Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2013 в 20:46, реферат
Мемлекеттiк протокол бiрыңғай протоколдық-ұйымдастыру нормаларын орнықтырады әрi қамтамасыз етедi, мемлекетiшiлiк және халықаралық iс-шараларды өткiзген кезде Қазақстан Республикасы лауазымды адамдарының протоколдық үлкендiк ретi қағидатын 1, 2-қосымшаларға сәйкес бекiтедi және протоколдық iс-шараларды жоспарлау мен жүзеге асыру кезiнде Қазақстан Республикасының барлық мемлекеттiк органдарының және ұйымдарының орындауы үшiн мiндеттi болып табылады.
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк протоколы бекiтiлсiн.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр актiлерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
69. Қазақстан Республикасының
Мейманның қонақүйiнiң (резиденциясының)
үстiнде оның елiнiң Мемлекеттiк туы көтерiледi.
Үкiмет басшысының ресми сапары бағдарламасының
аясында: Қазақстан Республикасының Премьер-Министрiмен
келiссөздер; екi жақты құжаттарға қол
қою (қажет болған жағдайда); баспасөз
мәслихаты; ресми қабылдау; Қазақстан
Республикасының басқа да лауазымды тұлғаларымен
кездесулер мен сұхбаттар (келiсiм бойынша)
жүргiзiледi, сондай-ақ мейманның тiлектерiн
ескере отырып, басқа да iс-шаралар ұйымдастырылады.
Қазақстандық тараптан келiссөздерге
қатысушылардың құрамын Сыртқы iстер министрлiгiнiң
ұсынысы бойынша Премьер-Министрдiң Кеңсесi
бекiтедi.
Үкiмет басшысы сапарының бағдарламасында
Президентпен сұхбаттасу көзделедi (келiсiм
бойынша).
70. Үкiмет басшысының тiлегi
Ресми сапарлар барысында мейманға және
делегация мүшелерiне Қазақстан Республикасының
Үкiметi (бұдан әрi - Үкiмет) атынан екi елдiң
протоколдық қызметтерi арқылы естелiк
сыйлықтар беру көзделедi.
Мейман зайыбымен/жұбайымен келген жағдайда
ол үшiн елде болудың жеке бағдарламасы
көзделедi.
2-тарау. Шетел
бабындағы сапарлары
71. Yкiметтер басшыларының жұмыс
бабындағы сапарларын өткiзу
Әуежайда Yкiмет басшысын Қазақстан Республикасының
Министрi (Министрдiң орынбасары), тиiстi
үкiметаралық комиссияның тең төрағасы
(ол болған жағдайда) және/немесе Сыртқы
iстер министрiнiң орынбасары, мейман елiнiң
Қазақстан Республикасындағы елшiсi, Қазақстан
Республикасының мейман елiндегi елшiсi
(келiсiм бойынша) қарсы алады және шығарып
салады.
Әуежайда екi елдiң мемлекеттiк тулары
iлiнедi. Ұшу алаңында Республикалық ұланның
құрметтi қарауылы сап түзейдi.
Мейманның резиденциясының үстiнде оның
елiнiң мемлекеттiк туы көтерiледi.
3-тарау. Жол-жөнекей сапарлар
72. Yкiмет басшысы Қазақстан
Қонақүйдiң (резиденцияның) үстiнде мейман
елiнiң мемлекеттiк туы көтерiледi.
Сапар барысында, мейманның тiлегi
бойынша, әуежайда немесе қалаға шығып
Премьер-Министрмен немесе Yкiмет мүшесiмен
кездесуi көзделедi.
Мейманның және онымен бiрге жүрген адамдардың
құрметiне қабылдау (таңертеңгiлiк ас, түскi
ас, кешкi ас) ұйымдастырылуы мүмкiн.
Әуежайда қарсы алуға және шығарып салуға
Қазақстан Республикасының Министрi (Министрдiң
орынбасары), тиiстi үкiметаралық комиссияның
тең төрағасы (ол болған жағдайда) және/немесе
Сыртқы iстер министрiнiң орынбасары және
мейман елiнiң Қазақстан Республикасындағы
елшiсi қатысады.
4-тарау. Бейресми сапарлар
73. Бейресми сапарды өткiзу
Шетел мемлекетi Үкiметiнiң басшысын әуежайда
Қазақстан Республикасының Министрi
(Министрдiң орынбасары), тиiстi үкiметаралық
комиссияның тең төрағасы (ол болған жағдайда)
және мейман елiнiң Қазақстан Республикасындағы
елшiсi қарсы алады (шығарып салады).
6-бөлiм. Қазақстан
және ел iшiндегi сапарларын протоколдық-ұйымдастыруды
қамтамасыз ету
1-тарау. Қазақстан
сапарлары
74. Сыртқы iстер министрлiгi Премьер-
Премьер-Министрдi әуежайда шығарып салуға
(қарсы алуға) Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Басшысы қатысады.
2-тарау. Қазақстан
iшiндегi сапарлары
75. Премьер-Министрдiң ел iшiндегi
жұмыс сапары бағдарламасында мынадай
iс-шаралар өткiзу көзделедi: Астана қаласында
және жергiлiктi жерлерде шығарып салу
(қарсы алу), өнеркәсiптiк және басқа да
әлеуметтiк маңызды объектiлерге бару.
Ұйымдастыру мәселелерiн шешу және Премьер-Министрдiң
қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн өңiрлерге
Қазақстан Республикасының Президентi
Күзет қызметiнiң жұмыс тобы күнi бұрын
жiберiледi.
Премьер-Министр жұмыс бабындағы сапарға
шыққан (келген) кезiнде шығарып салуға
(қарсы алуға) Премьер-Министр Кеңсесiнiң
Басшысы, жергiлiктi жерлерде - облыс әкiмi
және облыстық маңызы бар қаланың әкiмi
қатысады.
Ел iшiндегi сапар уақытында рәсiмдiк сипаттағы
iс-шаралар өткiзiлмейдi.
3-тарау. Қазақстан
бабындағы кездесулерi
76. Премьер-Министр қатысатын iс-
7-бөлiм. Шетел мемлекеттерi
басшыларының, мемлекеттiк хатшыларының,
сыртқы саясат
ведомстволары басшыларының, үкiмет басшылары
орынбасарларының
Қазақстан Республикасына сапарларын
протоколдық-ұйымдастыруды
қамтамасыз ету
1-тарау. Шетел мемлекеттерi
басшыларының сапарлары
77. Қазақстан Республикасы
Сапардың бағдарламасында кездесулер
мен сұхбаттарды, баспасөз мәслихатын
өткiзу, ресми қабылдауды (таңертеңгiлiк
ас, түскi ас, кешкi ас) мейманның тiлегi
бойынша - театрға баруды, басқа да iс-шараларды
ұйымдастыру көзделедi.
Әуежайда қарсы алу (шығарып салу) кезiнде
екi елдiң мемлекеттiк тулары көтерiледi.
Қарсы алуға (шығарып салуға) Парламент
Палатасы Төрағасының орынбасары, Парламент
Палатасының Халықаралық iстер жөнiндегi
комитетiнiң төрағасы және мейман елiнiң
Қазақстан Республикасындағы елшiсi қатысады.
Қазақтың ұлттық киiмiн киген қыз мейманға
гүл тапсырады (мейман зайыбымен/жұбайымен
бiрге жүрген жағдайда, ұлттық киiмдер
киген екi қыз мейманға және зайыбына/жұбайына
гүл ұсынады).
Қонақүйдiң (резиденцияның) үстiнде мейман
елiнiң мемлекеттiк туы көтерiледi.
Сапар барысында мейманға және делегация
мүшелерiне Парламенттiң тиiстi Палатасының
протоколдық қызметi арқылы естелiк сыйлықтарды
тапсыру көзделедi.
78. Мейман зайыбымен/жұбайымен
келген жағдайда ол үшiн елде
болудың жеке бағдарламасы
Қабылдаушы тараптың ұсынысы бойынша
мәртебелi қонақтардың қауiпсiздiгiн
Қазақстан Республикасы Президентiнiң
Күзет қызметi қамтамасыз етуi мүмкiн. Мұндай
жағдайда бастамашы шетел делегациясы
басшысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудi
Қазақстан Республикасы Президентiнiң
Күзет қызметiне тапсыру ұсынысы бар хатты
Президент Әкiмшiлiгi Басшысының атына
жолдайды.
2-тарау. Шетел мемлекеттерi
сапарлары
79. Мемлекеттiк хатшылар
Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк хатшысының
шақыруы бойынша келетiн шетел мемлекеттерi
мемлекеттiк хатшыларының сапарлары Қазақстан
Республикасы Мемлекеттiк хатшысының
Хатшылығында бекiтiлетiн бағдарламаның
негiзiнде жүзеге асырылады.
Бағдарламада, әдетте, тиiстi кездесулер
мен сұхбаттарды өткiзу, қабылдауды (түскi
асты, таңертеңгiлiк асты) және басқа да
iс-шараларды ұйымдастыру (мейманның тiлегi
бойынша) көзделедi.
Сапардың iс-шараларына қатысатын Қазақстан
Республикасы ресми адамдарының құрамын
Сыртқы iстер министрлiгiнiң ұсынысы бойынша
Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк хатшысының
Хатшылығы белгiлейдi.
Делегацияны қабылдау деңгейi мен оған
қызмет көрсету шақырудың сипаты, сондай-ақ
өзара сыйластық қағидаты ескерiлiп белгiленедi.
3-тарау. Шетел
орынбасарларының сапарлары
80. Үкiметтiң шақыруы бойынша
келетiн шетел мемлекеттерiнiң
үкiметтерi басшылары орынбасарларының
сапарлары Премьер-Министрдiң
Бағдарламада тиiстi кездесулер мен сұхбаттарды,
баспасөз мәслихаттарын өткiзу, қабылдауды
(таңертеңгiлiк ас, түскi ас, кешкi ас) және
басқа да iс-шараларды ұйымдастыру көзделедi.
Сапардың iс-шараларына қатысатын Қазақстан
Республикасының ресми адамдарының құрамын
Премьер-Министр Кеңсесi анықтайды.
Делегацияны қабылдау деңгейi мен оған
қызмет көрсету шақырудың сипатын және
өзара сыйластық қағидатын ескере отырып
белгiленедi.
Қарсы алуға (шығарып салуға) Премьер-Министр
Кеңсесiнiң келiсiмi бойынша Қазақстан Республикасының
ресми адамдары, мейман елiнiң Қазақстан
Республикасындағы елшiсi қатысады.
4-тарау. Шетел мемлекеттерi
басшыларының сапарлары
81. Шетел мемлекетiнiң сыртқы саясат
ведомствосы басшысының ресми сапарлары
кезiнде мейманды әуежайда Сыртқы iстер
министрiнiң орынбасары, (Сыртқы iстер министрлiгiнiң
құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысы), мейман
елiнiң Қазақстан Республикасындағы елшiсi,
Қазақстан Республикасының мейман елiндегi
елшiсi (келiсiм бойынша) қарсы алады/шығарып
салады.
Әуежайда екi елдiң мемлекеттiк тулары
iлiнедi.
Сыртқы iстер министрiнiң орынбасары (Сыртқы
iстер министрлiгiнiң құрылымдық бөлiмшесiнiң
басшысы) әуежайдан қонақүйге (резиденцияға)
дейiн автокөлiкте мейманмен бiрге жүредi.
Автомобильде мейман елiнiң мемлекеттiк
туы орнатылады.
Егер мейман зайыбымен/жұбайымен келсе,
ол үшiн жеке бағдарлама көзделедi.
Жұмыс бабындағы сапарлар мен жол-жөнекей
сапарлар кезiнде мейманды әуежайда Сыртқы
iстер министрлiгi құрылымдық бөлiмшенiң
басшысы және Мемлекеттiк протокол қызметiнiң
қызметкерi қарсы алады (шығарып салады).
82. Сыртқы iстер министрлiгiнiң
Сапардың сипаты мен мақсатын ескере
отырып, Шетел мемлекетi сыртқы саясат
ведомствосы басшысының елде болу бағдарламасында
Қазақстан Республикасы Президентiмен,
Премьер-Министрiмен, Парламент палаталары
төрағаларымен және басқа да ресми адамдармен
кездесулерi көзделуi мүмкiн.
Шетел мемлекетi Сыртқы саясат ведомствосының
басшысы сапарының бағдарламасында келiссөздер,
кездесулер және сұхбаттар, баспасөз мәслихаты,
ресми қабылдау (таңертеңгiлiк ас, түскi
ас, кешкi ас), сондай-ақ мейманның тiлектерiн
ескере отырып, басқа да iс-шараларды ұйымдастыру
көзделедi.
83. Сапардың iс-шараларына қатысатын
Қазақстан Республикасының ресми
адамдарының құрамын Сыртқы iстер министрлiгiнiң
тиiстi құрылымдық бөлiмшесi анықтайды
және Сыртқы iстер министрi бекiтедi.
Ресми сапарлар барысында, мейманның
қалауы бойынша, сапардың бағдарламасында
ел iшiне сапарға шығу көзделуi мүмкiн. Сапарда
шетел мемлекетiнiң сыртқы саясат ведомствосының
басшысымен мейман елiнiң Қазақстан Республикасындағы
елшiсi, Сыртқы iстер министрлiгiнiң қызметкерлерi
бiрге жүредi.
Сапар кезiнде мейманға және делегация
мүшелерiне естелiк сыйлықтар тапсыру
көзделедi.
8-бөлiм. Қазақстан
төрағаларының, Мемлекеттiк хатшысының,
Сыртқы iстер
министрiнiң шетелдiк және ел iшiндегi сапарларын
протоколдық-ұйымдастыруды қамтамасыз
ету
1-тарау. Қазақстан
төрағаларының шетелдiк сапарлары
84. Шетелге бара жатқан Қазақстан
Республикасының Парламентi
Парламент Палатасы Төрағасының шетелдегi
сапарының бағдарламасы осы елде тiркелген
Қазақстан Республикасының шетелдегi
мекемесiнiң қатысуымен жасалады.
2-тарау. Қазақстан
шетелдiк сапарлары
85. Қазақстан Республикасының
Сапар бағдарламасы баратын елде тiркелген
Қазақстан Республикасының шетелдегi
мекемесiмен бiрлесiп жасалады.
3-тарау. Қазақстан
шетелдiк сапарлары
86. Сыртқы iстер министрi ресми
сапармен шетелге/шетелден
4-тарау. Қазақстан Республикасының
Парламентi палаталары
төрағаларының ел iшiндегi сапарлары
87. Өңiрлерге бара жатқан