Ауыл шаруашылығын несиелендіру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2013 в 15:46, курсовая работа

Краткое описание

Мұнай қырық-елу жылда сарқылатын байлық. Ал жер бетінен алынатын өнім әлімсақтан бері халықты асырап келеді. Жейтін тамақ пен киетін киім жер астында емес, жер бетінде. Синтетикалық киімге қазір сұғына қоятын ешкім жоқ. Сондықтан, табиғи өнімдерге деген сұраным өсе түседі. Демек, Қазақстанның бір жағынан аграрлық ел болғанының болашақта пайдасы тиеді. Республикамыздың агроөнеркәсіп кешені экономиканың аса маңызды саласы және экономикалық дағдарысты жою, тамақ және жеңіл өнеркәсіптерін дамыту, саяси-әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету жолында шешуші рөл атқарады. Ауыл шаруашылығы – бұл еліміздің экономикасын биікке асқақтататын маңызды салалардың бірі болып табылады.

Содержание

Кіріспе.

I. Агроөнеркәсіп кешенінің нарықтық экономикасы.

1.1 Агроөнеркәсіп экономикасының ерекшеліктері.
1.2 Ауылшаруашылық өнімдерінің нарығы.

II Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылық жағдайы.
2.1. Ауылшаруашылығы өнімдерінің жалпы динамикасы
2.2. Ауылшаруашылығын реттеудегі мемлекеттік саясат
2.3. Ауылшаруашылығын несиелеу жүйесі
2.4. Агроөнеркәсіп кешенін техникалық жарақтандыру

III ҚР-дағы ауыл шаруашылығын дамыту жолдары

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер.

Вложенные файлы: 1 файл

курсовая.doc

— 224.00 Кб (Скачать файл)

  Осының  салдарынан  өнеркәсіп  пен  ауыл  шаруашылығы   өнімдеріне  әр  уақытта “бағаның  қайшысы ”  пайда  болады.

  Баға  қайшысы-  бағаның  тепе-теңдігі  бұзылу  дәрежесі, яғни  ауыл  шаруашылығы   өнімдері  мен  өнеркәсіп   өнімдерінің  бағаларының   өсу  қарқынының  айырмашылығы.

  Бағалар  тепе-теңдік  проблемаларын  нарықты  механизмдер  арқылы  шешу  өте  қиын,  сондықтан  көп елдердің  үкіметтері  бұл тепе-теңдіктерді  шешу  үшін  фермерлердің  өндірген  өнімдеріне  кеткен  шығындардың  біразын  өз  мойындарына  алады.

Мысалы,  Еуропалық  экономикалық  бірлестік  дүние  жүзілік  нарықта  өз фермерлерінің  астығын  нақтылы  бағасынан 15  пайыз  төмен  бағаға  сатады. Ал, Америка  үкіметі   ферлердің  өндірген астығын 50 пайыз  бағамен  сатады, қалған 50 пайызын  үкімет өз  қалтасынан  төлейді, ол төлем  фермерлерге  жәрдем ақша  есебінде  болып, ауыртпалығы  салық  төлеушілерге  түседі.

Жәрдем  ақша-  тауар  өндірушілерге,  олардың  тауарларына  бағаны  тұрақтандыру, немесе  оларды  жұтатын  кететін  жағдайдан аман  сақтау  үшін  берілетін  мемлекеттік  қайтарылмайтын  жәрдем.

Адамзаттың  тарихи  тәжірибесі   ауыл  шаруашылығын  өз  дәрежесінде  ұстау  үшін  ерекше  әдіс  ойлап  шығаруға  мәжбүр  болды- бұл таза  нарықты  тетіктер.  Оларға  алдымен  биржалық  сауда  жатады.

Бірақ  биржалық  тетіктердің  саудасы  көпестер мен  тауарлар  келісімдеріне де  бейімделген. Тауарлар  биржасында  тек  үлкен  көлемде және  кқп  уақыт  сақталатын  талапқа  сай сапасы  бар  тауар  сатылады. Бұл  талаптарға  шикізат  жатады, ал ол  шикізаттар  ауыл  шаруашылығында  өндіріледі. Мысалы: астық,  ет,  мақта, табиғи  кауччук.

Қазіргі  дамыған  елдерде  50-ден  артық  ірі тауар  биржалары  бар.  Оларда тауарлардың 160  түрі  сатылады. Бұл  көтерме  сауда  арқылы  жылына  100 трлн.  доллардың  саудасы  жүреді,  яғни  бұл  елдердің  өндірген  өнімдерінің  төрттен  бірі.  

Көтерме сауда-  тауарларды  үлкен  партияларымен  сатудағы  келісім , мұнда  сатып  алушы  көтерме  сауда  фирмасы болып табылады,  ол бөлшек  сауда бағасымен  дүкендерді  немесе өндірістік  фирмаларды  тауарлармен  қамтамасыз етеді.

 Тауарлы биржалардың өркендеуі ауыл  шаруашылығы мен экономиканың   басқа да  салаларымен саудалық  қарым-қатынастарды  нығайтудың  ең  қолайлы формасы болып табылады. Ауыл шаруашылық  өндірісінің маусымды  түрі күзде , әсіресе,  өнімдерді мол жинағанда , ұсыным сұранымнан  көп жоғары  болғанды,  мұның өзі бағаның , оны-  мен бірге табыстың  төмендеуіне алып  келеді. Бірақ өмір  қажетімен тұтыну  жыл бойы. Ауыл  шаруашылығы өнімдеріне   күз айларынан кейін ұсыным  күрт  төмен түседі, ал  сұрамын  болса  айма-ай  ұсынымнан жоғарылай береді.  Жаз  айларының  аяғында  екеуінің  алшақтығы сонша  өткен  жылдың  өнімдеріне  деген  баға  тез  жоғарылайды.

  Міне,  сұраным  ұсыным  тетіктерін  жөнге салмаған  жағдайда  бағалардың  тұрақсыздануы  шыға  келеді. Бұл жағдай фермерлерге де, тұтынушыларға да пайдасыз, күзде бұлардың алғашқылары өз тауарлары өте төмен баға алатын болса, кейінгілері ауыл шаруашылық өнімдері үшін көктемде және жазда өз қалтасынан өте көп төлейді.

Бұл жерде орынды сұрақ  туады: не себепті фермерлер өз өнімін күзде сатады? Келесі көктемде сату пайдалы емес пе?

        Бұл кеңес орындалу үшін қожалықтары ең алдымен көп айлар бойы жинаған өнімін сақтайтын қойма салуы керек, сонымен бірге сақтауға шығындар жұмсау керек. Мұнымен бірге көктемде мол табыс ала қоймайды , ал күзде де болса атқаратын жұмыстар көп, оларға кететін шығындар да мол. Бұл шығындарды жабу үшін қаржыны қайдан алады?

  Ол үшін банктен  несие алуға болады. Бұл жолдың  өз кемшіліктері бар. Біріншіден, болашақ өнімге банк онша көп қарыз бере қоймайды. Себебі, бұл тауар тұрақсыз бағасымен банктен алатын несие мен оның пайыздарын өтей ала ма? Екіншіден, банктік несие үшін үлкен өнім пайыздарын төлеу керек, ол табысты тағы азайтады. Үшіншіден, егер де банкке алған қарызын уақыттылы қайтармаса, онда шаруашылығы тұралатып, уысынан шығарып алуы мүмкін.

   Міне, осындай  жағжайжа биржевик пайда болып  келе кояды. Оның бар мақсаты  : бағаның күзде болатынын пайдаланып, көбірек табыс табу. Күзде ауыл  шаруашылығы өнімдері арзан болғандықтан көбірек сатып алып, көктем мен жаз айларында бағаның өсуін күтіп қолындағыны сату арқылы баға айырмасынан пайда табу.

  Биржевиктің нарықта пайда  болуының өзі болып жатқан  жағдайға ерекше әсерін тигізеді. Біріншіден, өндірген қнімді күзде  сатып алу, сұраным мен ұсынымның жалпы көлемін көбейтіп, олардың араларындағы үйлеспеушілікті жояды . Теңгермелік баға жоғарлайды. Екіншіден, биржевик сатып алған тауарын көктем мен жазда базарға шығарып ұсынымды көбейтеді, ал ол биржевиктің еркінен тысқары, бағаны төмендетеді.

   Маусымдық бағаның тұрақсыздануы  қоғамда жоғары бағаланады: фермер  күзде өз еңбегі үшін көбірек  ақша алады, тұтынушы да көктем  мен жазда былтырғы өнімнен  сатып алып аз төлейді. 

  Басқа сөзбен айтқанда, биржалық  сауда қоғамға пайдалы. Ол әкімшілік-әміршілік үстемдік ел экономикасындағы саудагерліктен мүлде бөлек. Мұндай елдерде ресурстарды тапшы тауарларға қолдары жететіндер саудагерлік жасап байитын. Олар жазасыз, қорқпай саудагерлік жасайды.

   Биржалардағы бағаның тұрақты  түрде құбылып тұруы дәлелді, заңды себептерден болады. Сондықтан тауар биржалары дүниежүзінде болып жатқан өзгерістерді сезімтал экономикалық тетігі. Міне , бұл сезімталдығы қор биржасын тауарлы биржалармен жақындастырады.

   Әлем сатушылары мен алушыларын  байланыстырып тауарлы биржалар нарықты өмірге әкеледі, бұл нарықта тауарларды әр уақытта белгіленген көлемде керекті түрін сатуға және сатып алуға болады. Свауда келісімі есебіне әлі өсірілмеген, жиналмаған өнімдер де болуы мүмкін. Мұндай жағдайда оларды келешекте уақыттылы жеткізіп тұруға келісім –шарт жасасады, бұл келісімді- фьючерлік келісім дейді.

   Фьючер – тауарды уақытысында  және келісім-шарт жасаған уақыттағы  бағамен жеткізуге және төлеуге  жасалған келісім.

   Фьючерлік сауда өткен  ғасырдың 60-шы жылдарында АҚШ-та пайда болды, қазір биржалық келісімнің ол негізгі түріне айналды, қол бар тауарлар саудасын ығыстырып, орнын басып алды.

   Бұл келіісім бойынша  фермер өзінің келешекте алар  өнімін көктемде сатуы мүмкін, Бұл келісім фермер үшін пайдалы.         

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. ҚР-дағы ауыл шаруашылығының жағдайы

 

  2.3 Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы динамикасы

Ауыл шаруашылығындағы жалпы өнім көлемі 2001-2005 жылдары  орташа 10,7%-ға, оның ішінде өсімдік шаурашылығында  - 13%-ға, мал шаруашылығында – 7%-ға артты. Ауыл шаруашылығы өндірісінің оңды динамикасы ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімділігімен, мал басы мен мал өнімділігінің артуына және «Ауыл» мемлекеттік аграрлық азық-түлік бағдарламасын іске асыруға негізделген. 2003-2005 жылдары осы бағдарлама шеңберінде республикалық бюджеттен 6,5 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен  - 367,2 млн. теңге бөлінді және игерілді. Осы қаржылар есебінен фитосанитарлық және эпизоотикалық қолайлылық, тұқымдардың сапасын тексеру қамтамасыз етіліп, таңдаулы тұқымдардың, асыл тұқымды өнімдердің, минералды тыңайтқыштардың, гербицидтердің, суармалы су жеткізудің құны арзандатылды.

  2006 жылдан бастап  Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты  дамыту концепциясын іске асыру  басталды, оның шеңберінде ауыл  шаруашылығы өндірісіне мемлекеттік  қолдау көрсету жалғасуда. Жыл басынан бері облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне республикалық бюджеттен 2,7 млрд. теңге, облыстық бюджеттен 7 млн. теңгедей қаржы бөлінді.           

    1-сурет.

     Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің динамикасы

 

   Өсімдік шаруашылығында 2005 жылы 2001 жылмен салыстырғанда 273,4 мың тонна – дән, 20,5 мың тонна – картоп, 85,1 мың тонна – көкөніс, 37,7 мың тонна – бақша және 15 мың тонна – майлы дақылдар артық өндірілді. Мұны бәрі жер өңдеудің жаңа жағдайларға ауысуының, сондай-ақ отандық дән өндіру мектебін қайта жаңғыртудың нәтижелері болып табылады.

   Мал шаруашылығында 2001 жылмен салыстырғанда сүт -66,9 мың тоннаға, ет – 20,3 мың  тоннаға, жүн – 2,0 мың тоннаға,  жұмыртқа – 2,5 млн. данаға артық  өндірілді.

   Көрсеткіштердің тұрақты өсіміне асыл тұқымды мал шаруашылықтары мен малдарды қолдан ұрықтандыру орталықтары санын арттыру есебінен малдардың гендік қорларын жақсарту сертігін тигізуде. Облыста 204 қолдан ұрықтандыру пункттері мен 59 асыл тұқымды мал шаруашылықтары жұмыс істейді.

   Шошқадан басқа  барлық мал түрлерінің мал  басы артуда. 5 жыл ішінде МІҚ  63,5%-ға артты және 2006 жылдың басына 293 мың басты құрады, қой мен  ешкі  -71,4 %-ға (1979 мың бас), жылқы  - 38% (73,5 мың бас), түйе – 34% (4,3 мың  бас), құс  -29% (1375,2 мың бас).

   Мал өнімдерін  өндіру мен мал басының өсу  динамикасы үстіміздегі жылы  да сақталды.

   2-сурет.

   

        МІҚ өсу динамикасы.

 

Нарықтық экономикаға  тән жағдайлардың бірі – бұл инфляция құбылысы. Соған байланысты 2007 жылдың бірінші тоқсанында ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасы 4,3%-ға жоғарылады. Ағымдағы жылдың маусымында өсімдік шаруашылығы өнімдерінің бағасы 2006 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 6,9%-ға , мал шаруашылығы өнімдерінің бағасы – 1%-ға өсті. Бидай -7,6%-ға, жүгері- 5,8 %-ға, арпа- 5,1 %-ға, күріш – 4,8%-ға, сұлы -2,6%-ға, қарақұмық -1,8%-ға, тары бағасының  -1,3%ға өсуінен дәнді дақылдарға баға өсімі – 7,2% құрады.

   Жеміс-көкөністерден  бағасының ең жоғарғы өсімі  қиярға – 31,2% және қызанаққа  – 25,2%, қырыққабат – 8,3%, қызылшаға – 5,1%, сәбізге – 1,1% тіркелген. Картопқа баға өсімі – 10%, жидекке – 1,3%, күнбағыс тұқымдарына – 1,2 % құраған.

   Мал шаруашылығы  өнімдерінен ағымдағы жылдың  маусымында 2006 жылдың желтоқсанымен  салыстырғанда мал еті – 4,9%-ға , құс еті – 2,5%-ға қымбаттады. Жұмыртқа бағасы - 14%-ға, сүт бағасы – 1,6%ға арзандады.

 

 

 

1-кесте.

 

 

2007 ж маусымы

2007ж қаңтар-маусымы 2006ж қаңтар-маусымына

 

2007ж мамыры

        2006ж желтоқсанына

 

Ауыл шаруашылығы өнімдері

0,0

4,3

12,9

Өсімдік шаруашылығы өнімдері

0,9

6,9

15,5

Дәнді дақылдар

1,1

7,2

16,2

картоп

0,2

10,0

25,8

Көкөніс

-0,2

5,9

7,7

Мал шаруашылығының өнімдері

-1,2

1,0

9,5

Мал мен құс

1,3

4,9

9,4

сүт

-4,9

-1,6

9,5

жұмыртқа

-8,7

-14,0

10,9


       Ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасының динамикасы

 

  Ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу бағасының индексі отандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер өндірген және әртүрлі арналар бойынша ауыл шаруашылығы өнімдері бағасының өзгеруін сипаттайды. Байқау барлық меншік нысандарының ауыл шаруашылығы құрылымының іріктеу шеңбері бойынша жүргізіледі.Өткізу бағасына өосымша құн салығының есебінсіз тасымалдау, жабдықтау, өнімдерді тиеу және түсіру бойынша шығыстар кіреді.

    
2.2  Ауылшаруашылығын реттеудегі мемлекеттік саясат

   Ауыл шаруашылығы экономикасының ең күрделі мәселелерінің бірі – сатып алынатын және сатылатын тауарларға баға теңгермешілігін(паритетін) сақтау, яғни, ауыл шаруашылық өнімдері мен осы салаға арналған өнеркәсіп өнімдері құндарының арасындағы қатынас осы екі саланың да мүддесінен шығу мәселесі. Халқымыздың тұрмыс деңгейін арттыруда бұл мәселені дұрыс шешудің үлкен маңызы бар. Бірде-бір дамыған елде егін және мал шаруашылықтары тұтастай нарықтың ерікті «ағысына» жіберілмеген.

   Кейбір кәсіпкерлер  бизнес мемлекеттік реттеуді қабылдамайды деп санайды. Бірақ, Нобель сыйлығының лауреаты  Дж. Стиглердің мемлекеттік реттеу жөніндегі белгілі зерттеулеріне сүйенетін болсақ, бизнес мемлекеттік реттеуден мүлдем алшақтамайды, қайта керісінше ол бәсекедегі тәуекелді істерді мемлекет тарапынан қорғауды талап етеді. Бұл құбылыстар нарықтық қатынастағы Қазақстанның аграрлық секторына да тән.

Ең алдымен экономикалық реттеуде жер реформасы – мемлекет деңгейіндегі ұлттық мәселелерді қамтитын аса күрделі процесс. Әлемдік  тәжірибеде жерге шексіз жеке меншіктік құқығын бермей, мемлекет және қоғамдық мүдделердің артықшылығын қамтамасыз ететін әр түрлі шектеулер бар. Мұндай құқықты беру – мақсат емес, тек жерді пайдалану тиімділігін арттыру үшін пайдаланылатын құрал. Ауыл тұрғындарын көп толғандыратын мәселе – жерге жеке меншік орнатудан гөрі, одан алынатын өз еңбегінен түскен нәтижеге иелік ету құқығы. Атап айтқанда, кеңінен етек алған бұрынға тәжірибені, яғни, алдымен ауылдың бар өнімін, пайдасын алып қойып, соңынан дотация, қарыздарын өтеу түрінде біртіндеп қайтарудан арылу мүмкіндігін беру қажет.

Ауылшаруашылығында экономикалық қарым-қатынастарды реттеу үшін залогтық (кепілдікті) сатып алу операциясы бойынша есеп айырысуды енгізу жөніндегі  ұсыныстардың едәуір мәні бар. Бұл жағдайда шикізатты өңдеу, дайын өнімді алғаннан соң тауар өндірушілерге шикізат құны мен нақтылы төленген аванс сомасы арасындағы айырмашылықты залогтық баға бойынша төлеу қажет. Кепілдікті  сатып алу операциясын жүзеге асыру үшін дайындаушы және өңдеуші кәсіпорындарды кепілдікті сатып алу ұйымдары етіп құратын болсақ, нарықтық баға құрылымын және ауыл шаруашылық тауарын өндірушілерінің табыстылығын реттеуге жағдай жасалынады.

Информация о работе Ауыл шаруашылығын несиелендіру