Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2013 в 21:55, реферат
Аманат (араб.: أمانة ағылш. hostage) - адамның азат етілуіне мүдделі адамдарды, әлдебір талаптарды орындауға көндіру мақсатымен, күш қолдану арқылы ұсталып отырған адам. Мемлекетті, ұйымды немесе азаматты мәжбүрлеу мақсатында жасалып, аманат ретінде адамды ұстап алу мен ұстау немесе аманат адамды азат етудің шарты ретінде қандай да бір әрекетті жасаудан өзін тежеу, қылмыстық заңнама бойынша қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыс болып табылады Адамды аманатқа алу тәжірибесі ежелгі кезеңдерден бастап бар, яғни аманатты келісімшарт немеесе әртүрлі ел арасындағы келіссөздер жүргізу барысында кепілдік есебінде өз туыстарының арасынан алынады.Сонымен қатар «горизантальдік» аманатқа алудығ бір түрі бар.
Кіріспе
Аманат дегеніміз не? Негізгі ұғымы, түсінігі
Негізгі бөлім
Ежелгі, Орта ғасырлардағы және Жаңа замандағы аманат инстиуты
Қазақ хандығындағы аманат институты
Аманат институты туралы Халықаралық шарттар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ФАКУЛЬТЕТІ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ КАФЕДРАСЫ
Студенттің өзіндік жұмысы
Тақырыбы: Халықаралық құқықтағы аманат институты
Орындаған: Күнғазықызы А
Тексерген: Байжанов М.М.
Группа: ХҚ 31К
2013 жыл
Жоспары
Аманат (араб.: أمانة ағылш. hostage) - адамның азат етілуіне мүдделі адамдарды, әлдебір талаптарды орындауға көндіру мақсатымен, күш қолдану арқылы ұсталып отырған адам. Мемлекетті, ұйымды немесе азаматты мәжбүрлеу мақсатында жасалып, аманат ретінде адамды ұстап алу мен ұстау немесе аманат адамды азат етудің шарты ретінде қандай да бір әрекетті жасаудан өзін тежеу, қылмыстық заңнама бойынша қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыс болып табылады Адамды аманатқа алу тәжірибесі ежелгі кезеңдерден бастап бар, яғни аманатты келісімшарт немеесе әртүрлі ел арасындағы келіссөздер жүргізу барысында кепілдік есебінде өз туыстарының арасынан алынады.Сонымен қатар «горизантальдік» аманатқа алудығ бір түрі бар. Ол дегеніміз, екі жақтың міндеткерлікті атқару үшін өзара аманаттар алмасуы. Соғыс жағдайларында аманатты қосымша«тірі қалқан» ретінде алмасқан.
Қазіргі таңда, халықаралық келісімшартта ( Амантқа алумен күресу туралы БҰҰ-ның Женева конвенциясында) және мемлекеттердің ұлттық заңдарында аманатқа алу өте ауыр қылмыс есептелінеді және оған тыйым салынған. Алайда, аманатқа алу ісі террористикалық акцияларда, сонымен қатар мемлекеттер арасындағы қарама-қайшылықтар әсерінен туындаған жағдайларда немесе мемлекеттің саяси ішкі қарсыластары әсерінен көптеп қолданылуда.
Аманатқа алудың түрлері
Аманатқа алудың түрлері әр түрлі формада түсіндіріледі. Ежелгі кезде немесе қарапайым түрі жаңа міндеткерлікті орындату немеесе күшпен алу мақсатымен «Вертикальді» амантқа алу, ал Аманатқа алудың «горизантальді» түрі, яғни екі жақтың біреуінің өз еркімен әділ шешім шығару үшін алынатын аманат түрі тарихта қала берді. Соңғы кездері таррористік шабуылдарда аманатқа алу іс-әрекеттерінің негізгі мақсатына айналған.
Аманатқа беру жағдайы сол ежелгі Египет, Рим империясынан және ежелгі Қытайдан бірінші славяндық мемлекетке дейін кеңінен таралды. Зерттеушілер ежелгі аманат инстиутын соғыс секілді ежелгі тарихы бар деп тұжырым жасайды. Б.з.д. 2300 жылдардың өзінде ежелгі Саргонда атақы отбасылардың мүшелерін аманат етір алғаны белгілі.
XVIIғасырдың басында Жапониялық сёгун Ифсу Токугава өзінің күшін сақтап қалу үшін беделді жапондық даймелер арасында аманат институтын кеңінен қолданды.Оның Эдо атты ғимаратында Жапондық беделді азаматтар уақытының жартысын өткізуге тиіс болған, олар өздері болмаған жағдайда жақын туыстары болды.
1799 жылы 18 маусымда Францияда
рояльдік көтерілісті
Қазақ халқының тарихына көз жүгіртсек, осы аманат мәселесі туралы көртеген жағдайлар кездестіре аламыз. Соларға тоқталып өтер болсақ. Б.з.д. III ғасырдың соңғы онжылдығында Ғұндар мемлекетін әскери басшы тәңірқұты (шаньюй) басқарды. Сыма Цянь ғұндардың күшті тайпа бірлестігі құрылғандығы туралы былай дейді:
''Ол кезде дунхулар (Маньчжурияда мекендеген монғолдардың арғы атасы, "дун" — шығыс, "ху" — тағы, жабайы деген мағына береді) әлі де күшті, ал юэчжилер гүлдену дәуірін басынан өткізуде еді. Ғұндарда Тоуман төңірқұты болатын". |
Оның екі әйелінен туған екі так мұрагері болған еді. Тоуман екі баласының біреуі Мөдеден құтылу үшін юэчжилерге аманат ретінде жұмсайды. Мұны сезген Мөденің юэчжилер арасында жүріп калай билікті қайтарып алуға дайындалғандығын дерек көзі былайша қызықты баяндайды. Деректен ғұндардың басында юәчжилерге тәуелді болғандығын, юэчжилерге аманат ретінде тәңірқұты ұлдарын жіберіп тұрғандығы байкалады.
Осындай аманатта жүріп, Мөде юэчжилерден қашып шығады. Әскер жинап, катаң тәртіп енгізіп, билікті басып алады. "Маодунь (Мөде) өз жауынгерлерін үйрете отырып, оларға өзінің "ыскыратын жебесін" (ғұндардың тесігі бар сүйектен жасалған жебелері) қайда жетсе, сол жаққа атуға бұйырды. Жүздеген ысқырған жебелер жаудың зөресін ұшырып, олардың аттарын үркітті... Ол өз қосынындағы оқ атпағандардың басын шабуға бұйырды. Сонда ғана барлық жауынгерлер онымен бірге оқ атуды үйренді. Маодунь уакыттың таянғанын түсінді".
Осылайша төңкеріс жолымен б.з.д. 209 жылы Мөде тәңірқұты билік басына келеді. Ғұндардың жаулап алу соғыстары дунхулардан басталды. Мөде батыстағы юәчжи тайпаларын бағындыру үшін әскери жорықтар жасады. Ол 203—201 жылдары Саян Алтайы мен Жоғары Енисей өзеніндегі ежелгі қырғыз тайпаларын бағындырып, солтүстік шекарасын кеңейтті.
Сонымен қатар, Қазақ хандығының
құрылу барысы 10 жылдан астам уақытқа
созылып, бірнеше кезеңнен тұрған деп
санаймыз. Бөлініп кету – хандықтың құрылуындағы
алғашқы және маңызды қадам болса, Әбілқайыр
хан қайтыс болғаннан кейін көп ұзамай
Шығыс Дешті Қыпшақ аумағында Қазақ хандығының
билігінің толық және түпкілікті орнауы
- хандықтың құрылуының аяқталғанын көрсетеді.
Бірінші кезеңге – Керей мен Жәнібектің
Әбілқайыр ханнан бөлініп, Моғолстанның
батысындағы Шу өңіріне келуі және Керейдің
хан болып сайлануы жатады. Хронологиялық
тұрғыдан алғанда бірінші кезең – 1457 жылдың
күзінің соңыне қысының басы мен 1458 жылдың
көктемі аралығын қамтиды.
Тарихи
әдебиеттерде Сығанақ қаласының түбіндегі
Көке Кесене деген жерде Әбілқайыр хан
мен қалмақ билеушісі Үз Темір тайшы арасындағы
ұрыстың 1457 жылы өткендігі толық анықталған.
Шайқастың салдары Әбілқайыр хан үшін
ауыр болғаны белгілі. Қалмақтардан жеңілу,
шибанилық әулеттің белсенді өкілдері,
әрі «көшпелі өзбектердің» әскер басылары
- Бахтияр сұлтан мен Ахмед сұлтанның ұрыста
қаза табуы, ханның Сығанақ қаласына тығылуы,
қалмақтардың жергілікті өңірдегі тұрғындары
емін-еркін тонаушылққа ұшыратуы - Әбілқайыр
ханның жеке басының беделін күрт төмендетеді.
Шибанилық деректердің көпшілігі Әбілқайыр
ханның үш жасар немересі Махмуд сұлтанның
қалмақтарға аманат ретінде берілгендігі
жөнінде ештеңе айтпаса, тек «Тарих-и гузида
–йи нусрат намеде» ғана хан немересін
қалмақтарға тұтқынға түсті деп баяндайды.
Б.А.
Ахмедов бұл жағдайды, яғни хан немересінің
аманатқа берілуін Әбілқайыр ханның қалмақ
тайпасының жоғарғы билігін мойындауымен
түсіндіреді. Біздің ойымызша Б.А. Ахмедовтың
бұл пікірі асыра айтылған пікір. Егер
шынымен де жағдай Б.А. Ахмедов айтқандай
болса, онда ол туралы деректер шайбанилық
шығармаларда айтылмаса да, жағдайдың
барлығын жіті бақылап отырған темірлік
деректерде, әсіресе Абдарразак Самаркандиде
айтылған болар еді. Ол туралы шағатайлық
шығармаларда да ешқандай мәлімет жоқ.
Соған қарағанда Әбілқайыр хан Үз Темір
тайшының саяси билігін емес, оған белгілі
бір көлемде салықтар мен төлемдерді жыл
сайын төлеп тұруға міндетттенген секілді.
Ал соның кепілдігіне үш жасар немересі
берілген. Жеті жылдан кейін Махмуд сұлтан
өз еліне үлкен құрметпен қайтарылады.
Жалпы алғанда, 1457 жылғы шайқас - Әбілқайыр
хандығындағы барлық қайшылықтардың бетін
ашады, «көшпелі өзбектер» мемлекетінің
саяси тарихында бір кезеңнің аяқталып,
келесі кезеңнің яғни, күйреу кезеңінің
басталғандығын көрсетеді. Керей мен Жәнібек
сұлтандар бастаған ордаежендік тайпалардың
бір бөлігінің бөлініп кетуі – соған дәлел
бола алады.
2004 жылы жарық көрген Қазақстан Ұлттық
Энциклопедиясының 6-шы томындағы «Қыдырғали
(Қадырғали) Жалайыри» атты мақаласында
М. Қойгелдиев өзінің бұрынғы пікірінен
өзгешелеу мынадай ойлар айтады. «Қадырғали
Жалайыри хан ордасында жас бекзадалардың
ақылгөй-тәрбиешісі, ханның қарашысы (ақылшы,
кеңесші) болды. Ауылын, қалмақтар шауып,
Шығай ханның баласы Тәуекел ханның інісі,
әскер басы Ондан сұлтан жау қолынан қаза
тапқан соң сұлтанның 13 жасар ұлы Оразмұхаммедті
ертіп, ауыл-аймағымен Сібір ханы Көшімнің
қол астына көшіп барады... Қыдырғали Жалайыридың
ғұламалығы мен даналығын жоғары бағалаған
Көшім хан оны өзінің ақылгөй кеңесшісі
еткен. Ол Сібір князі Сейтектің де кеңесші
биі болған. Кейіннен Көшім ханға қарсы
шығып, Оразмұхаммедпен бірге Сейтекпен
жақындасқан. Сібір воеводасы Д. Чулков
1588 жылы Ертіс өзенінің жағасында қаршыға
салып, көңіл көтеріп жүрген кезінде Қыдырғали
Жалайыриды Ораз-мұхаммед және Сейтекпен
бірге алдап тұтқынға түсіреді де, үй-іші,
жақын туыстарымен бірге «аманат» ретінде
үстайды»10. Сөйтіп, Қадырғали Жалайыридың
жеке тұлғасына байланысты қайшы пікірлер
қайтадан үндестік тауып, Қарашы бек пен
«Жылнамалар жинағының» авторы бір адам
екендігі мойындалады.
Ал 1588 жылдан өмірінің соңына дейін Қадырғали
Жалайыри Ресейде, Мәскеу мен Қасым қалаларында
Оразмұхаммедтің жанында болады. Шамамен,
ол 1605 жылы Қасым қаласында қайтыс болып,
сонда жерленеді.
Осы аманат институтына сәйкес халықаралық шарттар да кездеседі. Сол шарттарға тоқталып өтсек. Көне заманның аманаты қабылданған келiсiм шарттарының күшiн сақтайды, орын алған тәртiптiң сақтауын растайды. Бекзаттық кровейлердiң аманаты римдiк империяда табандатқан халықты бағындыруға кепілділігін көрсетедi. Көршiлердiң арасындағы келiсiм шарттар бұл дәуiрдегі қабылдаушы жақтардың қоғамдық өмiрде белсендi қатысатын аманаттардың қамтамасыз етедi. Аманат инмтитуты орта ғасырларда кенеттен өзгереді. Аманатпен алмасу бұл жолы ұзақ мерзімдегі келісімшарттың тұрақтылығын емес бір жақтың екінші жаққа тәуелділігін білдіреді. Аманат болу ұятты атақ болмағанымен кейбіреулер бұл атақтан аулақ болуға тырысады. Сонда, уақыт өте келе аманат өз атуының мағынасын өзгерте бастайды. Вассалдардың мұрагерлері, аталған және аталмаған аманат мұрагер сюзереннiң ауласында оқытады, ол оның бағасынан және ұсынысан үлгi алуы керек, вассалдардың сюзерендері және жаңа ұрпақтың аралығындағы қатынас нәтижесінде жанұя iшiнде байланыстар басым болады. Шартты мiндеттемелердiң бұзушылық жағдайында, аманат кейде өзiнiң жанұясынын, немесе заңды сюзеренін таңдай алады. Классикалық грузиндiк сюжеттер арасында мынадай жағдай кездескен: патшалықтардың бiрлерiнiң мұрагерi шах ауласына аманат болып берілген. Кейіннен онда мұсылмандарға қарсы көтерiлiс болады, парсылар бұйрығымен грузин патшасы өлтіріледі, шахиншах оның орынына исламды құпия қабылдаған деген сыбыстармен тақтың мұрагерін берiп жiбередi.
Айтып ескерту керек, "тұтқын"және "аманат" ұғым дәл келмейді. Аманаттарды сол заманда, ереже бойынша, тұтқынға алмайды, оларды келісімшартты бақылау мақсатында аманат етіп береді. Зорлықпен аманат ұстау бұрвнғв кезде ет сирек кездескен, ол мәжбүрлікпен келісім беруді көздейді, бұл жағдайдада мәртебелi тұтқындардың аманатқа айналуы туралы сөйлеуге болады. Бiрақ соғыс уақытында өтем төлеуге бас тартпайынша тұтқынның өмірі дәстүр бойынша сақталған. Қарапайым адамның өмiрі өзі иеленуіне қарамастан ешнәрсеге де тұрмайды, iс жүзiнде аманат есебінде қажеті жоқ.
XIV—XVI ғ.ғ. Еуропада аманат институтын жоюдың негізі қалана бастайды. Соғысып жатқан елдер арасында соғыс жүріс-тұрыс ережелерін жете сипаттайтын екіжақты қатал келісімшарт жүргізу орнай бастайды, соның ішінде белсенді дамып келе жатырған «картельдер мен капитуляциялар» да кездеседі. Сол кездері Ренессанс әлемге жеке тұлғанының құндылығы туралы түсінік қалыптастырады. Сол кезден бастап «жеке тұлға» ұғымының қалыптаса бастағаны ықтимал деп айтсақ қателеспейміз.. Жеке тұлға өз жеке жауапкершiлiгiн ұғынады. Бұдан былай өзінің қателігі үшін сотталуын талап ететін адам өзін елден аласталған болуын тоқтатады
Сонымен бiрге айыптылық және жауапкершiлiкте жеке болады.
Осы жаңа жүйеде біреудің кінәсі үшін басқаны жазалау әділетсіздік болуымен қатар мағынасыз болып табылады. Келісімшарт аманаты ортақ институт ретінде манаттың құндылығының жоғалтуынан табиғи жолмен жойылады. Аманат проблемасына қатысты, осыны құраушы Гроций халықаралық құқыққа сәйкес егер ол өзі кінәлі болса аманатты өлтіруіне болады.
XX ғасырдың ортасында аманатқа алу соғыстағы іс-әрекетке сәйкес болғанымен де, бұл іс-әрекет варларлық ,яғни жағымсыз іс-әрекет ретінде, тек әскери қажеттiлiктiң жағдайында ғана қолдана алады деп қабылдады. Әскери тұтқынның санынан аманаттарды алынуы ендi тәжiрибеде және басқа да ағылшын - бурлардың соғыс уақытындағы репрессалиялар, шектен шыққан әс-ірекеттің бірі, Еуропада ашыну шақырады. Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыстарда Гааг конвенциялары қабылданады, дегенмен ол жасақ және әскери тұтқынға қарсы репрессалияларының қолдануы әлсiз болып табылды.
1874 жылы Брюссел конференциясында
аманатқа алу жағдайын заңды
түрде тоқтатуға мүмкіндік
1929 жылы Аманаттарды өлім жазасына кесу Женевалық келiсiм бойынша формальді түрде тыйым салынды. 1949 жылды Женева конвенциясына дейiн, кiнәсiз аманаттарға өлiм жазасын қолдануға тыйым салатын және соғыс уақытында азаматтық тұлғаларды қорғау туралы ешқандай да халықаралық келiсiмдер бар болмады.
1979 жылы аманаттарды ұстап алуға қарсы Халықаралық конвенция қабылданды. Онда: «Аманатты ұстауды жалғастыратын болса немесе оған зиян келтіретін болса, өлтірем деп қоқан-лоқы көрсететін болса, сол адам немесе мемлекет, физикалық тұлға немесе заңды тұлға секілді үшінші жақ аманаттың босауы үшiн түзу немесе жанама жағдайда кез келген актiнi iске асырса немесе өзiн-өзi тежесе Конвенция бойынша аманатты ұрлады деген атпен қылмыс жасайды. » деп айтылады.
Сонымен аманат инстиутының
Пайдаланылған әдебиеттер