Мектепалды даярлығында оқу ұиымдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Сентября 2013 в 21:39, реферат

Краткое описание

. Осы Үлгi ереже "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрленген және меншiк нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымдары (бұдан әрi - мектепке дейiнгi ұйымдар) қызметінiң тәртiбiн анықтайды.
2. Мектепке дейiнгi ұйым - мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытудың жалпы бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын білім беру ұйымы.
3. Мектепке дейiнгi ұйымдар бiр жастан алты (жеті) жасқа дейiнгi балаларды тәрбиелеудi, оқытуды, бағуды, күтудi және сауықтыруды қамтамасыз етеді.
4. Мектепке дейiнгi ұйымдардың негізгі мiндеттерi:

Вложенные файлы: 1 файл

Мектепке дейінгі бiлiм беру ұйымдары.doc

— 78.50 Кб (Скачать файл)

мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытудың мемлекеттiк жалпыға міндетті стандартының талаптарын орындамағаны;       

мектепке дейiнгi ұйым тәрбиеленушiлерi мен қызметшiлерiнiң оқу-тәрбие процесi барысында өмiрi мен денсаулығы;      

қаржы-шаруашылық қызметтің  жай-күйi, оның ішiнде материалдық және ақшалай қаражаттарды нысаналы пайдаланбағаны үшiн жауап бередi. 

 

 

 

4. Мектепке  дейінгі ұйымдағы тәрбиелеу-білім  беру процесi 

 

 

      31. Мектепке дейiнгi ұйымдағы  тәрбиелеу-білім беру процесi мектепке  дейiнгi тәрбиенiң, оқытудың мемлекеттiк  жалпыға мiндетті стандарты негiзiнде әзiрленген бағдарламаларға және оқу жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады және мектепке дейiнгi ұйымның Жарғысымен айқындалады.         

32. Мектепке дейінгі ұйым  мектепке дейiнгi тәрбиелеу мен  оқытудың мемлекеттiк жалпыға  міндетті стандартын сақтау шартымен тиiмдi тәрбиелеу-білім беру процесiн қамтамасыз ету үшiн (баланың жеке басының шығармашылық, рухани және дене мүмкiндiктерiн дамыту, адамгершілiк негіздерiн және салауатты өмiр салтын қалыптастыру) педагогтарға баламалы авторлық бағдарламаларды таңдау, қолдану, тәрбиелеудiң, оқытудың және сауықтырудың жаңа технологияларын енгізу құқығын бередi.       

33. Мектепке дейінгі ұйымдар  тәрбиелеу-білім беру мiндеттерiн  тиiмдi шешу үшiн педагогикалық  кеңестер құрады.        

34. Тәрбиелеу-білім беру процесiнiң негізгі субъектiлерi балалар, ата-аналар немесе оларды алмастыратын тұлғалар, тәрбиешiлер және басқа да педагогтар болып табылады.        

35. Тәрбиелеу-білім беру  процесiн қамтамасыз етуде мектепке  дейiнгi ұйымдағы әр балаға мыналарға кепiлдiк беріледі:      

1) оның өмiрi мен денсаулығын  сақтау;        

2) оның қадiр-қасиетін  қорғау;        

3) дене, моральдық немесе  психикалық зорлықтың барлық  нысандарынан қорғау;        

4) оның шығармашылық қабiлеттерi мен ынтасын дамыту;        

5) сапалы мектепалды даярлау;         

6) дамуындағы кемшiлiктердi  түзеу үшiн біліктi көмек алу;        

7) бейiмділiгiне, қабiлеттерiне, қалауына және денсаулық жағдайына  сәйкес қосымша бiлiм беру, сауықтыру  қызметтерiн алу.        

36. Мектепке дейінгі ұйым мен ата-аналар немесе оларды алмастыратын тұлғалар арасындағы өзара қарым-қатынастар баланы мектепке дейiнгi ұйымға қабылдаған кезде жасалатын Шартпен реттеледi. Шартта баланың мектепке дейiнгi ұйымға бару режимi, тамақтану саны, қосымша бiлiм беру, сауықтыру қызметтерiн көрсету деңгейi және мерзiмi, мектепке дейiнгi ұйымда баланы ұстау ақысының мөлшерi, қосымша ақылы қызметтер және өзге де жағдайлар айқындалады.


Информация о работе Мектепалды даярлығында оқу ұиымдары