Италияның сыртқы саясаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2013 в 19:51, лекция

Краткое описание

Италия XXI ғ. басында Греция, Словения, Хорватия, Босния және Герцеговина, Албания елдерімен бірге Адриатикалық және Ионикалық инициатива (АИИ) жаңа субрегионалдық жобасын алға жылжытуға қатысты. Сыртқы істер министрлері деңгейінде болған бұл конференция 2000 ж. 20 мамыр күні Италияның Анкона қаласында өтті.

Вложенные файлы: 1 файл

Италияның сыртқы саясаты.docx

— 12.27 Кб (Скачать файл)

Италияның сыртқы саясаты

  Италия XXI ғ. басында Греция, Словения, Хорватия, Босния және Герцеговина, Албания елдерімен бірге Адриатикалық және Ионикалық инициатива (АИИ) жаңа субрегионалдық жобасын алға жылжытуға қатысты. Сыртқы істер министрлері деңгейінде болған бұл конференция 2000 ж. 20 мамыр күні Италияның Анкона қаласында өтті. Ол Италияның Балқанға әсер ететін көптеген жаңа жолдарын ашты. АИИ құрылғаннан кейін Италия Балқанның кризистен кейінгі дамуын реттей алатын Батыс Еуропаның басты елдерінің бірі болды. Ол Италияның Оңтүстік-Шығыс еплдері үшін тартылыс орталығының бірі болуына мүмкіндік берді.

  Косовода болған кризистен кейінгі «орталық держава» идеясының «протагонистер әлемі» идеясына ауыстырылуында Италия басты орын алады. Кейінірек Италия Балқан аумағын өз «жауапкершілігіне» алғаны туралы НАТО щеңберінде жариялады.

  2001-2006 жж. Италия премьер-министрі мен сыртқы істер министрлері палестиналық және израильдық администрацияға Рим делдалдығымен аймақтық кризисті шешу бойынша диалогты дұрыстауға бірнеше іс-сапар жасады. Италия президентінің Түркияға ең алғашқы мемлекеттік сапары 2005 ж. 22 қарашада болды. К.Чапми Түркияның Еуроодаққа кіруге талпынысын қолдап, мемлекет пен оның басшылары ЕО-та көрсетілген стандартқа жетуге күш салу керектігіне үлкен назар қойды.

  Италияның қазіргі кезеңдегі сыртқы саясатында Ресеймен жақсы қарым-қатынаста екенін айтуға болады.  2000 ж. Ресей президенті Путиннің Италияға алғашқы ресми сапарынан кейін екі ел арасында өзара ұнатушылық пайда болады, одан шыға екіжақты қызметтестік дамыды. 04.11.2003 ж. өткен Ресей-ЕО саммитінде Италияға Ресей президентінің мемлекеттік сапары болды. Бұл бір жыл ішіндегі 6-шы кездесу еді. Екі ел арасындағы тығыз қарым-қатынас пен қызметтестіктің бірден-бір дәлелі болап табылады. 2004 ж. шілдесінде РФ мен Италия Республикасы азаматтарына виза беруді жеңілдету жөніндегі келісімге қол қою екіжақтық қатынастағы зор оқиға болды. Ол жастар, ғылым және мәдениет қайраткерлері, кәсіпкерлер мен т.б. өзара қатынастарын әлдеқайда жеңілдетті.

  Италияның сыртқы саяси басымдылықтарына Жерорта теңізі, Балқан аумағы, АҚШ, ЕО, Орталық және Шығыс Еуропа елдері және Ресей жатады.


Информация о работе Италияның сыртқы саясаты