Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2015 в 20:07, лекция
Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнайы төлемдерi.
Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу үлгілері.
Бонус және оның түрлері.
Роялти және оны есептеу тәртібі. Роялти төлеу тәртібі.
Үстеме пайда салығы. Үстеме пайда салығының ставкалары.
Осында белгiленген роялти ставкалары жүргiзiлетiн өндiру түрiне қарамастан, пайдалы қазбалардың барлық түрiне қолданылады.
Жер қойнауына керi айдалатын газ тәрiздес көмiрсутектер бойынша роялти төленбейді.
Пайдалы қазбалардың құнын айқындау тәртiбi
Роялтидi есептеу мақсатында, алтынды,
күмісті және платинаны
Жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңiнде өндiрген алтынның, күмiстiң және платинаның құны Халықаралық (Лондон) биржада салық кезеңi ішінде қалыптасқан осы металдардың орташа құны негiзге алына отырып есептеледi.
Алғашқы тауарлы өнiм сатылмаған жағдайда, алтынды, күмiстi, платинаны және кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, өндiрiлген мұнайдың, жер асты сулары мен пайдалы қазбалардың құны осындай сату орын алған соңғы салық кезеңiндегi алғашқы тауарлы өнiмiнiң орташа өлшемдi өткiзу бағасы негiзге алынa отырып айқындалады.
Алғашқы тауарлы өнiм мүлде сатылмаған кезде алтынды, күмiстi, платинаны және кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, өндiрiлген мұнайдың, жер асты сулары мен пайдалы қазбалардың құны мұнайды, жер асты суларын өндiруге және көрсетілген пайдалы қазбаларды өндiруге салық кезеңiнде iс жүзiнде қалыптасқан шығындар негiзге алына отырып айқындалады.
Келесi сату жағдайында жер қойнауын пайдаланушы алғашқы тауарлар өнiмнің iс жүзiнде сатылған бағасын негiзге ала отырып, алғашқы caту орын алған салық кезеңiнде есептелген роялти сомаларына түзету жүргiзуге мiндеттi.
Кең таралған пайдалы қазбалардан алынған алғашқы тауарлы өнiм сатылмаған кезде немесе оларды толығымен өз қажеттерi үшiн пайдаланған жағдайда, кең таралған пайдалы қазбалардың құны жер қойнауын пайдаланушының салық кезеңiнде iс жүзiнде қалыптасқан рентабельділiк нормасына ұлғайтылған, өндiру мен бастапқы өңдеуде iс жүзiнде қалыптасқан шығындар сомасы негiзге алына отырып айқындалады.
Газ тәрiздес көмiрсутектерiн одан әрi өңдеу үшiн өтеусiз берген жағдайда, осындай көмiрсутектерiнің құны Қазақстан Pecпубликасының Үкiметi айқындайтын тәртіппен салық кезеңiнде iс жүзiнде қалыптасқан рентабельдiлік нормасына ұлғайтылған, оларды өндіру мен бастапқы өңдеуге iс жүзінде қалыптасқан шығындар негiзге алына отырып айқындалады. Бұл ретте, газ тәрiздес көмiрсутектерi бойынша роялти ставкаларын айқындау үшiн газ тәрiздес көмiрсутектердiң 1 мың текше метрi мұнайдың 0,857 тоннасына сәйкес келетiн ауыспалы коэффициент пайдаланылады.
Жер асты суларын шығарылатын өнiмдердің және көрсетiлетiн қызметтердiң негiзгi компонентi ретiнде пайдаланған жағдайда, өндiрiлетiн жер асты суларының құны салық кезеңінде iс жүзiнде қалыптасқан рентабельділік нормасына ұлғайтылған, оларды өндiру мен бастапқы өңдеуде iс жүзiнде қалыптасқан шығындар негiзге алына отырып айқындалады.
Кең таралған пайдалы қазбалар мен жерасты сулары бойынша роялтидің ставкалары
Кең таралған пайдалы қазбалар мен жерасты сулары бойынша роялтиді жер қойнауын пайдаланушылар, оның iшiнде пайдалы қазбалардың басқа түрлерiн өндiруге жасалған келiсiм-шарттар бойынша қызметтi жүзеге асыратындар мынадай тiркелген ставкалар бойынша төлейдi:
Бастапқы қайта өңдеуден (байытудан) өткен, минералды шикізатқа пайдалы қазбаларды және көмірді өндіру салығының ставкалары мынадай мөлшерде белгіленеді:
Рет№ |
Пайдалы қазбалардың атауы |
Ставкалар, %-пен | |
1. |
Қара, түсті және радиоактивті металдар кені |
Хром кені (концентраты) |
17,0 |
марганец, темір-марганец кені (концентраты) |
3,0 | ||
темір кені (концентраты, окатыштар) |
3,5 | ||
уран (өнімді ерітінді, шахталық әдіс) |
24,0 | ||
2. |
Металдар |
мыс |
8,0 |
мырыш |
9,0 | ||
қорғасын |
8,50 | ||
алтын, күміс, платина, палладий |
6,0 | ||
алюминий |
0,3 | ||
қалайы, никель |
6,0 | ||
3. |
Құрамында металдар бар минералды шикізат |
Ванадий |
4,0 |
Хром, титан, магний, кобальт, вольфрам, висмут, сүрме, сынап, мышьяк және басқалар |
6,0 | ||
4. |
Құрамында сирек кездесетін металдар бар минералды шикізат |
Ниобий, лантан, церий, цирконий, |
7,7 |
Галлий |
1,0 | ||
5. |
Құрамында шашыраңқы металдар бар минералды шикізат |
Селен, телур, молибден |
7,0 |
Скандий, германий, рубидий, цезий, кадмий, индий, таллий, гафний, рений, осмий |
6,0 | ||
6. |
Құрамында радиоактивті металдар бар минералды шикізат |
Радий, торий |
5,0 |
7. |
Құрамында металл еместер бар минералды шикізат |
Тас көмір, қоңыр көмір, жанғыш тақтатастар |
0 |
фосфориттер |
4,0 | ||
бор ангидриті |
3,5 | ||
барит |
4,5 | ||
тальк |
2,0 | ||
флюориттер |
3,0 | ||
воластонит |
3,5 | ||
шунгит |
2,0 | ||
графит және басқалар |
3,5 | ||
Жарқырауық тас шикізаты: | |||
8. |
Құрамында қымбат бағалы тастар бар минералды шикізат |
Алмас, лағыл, жақұт, зүбәржат, анар, александрит, қызыл (асыл) шпинель, эвклаз, топаз, аквамарин және басқалар |
12,0 |
9. |
Құрамында жасанды тастар бар минералды шикізат |
Нефрит, лазурит, радонит, чароит, малахит, авантюрин, агат, яшма, қызғылт кварц, диоптаз, халцедон және басқалар |
3,5 |
10. |
Құрамында техникалық тастар бар минералды шикізат |
Алмас, корунд, агат, яшма, серпентинит, цирконий, асбест, слюда және басқалар |
2,0 |
Кең таралған пайдалы қазбаларға, жерасты сулары мен емдік балшыққа пайдалы қазбалар өндіру салығының ставкалары мынадай мөлшерде белгіленеді:
Рет № |
Пайдалы қазбалардың атауы |
Ставка-лар, %-пен |
1 |
2 |
3 |
1. |
Металлургияға арналған кенге жатпайтын шикiзат, қалыптық құм, құрамында глиноземі бар жыныстар (далалық шпат, пегматит), әктастар, доломиттер, әктасты-доломит жыныстары, тамақ өнеркәсiбi үшін әктас |
2,5 |
2. |
Кенге жатпайтын басқа шикiзат, отқа төзімді
саз, каолин, вермикулит, ас тұзы |
4,7 |
3.
|
Жергілікті құрылыс |
5,6 |
4. |
Жерасты сулары, емдік балшық |
10,6 |
Жер қойнауын пайдаланушы кең таралған пайдалы қазбалар мен жерасты сулары бойынша роялтидi, төменде көзделген жағдайларды қоспағанда, олардың тұтынушыларға сатылғанына немесе өз қажеттерiне пайдаланылғанына қарамастан төлейдi.
Роялтидi:
1) жеке тұлғалар өзiнiң жеке
меншiк құқығындағы жер
2) жерасты суларын өзiнiң
3) жер қойнауын пайдаланушылар iлеспе өндiрiлген жерасты суларын жер қабатының қысымын қалпында ұстау үшiн керi айдағанда төлемейдi.
Пайдалы қазбалардың барлық түрлерi бойынша роялти салық кезеңiнен кейiнгi айдың 15-iнен кешiктiрiлмей төленедi.
Төменде көзделген жағдайларды қоспағанда, күнтiзбелiк ай роялти төлеу жөнiндегі салық кезеңi болып табылады.
Егер алдыңғы тоқсандағы роялти бойынша орташа айлық төлемдер 1000 айлық есептiк көрсеткiштен кем болса, онда салық кезеңi - тоқсан болып табылады.
Жер қойнауын пайдаланушы роялти жөнiндегi декларацияны тiркелген жерiндегi салық органына салық кезеңiнен кейiнгi айдың 10-ынан кешiктiрмей табыс етедi.
Үстеме пайда салығы
Өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарттар, кең таралған пайдалы қазбалар мен жерасты суларын өндіруге, сондай-ақ барлау мен өндіруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және пайдалануға жасалған келiсiм-шарттар бойынша қызметтi жүзеге асыратындарды қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушылар осы келiсiм-шарттар пайдалы қазбалардың басқа түрлерiн өндiрудi көздемеген жағдайда, үстеме пайдаға салық төлеушiлер бола алады.
Жер қойнауын пайдаланушының жинақталған табыстардың жинақталған шығыстарға қатынасы 1,2-ден жоғары болған салық кезеңiндегi әрбiр жекелеген келiсiм-шарт бойынша таза табысының бір бөлiгi үстеме табысқа салық салу объектiсi болып табылады.
Жер қойнауын пайдаланушының салық кезеңiндегi әрбiр жекелеген келiсiм-шарт бойынша таза табысының салық кезеңiнiң аяғына шегерiмдер сомасының 20 пайызынан асатын бөлiгі салық базасы болып саналады.
Осында таза табыс салық салынатын табыс және корпорациялық табыс салығы, сондай-ақ резидент еместiң тұрақты мекемесiнiң таза табысына салынатын салық арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
Салық базасы Қазақстандық кадрларды оқытуға iс жүзiнде жұмсалған шығындардың және тiркелген активтер өсiмiнiң сомасына түзетiледi, бiрақ ол салық базасының он пайызынан аспайды.
Салықты есептеу тәртiбi
Салық кезеңi iшiнде үстеме пайда салығын есептеу айқындалған салық базасына 6.2-кестеде белгiленген ставканы түзетулер ескерiле отырып қолдану арқылы жүргiзiледi.
Жинақталған табыстар жер қойнауын пайдаланушының келiсiм-шарт жасалған күннен бастап алған жиынтық жылдық табысының сомасы ретiнде айқындалады. Жинақталған шығыстар салық базасын түзететiн шығыстар сомасын қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушының келiсiм-шарт жасалған күннен бастап шегерiмге жатқызылатын шығыстарының сомасы ретiнде айқындалады.
№ Рет № |
Жылдық жиынтық табыстың шегерімдерге қатынасыныңмәні |
Салық базасы
|
Став-ка, %-пен |
Бюджетке төленуге жататын салық сомасы
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1. |
1,25-тен кем немесе соған тең |
салынбайды |
0 |
|
22. |
1,25-тен 1,3-кe дейiн қоса алғанда |
1,25-тен 1,3-кe дейiнгі мәнге сәйкес келетін таза табыс бөлігі |
10 |
10% ставка бойынша есептелген салық сомасы |
33. |
1,3-тен 1,4-кe дейiн қоса алғанда |
1,3-тен 1,4-кe дейiнгі мәнге сәйкес келетін таза табыс бөлігі |
20 |
10% және 20% ставкалар бойынша есептелген салық сомасы |
44. |
1,4-тен 1,5-кe дейiн қоса алғанда |
1,4-тен 1,5-кe дейiнгі мәнге сәйкес келетін таза табыс бөлігі |
30 |
10%, 20% және 30% ставкалар бойынша есептелген салық сомасы |
55. |
1,5-тен 1,6-ға дейiн қоса алғанда |
1,5-тен 1,6-ға дейiнгі мәнге сәйкес келетін таза табыс бөлігі |
40 |
10%, 20%, 30% және 40% ставкалар бойынша есептелген салық сомасы |
66. |
1,6-дан 1,7-гe дейiн қоса алғанда |
1,6-дан 1,7-гe дейiнгі мәнге сәйкес келетін таза табыс бөлігі |
50 |
10%, 20%, 30%, 40% және 50% ставкалар бойынша есептелген салық сомасы |
77. |
1,7-ден жоғары |
1,7 мәнінен асатын таза табыс бөлігі |
60 |
10%, 20%, 30%, 40%, 50% және 60% ставкалар бойынша есептелген салық сомасы |
Информация о работе Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу