Халықаралық несие және есеп қатынастары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2014 в 16:42, реферат

Краткое описание

Ол капитал түрлері үнемі ауысып тұратынын ұйғарады, меншіктің ақшалы түрі тауарға, тауарлы меншік өндірістікке, өндірістік тауарлыға және тауарлық қайтадан ақша түріне ауысып тұрады, яғни А – Т - Ө - Т1 – А1 капиталдың ауыспалы айналымы жүреді. Ауыспалы айналымның бірінші кезеңінде ақша өндіріс қорына ( машиналар, шикізат жабдықтар және т.б.) ауысып кетеді, екінші кезеңде - өндіріс процесінде дайын өнім (тауар) жасалады, өндірістік тауарлыға келеді.

Содержание

1. Бөлім
Несие қатынастарының пайда болуы
Несиенің қажеттілігі және мәні

2. Негізгі бөлім
2.1 Несиенің түрлері
Халықаралық несие
Халықаралық несиенің түрлері

3. Бөлім
3.1 Несиенің формалары

Қолданылған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

Тулебаев Е.doc

— 84.50 Кб (Скачать файл)

 

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

Құқықтану

 

 

 

 

 

 

 

СӨЖ

 

Тақырыбы: “Халықаралық несие және есеп қатынастары ”

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                            Орындаған: Тулебаев Е

                                                             Қабылдаған: Аға оқытушы Тұрлыбеков Қ

                   Тобы: Сзқ-311дж

 

 

 

 

 

 

 

Түркістан 2014

 

 Жоспар:

 

 

1. Бөлім

    1. Несие қатынастарының пайда болуы

    1. Несиенің қажеттілігі және мәні

 

2. Негізгі бөлім

2.1  Несиенің түрлері

    1. Халықаралық несие
    2. Халықаралық несиенің түрлері

 

3. Бөлім

3.1 Несиенің формалары

 

Қолданылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

       Несие – ақша сияқты тарихи  экономикалық дәреже болып табылады. “Кредит” деген сөз, “қарыз”, “несие”  деген “кредо” – сенемін деген  мағына беретін латынша “kreditum”  деген сөзден шығады. Ол экономикалық дәреже ретінде әр түрлі экономикалық қоғамда қызмет етеді. Ол тауар өндірісінің пайда болған кезінен бастап қарапайым формаларында: бай және кедей қоғамда көрінеді. Несие қатынастары ақша қатынастары сияқты үнемі даму үстінде болады. Алғашқы несие табиғи түрде (астық, мал, еңбек құралдары және т.б.) қоғамның дәулетті топтарынан мүліксіз шаруалар мен кәсіпкерлерге тұтыну мұқтаждығы мен қарыздарды өтеу үшін ұсынылған. Тауар ақша қатынастарының дамуымен несие ақша түріне көшті.

       Несиенің обьективті қажеттілігі табиғи және ақшалы түрде жүзеге асатын ерекшеліктерден кеңейтілген өндірісті шығарып тастайды. Ол капитал түрлері үнемі ауысып тұратынын ұйғарады, меншіктің ақшалы түрі тауарға, тауарлы меншік өндірістікке, өндірістік тауарлыға және тауарлық қайтадан ақша түріне ауысып тұрады, яғни А – Т - Ө - Т1 – А1  капиталдың ауыспалы айналымы жүреді. Ауыспалы айналымның бірінші кезеңінде ақша өндіріс қорына ( машиналар, шикізат жабдықтар және т.б.) ауысып кетеді, екінші кезеңде - өндіріс процесінде дайын өнім (тауар) жасалады, өндірістік тауарлыға келеді. Үшінші кезеңде тауар сатылып, бастапқы ақша түріне ауысады. Капиталдың осындай ауыспалы айналымы  тұрақты түрде бөлек жеке кәсіпорында және жалпы халық шаруашылығында үнемі жүріп жатады. Капиталдың қозғалысы – оның тек ауыспалы айналымы ғана емес, сондай-ақ оның айналымы да. Капиталдың айналымы деген де оның үнемі қайталанатын ауыспалы айналымы түсіндіріледі.

      Капиталдың түрлерінің ауысуы  бір шаруашылық судбьектілерінде  ақша қаржысының уақытша босатылып және басқа шаруашылық жүргізуші субьектілерде ақша деген қажеттіліктің қалыптасуымен қоса жүреді. Әрбір шаруашылық субьектісінде (кәсіпорын) өзінің жеке ауыспалы айналымынғы капиталы болады.

      Қызмет процесінің  бағыттылығы  ауыспалы айналымның әр түрлі сатыларында  болатын ақша ресурстарының олрада бір мезгілде және үнемі бар болуын : материалдық өндіріс саласы үшін - өндірістік, тауарлы және ақшалай болуын талап етеді.

      Өндірісті жеке шаруашылық жүргізушу  субьектілері ақшаларды уақытша босатуға және оларға деген қажеттілік үшін жағдай туғызады. Мысалы, негізгі өндірістік және айналым қорларының құн қозғалысының процесінде. Негізгі қорлар өздерінің құндылығын амортизациялық тозу шамасына қарай дайын өнімдерге жекелеп аударады, ал олар негізгі қорларды модренизациялап жаңарту үшін бірнеше жылдар бойы жинақталатыны мәлім. Бұл жағдай да негізгі құрал жабдықтарды ауыстыру (айырбастау) және жөндеу үшін  жұмсалатыны себепті ақшалай қаражаттың уақытша босатылуы жүреді. Бірақ, бұл сәтте жинақталған ақша жеткіліксіз болуы мүмкін. Бұл жағдайда ақшаға қажеттілік туады. Яғни ақша қаражатты босату мен оған деген қажеттілік айналым қорларының пайдалануда үнемі болып тұрады.          

      Мысалы, дайн өнімді  өткізуден түсетін түсім ақша және шикізат, материлдарды сатып алу, еңбекақысын төлеу үшін бірден бір сәтте жұмсала қоймайды және бұл жағдай да ақшалай қаражаттың уақытша босатылу орын алады. Қосымша ақшалай қаражатқа қажеттілік маусымдарда нақты айналым ақша қорларының жеткілксіздігінен (шикізат, материалдар, жанар жағармай) өндіріспен тауар айналымының уақыты сәйкес келмеуінен және т.б. туындауы мүмкін. 

       Капитал айналымында және ауыспалы айналым процесінде ақшалай қаражаттың босатылы. Осылайша негізгі және айналым қорларының қозғалыс процесінде ақшалай қаражаттың құйылуы (қажеттілік кезде) мен қайтуы (босатылу кезінде) болады. Сондықтан бір кәсіпорын басқа кәсіпорынға қарағанда бұрынырақ тауар сатушы ретінде және оның сатып алушысы болып шығуы мүмкін.

      Ақшалай қаражаттың уақытша босатлуы және оларға деген қажеттілік тек материалдық  өндіріс саласы  мен айналымда ғана туындамайды. Ол мемлекетке, бюджеттік және қоғамдық ұйымдарда, сондай-ақ халықта болуы мүмкін. Мысалы, бюджетке салықтардың келіп түсуі мен оларды жұмсау уақыттары ұзақ пайдаланатын заттарды сатып алуға халықтың ақша қоры және т.б. бәрі бірдей сәйкес келе бермейді.

       Қаражатқа деген  қажеттілік пен оның босатылуы  арасында туындаған қарама-қайшылық  шаруашылық жүргізуші субьектілердің  қалыпты қызметі үшін қажет материалдық және қаржылық ресурстарды нақты байланыстыратын несиенің жәрдемімен ғана рұхсат етіледі.

      Жеткіліксіз шамада  несиенің обьекдівті қажеттілігі  несие қатынастарын  жүзеге асыратын  капитал айналымы мен ауыспалы  айналымның бір қалыпты еместігін түсіндіріледі.

       Несиенің мүмкіндігін  шындыққа айналдыру үшін белгілі  бір талаптар бар. Біріншіден, несие  мәмлесінің қатысушылары – несие  беруші мен қарызға алушы –  экономикалық байланыстардан туындайтын  міндетттемелрдің орындалуын өз  мойнына алуға материалдық жағынан кепілдік беретін заңды субьектілер сияқты алға шығуы керек. Екіншіден, егер несие беруші мен несие алушының мүдделері бір жерден шықса, онда бұл жағдай да несие өте қажет болады. Несие мәмлесін жүзеге асыру үшін оның қатысушылары міндетті түрде несиеге өзара қызығушылық танытулары керек. Ф. Энгельс: “ Әрбір қоғамның экономикасы, ең алдымен мүдде ретінде алға шығуы керек” деп жазды.   

       Несие беруші  мен қарызға алушының арасында  мүдделілік бірдей болған кезде, бір жағынан, гесиеге ақшалай қаражаттыы ұсынуда, екінші жағынан, оны алуда песиелік қарым қатынастар туындайды.

       Осылайша, экономикалық  негізбен (кпиталдың бірдей болмауы) пайда болу талаптарының жиынтығы  несиенің обьективті қажеттілігін  анықтап және оның эвалюциясын түсіндіріп береді.

       Шаруалылық жүргізуші  субьектілердің жеке ауыспалы  айналымынан туындайтын несиеге  қажеттілік несиенің обьективті  жүзеге асуын төлем қаражаттарын  құру және жаңа бекітілген  құнды қайта бөлу процесінде  оның рөліне жете назар аудармай, оны толық дәрежеде анықтамайды. Ақша эммиссиясының процесі формаға тәуелді емес (қолма қол ақша және қолма қол ақшасыз) кітаптың алдынғы бөлімінде анықтағанымыздай, несие капиталының бір көзі болып табылатын несие операцияларының нәтижесі бар.

      Түрліше несие қарым қатынастарындағы несиенің мән мағынасы сол немесе басқа қоғамдық формацияда оның өмір сүруінің обьективті себептерімен анықталады.

       Құндық қатынастың  ерекше формасы сияқты несиенің  пайда болуы шарушылық жүргізуші  бір субьектіден босаған құн шарушылық мәмледе қолданысқа түсетін, бірақ бір уақыттарда жаңа қайта өңдеу циклдеріне не алмайтын кезде ғана жүзеге асады. Несиеге байланысты бұл құн қосымша қаражатқа уақытша қажеттілігі туып отырған басқа субьектіге өте және қайта өндіру процесінің шеңберінде қызметін жалғастыра береді. Бірақ несиелік қатынастардың пайда болуын экономикалық байланысқа түсуге дайын меншік иелері сияқты бір-біріне қарсы тұралатын тауар иеленушілер арасындағы айырбас ауқымынан іздеген жөн. Тауарларды қолдан қолға өткізу сияқты тауар айырбастау және қызмет көрсетумен ауысу несиелік қатынастардан туындаған экономикалық жеміс.

      Несиелік қатынастар  пайда болатын және дамитын  нақты экономикалық негізде  қаражат  айналымы мен ауыспалы  айналым, яғни несиелік қатынастардың материалдық негізі боп құн қозғалысы саналатын болады.

      Қарызға алушы  несиені кедей болғаны үшін  алмайды, ол өзінің меншікті қорларының  ауыспалы айналымы мен капитал  айналымының обьективті күшіне  толық шамада жетпей тұрғандықтан  өз ісін алға бастыру үшін алады.

      Сонымен, несиенің  обьективті өмір сүруінің негізгі  талаптары төмендегідей тізбектеледі:

  • жеке тауар өндірушілердің өндірістік (негізгі және айналымдық) қорлар айналымы мен жеке ауыспалы айналымдардың уақыт бойынша сәйкес келмеуі;
  • несие беруші мен қарызға алушының заңды тұрғыдан дербестігі;
  • несиелік қатынасқа несие беруші мен қарызға алушының мүдделік танытылуы.

 

Несие обьективті қажеттіліктен туындаған және ол қоғамдық өндіріс процесінде маңызды рөль атқарады. Несие ақшалай капиталдардың қарызға трансформациясын қамтамасыз етеді және несие берушулер мен қарызға алушылардың арасындағы қарым қатынасты білдіреді.

       Оның көмегімен  мемлекеттің, халықтың, ұйымдардың  және кәсіпорындардың табыстары  мен бос (еркін) ақшалай қаражаттары  жинақталып, уақытша пайдаланудың төлеміне аударылатын несие капиталына айналады.

 

 

 

Несиенің мәнін анықтаған кезде бірқатар әдістемелік принциптерді ұстану керек, несиелердің барша түрі формалардан тәуелсіз оның мәнін көрсетуі керек:

    • несие мәмлесі тұтасымен алғанда несиенің мәнін ашуы керек. Егер бір мәміледе несие қайтарылмаса, онда бұл өзінің қайтарылатын қасиетін жоғалтатанын білдіреді;
    • Несиенің мәнін талдауда несиенің құрылымын, қозғалыс сатыларын, несиенің негізін қарастырған жөн.

Несиеде өзгермейтін, тұрақты болып қалатын жайт  - құрылым. Өзге экономикалық категориялар сияқты несие де бір-бірімен өзара әрекетке түсетін бірнеше элементтен тұрады. Ондай элементтерге ең алдымен несиелік қатынастың барлық субьектлері, сондай-ақ жоғарыда анықтағанымыздай, бұл субьектілерге несие беруші мен қарызға алушылар жатады. Оларды бөлуге және бөлек қарастыруға болмайды. Оларды бірге қарастырған жағдайда ғана несиенің анықтауға болады. 

      Несие формаларының  көптеген  түрлері болады.Несие  түрлері – бұл  оның несиелерді  жіктеу үшін пайдаланатын, экономикалық-ұйымдастырушылық  белгілері  бойынша ең  детальданған сипаттамасы, яғни, несиенің  іс-тәжірибедегі  нақты қосымшасы.

    а) Қазақстанда  несие  түрлері  былайша жіктеледі: несиелеу  обьектінің  экономикалық  белгілері  бойынша:

  • айналым  қаражатын  қалыптастыруға  берілетін несие;
  • негізгі  құрал-жабдықты  қалыптастыруға  берілетін  несие;
  • ТМҚ  аясында  шұғыл  қажеттілікке, сондай-ақ, нормативтен  тыс  қорлардың  аясында  уақытша  қажеттілікке  берілетін  несие;
  • өндірістің маусымдық  шығыны  аясында  берілетін  несие;
  • жол  үстіндегі (жолдағы) есеп  айырысу  құжаттары  аясында  берілетін  несие, аккредетивтер;
  • төлем  несиелері;

ә) қамтамасыз  етілуі  бойынша:

  • жылжымалы  және  жылжымайтын  мүлікпен, ТМҚ-пен, кепілділікпен, сақтандыру  келісімшартымен  толық  қамтамасыз  етілген;
  • ішінара  қамтамасыз  етілген;
  • қамтамасыз  етілуі  болмайтын  банкілік (сенімділік).

    б) қайтарылу  мерзімі  бойынша:

  • қысқа  мерзімді;
  • орта  мерзімді;
  • ұзақ  мерзімді;

    в) өтелу  тәртібі  бойынша:

  • бөліп-бөліп  төлеу (мерзімін  ұзарту);
  • бір  жолғы  өтеу;
  • кезең  сайын  бір  қалыпты  өтеу;

     г) тәуекелді  деңгейі  бойынша:

  • субстандартты;
  • стандартты;
  • күмәнді;
  • сенімді;
  • сенімсіз;
  • ұзатпалы;

    ғ) ақылылығы  бойынша:

  • қалыпты пайыздық  мөлшерлемесі (пайыз  мөлшерлемесі  қалыпты);
  • жоғары  пайыздық  мөлшерлемесі (пайыз  мөлшерлемесі  жоғары);
  • төмен  пайыздық  мөлшерлемесі (пайыз  мөлшерлемесі  төмен);
  • пайызсыз;

     д) салалық  бағыты  бойынша;

  • сауда-саттық  несиесі;
  • өнеркәсіп  несиесі;
  • ауыл  шаруашылық  несиесі;
  • құрылыс  несиесі;

 ж) ашылатын  шот  түрлері  бойынша:

  • жай  ссудалық  шот бойынша  несие;
  • арнайы  ссуда шоты  бойынша несие;
  • контокорренттік  шот  бойынша  несие;
  • овердрафт  бойынша  несие;
  • несие  желісі  бойынша  несие;

    Несиенің  айрықша  түріне  жылдам  сатылатын  жылжымалы  мүлікпен  немесе  құқықпен  қамтамасыз  етілген, қысқа  мерзімді әрі  ссуда  мөлшері  бойынша  тіркелетін  ломбардтық  несие  жатады.

Информация о работе Халықаралық несие және есеп қатынастары