Жапония салыгы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Октября 2013 в 19:40, реферат

Краткое описание

Жапонияның салық жүйесінің негізін 25 мемлекеттік салықтар мен 30 жергілікті салықтар құрайды, сондай-ақ осы жүйе 3045 қалалар мен аудандарды және поселкелерді біріктіретін 47 Префектура аумағын қамтиды. Жоғары кіріс көздері - заңды және жеке тұлғалардан тікелей алынатын мемлекеттік табыс салығы (барлық салықтық түсімдердің көлемін 50%-ке жоғарылататын салық деуге болады), мүлікке салынатын тікелей салықтар (олардың тобына елтаңбалық алымды, мұраға салынатын салықты, лицензияны тіркеуге салынатын салықты, жерлерді өңдеуге және жақсартуға салынатын салықты жатқызуға болады), сондай-ақ тұтынуға салынатын тікелей және жанама салықтар болып табылады.

Вложенные файлы: 1 файл

Zhaponia_salygy.docx

— 29.67 Кб (Скачать файл)

   Жапонияның салық жүйесінің негізін 25 мемлекеттік салықтар мен 30 жергілікті салықтар құрайды, сондай-ақ осы жүйе 3045 қалалар мен аудандарды және поселкелерді біріктіретін 47 Префектура аумағын қамтиды.

   Жоғары кіріс көздері - заңды және жеке тұлғалардан тікелей алынатын мемлекеттік табыс салығы (барлық салықтық түсімдердің көлемін 50%-ке жоғарылататын салық деуге болады), мүлікке салынатын тікелей салықтар (олардың тобына елтаңбалық алымды, мұраға салынатын салықты, лицензияны тіркеуге салынатын салықты, жерлерді өңдеуге және жақсартуға салынатын салықты жатқызуға болады), сондай-ақ тұтынуға салынатын тікелей және жанама салықтар болып табылады.

   Жеке тұлғалар төлейтін мемлекеттік табыс салығының ставкалары 10, 20, 30, 40 және 50% мөлшерінде белгіленген. Префектуралық табыс салығы 5, 10 және 15% ставкалар көлемінде алынады. Тағы бір айта кететін жәйт, Жапонияның әрбір тұрғыны әр жыл сайын өздері тапқан табыс көлеміне қарамастан мемлекет қазынасына 3200 иен сомасы мөлшерінде салық төлеп отырады. Автомобиль иелеріне салынатын салық, спиртті ішімдіктерге, темекі өнімдеріне, мүнайға, газға, бензинге салынатын акциздер, кедендік баждар, мейманханада тұрғаны үшін, ресторандарда тамақтанғаны үшін, ыстық су кездеріне түскені үшін алынатын акциздер тиісті бюджеттерді айтарлықтай көлемдегі қаражаттармен толықтыруға септігін тигізедіЖапонияда мемлекет өмірін камтамасыз-етуші бірнеше бюджеттер қалыптасқан. Олар: орталық бюджет (орталык бюджеттің жалпы шоты), инвестициялық бюджет (даму бюджеті) және бір-неше арнайы шоттар. Орталык бюджет табыстары салыктық жэне салықтык емес түсімдер есебінен қүралады. Баска дамыган елдерге карағанда Жапония бюджеті салықтық емес түсімдердің үлесі жоғарылығымен ерекшеленеді. Мемлекеттік бюджеттің 84% - салықтар қамтамасыз етсе, салықтық емес түсімдер 16% береді, ал жергілікті бюджеттерде салықтық емес түсімдер 25% жуық қамтамасыз етеді. 
   Салыктардан айтарлықтай қомақты қаржыны жеке тұлгалар мен заңды тұлғалардың табыс салығы берді (шамамен 40%). Бюджет табысының салықтық емес түсімдеріне жататындар: мемлекеттік кәсіпорын кызметтерінен түсетін түсімдер, мемлекеттік меншікті сатудан немесе жалға беруден түсетін түсімдер. Орталық бюджет шыгындары өзіне тән функционалдык белгілері бойынша құралады және мемлекеттің негізгі міндеттері мен кызметтерін көрсетеді. Олар, негізінен, экономикалық және элеуметтік шыгындарды қаржыландыруға, жергілікті бюджеттерді толықтыруга, мемлекеттік қарызды басқаруға. император сарайын камтамасыз етуге, басқару органдарына жэне басқа да максаттарга бағытталады. Ал, инвестициялық бюджет дегеніміз - күрделі салымдар мен зайымдардың жыл сайын бекітілетін бағдарламасы. 
  Арнайы шоттар болса - мемлекеттік кәсіпорындар мен корпорациялар шоттарын, мүліктерін, қорларын қамтиды. Арнайы шоттардың көптігі Жапония қаржы жүйесіне тән ерекше белгінің бірі.Жергілікті билік органдарында шамамен 7 мыңға жуық аталмыш шоттар бар. Жапонияда бюджет жылы 1-ші сәуірде басталып 31 наурызда аяқталады. Жоғарыда аталғандарга қосымша мемлекеттік инвестициялык багдарлама атты жүйе іске қосылған. Түрлі кезеңді басынан кешіре отырып, бүл жүйе бүгінде Мемлекеттік займдар мен инвестициялар бағдарламасы деген атпен танымал (МЗИБ), Жалпы мемлекеттік бюджеттік каржыландырудан МЗИБ-ң айырмашылыгы, бұл багдарлама қаражаттары — қайтарымды, мерзімді, төлемді негізде беріледі. 
 
  Жеке несие мекемелері бекітетін пайыз арқылы МЗИБ-дан компаниялар каражат алған жағдайда, толық мөлшерде есептелген пайызымен коса қайтарылады. МЗИБ-нің бүгінгі таңдағы каржы ресурстары мен оны алу көздері кандай деген сауалға жауап: 
 
1) азаматтардың пошталық жинақтар жүйесі;  
 
2) өмірді сақтандырудың пошталык жүйесі; 
 
3) зейнетакы қорлары;  
 
4) арнайы өнеркэсіптік инвестициялау шоты; 
 
5) үкімет кепілдемесіндегі міндеттемелер мен займдар.  
 
   Жапония Ата заңына сәйкес мемлекет қаражаттарын игеру құқына парламент ие. Ал, бюджет орындалуын қаржы министрлігі жүзеге асырады. 
 
   Бюджетке кассалық кызмет көрсету Жапон банкі жэне оның бөлімшелері арқылы жасалады. Мемлекеттік бюджеттің шығыс бөлігіндегі айтарлықтай маңызга ие бағыт - әлеуметтік шығындар (кесте). 
 
   Жапония орталык үкіметінің шығыстар құрылымы (бес жылдық кезенге орташа жылдык көрсеткіштер, % ).

 

 

 
1981-1985 

 
1986-1990 

 
Күрделі салымдар 

 
18.1 

 
14,0 

 
Ағымдагы шығындар 

 
81,9 

 
86,0 

 
Соның ішінде: 

 

 

 

 

 
• әскери 

 
3,2 

 
3,5 

 
• мемлекет аппараты жәңе полиция 

 
10,0 

 
10,8 

 
• % мен мемлекет карызы бойынша төлемдер 

 
8,6 

 
9,1 

 
• әлеуметтік шығындар, соның Ішінде: 

 
51,1 

 
52,6 

 
• білім беру 

 
11,7 

 
11,6 

 
• денсаулық сақтау 

 
1,2 

 
1.2 

 
• • баска да әлеуметтік қыз.көрсету 

 
4,7 

 
4,8 

 
* халыққа төленетін төлемдер, 

 
33,5 

 
35,0 

 
Сонын ішінде: 

 

 

 

 

 
• кәріліктік пен мүгедектік бойынша зейнетақы 

 
27,5 

 
29,0 

 
Баска да ағымдагы шыгындар 

 
9,0 

 
10.0 

 
Барлығы 

 
100 

 
100 


 
 
   Жапон үкіметі қарт адамдарға қолайлы жағдайлар туғызып, өмірлерін жаксарту мәселелеріне көп көңіл бөледі. 2005 жылы осы категориядагы адамдар саны, яғни зейнетакы жасындағы адамдар саны 5,2 млн жетуі мүмкін. Заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы бизнестің дамуы-мен бірге қалыптасып, дамыды. Кәсіпорындар мен үйымдар таза пайдадан 34,5 пайыз мөлшерінде мемлекеттік табыс салығын. 1,67 пайыз мөлшерінде префектуралык табыс салығын, 4,12 пайыз мөлшерінде қалалык (аудан, поселка) табыс салығын төлейді. Шағын бизнеске 28 пайыздык мөлшерлемемен салық салынады. Жеке тұлғалар мемлекеттік табыс салығын 10—50 пайыз аралығында прогрессивтік шкаламен төлейді. Префектуралык табыс салығын 5; 10; 15 пайыздық мөлшерлемемен төлейді. Бүдан басқа алган табыс мелшерінен тэуелсіз әрбір жеке түлға 3200 иен мөлшерінде жергілікті табыс салығын төлейді. 
 
   Мүлікке салынатын салықтарды заңды және жеке тұлғалар мүлік құнынан 1,4 пайыздык біртұтас мөлшерлемемен төлейді. Мулікті қайта бағалау үш жылда бір рет жүргізіліп тұрады. Салық салуға барлык жылжымайтын мүліктер, жер, бағалы кагаздар, банк депозиттері бойынша пайыздар, т.б. қамтылады. Екінші топқа лицензияны тіркеу салығы, елтаңбалық алым, жерді тыңайту салығы, т.б. жатады, Жанама салықтардың бірі - сатудан алынатын салық 3 пайыздық мөлшерлемемен алынады жэне бюджеттің кірісінің 9 пайызын қамтамасыз етеді. Оны есептеу барысында тауарлар мен қызметтердің қүны келісімшарт бағасы бойынша анықталады. Қосылган құнға салынатын салык 1989 жылдан бастап колданыла бастады. Қосылган күңсалыгын есеп-теу барысында төрт түрлі эдіс пайдаланылады: 

  • тура немесе бухгалтерлік әдіс;
  • жанама әдіс;
  • тікелей шегеру әдісі;
  • жанама шегерім немесе шоттар бойынша есепке алу 
    әдісі.

Жапония тәжірибесінде, негізінен, төртінші әдіс кеңінен қолданылады. 
Жапонияның салық жүйесінің негізі XIX гасырда қаланды. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін, 1949 жылы қаржы саласындағы американ маманы, профессор Шалптың ұсынысымен салық реформасы жүргізілді. Кейіннен бұл реформа нәтижесі ұзақ уақыт бойы қолданылды. 1987 жылдың қыркүйегінде және 1988 жылдың желтоқсанында Жапонияның салық жүйесіне үлкен өзгерістер әкелген салық рефомалары жүргізілді. Нәтижесінде салық мөлшерлемелерінің шкаласы оңайлатылды және төмендетілді. Егер реформаға дейін салық мөлшерлемесі 10,5-70 пайыз аралығында болса, реформадан кейін 10-50 пайыз аралығына дейін төмендетілді. Қазіргі кездегі колданыстағы салық жүйесі 1989 жылы 1 сәуірде іске косылды. Мемлекеттік бюджеттің 84 пайызы салықтар есебінен, ал оның 16 пайызы салықтық емес түсімдердің есебінен құралады. 
 
Жапонияда салықтар:  

Мемлекеттік; 

Жергілікті болып жіктелді.

       Мемлекеттік бюджеттің 64 пайызы мемлекеттік салықтар, ал 36 пайызы жергілікті салықтар есебінен құралады. Салықтык түсімдердің бір бөлігі жергілікті бюджеттерге аударым тұрінде кайта бөлінеді. Ел аумағында 3045 қала, поселка, аудандардың жэне оларды біріктіретін 47 префектураның өздерінің дербес бюджеттері бар. Жапония салық жүйесі АҚШ және Еуропа елдерінің салық жүйелері сияқты салыктарыньщ көп түрлілігімен ерекшелінеді. Олардың аумактык басқарудың кез келген органының алу құқығы бар. Бірақ, барлық салыктар елдің заң актілерінде тіркелген. Мемлекеттік салықтың эрбір түрі заңмен реттеледі. Жергілікті салықтар туралы Заң олардың түрлері мен шекті мөлшерлемесін анықтап береді. Жергіліктті салыктарға катысты басқа мэселелерді жергілікті парламент реттейді. Жалпы елде 25 мемлекеттік, 30 жергілікті салықтар жұмыс жасайды. Оларды үш үлкен топка топтастыруға болады: 

  • Заңды және жеке тұлғалардың табыс салығы;
  • Мүлік салығы;
  • Жанама салықтар.

    Тұтынуға салынатын салык 1989 жылы 1 сэуірден бастап енгізілді. Қазіргі кезде мемлекеттік бюджет кірісіндегі үлесі жағынан жэне жеке түлғалардан алынатын табыс салығынан кейінгі үшінші орынды алады. Салық мөлшерлемесі - 5 пайыз. Кэсіпкерлікке салынатын салык салынатын пайдадан 6-12,6 пайыз аралығындағы мөлшерлемемен алынады. Бюджет кірісін толтыруда автокөлік иелеріне салынатын салық спирт жэне темекі өнімдеріне, мұнай, газ, бензинге салынатын акциздер, кеден баждары, т.б. елеулі роль атқарады. 
     Салық шкаласы 13 деңгейлі болып келеді, салық мөлшерлемесі 10-70 пайыз аралығында мұра сомасына байланысты өзгеріп отырады. Жапонияда отандық жэне шетелдік инвестицияларды ынталандыру жүйесі жеткілікті деңгейде дамыған. Оларды қолдаудағы басты мақсат үлттық эканомиканың дамуына оң ықпал ететін факторлага қолайлы жағдай туғызу болып табылады. Инвеситицияны ынталандыратын басты құрал ретінде негізінен салық жеңілдіктері мен субсидиялар қоршаған ортаны қорғау жэне әлеуметтік инфракұрылымды құру барысында, өндірістік обьектілерді жаңа жерлерге көшіргенде беріледі. Салық салу деңгейі бойынша (оның ұлттық табыстағы үлесі 27,9%) Жапония басқа жогары дамыған мемлекеттерге жол береді, мысалы Германия (130,6%), Франция (33,9%) т.б. Тек АҚШ-тангбаскалары (26,11%). Қазіргі кездегі Жапонияның салық жүйесі 1989 жылдың 1 сэуірінен бастау алады. 
 
   Жапонияның қаржы жүйесінің қазіргі кездегі мәселелері мен міндеттері. 1992 жылдан бастап Жапония үкіметі 90-шы жылга дейін «езілген сабындай» созылып кеткен экономикалык тоқыраудың көзін жою мэселелерін алға қойды. Қазіргі таңда тоқырауга қарсы 8 бірдей бағдарлама қаралып, бұл багдарламалардың жалпы қаржыландыру көлемі 110 трлн иенге дейін жетті. 
 
1992-1999 жылдары қарастырылған тоқырауға қарсы шара-лардың негізгі кұралдары болыи табылғандар: 

  • салық ставкаларын реттеу;
  • когамдық жұмыстар, әлеуметтік инфрақұрылымга мем- 
    лекеттік инвестициялар;
  • мемлекеттік институттарды несиелендіру және накты 
    сектор кәсіпорындары үшін несиені кепілдеу;
  • шағын жэне орта бизнесті колдау;
  • Жапон Банкімен проценттік ставканы төмендету;
  • Экономиканың бэсеке қабілеттілігінің өсуімен экспортты 
    ынталандыру;

Экономика жүйесін қайта  ретгеу шаралары.

   1991 жылы басталған өнеркәсіптік өндірісінің бірден төмен-деуі, 1993 жылдын аяғында-ақ тоқталды. Жапония либералды салыктық - бюджеттік саясатын жүргізуге қабілетті жалғыз ғана индустриалды мемлекет болды. 1992 жылы мемлекеттік бюджеттің оң-солдысы байқалып, 
  1994 жылы экономиканы дамытуды ынталандыру максатында 
қосымша бюджет кабылдауға мүмкіндік пайда болды. Қабыл- 
данған шаралар ішкі сұранысқа жагымды ыкпал етіп, Жапония 
экономикасының тоқыраудан шыгуы 1994 жылдың екінші жар- 
тысында көріне бастады. 1994 жылы Орталық банк мөлшерлемені ең төменгі дэреже - 1,75% деңгейінде ұстады. Нәтижесінде 1994 жылы жалпы ішкі өнімнің накты өнімі небәрі 1% болған болса, 1995 жылы - 2,5% -ға жетті. Жапон экономикасының токыраудан шығуы мемлекет секторында инвестиция деңгейі жоғарылата түсіп, инвестиция саласы ынталандырылды. Жапон инвестициялары бірінші кезекте АҚШ жэне Азияның кейбір жаңа индустриалды елдері: Оңтүстік Корея, Тайвань, Гонконг, Сингапур, Малайзия, Тайланд т.б.-ньң өндіріс куаттарын қалыптастыруға багытталды. Міне, дэл осы факт 1997 жылдыи күзінде Жапон экономикасы үшін жағымсыз рөлін көрсетті, яғни Азиядағы қаржы тоқырауы деген түсінік осы жерден бастама алған.


Информация о работе Жапония салыгы