Қазақстан Республикасының салық құқығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2014 в 16:18, реферат

Краткое описание

Салық мемлекет тарапынан біржақты шығарылған заңдардың негізінде, сол заңдарда айқындалған нақтылы мөлшерде және және қатаң белгіленген мерзімдерде, Республикалық немесе жергілікті бюджет кірісін қалыптастыру мақсатында салықтық міндеттемелерін орындауға тиісті заңды және жеке тұлғалардан жүйеленген әрі тұрақты, түрде уәкілетті мемлекеттік органдар алатын баламасыз, қайтарымсыз, ақшалай міндетті төлем болып табылады.
Салық салу процесінде нақтылы салық төлеуші орындауға тиіс салықтық міндеттемелер салықтық заң актілерінде белгіленген әрбір салықтық құрамдас бөліктерінің жиынтығы салық элементтері арқылы айқындалады.

Содержание

І. КІРІСПЕ
IІ. 1. Жалпы салық туралы түсінік
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
ІІ. 1. Салық құқығының белгілері
ІІ. 2. Мемлекеттің салықтық қызметінің мақсаты
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Вложенные файлы: 1 файл

Дайын КУКЫК.docx

— 32.30 Кб (Скачать файл)

 

ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  БІЛІМ және ҒЫЛЫМ МИНИНСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының  ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ИНЖЕНЕРЛІ – ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Қазақстан Республикасының салық құқығы

 

 

Тексерген: Башаева Н. Д.

Орындаған: Шалқарова Ж. Ш.

Группа: ХН-221

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Семей 2014 ж

 

 

 

 

 

ЖОСПАР

 

І. КІРІСПЕ

 

IІ. 1. Жалпы салық туралы түсінік

 

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

 

ІІ. 1. Салық құқығының белгілері

ІІ. 2.  Мемлекеттің салықтық қызметінің мақсаты

 

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Салықтар - өте көп қырлы, мемлекттің даму кезеңдері өзгерген сайын нақтыландырылатын ұдайы жүзеге асырылатын міндетті ақшалай төлем болып табылады.

Қазақстан аумағында алынатын салықтардың түрлеріне:

  1. корпорациялық табыс салығы;
  2. жекелей табыс салығы;
  3. қосылған күн салығы;
  4. акциздер;
  5. жер қойнауын пайдаланудың салықтары мен арнаулы төлемдері;
  6. Әлеуметтік салық;
  7. Жер салығы;
  8. Көлік құралдары салығы;
  9. Мүлік салығы жатады;

Салықтар экономикалық және әлеуметтік – саяси қатынастардың өзінің бойында жинақтаулы күрделі әрі қоғам өмірінің көп аспектілі қаржылық құқықтық құбылысы болып табылады.

Салық:

  • түсім көзі жалпы ұлттық табыстың белгіленген бөлігі болып табылатын төлем;
  • міндетті төлем;
  • жекелей - эквивалентсіз төлем;
  • қайтарылмайтын төлем;
  • мемлекет кірісін қалыптастыратын төлем;
  • ұдайы төлем;
  • мәжбірлі төлем;
  • заң жүзінде белгіленген төлем;
  • құқыққа сай төлем;
  • жүзеге асырылуы кезінде төленетін салық сомасының меншік нысанына ауысуымен көрініс табатын төлем;
  • мөлшері алдын ала айқындалған төлем;
  • қатаң белігіленген мерзімде жүзеге асырылатын төлем;
  • өте тұрақты салықтық міндеттемелер туындататын төлем;
  • белгіленіп, бекітілуі кезінде нақты салық төлеушілердің төлем қабілеттілігі есепке алынатын төлем;
  • ақшаның төлем құралы ретіндегі функциясын көрсететін төлем;
  • жүзеге асырылуы заңи жауапкершілік шараларымен қамтамасыз етілетін төлем;
  • тек құқықтық нысанда болатын төлем;
  • біржақты өктем тәртіппен мемлекет белгілеген төлем;

Салық мемлекет тарапынан біржақты шығарылған заңдардың негізінде, сол заңдарда айқындалған нақтылы мөлшерде және және қатаң белгіленген мерзімдерде, Республикалық немесе жергілікті бюджет кірісін қалыптастыру мақсатында салықтық міндеттемелерін орындауға тиісті заңды және жеке тұлғалардан жүйеленген әрі тұрақты, түрде уәкілетті мемлекеттік органдар алатын баламасыз, қайтарымсыз, ақшалай міндетті төлем болып табылады.

Салық салу процесінде нақтылы салық төлеуші орындауға тиіс салықтық міндеттемелер салықтық заң актілерінде белгіленген әрбір салықтық құрамдас бөліктерінің жиынтығы салық элементтері арқылы айқындалады.

Салық элементтеріне:

  1. салық субъектісі;
  2. салық объектісі;
  3. салық базасы;
  4. салық базасын есепке алу тәртібі;
  5. салық ставкасы;
  6. салық салу бірлігі;
  7. салық заңы;
  8. салықтық кезең,
  9. салықты есепеу тәртібі;
  10. салықты төлеу мерзімі;
  11. салықты төлеу тәсілімен тәртібі,
  12. есеп беру кезеңі;
  13. салық жеңілдіктерімен преференциялары
  14. салықтық құқық бұзушылық үшін жауапкершілік жатады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

ІІ. 1. Салық құқығының белгілері

ҚР салық жүйесіндегі салықтар мен өзге де міндетті төлемдердің жұмыс істеуінің қоғамдық механизм салық төлеушілердің келісімін қажет қылмайтын, сонымен қатар әлеуметтік бағдарлы, демократиялық және құқықтық мемлекет ретінде салық төлеушілердің экономикалық – қаржылық мүдделерінің сақталуын мүмкіндігінше қамтамасыз ету жолдары қатаң ескерілетін, тек қоғамдық–мемлекттік мүдделер басымдылығын мақсаттайтын субъектінің бір жақты әмірлі ерік білдіруінің негізінде туындайтын қатынастардың қалыптасып дамуының кепілдендіретін әлеуметтік-экономикалық реттеуші қосымша құралдың болғанын қалайды.

ҚР қазіргі заманғы салықтық құқығы мынадай өзіне тән ерекшеліктермен сипатталады:

  1. Салық салу процесін негіздейтін салықтық құқықтық нормаларда мүмкіндігінше мемлекетпен салық танушылық экономикалық қаржылық мүдделерінің қарама – қайшылығын  ескеріледі.
  2. Мемлектің салық саясатының экономикасы тұрғысынан ҚР таратылатын халықаралық инвестицияларға салық салуды төмендету немесе толығымен жою көзделінеді.
  3. Салықтық құқықтық нормалар ҚР салық жүйесінің макроэкономикалық салу көрсеткіштеріне байланысты жай күйін және трансферттік қабілетін фискальдық бағдарламаларына сай айқындайды.
  4. Салықтық құқықтық  нормалар мемлекеттік шаруашылық аясындағы, сондай-ақ корпоративтік және жеке меншік шаруалар аяларындағы фискальдық қатарының құқықтық, негізін құрайды.
  5. Салықтық құқықтық мемлекеттік бюджетің салықтық кірісін реттеу аясындағы мемлекеттік императивті ерік білдірудің негізін құрайды.
  6. Салықтық құқықтық нормада саылқ базасын айқындай және салық стапкларын белгілеу процесіне байланысты корпоративтерде ережелер қатаң нақтыландырылады.
  7. Салықтық құқықтық ҚР салық салудың заңы негізін құрайды, сондай-ақ мемлекеттің салық қызметінің құқықтық ысалы болып табылады.
  8. Салықтық құқық мемлекеттің салық жүйесінің фикальдық негізінде қалыптастырылатын бюджеттік кірістің салықтық бөлігін бюджеттік шығыстың көлемімен байланыстырады.
  9. Салықтық құқық нормалары саылқтық механизмнің барлық элементтерін айқындай отырып мемлекеттің салықтық менеджментінің  негізін құрайтын саылқтық міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етеді.
  10. Салықтық құқықтық нормалары салық салу аясында туындайтын трансферттік сипаттағы салықтық қатынастың нақтылы материалдық тиімділігін республикалық және жергілікті бюджеттер арасындағы трансферттік реттеу көлемімен ұштастырылуын көздейді.

Қоғамымызда туындайтын әр алуан құқықтық қатынастардың қатарынан салықтық құқықтық қатынастар да өздеріне тиесілі орынын алады. Қалыптасқан дәстүр бойынша салықтық құқықтық қатынастарды қарастырмастан бұрын жалпы құқықтық қатынастардың ұғымы мен мәнін айқындауымыз қажет. Әдетте құқықтық қатынастар мемлекеттін мәжбүрлеу күшеһімен қамтамасыз етілген және қатысушылардың субъективтік заңи құқықтары мен міндеттерінің болуымен сипатталатын, сондай-ақ құқықтық нормалар негізінде тиісті тұлғалардың арасында пайда болатын жекелеген қоғамдық байланыстар деп түсіндіріледі.

Құқықтық нормадағы тәртіптің жалпы ауқымы жүзеге асырылатын нақты жағдайларға байланысты тұлғалар бойынша және өкілеттілік құрамында нақтыландырылады.

Сонымен құқықтық қатынастар өзге қоғамдық қатынастарға қарағанда мынадай өзгешіліктермен ерекшеленеді:

  1. Әрқашан ықпалды сипатта болады;
  2. Объективтік және субъективтік құқықтарды жүзеге  асыру нысаны болып табылады;
  3. Субъективтілерінің өзара іс-әрекеттері нақтылы белгіленген субъективтік құқық пен заңды міндеттер көлемінде жүзеге асады;
  4. Тиісті заңды фактілердің болуына байланысты туындайды және соларға байланысты өзгереді немесе тоқтатылады;
  5. Әрқашанда қозғалыста болатын құқықтық құбылыстарға жатады;
  6. Құқықтық қатынас міселелерң субъективтік заңи құқықтар  мен міндеттерді қатысушылардың жүріп-тұруы ауқымында есепке ала отырып қарастырылады.

 

ІІ. 2. Мемлекеттің салықтық қызметінің мақсаты

 

Мемлекеттің бюджет жүйесінің аса маңызды құраушы негізі мемлекеттің салықтық құқығының көмегімен мәжбірлеу арқылы алынатын міндетті төлемдер – салықтар, алымдар, баждар, төлемақылар және т.б. яғни жинақтап айтқанда салықтың түідер болып есептелінеді. Мемлекеттің салықтық қызметі ҚР салық жүйесі ауқымындағы салық салу процесін ұйымдастыруға және салық салуға байланысты барлық мән-жайларды қамтамасыз етуге бағытталған, салықтық заң актілеріне негізделген мемлекеттің объективті экономикалық қызметі болып табылады.

Мемлекеттің салықтық қызметі:

1) Мемлекет аумағындағы  республикалық және жергілікті  бюджеттерге алынатын салықтар  мен өзге де міндетті төлемдерді, олардың түрлерін, еркін төлеу  және мәжбірлеп алу тәртібін  белгілеу, салық жүйесімен салықтық  құрылымдарды қалыптастыру немесе  олардың тиісінше жұмыс істеулерін  қатамасыз ету, сондай-ақ қоғамның  әлеуметтік-экономикалық аясын салықтық  реттеу жөніндегі мемлекеттің  біртұтас өзінің немесе өзі  айрықша уәкілеттік берген мемлекеттік  органдардың қызметі ретінде;

2) Барлық салық төлеушілердің өздеріне  тиесілі салықтық індеттерін  дұрыс орындауына жағдай жасау, салық әкімшілігін толыққанды  жүргізу, оның ішінде салықтық  тексерулердіңжеісті жүзеге асырылуына  баса назар аудару, сондай-ақ заңды  көзделген келеңсіз сәттердің  орын алуына байланысты салықтарды  мәжбүрлеп алу жөніндегі арнайы  уәкілетті салық органдарының  іс-қимылдары мағынасында сипатталады.

Салықтық қызмет өзара тығыз байланысқан құқықтық және экономикалық қатынастардың жүйесінен тұрады. Жоғарыда айтқандай мемлекет тиісті заңдар мен басқа нормативтік-құқықтық актілерді қабылдауы арқылы салықтар мен міндетті төлемдерді белгілейді, өзгертеді, жояды және, олардың уақытылы, белгіленген мөлшерде бюджетке түсуіне жүргізеді.

Мемлекеттің салықтық қызметінің мақсаттары:

  1. Салық төлеушілердің экономикалық-қаржылық мүдделерін қорғау мақсатында мемлекеттің салықтық коридикциясының шегін ұтымды белгілеу:
  2. Салықтың көмегімен республикалық бюджет кірісіне ақша қаражаттарын тарту арқылы әлеуметтік-экономикалық әкімшілік – саяси және мәдени дамудың  мемлекеттік бағдарламаларын ақша қаражаттарымен қамтаасыз ету;
  3. Мемлекеттің салық жүйесінің нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру;
  4. Өндіріс аясын және өндірістік қатынастарды тиісінше салықтық- құқықтық реттеуді қамтамассыз ету;
  5. Шаруашылық субъектілерінің салық тұтынатын тауарларды шығаруға және өнеркәсіп өнімдерін өндіруге бағытталған белсенді экономикалық қызметтерін салықтық ынталандыру;
  6. Салық органдары қызметтерінің рентабельдігі арттыру құқықтық негіздерін, әлеуметтік жағдайлары мен материалдық базасын жетілдіру түрінде көрініс табады.

Мемлекеттің салықтық құрылысын құру негізінде жатқан салық жүйесі мен салық салу принциптері ұйымдастыру - құқықтық және функционалдық сипаттағы салықтық құқықтық қатынастар болып табылады. Сонымен бірге, мемлекетгің салықтық құрылысына трансферттік және индикативтік қасиетгер де тән болады. Салықтық құрылыс негізінде міндетті түрде кезінде салық салу жүйесінің классигі болған Адам Смит тұжырымдаған мына: «Мемлекеттің тұрғындары өздерінің тапқан табыстарына қарай мемлекеттің мұқтаждығын қанағаттандыруға атсалысуы тиіс. Олар төлейтін төлем — салықтың мөлшері ете дәл айқындалғаны дұрыс болады, сондай-ақ төлеу мерзімі, төлеу тәсілі және төленетін сомасы өте анық болуы қажет. Салықты алу кезеңі мен уақыты немесе тәсілі салық төлеуші үшін ыңғайлы әрі қолайлы болуға тиіс. Сонымен қатар, әрбір салықтың салмағы халықтың қалтасын ойсыратып кетпей, мүмкіндігінше аздап алынуы қажет. Сонда мемлекет қазынасына түсетін табыс мөлшерлеген межеден артық болмаса, кем түспейді» деген қағидаларға қоса қазіргі заман және экономика талаптарына сай мына жөне т.б.тұрақтылық; орнықтылық; икемділік; жүйенің бірыңғайлығы; қоғамдық, корпоративтік және жекелей мүдделер теңділігінің сақталуы; салық салу салмағының жеңілдетілуі; салықтың арзандылығы; қолайлылық; жалпыға ортақтылық; заңдылық сияқты принциптер жатады.

Сонымен қатар, салықтық құрылыстың құрылымдық элементтері ретінде салықтар мен өзге де міндетті төлемдердің  нақты түрлерінің    жиынтығы, олардың салық салу базалары мен салықтық төлем сомаларын қалыптастыру тәсілдері, салықтық іс-қимылдарды жүзеге       асыратын қатысушылардың құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы,     мемлекеттік салық әкімшілігін жүргізу, сот билігі органдары мен прокуратура және т.б. өздеріне тиесілі орындарын алатынын айта кетуіміз қажет. Мемлекеттің салықтық құрылысының құқықтық тұрғыдан      ұйымдастырылуы мемлекеттің салықтық құқығының мақсатты-бағдарлы       әлеуетіне (күш-қуатына), мемлекеттік салық әкімшілігін жүргізудің мақсатты-бағдарлы рұқсат беру және шектеу қою сияқты әрекеттеріне сүйенеді. Мемлекеттің салықтық құрылысының ірге тасын қалау, салық   салу   жүйесін ұйымдастыру және оны іске басқару принциптері мемлекеттің салық  саясатына  сай саясаттың және мемлекеттің салықтық құқығы    осы саясаттың  негізі  болып  табылады.   Мемлекеттің  салық жүйесі     тікелей салықтары басым англосаксондық модель мен көбінесе    жанама    салықтарға бас иетін континетальдық модельдердің жиынтығынан тұратын    аралас салық салудың құқықтық моделін көрсетеді.

Мемлекеттің салықтық құрылысының экономикалық-құндылық     негізіне салықтар жүйесі түрінде құрылымданған тікелей, жанама,    ресурстық мүліктік салықтар арқылы   корпорациялар мен азаматтардың   жиынтық табыстарын қоғамдандырудың императивтік нысанының жиынтығы болып табылатын мемлекеттің салық жүйесі жатады.    Мемлекеттің салық жүйесінің стратегиялық және функционалдық    күш-қуатының нақты әлеуметтік-экономикалық аямен үйлесімді әрі    нәтижелі болуы осы жүйені салық төлеушілердің экономикалық жай-күйіне, салықты төлеу қабілеттілігіне және мемлекет шығыстарын тек қоғамдық маңыздылығы өте зор тұтыну аяларына бағыттау процестерін   сапалы   заңдарда   нақты   көздеп,    белгілеу арқылы құруға байланысты болады.

Осы салықтар мен өзге де міндетгі төлемдердің белгіленуі және алынуы мемлекеттің салықтық кызметіне байланысты болады.

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Мемлекеттің құқықтық салығы миллиондаған қатысушылары бар, әлеуметтік-экономикалық маңызы мен қажеттілігі күн санап өсіп келе жатқан, барлық қаржылық-құқықтық реттеу әлеуетін мемлекеттік бюджетті салықтар есебінен қалыптастыру жолында пайдаланатын ерекешеленген құқықтық құрылым болып табылады. Қаржылық-фискальдық билік органдарының қоғам мен экономикалық өмірінде өзінше орын қалдыратын айтарлықтай күрделі әрі елеулі салықтық іс-қимылдары әрдайым салық салуға, салықтық құрылысқа, салық әкімшілігін жүргізуге және салықтық құзыреттер белгілеуге байланысты салықтық нормаларға негізделеді.

Информация о работе Қазақстан Республикасының салық құқығы