Түркі тілдес музыкалық аспаптар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2015 в 16:39, доклад

Краткое описание

Түркі тілдес халықтардың бірінің музыкалық аспаптарының тарихи дамуын көз алдымызға толық елестету үшін оны өзге халықтардың аспаптарымен байланыста алып қарау қажет. Белгілі музыка зерттеушісі В.С.Виноградов өзінің қырғыз музыкасы туралы кітабында былай деп жа-зады: «Оның байланыстарының ең бір көзге ұрып көрініп турған және ең табиғи бағыты...бізді солтүстікке, Орталық Қазақстан мен Оңтүстік Сібірге, Алтайға қарай жетектейді».

Вложенные файлы: 1 файл

реферат.docx

— 13.69 Кб (Скачать файл)

Түркі тілдес халықтардың бірінің музыкалық аспаптарының тарихи дамуын көз алдымызға толық елестету үшін оны өзге халықтардың аспаптарымен байланыста алып қарау қажет. Белгілі музыка зерттеушісі В.С.Виноградов өзінің қырғыз музыкасы туралы кітабында былай деп жа-зады: «Оның байланыстарының ең бір көзге ұрып көрініп турған және ең табиғи бағыты...бізді солтүстікке, Орталық Қазақстан мен Оңтүстік Сібірге, Алтайға қарай жетектейді». Музыкалық аспаптар саласында, шыныңда да, қырғыздар мен қазақтар және Сібірдің түркі тілдес халықтары: алтайлықтар, хакастар, тувалықтар, якуттар аралығында тамыры тереңде жатқан ортақтылық бар. Осылай бола тура бұл халықтардың музыкалық аспаптары әлі күнге дейін жете зерттелінбей отырғанын айту керек. «СССР : халықтары музыкалық аспаптарының атласы» делінетін кітапта алтай, хакас, туба және якут аспаптарының не бары 22 түрі ғана келтірілген, ал біз олардағы аспаптар түрі елуден асатынын білеміз. Бұл жайында мүмкіндігінше толығырақ мағлұмат жинау үшін осы еңбектің авторы 1967 жылы фольклорлық экспедиция құрамында Таулы Длтай автономиялы облысында, ал 1973 жылы ғылыми командировкамен Хакасияда, Тубада, Якутияда болып қайтқан еді. Автор архивтік, музейлік және басқа материалдарды іздеп өлке тану музейлерінде, ғылыми-зерттеу институттарында, кітапханаларда болып біраз еңбектерді, халық арасынан шыққан белгілі музыканттармен, ғалым-дармен, музыкалық фольклордың майталман білгірлерімен кездесті. Автор аспаптарды неғұрлым жақсылап зерттеу үшін Сібір халықтары музыкалық аспаптарыныя, коллекциясын жинады. Бұрауын, дыбыс көлемін, регистрін, тембрін т. б. зерттеп, кәдеге жарату мақсатында авторға олардың кейбірінде ойнауды игеріп алуға тура келді. Түркі тілдес тайпалар арасында сонау бағзы заманда пайда болған музыкалық аспаптар күні бүгінге дейін сақталған. Сөйтіп, түркі тілдес халықтар арасындағы байланыс үзілмей жалғаса берген. Өз ара пайдалы қарым-қатынас жасаудың бір түрі осындай аспаптарда әр түрлі халық өкілдерінің орындаушылық өнер сайысы болып табылды. Мұндай кездесулер көбінесе жәрмеңкелерде өткізілетін.


Информация о работе Түркі тілдес музыкалық аспаптар