Музыка тарихының кезеңдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Сентября 2013 в 10:25, реферат

Краткое описание

Әлемдік мәдениет ырғақтарын анықтаған соң, қазақ мәдениетіне тоқталайық. Қазақтар — Қазақстан Республикасының негізгі тұрғындары, әлемдегі жалпы саны 13 миллионнан асады, исламдық суперөркениеттің солтүстік шығыс жағын мекендейді, діні жағынан ханифиттік мағынадағы мұсылман сунниттер, Алтай тіл бірлестігінің түрік тобының қыпшақ топтамасына жатады. Бұл мәдениетті түсіну мақсатында алдымен оны кеңістік өрісі мен уақыт ағынында қарастырып, кейін қазақ мәдениетінің типтік ерекшеліктерін айқындайық. Қазақ мәдениеті еуразиялық Ұлы дала көшпелілерінің мұрагері болып табылады. Сондықтан осы ұлттық мәдениетті талдауды номадалық (көшпелілік) өркениет ерекшеліктерінен бастайық.[1]Көшпенділер өркениет Әрбір ұлттық мәдениет бос кеңістікте емес, адамдандырылған қоршаған ортада әрекет етеді.

Вложенные файлы: 1 файл

ТАРИХ4.docx

— 64.63 Кб (Скачать файл)

Этномәдени кеңістіктің  не ұлғайып таралуы да, не азайып тарылуы да мүмкін. Мұның себептері  әр түрлі. Жаугершілік кезінде әлсіз, өзін-өзі қорғай алмайтын мәдениет өз атамекенінен ығыстырылуы, ассимиляцияға  ұшырауы, тіпті, түгелімен жойылып  кетуі мүмкін. Оған тарихтан талай  деректер келтіруге болады (XVIII ғасырдағы  қытайлықтардың жоңғарларды қыруы, еуразиялықтардың қос Америкадағы  жергілікті этностарға жасаған геноциді, Рим қуатымен жүзеге асқан кельт  тайпаларын ассимиляциялау ж.т.б.).

Көне заманнан бері біртұтас болып қалыптасқан кеңбайтақ  территориядағы түрік суперэтносының кеңістігін, Жаңа Заманнан бері империяшыл көршілері бірнеше жерден үзіп жіберген. Сол себептен XX ғасырдың аяғына дейін  бұл өркениеттің ішіндегі жалғыз тәуелсіз болып келген Түркия мемлекетінің кеңістігі басқа туысқан халықтардың  жерімен тікелей ұласпаған деуге  де болады. Сібір мен Орталық Азияның  арасын, Еділ бойы мен басқа түрік  халықтарының жерлерінің ортасын, Еуропа мен Азияның аралығын Ресей отаршылары экспансиялау нәтижесінде бөліп  тастаған. «Әрине мұндай әділетсіздіктің, — дейді М. Тәтімов, — мәңгілікке созылуы мүмкін емес еді. Әділдік  орнап, түркі халықтарын қатты жаныштаған Кеңес Одағы ыдырады, Орта Азия мен  Қазақстан тәуелсіздік алып өз мемлекеттерін  құрды. Түркілік тұтастықты, үзілген  байланысты қалпына келтіріп, бүгінгі  әлемдік өркениет дәрежесінде дамытуға толық мүмкіндік пен алғышарттар  қалыптасты». ([7]. — Алматы, 1993. — 82-бет).

Еуразиялық Ұлы  Даланы игеру Еуразиялық Ұлы Даланы игеру туралы сөз болғанда, осы кеңістікті қоршап тұрған өркениеттердің (суперэтностардың) өрлеу-құлдырау ырғақтарын ескеру қажет. Қытай, Иран, Батыс және Ресейлік өркениеттер мен түрік халықтарының арасында талай тарихи процестер өткен. Ол тек мәдени сұхбаттасу деңгейінде болмай, осы этномәдени кеңістік үшін бақталастық және жаугершілік сипатында да болды. Орталық Азия өзінің кеңістікте орналасуына байланысты балға мен төстің арасында шыңдалды. Отты қару пайда болғанға дейін мындаған жылдық адамзат тарихында ат жалында өскен көшпелілер ең қаһарлы күш болғаны күмән тудырмайды. Бұл жерде А. Вебердің тарихтағы номадалардың рөлі туралы ілімін еске алып өткен жөн. Оның пікірі бойынша, техногендік өркениет (батыстық) пайда болғанға дейін көшпелілер кеңістікте мәдени катализаторлар қызметін атқарған. Ал айда А. Вебер осындай бағаны тек үндіеуропалық (арийлік) номадаларға ғана берген. Біз тағы да еурорталықтық мәдениеттанушылардың түріктік көшпелілердің мәдениетін кемсіте қарастыруының мысалын көріп отырмыз. Ал нақтылы тарих далалық өркениеттердің әлемдік дамудың бір қозғаушы күші болғанын дәлелдейді.

Скиф-сақ өркениеті біздің заманымыздан жүздеген-мыңдаған жылдар бұрын сол кездегі антикалық  және шығыстық өркениеттермен қоян-қолтық араласып, олардың тарихи дамуында терең із қалдырған. Дүрілдеп тұрған Батыс Рим империясын құлатуға қатысқандардың арасында ғұндардың қызметі ерекше. «Материалдық және рухани мәдениеттің халықтар арасындағы ауыс-түйістігі, — деп жазады А. Тарақты, — адамзат өркениетінің бірден-бір кепілі болса, осынау тарихи қажеттіліктің арбакеші көшпелілер еді. Күні бүгінге дейін Алтай пен Карпат арасында тарыдай шашылған Скиф қорғандарынан Мысырдың (Египет), Грекияның, Иранның, Ассирияның, Урартудың, Қытайдың, Үндінің өнері мен тұрмыстық заттарының ұшырасуы тегін емес. Қос құрлықты көктей өтетін Ұлы Жібек жолын алғаш игерген Қытайдағы тут ағашын түлтеген жаяу шаруа емес, желмен жұрысқан салт аттылар екенін мойындау үшін архивтік айғаққа жүгінудің қажеті жоқ» ([8]. — Қазақ. — Алматы, 1993. — 32—33-бет).

Түрік этностарының мәдени кеңістігін қарастырғанда мынадай  ерекшеліктерге назар аудару керек. Біріншіден, түріктің төлтума мәдениеті  арабтардікіндей шөл сахарада емес, жер бедері қолайлы Саян-Алтайдың орманды даласында ұяланған. Яғни қуаң еуразиялық Ұлы Даланы игеру  үшін Өтүкеннің қара орманында қор  жинау қажет еді. Бұл қор жинақтау аймағын Қытай мен Иранның  шет пұшпағы деп қарастыру  ақиқаттан алшақ. Екіншіден, түріктік этномәдени тұтастықтың тарихи тұрақтылығының тағы бір себебі Орталық Азияның  мыс-темір кендеріне бай болуымен де қатысты. Металл өндеуді өте ерте кезден меңгерген прототүріктік  мәдениет бұл аймақта қуатты күш  болған. Мөдениет тарихын зерттеушілердің  кейбіреулері шумерлік металлургия  мен Сібірлік қару-жарақтардың ұқсастығын атап көрсетеді (О. Сүлейменов, Н. Оспанұлы, М.М. Әуезов т.б.). Үшіншіден. А. Гумилев атап көрсеткендей, дала биоценозының тағдырын көптеген жағдайда құрғақшылық пен ылғалдылық циклдерінің ауысып тұруы шешіп отырған. ([9]. А., 1992, 18-бет). Полюстік және тропикалық ауа мұнараларының алмаса әсер етуі еуразиялық даланы не қуаң шөлге, не гүлденген далаға айналдырған. Мысалы, Гоби кезінде шөпті дала, ал Арал мен Каспийдің арасы шалғынды мекен болған. Айталық, IX ғасыр ылғалды болса, XI ғасырда далада қуаңшылық басым болған. Даланы құрғақшылық басу түрік-моңғолдардың әлсіреуіне және олармен көршілес қытайлардың, ирандықтардың, славяндардың, маньчжурлардың күшеюіне әкеп соқты. Мысалы, дағдарыс жағдайындағы Қытайды басып алған далалықтардың ұрпақтары (көбісінің аналары қытай әйелдері) көшпелілік дағдыдан айырылып қалды. Кейін Қытай күшейген кезде олар қытайланып кетті және әлсіреген Дала отырықшы өркениетгің боданына айналды. Яғни, ландшафтың ауысуы, не ондағы түбегейлі өзгерістер автохтонды мәдениеттің икемделу (адаптация) қабілетін кемітті.

Осыған дейін айтылған қағидалардан бір қорытынды жасауға  болады. Тарихтағы салмақты және салыстырмалы тұрақты өркениет аймағын тұтас  кеңістіктік континиум деп қарастыру  керек. Әртүрлі мәдениеттерді салыстырғанда  үлгі ретінде олардың жеке бөліктерін емес, қалыптасқан суперэтностарды  алу қажет.

Кеңістік аясындағы мәдениеттің  табиғи қалыптасқан тұтастығын бұзу осы мәдениетті терең күйзеліске ұшыратады. Мұны Еуразияны Ресей  отарлауынан анық байқаймыз. Орыс казактары  көшпелілер үшін табиғи кедергі болып  табылатын өзендерге бекініп  алды. Скандинав теңізшілерінің навигациялық әдістерімен таныс казактар өзендерді  орыстың байырғы жерлерімен байланысу  артериясы ретінде шебер қолдана  білді. Ал көшпелілер үшін өзен транспорттық байланыс құралы болмап еді. Көшпелілерден  салт атпен соғысуды жақсы үйренген казактар қайықтарын да тастамады. Осының нөтижесінде көшпелілік этномәдени кеңістіктің буыны үзілді, тұтастығы  бүлінді. Кейін Столыпин әрекеттері нәтижесінде қазақтар және басқа  да көшпелі халықтар өздерінің шұрайлы  жерінен айырылды. Бұл көшпелілік этномәдени кеңістіктің егіншілік  алқабына айналуына негізгі себепкер болды. Ал бұл процесті прогресшіл немесе реакцияшыл деп бағалау әр мәдениет үшін әртүрлі сипатта.

Жалпы алғанда, кеңістіктің  этномөдениетке тигізетін әсерін дұрыс  бағалау керек. Қысқаша айтқанда, Отаны жоқ халық болған емес. Бұған  бүкіл тарих куә. Әрине, кеңістік ерекшеліктері(ландшафт, биоценоз, оқшаулық ж.т.б.) өркениетке үлкен әсер етті. Алайда, басқа мысалдар бұл қағиданың  абсолюттігіне күмән келтіреді. Айталық, Солтүстік Американың прерийлерінде, Аргентинаның пампасында, Австралияның жайылымдарында номадалар пайда  болмады. Яғни, өркениетті дұрыс түсіну үшін басқа да факторларды қарастыру  қажет.[10]


Информация о работе Музыка тарихының кезеңдері