Халықаралық қылмыстық құқық түсінігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2013 в 18:51, реферат

Краткое описание

Қылмыстық құқық дегеніміз – халықаралық қылмыс пен халықаралық сипаттағы қылмыстарды ескерту, болдырмау, олармен мемлекеттердің ынтымақтастығын реттейтін халықаралық принциптер мен нормалардың жиынтығынан түратын халықаралық құқық саласы.

Вложенные файлы: 1 файл

Халықаралық қылмыстық құқық түсінігі.docx

— 23.98 Кб (Скачать файл)

Халықаралық қылмыстық құқық түсінігі

Қылмыстық құқық  дегеніміз – халықаралық қылмыс пен халықаралық сипаттағы қылмыстарды  ескерту, болдырмау, олармен мемлекеттердің ынтымақтастығын реттейтін халықаралық  принциптер мен нормалардың жиынтығынан  түратын халықаралық құқық саласы.

Қоғамдық қатыстардың  капититализациясы қылмыстылықтың, әрекеттің аса ауыр түрін туғызады, олардың халықаралық құқықтық қайшылығы  сәйкес конвенцияларда анықталған, олар қоғамға қауіптілік деңгейі бойынша  және мемлекет аралық қызығушылықтарға кері әсер ету мүмкіндіктеріне байланысты топтасуы мүмкін.

Бірінші топқа –  қалыпты халықаралық қатынастқа зиян келтіретін қылмыстар, бұл топқа  жататындар:

- ұшақтарды (кепілге  алу) теуіп кету, азаматтық әуе  күштерінеің қауіпсіздігіне қол  сұғатын әрекеттер;

- ланкестік.

Екінші топқа  – мемлекеттер мен халықтардың  экономикалық және әлеуметтік-мәдени дамуына нұсқан келтіретін қылмыстар.

Олар:

- есірткі және  психотропты заттрдың заңсыз  саудасы;

- жалған құнды  қағаздар мен ақшаны дайындау;

- қоршаған ортаға  қол сұғу;

- халықтардың ұлттық  мәдени мұрасына қол сұғу.

Үшінші топты  – жеке немесе мемлекеттің мүлігіне, жалпы Адами моралды құндылықтарына нұсқан келтіретін қылмыстарды құрайды.

Олар:

- адам саудасы  (құлдар, әйелдер мен балалар саудасы);

- құлдыққа алу;

- қарақшылық;

Төртініші топты  – халықаралық сипаттағы басқа  да қылмыстар құрайды.

Олар:

- теңіз кабельін  немесе суасты құбырын зақымдау  немесе зақымдау;

- кемелердің қақтығысы  кезінде теңізде көмек көрсетпеу.

Халықаралық қылмыстық  құқықтың тарихы ХІХғ. Соңына келіп  тіреледі және оның тарихи тамыры тереңде  жатыр. «Оның кейбір институттары мемлекет пен құқықтың пайда болуының қайнар көздеріне жатқызылуы мүмкін. Бірінші  кезекте, қылмыскерлерді ұстап беруге (әдеттен тыс қамау) қатысты және ол оның ең көне институтының бірі болумен  қатар, халықарақаралық қылмыстық  құқықтың қайнар көзі де болып табылады. Жалпы халықаралық құқықтың белгілі  бір кезеңденуіне сәйкес келетін  халықаралық қылмыстың кезеңденуі қылмыскерлерді ұстап беру институнан басталған».

1889ж. Қылмыстық  құқықтың халықаралық одағы құрылды,  ол барлық мемлекеттерге халықаралық  қылмыстық құқықты жетілдіру  ісінде ынтымақтасуды ұсынды. Мұндай  ынтымақтастық халықаралық қылмыскерлерді  қудалау жөнінде келісілген мемлекетаралық  шаралар жүргізу арқылы көзделген  болатын.

ХІХғ алғашқы  қалықаралық-құқықтық актілер құлдық және құл саудасы мәселелеріне қатысты  болды. Мысалы, 1815ж Вена конгресі осы  мәселе жөнінде арнайы декларация қабылдады. Англия, Франция, Ресей, Австрия және Пруссия қатысушысы болған 1841ж Лондон шартында құл саудасы қылмыстық  құбылыс деп танылды және барлық мемлекеттерді тоқтатып, тінтуге, кіріптарларды  босатып, кінәлы адамдарды әділ сот  органдарына беруге шақырды.

Дәл осы кезеңде  халықаралық қауымдастық қылмыстылық  туралы басқа да халықаралық шарттарды  қабылдады. Мысалы, 1885ж Берлин конференциясында құл саудасының қылмыс екенін және жазаланатындығын; 1889ж әйелдерді  саудалаумен күрес жөніндегі  Лондон халықаралық конгресі бекітілді; 1884ж Парижде су асты телеграф кабельдерін  күзету туралы халықаралық конференцияға  қол қойылды; 1802ж Англия, Франция, Испания және Голландия арасында кісі өлтіру, қасақана банкрот болу және қолдан ақша жасау жөнінде айыпталған адамдарды ұстап беру туралы Амьен  шартына қол қойылды. Жоғарыда аталған  халықаралық актілер халықаралық  қылмыстық құқықтың нормативті-құқықтық негізінің қалыптасуының бастамасы  болды. Кейінірек, ХХғ 20-жылдарынынң  аяғында қылмыстық құқықты бір  ізге салу жөнінде халықаралық конференция  шақырылды. Ондағы талқыланған басты  мәселелер халықаралық құқықтық тәртіпке қол сұғатын қылмыстарға  жатқызылатын қылмыстар туралы болды. Сонымен бірге, осы халықаралық  форумдарда барлық халықаралық құқық  бұзушылықты халықаралық қылмыстарға  және халықаралық сипаттағы қылмыстық  істерге бөлу ұсынылды.

Халықаралық қылмыстық  құкық жүйесінде Халықаралық  Әскери трибунал Жарғысымен (ол туралы 7-тараудың 7.7.-тармағында егжей-тегжейлі баяндалған болатын) баға жетпес үлес қосылды.

Адамзат қоғамының  дамуына орай, қылмыстық құқықты  жетілдіру саласында халықаралық  ынтымақтастықтың объективті қажеттігі  де туындайды. Халықаралық қауымдастықта  халықаралық қылмыстың құрылымы мен серпіні өзгеріп келе жатқандығы оғаш та болса, шындық.

Халықаралық қылмыстардың экоцид, геноцид, адам құқықтарын жаппай бұзу сияқты жаңа түрлері пайда болуда. Соған орай, мемлекеттерге «халықаралық қатынастарда құкықтық тәртіп пен заңдылықты сақтау және нығайту арқылы халықаралық  қылмыстылыққа қарсы күресті  үдету қажет және халықаралық  қылмыстық құқықты одан әрі дамытып, осы саладағы халықаралық шарттардан туатын міндеттемелерді толық көлемде  орындап, өздерінің ұлттық заңдарының халықаралық қылмыстық құқық  талаптарына сәйкес болуын қаматамасыз  ету үшін қайта қарап шығуы  тиіс».

Халықаралық қылмыстық  құқық доктринасы ұзақ уақытқа дейін  халықаралық қылмыс ұғымын анықтай  алмады. Теоретиктердің бір тобы халықаралық  қылмыстық құқықты халықаралық  жария құқық саласына жатқызса, екінші бір тобы — халықаралық жеке құқыққа, келесі біреулері — халықаралық  қылмыстық құқықты құқықтың жеке дербес саласы деп белгіледі. Сонымен  бірге, халықаралық жария құқықтың қылмыстануына жол бермеу туралы пікірлер де айтылып жатты, яғни халықаралық  қылмыстық құқық деген ұғым мүлдем жоқ деген көзқарастар да болды.

В.П.Панов құқық  саласы ұғымын негіздеу үшін осы саланың  құқықтық реттеу затын айқындау керек  деп әділ айтып өткен. «Халықаралық қылмыстық құқық затына қандай құрамдас бөліктер кіреді? Біріншіден, бұл халықаралық  шарттарда көзделген қылмыстарды  ерекше тәртіпте алдын алу, тергеу және жазалаудағы ынтымақтастық. Екіншіден, халықаралық құқықтың тәртіпке қауіп  төндіретін жеке әрекеттерді мемлекеттердің қылмыс деп жазалауын бекіту, юрисдикция мен сот іс жүргізуін анықтау, қылмыстық істер бойынша бір-бірлеріне  құқықтық көмек көрсету, қылмыскерлерді ұстап беру, қылмыстылықпен күрестегІ  халықаралық ұйым қызметтері және т.б. сиякты ынтымақтастықтың жеке мәселелері. Сонымен бірге, құқықтык реттеу затына қылмыстық әділ соттылық ережелері  мен ең төменгі стандарттарды  бекітуді, құқық бұзушылармен сөйлесу  және қылмыстық құқықты бір ізділікке  салуды жатқызуға болады.

Сонымен, саланың  зат құрылымын саралауды ескере отырып, халықаралық қылмыстық құқық  — бұл халықаралық шарттарда  көзделген қылмыстармен күресудегі мемлекеттердің ынтымақтастығын реттейтін  қағидалар мен нормалар жүйесі екенін атап өту қажет.

Халықаралық қылмыстық  құқық халықаралық жария құқықтың жеке бір саласы. Соған орай, халықаралық  қылмыстық құқықта дербес зерттеу  заты, құқықтық нормаларды қамтамасыз етудің ерекше тәсілі, арнаулы қағидалар жүйесі, халықаралық   қылмыс субъектілері бар. Сонымен бірге, халықаралық қылмыстық құқыққа қылмыстық құқықтың көпшілік мойындаған институттары да тән: қылмысқа бірге қатысу, қажетті қорғану, аса қажеттілік және т.б.

Халықаралық қылмыстық  құқықтың қайнар көздер жүйесі, тұтастай алғанда халықаралық жария құқық  институттарының жүйесін қайталайды, тек реттеу затының ерекшелігіне байланысты болмашы өзгерістері  болуы мүмкін. Мысалы, халықаралық  жария құқықтың негізгі кайнар көздері  — екі жақты және көп жақты  шарттар болып табылады. Мұндай шарттық  нормалар әмбебапты және аймақтық сипатта. Ерекше орын БҰҰ аясында қабылданған  шарттарға беріледі. Осы салада жүйелеу  жұмысының толық аяқталмағанын  айту керек. Сондықтан халықаралық  қылмыстық құқыққа қатысты құқықтық нормаларды халықаралық құқықтың басқа  салаларынан да табуға болады. Мысалы, өлім жазасын алып тастау туралы Конвенциялық нормалар, азаптауды болдырмау және тыйым салу туралы, кәмелетке толмағандарды, әйелдер мен балаларды түрмеде  қамауда үстау ережелерін «Халықаралық жария құқықтағы адам құқықтары» деген саладан кездестіруге болады.

Халықаралық қылмыстық  құқық ұлттық құқықта қабылданған  құқыктық санкцияларға сүйенеді. Соған  орай, халықаралық сипаттағы қылмыстарға  катысты юрисдикцияларды мемлекеттердегі  қылмыстық соттар жүзеге асырады.

Экстрадиция (фр. extradіtіon – беру, табыстау) – мемлекеттің өз аумағындағы қылмыскерді қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатымен немесе сол адамға қатысты шығарылған шетел сотының үкімін орындау үшін оны басқа мемлекетке беруі.

Орыстан шыққан құқықтанушы  Фёдор Мартенс өзінің еңбектерінде экстрадицияның үш кезеңін бөліп қарастырады. Оның пайымдауынша, ежелден XVII ғасырдың соңына дейін қылмыскерлерді бір елден екінші бір елге беру мүлде сирек болған. Бұл уақытта негізінен саяси сатқындар мен еретиктерге қолданылған. Екінші кезең деп қарастырылатын XVIII ғасыр мен XIX ғасырдың алғашқы жартысында индустриялану кезінде пайда болған темір жол, автомобильдерді тонау үрдісі көбейді. Бір мемлекеттің азаматы екінші бір елдің территориясында қылмыстарға барған жағдайлар болған. Ғалым экстрадицияның үшінші кезеңі деп 1840-1943 жылдар аралығын көрсеткен екен.

Экстрадиция туралы айтқанда қандай да бір мемлекет қылмыскер  деп танылған азаматты екінші ел оңай қайтара салады деп түсінбегеніміз абзал. Себебі экстрадиция – дипломатияның құндылықтарына сүйене отырып жүзеге асатын үлкен бір процесс. Құқықтық негіздеріне келсек, экстрадиция екі мемлекет арасындағы келісімдерге немесе көпжақты қабылданған конвенцияға сәйкес жүргізіледі. Мысал ретінде 1957 жылы Парижде қабылданған Еуропалық конвенцияны айтуға болады. Егер мемлекеттер арасында қандай да осы салаға қатысты келісімдер болмаса, экстрадициялау болмай қалуы да мүмкін. Ал Еуропалық одаққа мүше мемлекеттер бір-бірінен қылмыскерлерді оңай экстрадициялап, өзге елдің заңын бұзған өз азаматтарын да тиісті мемлекеттерге тапсырады.

ІІ тарау. Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық  қылмыстық құқықты дамытудағы рөлі

Біріккен Ұлттар Ұйымы қылмыспен күрестегі мемлекеттер  мен халықаралық ұйымдар қызметтерінің  үйлестіру орталығы болып табылады. Мұндай қызмет қылмыстылықтың алдын  алу, онымен күресу және құқық бұзушыларға  ізгілік көқарасқа көмектесу  саласында тәжірибелер алмасу арқылы жүзеге асырылады. БҰҰ қызметінің бұл  бағыты 1872ж құрылған Халықаралық  қылмыстық және пенитенциарлық комиссия (ХҚПК) қысқартылғаннан кейін 1950ж  орнай бастады.

БҰҰ қызметіндегі халықаралық  ынтымақастықтың дамуы, қылмыстылықтың алдын алу, онымен күресу және құқық  бұзушылармен қатынас жасауды бірқатар факторлар айқындайды:

  • Қылмыстың нақты қоғамның объективті негізделген әлеуметтік құбылысы ретінде болуы, мемлекеттердің олармен күресте жинақталған тәжірибелермен алмасу қажеттігі:
  • Халықаралық қауымдастықта мемлекеттердің ұлтаралық корпорацияларының қылмыстық әрекеттері алаңдатушылық туғызуда;
  • Ұйымдасқан қылмыстар үлкен залал әкелуде – олар мемлекеттердегі қылмыстық істердің ажырамас бөлігіне айналды;
  • Бірқатар мемлекеттер үшін есірткі заттарын заңсыз сату, ұшақтарды айдап әкету, әйелдер мен балаларды сату және т.б. елеулі проблемалардың бірі болып отыр.

Жарты ғасырдан астам  кезең ішінде БҰҰ қарастырып отырған  мәселедегі халықаралық ынтымақтастықты  үйлестіру мен тиімді қолдауға жәрдемдесті. Сонымен бірге, БҰҰ-ң қосалқы органдарының да белсенді рөлі бар, оның ішінде, БҰҰ-ның  қылмыстылықтың алдын алу және құқық  бұзушылар мен қатынас жасау  Комитетін айтуға болады.

Жағымсыз, теріс  құбылыс – қылмыстылықтың алдын  алу және бұлтартпау шаралары туралы мәселелерді шешуге бағытталған  мемлекеттердің кез келген әрекеттері халықаралық ынтымақтастық заңдарына  негізделуі тиіс және л халықаралық  құқықтың мынадай қағидаларының  негізінде жүзеге асырылуы керек: мемлекеттердің дербес теңдік қағидасы, мемлекеттердің ішкі істеріне қол сұқпау қағидасы, бейбітшілікті қолдау және қалықаралық  қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Қылмыспен күресу мәселелерімен  айналысатын органдар жүйесі мынадай  сипатта белгіленген:

  • Қылмыстылықпен күрес және құқық бұзушылармен қатынас жасау жөніндегі БҰҰ Конгресі.
  • Қылмыстылықтың алдын алу және онымен күрес жөніндегі БҰҰ комитеті.
  • Ұлттық тілшілер институты.
  • БҰҰ әлеуметтік қорғау ғылыми-зерттеу инститкты.
  • Қылмыстылықпен күрес және құқық бұзушылармен қатынас жасау жөніндегі аймақтық институт.
  • Қылмыстылық және қылмыстық әділ соттылық саласындағы ғаламдық ақпараттық жүйе.
  • Қылмыспен күрес және оның алдын алу ісінде БҰҰ-мен ынтымақтастық жасаушы үкіметаралық және үкіметтік емес ұйымдар.

Қылмыстық істердің алдын алу проблемалары. БҰҰ Конгрестерінде, Комитет мәжілістерінде қарастырылатын мәселелердің жартысынан көбі қылмыстың  алдын алуға жатқызылады. Осы  саладағы БҰҰ органдарының қызметін күшейту кейінгі жалдардағы қылмыстық  істердің криминологиялық аспектілерінің үдеп кетуіне байланысты болып отыр. Халықаралық қылмыспен күрес  іс-тәжірибесі халықаралық және ұлттық органдардың құқық бұзушылықтардың  алдын алу қызметтерінің келешегін  көрсетіп отыр.

Халықаралық қылмыстық  құқықта мұндай күрестің екі негізгі  бағыттар бойынша жүзеге асырылатыны  жалпыға мәлім.

Біріншісі – құқық  бұзушылықтың, оның ішіндегі ең қауіптісі  – қылмыстың алдын алу.

Екіншісі – жасалып  жатқан немесе жасалған қылмыстарды  көпшілік жағдайларда кінәлыға жаза тағайындау арқылы ашу, тергеу.

Информация о работе Халықаралық қылмыстық құқық түсінігі