біріктірілген; сот процесі, меншік, патша қызметі, неке мен отбасы, міндеттер, тағы баскқа. Оның үстіне әрбір тақырып қылмыстық-құқықтық, сондай-ақ азаматтық-құқықтық тұрғыдан түсіндіріледі. Құқық субъектілері болып ерікті қауым мүшесі (авилум — “адам”) және толық құқығы жоқ патша қызметіндегі ерікті адам (мушкенум — “төмен құлайтын”) танылды. Кейбір құқықтарды (ажырасу және қалың малын қайтарып алу құқығы) ерікті әйелдер де пайдаланған.

Құлдар мен балалар тек құқық нысандары ретінде ғана қарастырылды. Хаммурапи заңдарында құл иеленушілердің құлдарға үстемдігін, жалпы жеке меншікті нығайтуға және патша қызметіндегі адамдардың мүдделерін қорғауға ерекше көңіл бөлінді. Бұл заңдар бойынша Вавилонпатшалығындағы тауар-ақша қатынастарының елеулі дамығаны жөнінде қорытынды жасауға болады. Ғылыми әдебиетте Хаммурапи заңдары әрекет еткен құқық жинағы ретінде (бұл неғұрлым шындыққа жанасады), “әлеуметтік әділеттілікті” бейнелеген заңдық трактат немесе Хаммурапи патшаның өз қызметі жөніндегі құдайларға берген есебі ретінде қарастырылады. Хаммурапи заңдары ежелгі Кіші Азияның өзінен кейінгі заңдарына елеулі ықпал етті.

              Осыдан бес мың жыл бұрын қалыптасқан қытай өркениеті өзінің қол жеткізген табыстарымен ерекшеленеді. Атап айтқанда, бұл халықтың, адамзаттың рухани мәдениетіне, саясатқа, құқыққа да қосқан үлесі зор. Саясат, құқық, дін аяларында еңбек еткен ұлы қытайлықтардың есімдері қазіргі күнге дейін сақталып келе жатыр. Әсіресе, ежелгі Қытай Жер шарында алғаш қалыптасқан саяси құқықтық ошақтарының біріне жатады. Осы елде б.з.д. VI – IV ғасырлар аралығында ең белгілі мектептер пайда болып, даму өрісін кеңейтеді. Сол мектептердің біріне ежелгі Қытайдағы легизм мектебін жатқызамыз. Ежелгі Қытайдағы легизм идеялары б.з.д. IV ғасырларда жарық көрген. Легизм ілімінің және заңшылдар мектебінің негізін қалаған ол Шан облысының билеушісі болды. Шан Ян заңдар мен қатал жазаға сүйенген басқару жүйесін қолдады. Сол кездегі үлкен ықпалға ие болған конфуцизмді сынаған Шан Ян заң нормалары ғана елде тәртіп орната алады деп есептеді. Ежелгі Римде өзінің құқықтары бұзылған тұлғалар әділеттік талаптары бойынша талап-арыз жазу негізінде қорғайтындығын тәртіпке айналдырды. Сол замандардан бастап әрбір (құқы бұзылған) Рим азаматы өзінін бұзылған немесе даулы құқын, болмаса заңды мүддесін қорғауды сұрап, сотқа жүгіне алды. Сол кездің өзінде-ақ талаптың өзі заң тұрғысынан материалдық және процессуалдық болып екіге бөлінді. Олардың біріншісінің мәні талапкердің нақтылы фактімен заң негізінде талабы қанағаттандырылуы болса, ал екіншісінің мәні — сотқа оның шешімін шығару мақсатында жолданудың заңды немесе заңсыз екендігінде болған.

Талаптар өздерінің құқықтық бағытына қарай: жеке және заттық болып бөлінген. Жеке талап өзінің мағынасы көрсетіп тұрғандай арнайы тұлғаға бағытталса, ал заттық болса белгілі бір мүлікке негізделген.

Талаптар ерекшеліктеріне қарай: анықталған және анықталмаған болып бөлінген. Оның біріншісі құкықты бұзған анық тұлғаға (жауапкерге) бағытталса, екіншісі кез келген күдікті адамдарға қарсы жазылған.

           Рим азаматтық үрдісінің кезеңдері: легисакциялық үрдіс пен формулярдық үрдіс. Бірінші кезеңде істі қарауға дайындық өткізілген, ал екінші кезеңде істің мән жағдайлары тексеріліп шешім шығарылған. Легисакциялық үрдісте тараптар сот магистратына келіп дау затын құрайтын затты өздерімен бірге алып келген. Талапкер затты қолында ұстап тұрып жауапкерден зат менікі екенін мойындайсыңба деп сұраған, егер жауапкер үндемесе келіссе, талап мойындалған болып танылған. Іс осымен аяқталып талапкер өз затын алып кететін болған.  Егер жауапкер дауласып келіспеген болса: әр тарап өзінің айтқанын дәлелдеуі қажет болған,  әр қайсыс өз куәларын шақырып, олардан куә болуды өтінген. Осыдан кейін істің қаралуының екінші кезеңі басталған. Екінші кезеңде екі жақтын келісімі бойынша магистратпен тағайындалған судья дәлелдемелерді тексеріп іс бойынша шешім шығарған.

Формулярдық үрдіс – ол азаматтық үрдістің қарапайым түрі. Ол алдымен перегрин преторының тәжірибесінде пайда болған. Претор талапкер мен жауапкердің айтқандарын тыңдап шығып, формула құрастырып, оны жауапкер арқылы судьяға табыс еткен. Формулада претор судьядан талапты қанағаттандыруды немесе қанағаттандырмауды  талап еткен.

Экстраординарлық үрдіс – ол азаматтық істерді қарап шешудің ерекше тәртібі. Экстраординарлық үрдісте сот қызметін әкімшілік органдар атқаратын болған. Рим мен Константинопольда – калалық полиция басшысы, ал провинцияларда – провинция басшысы. Экстраординарлық үрдісте апелляциялық шағым түсіруге рұқсат етілген. Экстраординарлық үрдісте сот шешімдері талаптың өтініші бойынша мемлекеттік билік органдарымен атқарылатын болған.

Талап  ол классикалық рим құқығында сот үрдісін өткізу арқылы талап қойған тұлғаның пайдасына шешім шығаруға әкелдіретін құралы. Талап түрлері: заттық талап және жеке талап.

Интердикт (тыйым салу) – қоғамдық тәртіпті немесе азаматтардың мүдделерін тоқтату  туралы  претордың үкімі.

Реституция – ол бастапқы жағдайларға шегеру туралы шығарылған пертордың үкімі. Ол істің мән жайлары алдын ала қаралып болғаннан кейін шығарылатын болған.

Талаптың ескіруі – ол нұқсан келген құқықты қалпына келтіру тәсілі. Рим құқығында талаптың ескіру мерзімі 30 жылды құрайтын болған.  

 

 

 

 

 

 

 

Глоссарий

Талап – классикалық рим құқығында сот үрдісін өткізу арқылы талап қойған тұлғаның пайдасына шешім шығаруға әкелдіретін құралы.

Легисакциялық үрдіс – істі қарауға дайындық өткізілген уақыт.

Формулярдық үрдіс – істің мән жағдайлары тексеріліп шешім шығарылған уақыт.

Экстраординарлық үрдіс – азаматтық істерді қарап шешудің ерекше тәртібі. Бұл үрдісте сот қызметін әкімшілік органдар атқарған.

Интердикт (тиым салу) – қоғамдық тәртіпті немесе азаматтардың мүдделерін тоқтату  туралы  претордың үкімі.

Реституция – ол бастапқы жағдайларға шегеру туралы шығарылған пертордың үкімі. Ол істің мән жайлары алдын ала қаралып болғаннан кейін шығарылатын болған.

Талаптың ескіруі – ол нұқсан келген құқықты қалпына келтіру тәсілі. Рим құқығында талаптың ескіру мерзімі 30 жылды құрайтын болған.  

 

 

 


Информация о работе Конституциялық құқықтың әлемдік тәжірибедегі дамуы