Адам ресурстарын стратегиялық басқару жүйесін құру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Ноября 2013 в 19:05, реферат

Краткое описание

Мемлекеттік басқару органдары, ең алдымен, мемлекеттік басқару қызметін атқаратын күрделі механизмдер жүйесі. Бүгінде, мемлекеттік басқару дегеніміз – адамдардың әлеуметтік қызметі және соның негізінде қалыптасатын қоғамдық қарым-қатынастар деп түсіндіріледі. Ол әлеуметтік ортада жүзеге асырылып, әлеуметтік ортаның ықпалын, әсіресе, қоғамның әлеуметтік құрылымы тарапынан өзіне тигізетін ерекше мәнді ықпалын басынан өткізеді.

Вложенные файлы: 1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 41.72 Кб (Скачать файл)

6) мемлекеттік қызметшілердің жұмысын бағалау жүйесін енгізу;

7) мемлекеттік қызметшілердің еңбегіне ақы төлеудің жаңа жүйесін енгізу;

8) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыруға, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бақылау жүйесін енгізуге, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын бағалау үшін кері байланыс тетігін дамытуға бағытталған шараларды іске асыру көзделеді.

Екінші кезеңде (2013 – 2015 жылдар) мансаптық жоспарлау жүйесін енгізу, кәсіби даму мен оқытудың дара жоспарларын енгізу, қашықтықтан оқыту жүйесін кеңейту; мемлекеттік қызметшілерді ынталандыру жүйесін жетілдіру; мемлекеттік қызметтің автоматтандырылған ақпараттық жүйесін құру; әкімшілік этиканы басқарудың екі деңгейлі жүйесін әзірлеу сияқты мемлекеттік қызметті кәсібилендіру жөніндегі ұзақ мерзімді шаралар жүзеге асырылатын болады.

Мемлекеттік қызмет саясаттану, мемлекеттік басқару теориясы, әкімшілік басқару сияқты ХХ ғасырдың ғылыми бағыттағы элементтердің синтезі ретінде адамзаттың саяси құқықтық және әлеуметтік мәдени дамуын көрсетеді. Салыстырмалы талдау Еуропа елдерінің саяси-әкімшілік жүйелері солтүстік-американдық дәстүрден ерекшеленетінін көрсетеді. Мемлекеттік қызметтің демократиялануы халықтың егеменділіктің салдары ретінде, сондай-ақ «мемлекеттік» ұғымының мазмұнының өзі «қоғамдық» қызмет мағынасында және институционалды дайындау процесінде көрініс табатын, әрбір елдің өзіндік ерекшеліктеріне байланысты. Франция, Нидерланды, Дания, Ұлыбритания сияқты унитарлы мемлекеттердің өзгешелігі,басқарудың екі нұсқасы арасындағы ауыспалы тепе-теңдік, яғни, бір жағынан жалпы ұлттық тәртіпті орнататын орталықтанған билік, екінші жағынан жергілікті құрылым ерекшеліктерін ескеретін, орталықсыздандыру.

Мемлекеттік қызметтің еуропалық үлгісіне талпынатын Еуропалық Одақтың әкімшілік жүйелері, оның негізгі жұмыс істеу механизмі мен қағидаларын, бірегейлендіруге тырысады [3]. Римдік келісім-шарттың 48-ші бабына сай Еуропалық Одақтың кез-келген мемлекеттік қызметшісі жоғарғы деңгейдегі қызметтен басқа қалған барлық қызметтерде, егер сол нақты мемлекеттік сектордың талаптарына сай біліктеріне ие болса, өзінің мансабын әрі қарай жалғастыра алады, яғни бұл жерде баспалдақтық жүйе қолданылады. Мемлекеттік қызметтің мансаптық жобасы Германия, Австрия, Жапония елдерінде кең тараған. Ал, позициялық жоба Ұлыбритания, АҚШ, Канада елдерінде кең тараған.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметінің жаңа моделі мемлекеттік қызметтің баспалдақтық және позициялық модельдерінің элементтерін қамтып, аралас болып қалады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына сәйкес, мемлекеттік қызметтің жаңа моделінде корпустық вертикаль: мемлекеттік саяси қызметшілер, «А» басқарушылық корпусы және «Б» атқарушылық корпусы айқын көрініс табатын болды.

Мемлекеттік қызметтің екі нұсқасында да мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін көтеру олардың қосымша кәсіби білімдерінің негізгі үлгісі болып табылатындығын байқауға болады. Дегенмен, әр елде оқу бағдарламалары, оқыту жүйесі сол елдің даму заңдылықтары мен ұлттық нұсқаларына бағытталғандығын куәландырады. Мысалы, Франция мен Германияда мемлекеттік басқарудың аймақтық институттарымен (Франция) және мемлекеттік қызмет колледждерімен (Германия) орындалатын ұзақ мерзімді оқу кестелері жасалынған. Соған қоса, Францияда міндетті оқыту бағдарламасы да оқу жүйесіне енгізілген, яғни директордың орынбасары сияқты белгілі бір лауазымда отырған қызметкерлерді оқытудың міндетті бағдарламасы бар. Францияда міндетті оқыту белгіленген мерзімдерде өткізіледі. Оқу Мемлекеттік басқарудың Ұлттық Мектебімен (ENA, 1945 жылы құрылған), аймақтық институттармен және министрліктердегі мамандандырылған мектептермен өткізіледі. ENA-дан бітіріп шығу жоғары әкімшілік лауазымдарға отыруға мүмкіндік ашады. ENA жыл сайын 100 студент қабылдайды (оның ⅓ - шетелдіктер).

Ал, Германияда оқу жүйесі федералдық және жергілікті деңгейде оқытылады. Жоғары лауазымды шенеуліктерді мол және стратегиялық басқарудың қазіргі заманғы әдістеріне, ақпараттық технологияларға, адам ресурстары мен коммуникация тәсілдеріне үйрету жүйелі түрде өткізіліп отырады. Ұлыбританияда білім алудың аса назар аударатын жүйесі бар. Ұлыбританияның мемлекеттік қызметінің ұйымдастырылуына жауапты министрлер кабинетінің хатшылығы басқару құрылымының жоғары дәрежесіне міндетті бағдарлама ұсынады, бұл бағдарламаларға кәсіп-керліктің және жеке сектордың қызметшілері қатыса алады. Грецияның оқу жүйесінің айтарлықтай ерекшеліктері жоқтығын байқай аламыз.

Мемлекеттік қызмет институционалдануының шетелдік тәжірибесінің нәтижелерін келтіре келе, кешенді және координацияланған процесс әдістерін талап ететінін атап өту керек. Ең маңыздысы, бұл шарттар мемлекеттік қызмет жүйесін реформалау шеңберіне жатады. Сондай-ақ, Еуропа елдеріндегі мемлекеттік қызметкерлер үшін қызметтік мамандандырылғандығын бағалау мақсатында ресми және бейресми түрде мемлекеттік аттестациядан өту жүйесі қалыптастырылған. Германияда мемлекеттік басқарудың федералдық заңына сәйкес федералдық мемлекеттік қызметшілердің білімі мен жұмысты атқаруы әр бес жыл сайын және қажет болған кез-келген жағдайда да бағаланып отырады. Ал, Данияда өзінің бейресми рәсімімен және ашық диалогымен сипатталатын персоналды бақылау жүйесі жетілдірілген. Персоналды бағалау тігінен (тікелей басшыларымен) және көлденеңінен (жұмыстағы әріптестерімен) өткізіледі [4].

Шетелдік тәжірибелерден және жолдаудан көріп отырғанымыздай, елімізге мемлекеттік қызмет стандарттарын енгізу қажеттілігі туындайды. Халықаралық тәжірибеде мемлекеттік қызмет (хартиясы) қолжазбасында мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары енгізілген. Халықаралық тәжірибеде мемлекеттік қызмет (хартиясы) қолжазбасы дегеніміз - қызметтің сан алуандығы мен бағасына, тұтынушылар мен жеткізушілер арасындағы келісім-шарттың қоғамдық тексеріске ашық бағытталуы. Ал, Қазақстанға тиімді тәсілі: 1. Мемлекеттік қызмет көрсету уақыты (регламент)  мемлекеттік қызмет көрсетуге байланысты мемлекеттік органның іс жүргізу тәртібін анықтайды. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты - көрсеткіштер мөлшерінің қалыпты шамасын, қол жетімділігі мен сапасын, әрекеттестік реттілігін, қызмет алу құқығын белгілейді.

 

 

 


Информация о работе Адам ресурстарын стратегиялық басқару жүйесін құру