Салықтар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 08:35, реферат

Краткое описание

Қазіргі кезде бухгалтерлік есеп ең басты бір орын алады. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап, басқарушы шешім қабылдаудың негізі. ҚР аймағында әрекет етіп тұрған барлық субъектілерге қаржылық есеп беруді және бухгалтерлік есепті жүргізу міндеттілігі жүктеледі. Жалпы алғанда салық міндеттемесі мемлекет алдындағы әрбір салық төлеушінің міндеттемесі болып табылады және ол салық заңына сәйкес жүргізіледі.

Содержание

Кіріспе

Негізгі бөлім
Салық туралы түсінік
Бюджетпен есеп айырысу операциялардың есебі
Еншілес серіктестіктердің алашақ (кредиторлық) қарыздарының есебі
Алынған аванстар бойынша есеп айырысу есебі
Жабдықтаушы және қызмет көрсетушілермен есеп айырысу есебі
Басқа да кредиторлық қарыздар мен есептелген төлемдер есебі
Салықтардың ашықтығы – жалған кәсіпкерлікке тосқауыл
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

реферат салык.doc

— 217.50 Кб (Скачать файл)

 

 

  1. Жабдықтаушы және қызмет көрсетушілермен есеп айырысу есебі

Кез келген кәсіпорын  үзіліссіз және ырғақты жұмыс  істеп тұруы үшін уақтылы керекті  материалдармен жабдықтап отырудың маңызы зор болып табылады. Ұйымды материалдық қорлармен жабдықтау экономикалық және әлеуметтік дамыту жоспарларына сәйкес жүргізіледі. Кәсіпорын өнім өндірушіұйымдармен, сондай-ақ делдалдық ұйымдармен өзіне керекті материалдық қорлармен және техникалармен қамтамасыз ету жөнінде келісімшарттар жасасады немесе өзінің делдалдары арқылы биржадан сатып алады.

Осы жоғарыда аталған  ұйымды керекті материалдармен және басқа да құндылықтармен жабдықтайтын кәсіпорындармен есеп айырысуының  есебі «Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысу» деп аталатын отта есеп айырысу сомасының деңгейіне және нысанларына қарамастан жабдықтаушылардан алынған материалдар мен қосалқы бөлшектер, олардың атқарған жұмыстары мен көрсеткен қызметтері үшін есептелінген қарыз сомалардың есебі жүргізіледі. «Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысу» деп аталатын шоттың кредитінде тиісті материалдық-қорлар, шығындар бойынша жабдықтауылардың акцептелген шот-фактурасына сәйкес есептелген сомалар, ал бұл шоттың дебиті бойынша «Ақшалар» деп аталатын шотының және басқа да шоттардың кредитінен (төленген жерлеріне байланысты) оларға төленген сомалар жазылады. «Жабдықтаушы және мердігерде жабдықтаушы-мердігердің әрбір шот фактурасы бойынша бөлек жүргізіледі. Бұл журнал-ордерде жабдықтаушы-мердігерлердің шот-фактураларының акцептелуі, материалдық құндылықтардың, жұмыстар мен қызметтердің қабылдануы, олардың құнының, олардың құнының төленуі жайлы мәліметтер жазылады.

Келіп түскен шот-фактураларды алдымен үлгілі түрі М-1 «Келіп түскен жүктер есебі журналына» тіркейді. Бұл журнал бойынша ұйымда материалдық құндылықтардың уақтылы келіп түсуіне бақылау жасалады. Журналда жазылуға тиісті мәліметтерді жабдықтау бөлімі тауар-көлік жүкқұжаттары (накладнойлары) кіріс ордерлері, материалдарды қабылдау туралы актілер негізінде кәсіпорын қоймасына материалдық құндылықтардың келіп түсуіне қарай жазылып отырады. Журналға тек акцептелген шот-фактурасы ғана жазылады.

 

Фактураланбаған жабдықтар есебі

Кейбір жағдайларда  келіп түскен материалдық құндылықтардың құжаттары (шот-фактуралары) болмауы мүмкін. Мұндай құндылықтарды фактураланбаған жеткізілім деп атайды. Фактураланбаған жеткізілімдер фактураланған, яғни шот-фактураларымен бірге келген жеткізілімдер тәрізді әрбір жабдықтаушыла бойнша жеке көрсетіледі. Фактураланбаған жабдықтарды жазу үшін үлгілі түрі М-7 «Материалдарды қабылдау туралы актілер» қолданылады, олар шот-фактурамен ресімделмеген материалдармен, сондай-ақ, қабылдау кезінде артық шыққан тауарлық-материалдық құндылықтарға да жазылады. Факторланбаған жабдықтардың шот-фактуралары келген уақытында оларға бұрын жазылған деректер сторна етіліп нөмірі 6-журнал-ордерге шот-фактурадағы мәліметтер жазылады. Төлем жасалған, бірақ айдың аяғына дейін кәсіпорынның қоймаларына түспеген тауарлық-материалдық құндылықтардың шот-фактуралары емесе төлем талап тапсырмалары негізінде 6-журнал-ордерге әдеттегі  тәртіп бойынша жазу жазылады. Айдың аяғында жолдағы материалдық құндылықтардың сомасын журнал-ордердің «Келіп түспеген жабдықтаушы қоймасындағы жүк үшін» деп аталатын арнайы бағанасында көрсетеді. Журнал-ордер бойынша жиынтықтарды шығарғаннан кейін жолдағы тауарлық-материалдық қорлардың құнын материалдық қорлар шоттарына жазады, олар материалдық жауапты адамдар есебіне жатқызылмаса да, жедел ескеріліп отырады. Сөйтіп, жолдағы тауарлық-материалдық қорлар айдың аяғында тиіті шоттарда шартты түрде есептелініп, олардың құндары жабдықтаушылар мен есеп айырысулар тұрғысында дебиторлық қарыз болып табылмайды. Келесі айдың басында жолдағы материалдардың қалдығы сторна етіледі (қызыл жазумен жазылады).

Жабдықтаушылар  және қызмет  көрсетушілермен есеп айырысулар есебі жөніндегі журналда ай аяғында «Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысу» деп аталатын шот бойынша  талданған қалдықтар көрсетіледі. Талдамалық есептің құрылымы жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу жөніндегі қалдықтар туралы мағлұмат алуды қамтамасыз ету үшін және есеп айырысуды жедел бақылау үшін мына топтардан қалыптасады:

  • Құны төленген, бірақ іс жүзінде алынбаған (қабылданбаған) материалдық қорлар, көрсетілген қызметтер, орындалған жұмыс бойынша есеп айырысудан;
  • Факторланбай қалған жабдықтар бойынша есеп айырысудан;
  • Мерзімінде төленбеген есеп айырысулардан.

Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысулар есебу  бойынша мынадай шоттар корреспонденциясы  беріледі.

Кәсіпорынның басқа заңды немесе жеке тұлғалардын сатып алынған тауарлық-материалдық қорлар үшін (қосылған құнға салынған салық есебінсіз) акцептелген щот-фактурасынан:

Д-т: «материалдар»  немесе «тауарлар» деп аталатын шоттардың  тиістісі.

К-т: «Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысуы» деп аталатын шот.

Д-т: «Қосылған  құнға салынған салық» деп аталатын шоты.

К-т: «жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысуы»  деп аталатын шоты түріндегі екі  жақты жазу жазылады.

Жабдықтаушылардың шот фактурасының қай шоттан төленгеніне қарай:

Д-т: «Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысуы»  деп аталатын шоты.

К-т: «Ақшалар»  деп аталатын шоты түріндн бухгалтерлік жазу жазылады.

Шот фактура  бойынша кәсіпорынның жабдықтаушыларға тауарларды сатып алу барысында  төленген қосылған құнға  салынған салықтың сомасы ұйымның тауарларды (қызметтерді) сату барсында есептелінген бюджетке төленетін қосылған құнға салынған салықтың сомасынан шегерілгенде:

Д-т: «Қосылған  құнға салынған салық» деп аталатын шот:

К-т: «Орны толтырылатын қосылған құнға салынған салық» деп аталатын шот түріндегі жазуы жазылады.

 

 

 

6. Басқа да кредиторлық қарыздар мен есептелген төлемдер есебі

Жалдық міндеттемелердің есебі. Бұл міндеттемелер есебі «Жалдық міндеттеме» деп аталатын шотта жүргізіледі. Бұл шот негізінен пассивті есеп айырысу шоты болып табылады. Шоттың кредиті бойынша жалға алушы ұйымның негізг құрал-жабдықтарды ұзақ мерзімге жалға алған үшін жалға беруші кәсіпорынға қарызы көрініс табады. Ал «Жалдық міндеттеме» деп аталатын шоттың дебиті бойынша негізгі құралдарды жалға беруші кәсіпорынға жалдық міндеттеме бойынша қарыздың төленуі көрсетіледі. Бұл шотта талдамалық есеп әрбір жалдық міндеттеме бойынша бөлек жүргізіледі.

 

Төленуге тиісті сыйақы есебі

Алынған несие, жалдық келісімшарт және шығарылған бағалы қағздар бойынша төленуге тиісті пайыздардың есебі «Төленуге тиісті сыйақы» деп аталатын шотта жүргізіледі. Төлеуге тиісті пайыздардың барлық түрлерін есептеген кезде:

Д-т: «Есептелінген  сыйақы бойынша шығындар» шоты.

К-т: «Төленуге  тиісті сыйақы» шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы жазылады.

Есеп айырысу  шотынан есептелген пайыздар  сомасы төленген кезде:

Д-т: «Төленуге  тиісті сыйақы шоты»;

К-т: «Ақашалар» деп аталатын шот түрінде екі  жақты жазу жазылады.

 

Жинақтаушы зейнетақы қорымен  есеп айырысудың есебі

Зейнетақы қорымен есеп айырысулар есебі «Жинақтаушы зейнетақы қорымен есеп айырысу» деп аталатын шотта жүргізіледі.  Меншік нысанына қарамастан барлық кәсіпорындар мен ұйымдар, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік айналысатын заңды тұлғалар шарттар бойынша жұмысшы жалдайтын тұлғалар, зейнетақы қорына жарналар аударып тұруға міндетті. Зейнетақы қорына белгіленген мерзімінде жарна төленбеген жағдайларда кәсіпорындар өсім сомасын төлейді, сондай-ақ ұйымның лауазымды тұлғаларына бұндай жағдайларына айыппұлдар салынуы мүмкін.

Жарналар белгілі  бір кәсіпорынның ережелерімен, жарғыларымен және қолданылып жүрген заңдарға сәйкес шығарылған басқа да нормативтік  актілермен белгіленген еңбеақының барлық түрлеріне есептеледі. Жарналар пайдаланбаған демалыс үшін өтемақыға, жұмыстан шыққан кездегі берілетін жәрдемақыға, материалдық көмек ретінде берілетін жәрдемақыларғ және зейнетақы қорына, сақтық жарналарын өндіріп алу мен есепке алу және зейнетақы қоры қаражаттарын жұмсау тәртібі туралынұсқауда, белгіленген басқа да жағдайларда есептелмейді.

Зейнетақы бойынша  жарналар сомасы есептелген уақытта  кәсіпорынның бухгалтериясында мына түрдегі  екі жақты жазу жазылады:

Д-т: «Қызметкерлер  мен еңбекақы бойынша есеп айырысу» деп аталатын шоты.

К-т: «Зейнетақы мен қамтамасыз ету қорымен есеп айырысу» деп аталатын шот.

Ал бұл есептелген  жарналар қорға аударған уақытта:

Д-т: «Зейнетақы мен қамтамасыз қорымен есеп айырысу  деп аталатын шот;

К-т: «Ақша қаражаттары» шоты түріндегі бухгалтерлік жазу жазылуы тиіс.

Кәсіпорынның  «Зейетақы қорымен қамтамасыз ету  қорымен есеп айырысу» деп аталатын шоттың қалдығында ұйымның зейнетақы  қорына аударым қаражаттарын  уақтылы  төлемегі үшін есептелген өсім сомасы көрсетіледі. Уақтылы зейнетақықорына  аударылмаған жарна үшін есептелген өсім сомасына бухгалтерияда мына жазу жазылады:

Д-т: «Жалпы және әкімшілік шығындар» деп аталатын  шоты;

К-т: «Зейнетақы мен қамтамасыз ету қорымен есеп айырысу» деп аталатын шот.

К-т: «Ақшалар»  шоты түріндегі бухгалтерлік жазу жазылады.

Зейнетақы қорына төленетін жарналар жұмысшылар мен  қызметкерге есептелген еңбекақы сомасынан  салықтар сомасы есептелініп ұсталғанға дейін олардың табыстарының барлық түрлерінен 10% (он пайыз) мөлшерінде ұсталады. Барлық жарна төлеушілер жарналарды ай сайын еңбекақы төлеу мерзімі ішінде аудрулары тиіс, бірақ келесі айдың 10-нан кеш қалмауы керек.

Қазақстан Республикасының 1996 жылғы маусым айының үшінде шыққан нөмірі 4-1 санды «Мемлекеттік емес ерікті зейнетақы қорлары туралы» заңына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары, шет ел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар ерікті қосымша зейнетақымен қамтамасыз етілуге құқығы бар. Мемлекеттік емес ерікті зейнетақы қоры – бұл банктік емес қаржылық мекеме болып табылатын және жабық акционерлік қоғам түрінде құрылып, заңды және жеке тұлғалардан ерікті зейнетақы жарналарын тарту және тартылған қаражаттарды инвестициялап, қосымша зейнетақы төлеу бойынша іс-әрекет жүргізетін заңды тұлға болып табылады. Әрбір жеке тұлға өзінің еңбеақысынан ұсталынып аударылатын зейнетақы жарнасын өзі қалаған қорға салуына құқы бар. Жинақталған зейнетақы қорын банктегі шоттарда орналастыру Қазақстан Респібликасының Ұлттық банк мекемесі белгілеген тәртіпке сәйкес жүргізіледі.

Операциялар мазмұны

Дебиттелетін шот

Кредиттелетін шот

Тип

1

2

3

4

5

1

Жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелген еңбекақы сомасынан жинақтаушы зейнетақы қорына ұсталған сомаға

4230

3230

II

2

Жинақтаушы зейнетақы  қорына есептелген сомалар есеп айырысу  шотынан аударылуы

3230

1030

IV


 

Басқа да есептелген шығындар есебі

Басқадай есептелген шығындардың есебі «Басқа да кредиторлық  борыштар мен есептелген шығындар»  деп аталатын шотта жүргізіледі. Бұл шотта негізгі құралдарды жөндеуге арналған резервтер, өнеркәсіптің маусымдық салаларының шығындарын жабуға арналған және тағы да басқа жасалған резервтер сомаларының есебі жүргізіледі.

Негізгі құрал-жабдықтарды  жөндеуге арналған резервтер көп  уақыттарды өндірісі маусыммен жұмыс  істейтін шаруашылық субъектілерінде  құрылады. Бұларда жөндеуге жұмсалатын шығындар жыл бойы бірдей емес мөлшерде жүзеге асырылады. Ай сайын резерв жөндеудің барлық түрлеріне смета бойынша жұмсалатын шығындардың жылдық сомасының 1/12 бөлігі мөлшерінде жасалады.

  • Негізгі құрал-жабдықтарды жөндеу үшін арналған резерв сомасын құру барысында ай сайын апарылатын шығындар сомаларына:

Д-т: «Тауарларды  сату бойынша шығындар» 

«Жалпы әкімшілік  шығындары» және тағы да басқа шоттардың  тиістілері;

К-т: «Басқа да кредиторлық  борыштар мен есептелген шығындар»  шоты түріндегі екі жақты жазу жазылады.

  • Жөндеу жұмыстарын жүргізу немесе олардың төлемақысымен байланысты нақты шығындар өнімнің өзіндік құнына қосылмайды, керісінше оның жүргізілуіне қарай:

Д-т: «Басқа кредиторлық  борыштар мен есептелген шығындар»  шоты;

К-т: «Көмекші өндіріс» немесе «Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысу» шоты және тағы да басқа шоттар түрінде жазылады.

Жылдың аяғында  пайдаланбаған резервтер сомасы сторна етіледі (шегеріліп тасталады). Сондай-ақ бұл шотта басқа да жасалған резервтер есептеледі.

 

7. Салықтардың ашықтығы – жалған кәсіпкерлікке тосқауыл 

 

Әрбір субъект  міндетті түрде салық комитетінде  тіркелуі тиістігін бәріміз білеміз. Мұндай субъектілер республикада қанша? Салық  органдарында тіркелетін салық төлеушілер санына ел экономикасының өсуі қаншалықты әсер етті? Осы және басқа да салық салу мен салық есептілігіне байланысты мәселелер жөнінде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің Салықты әкімшіліктендіру басқармасының бастығы Арғын ҚЫПШАҚОВТЫҢ айтып беруін өтінген едік.

– Салық төлеушілер саны жылма жыл өсіп келеді. Бұл, әрине, мемлекетіміз экономикасы өсуінің арқасы. Мысалы, 2003 жылдың 1 қаңтарына салық органдарында 582 937 салық төлеуші салық салу мен салық есептілігіне тіркелген болса, 2005 жылдың 1 қазанында олардың саны 865 311-ге жетті. Өсу 48 пайызды құрады.

Сонымен бірге  тізімі ҚР ҚМ Салық комитетінің сайтында орналасқан салық төлеушілердің  мемлекеттік тізілімінен шартты түрде шығару республика үшін өзекті мәселе болып отыр. Кім бұл тізімге  кіреді және одан қалай шығуға болады?

— Соңғы екі  жылда салық органдары әрекетсіз заңды тұлғаларды Қазақстан Республикасы Салық төлеушілерінің мемлекеттік тізілімінен шартты түрде шығару бойынша жұмыс жүргізіп отыр. Бүгін олардың саны 72 мыңнан астам.

Информация о работе Салықтар