А.С.Макаренко тағылымдарын бастауыш мектептің оқу-тәрбие үдерісінде пайдалану

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2015 в 15:57, реферат

Краткое описание

Зерттеудің көкейтестілігі. ХХІ ғасырда елімізде жаңа білім беру парадигмасының өзгеруі оның басты ұстанымдары болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне жаңа міндеттер артып отыр. Қазіргі кезде қоғамдағы қарқынды өзгерістер жыл сайын жаңа өмір салтын құруда. Осыған орай, әрбір мұғалім А.С.Макаренко сынды әдіскер, педагогтардың педагогикалық мұраларын мектептің оқу үдерісіне ендіріп, пайдаланып отырғаны жөн.

Содержание

Кіріспе..........................................................................................................................3

1. Бастауыш сынып оқушылары ұжымын ұйымдастыру мен оған педагогикалық ықпал жасау......................................................................5
2. А.С.Макаренконың педагогикалық идеяларын бастауыш сынып оқушыларын еңбекке баулуда пайдалану.............................................10

Қорытынды..............................................................................................................15

Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................................17

Вложенные файлы: 1 файл

А.С.Макаренко.doc

— 110.00 Кб (Скачать файл)

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

 

 

 

 

 

 

 

  

 

 

 

 

 

Тақырыбы: А.С.Макаренко тағылымдарын бастауыш мектептің оқу-тәрбие үдерісінде пайдалану 

 

 

 

 

 

Ғылыми жетекші:  п.ғ.к., аға оқытушы  Әбілхайырова Ж.А. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                               Қызылорда 2013 жыл

Мазмұны

 

 

 

Кіріспе..........................................................................................................................3

 

 

1. Бастауыш сынып оқушылары ұжымын ұйымдастыру мен оған педагогикалық ықпал жасау......................................................................5

 

2. А.С.Макаренконың  педагогикалық идеяларын бастауыш  сынып оқушыларын еңбекке баулуда  пайдалану.............................................10

 

 

Қорытынды..............................................................................................................15

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................................17

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Зерттеудің көкейтестілігі. ХХІ ғасырда елімізде жаңа білім беру парадигмасының өзгеруі оның басты ұстанымдары болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне жаңа міндеттер артып отыр. Қазіргі кезде қоғамдағы қарқынды өзгерістер жыл сайын жаңа өмір салтын құруда. Осыған орай, әрбір мұғалім А.С.Макаренко сынды әдіскер, педагогтардың педагогикалық мұраларын мектептің оқу үдерісіне ендіріп, пайдаланып отырғаны жөн.

А.С.Макаренконың тәрбие жүйесiне тән ерекшелiк балалар жөнiндегi қамқорлыққа қоғамның адамгершiлiк кiнаратсыздығы мен Отанның тарихы, адамзаттың бай рухани мұрасының дәстүрлерiне сүйену болды.

Оның педагогтық қызметiнiң мақсаты балалар жөнiндегi жұртшылықтың ыстық ықыласы мен шексiз қамкорлығын күшейту, жанұяда жеке бастың қалыптасуындағы беделiн арттыру, бала қоғамның болашақ тiрегi ретiнде қалыптасқан рухани ортаның кемелденуiне жәрдемдесуге арналады.

Педагогикалық үдерісті ұйымдастыру мен басқару, - деп пайымдады ол, - әрбiр отбасында, әрбiр шаңырақта, әрбiр елдi мекен мен қалада балалардың нақты талғампаздық, тұрақты iзгi ниеттiлiк пен түсiнушiлiкті сезiнуiне, панасыз қалған балалардың, тәрбиеден тыс қалғандардың әлеуметтiк және моральдық тұрғыдан қамқорлықта болуына қол жеткiзу.

А.С.Макаренконың педагогикалық шығармаларында ғылыми - теориялық проблемаларды алдын-ала алға тартып, оны әдiскер ретiнде шешiп қана қоймайды, сондай-ақ бүлдiршiндердiң бастауыш мектеп табалдырығын тұңғыш аттаған күннен бастап, мектептi бiтiргенiне дейiн өз тәрбиелеушiлерiн, қоршаған ортаны танып бiлумен қатар адамгершілік қадiр-қасиетке, адамдағы жақсылық нышанға сене бiлуге, өз Отанын сүюге тәрбиелейді. Сондықтан да бүгінгі таңда А.С.Макаренко тағылымдарын үйрену мен меңгеру  жас педагогтар үшiн, болашақ бастауыш сынып мұғалімдері үшін мектеп педагогикасының қыры мен сырына қаныға отырып, оны өз тәжiрибесiнде пайдалануға көмектесетiн педагогикалық құрал болмақ. Осы айтылғандарды жинақтай келіп, ғылыми жобамыздың                                                                                                                  тақырыбын «А.С.Макаренко тағылымдарын бастауыш мектептің оқу-тәрбие үдерісінде пайдалану» деп таңдауымызға негіз болды.

Зерттеу нысаны: бастауыш білім беру сатысындағы оқу-тәрбие үдерісі.  Зерттеу пәні: бастауыш сынып оқушыларын А.С.Макаренконың педагогикалық тағылымдарын пайдалана отырып, ұжымшылдыққа тәрбиелеу, еңбекке баулу  үдерісі.

Зерттеудің мақсаты:  болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін А.С.Макаренконың педагогикалық жүйесі туралы бiлiмдерiн кеңейту, көрнектi педагог ғалымның педагогикалық ой-пiкiрлерi мен көзқарастарын бастауыш мектеп оқу үдерісінде шығармашылықпен пайдалану жолдарын, А.С.Макаренконың педагогикалық идеяларын қазiргi жаңа мектеп реформасы кезеңiндегi iске асыруға  талдау жасау.

      Зерттеу  міндеттері:

- А.С.Макаренконың педагогикалық мұраларының бастауыш оқыту үдерісінде алатын орны мен маңызын айқындау;

- А.С.Макаренко тағылымдарын бастауыш мектеп педагогикасында пайдалану әдістемесін жан-жақты талдау.  

Зерттеу болжамы:  бастауыш мектептің оқу үдерісінде А.С.Макаренконың педагогикалық идеяларын пайдалану тиімді болады, егер: 

  • әрбiр педагогикалық ұжым оқушылардың мүдделерiн қорғау мен оны кеңейте түсуді өздерiнiң iзгi ниетiне айналдырса;
  • бастауыш сынып оқушыларын  ұжымшылдыққа тәрбиелеуде және еңбекке баулуда А.С.Макаренконың педагогикалық идеяларын үнемі басшылыққа алып отырса.

        Зерттеу жұмысының теориялық  және әдіснамалық негіздері.  А.С.Макаренко шығармалары мен педагогикалық мұралары, әдістемелік қағидалары, оқыту үдерісінде   А.С.Макаренко мұраларын қолдану жайлы ғылыми-әдістемелік, педагогикалық  еңбектер.

 Зерттеу әдістері: А.С.Макаренконың педагогикалық, әдістемелік еңбектеріне талдау, озат мұғалімдер тәжірибесін анықтау,  бақылау.

Зерттеудің негізгі нәтижелері:

Ғылыми-зерттеу жұмысының басты бағыттарының теориялық негізде дәлелденуі, ғылыми аппаратына мазмұнының сай болуы, бастапқы және соңғы нәтижелердің дәлелді қорытындылануы, қойылған міндеттерге орай зерттеу әдістерін кешенді пайдалануы зерттеу жұмысының дәйектілігі мен сенімділігін қамтамасыз етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Бастауыш сынып оқушылары ұжымын ұйымдастыру мен оған педагогикалық ықпал жасау

 

Макаренконың педагогикалық жүйесi оқыту мен тәрбие жүйесiнiң қалыптасуының негiзiнде тығыз байланыста болған. А.С.Макаренко педагогикалық жүйесiн талдауға тұтас күрделi және өмiршiң кемелденудегi педагогикалық идея ретiнде қарауды да назардан тыс қалдырмаған. А.С.Макаренко тек педагогика теоретигi ғана емес, оқушылар мен ұстаздар iс-әрекеттiгiнiң ұжымдық әрекетiнде психологиялық-педагогикалық негiзiн салушы, әдiскер-iскер, оқу–тәрбие iсiнiң қайраткерi [1].

Өз бiлiмiнiң ұстаздық дәрежеге дейiн көтерiлуге жеткiлiксiздiгiн көркемдiкпен сезiнген педагог 1914-1917 жылдар арасында Полтаваның Оқытушылар институтында оқып, оны алтын медальмен бiтiріп шығады. 1920 жылдан бастап арнайы тапсырмасымен Полтавадан алты километр жерде заң бұзушылар мен жетiм балаларға арнап арнайы коллония ұйымдастырып, осы коллонияны А.С.Макаренко сегiз жыл бойы үздiксiз нәтижелi басқарады. Бұл жылдар ол үшiн нағыз лабороторияға айналып, мұнда адамды жаңа жағдайда тәрбиелеудiң, жаңа педагогиканың теориясы практикада қатаң сыннан сүрiнбей өткен нағыз күреске толы ер жету кезеңi болды.

Кейiнiрек М.Горький есiмi берiлген бұл тәрбие мекемесiнде А.С.Макаренко бүкiл тәрбие үдерісiн және тәрбие беруді қоғамдық пайдалы еңбекпен байланыстыра жүргiзiп, оқуды өмiрмен байланыстырудың ең тиiмдi әдiстемесi негiзi қаланды. Өзiнiң тәрбие жүйесiн құру жолындағы күресiн сол коллониясының әрқилы сан алуан өмiрiн паш ететiн терең мағыналы алғашқы әсем әдеби-педагогикалық шығармасы “Ұстаздық дастан” тәрбие әлемiне осылай келдi.

А.С.Макаренко өзiнiң педагогикалық теориясын нақты педагогикалық үдерісте сынау мақсатымен Харьков қаласы жанынан Ф.Э.Дзержинский атындағы еңбек коммунасын ұйымдастырып, оған 1928-1935 жылдар аралығында педагогикалық басшылық жасайды. Тәрбие жұмысы оқуды өнiмдi еңбекпен байланыстыруға негiзделiнiп, тәрбиеленушiлер еңбегi бастапқы шеберханаларда және өндiрiстiк цехтарда, содан кейiн техникамен жабдықталынған шағын заводтарда ұйымдастырылу дәрежесiне дейiн жеткен өндiрiс мекемесiне айналды.

Балалар коммунасының өмiрiн баяндайтын жаңа педагогикалық шығарма “Мұнара үстiндегi тулар”  деген атпен дүниеге келiп, мұғалiмдердің нағыз құралына айналды. А.С.Макаренконың тiкелей өзi құрап өзi басқарған бұл оқу–тәрбие орнына үш мыңға жуық бұрынғы панасыздар мен заң бұзушылар нағыз зиялы кеңес азаматтары болып қайта тәрбиелендi, олар өздерiнiң сенiмдерi және қоғамға сiңiрген еңбектерiнiң нәтижесiне қарағанда өз Отанына шын берiлген, Отан алдындағы борышын түсiне бiлетiн жiгерлi, табанды, тәртiптi, интернационалист, әр түрлi мамандық иесi, еңбек сүйгiш адамдар болып қалыптасты.

А.М.Горький талантты, жаңашыл педагогтың адам қоғамы алдындағы зор еңбегiн бағалай келiп, А.С.Макаренкоға жолдаған хатында былай деп тебiрене жазды: “Маңызы орасан зор және мейлiнше ойдағыдай болып шыққан Сiздiң педагогикалық эксперименттерiңiздiң менiңше халықаралық маңызы бар”[1, 23 б.].

Ұлы жазушысының бұл өте жоғары бағасы болашақты алдын-ала болжаған көрегендiлiгiнiң куәсi - 1988 жылы 6-8 наурызда Мәскеу қаласында Юнесконың шешiмiмен оның туғанына 100 жыл толуына байланысты халықаралық педагогикалық симпозиум.

А.С.Макаренко өз өмiрiнiң соңғы жылдарында әдебиет және қоғамдық–педагогикалық жұмыстармен айналысады, әсiресе оны кейiнгi уақыттағы ерекше толғантқан жанұядағы бала тәрбиесi мәселелерi болды. Оның “Ата-аналар үшiн кiтап”, “Балаларды тәрбиелеу туралы лекциялар” деген шығармаларында А.С.Макаренко -  баланы тәрбиелеудегi ата-ана борышын қоғамдық борышпен тығыз байланыста қарап, тәрбие үдерісiн қоғамдық әлеуметтiк құбылыс дәрежесiне дейiн көтерген қайраткер.

Антон Семеновичтiң қоғамдық-педагогикалық және балаларға тәрбие беру саласындағы сiңiрген еңбектерi үшiн Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды.

А.С.Макаренконың iлiмi  - тек елiмiзде ғана емес, дүние жүзiнде де зор беделге ие болған өлмес мұра. Бүгінде Германияның Марубрг қаласында да оның педагогикалық мұрасын зерттеудiң лабораториясы жұмыс iстейдi.

А.С.Макаренконың педагогикалық бай тәрбиесiн қазақ педагог ғалымдарының  назарынан тыс қалған жоқ, оның шығармалары қазақ тiлiне әлденеше рет аударылып, көп тиражбен жарық көрдi. Республикада да оның педагогикалық шығармаларына арналған арнайы әдістемелік-тәжірибелік конферециялар, семинарлар үздiксiз өткiзiлiп тұрады. Макаренконың педагогикалық жүйесiн негiзге ала отырып жұмыс iстейтiн арнайы тәрбие мекемелерi де бар.

А.С.Макаренко жүйесiмен педагогикалық үдерістердi ұйымдастыратын мектептердiң оқу–тәрбие жұмыстарына тән негiзгi ерекшелiктер: бiрiншiден, бiрде - бiр бала тәрбиешiнiң назарынан тыс қалмау принципi. А.С.Макаренко қабiлеттерi мен мiнез–құлықтары мейлiнше әр түрлi балаларды тәрбиелеу мен оларға жеке тұрғыдан келу туралы былай деп ескерттi: «Мен өз жұмысымда өзiне айрықша көңiл аударатындар емес, менен жасырынатындардың неғұрлым қауiптi элемент болып табылатынын көрдiм. Бұл ойға мен неге келдiм? - деп  жалғастырады педагогикалық ойын ұстаз, - өйткенi, 15 рет өз өмiрiнде түлектерiмдi ұшырдым, соларды қадағалай отырып мен өзiмнiң өте қауiптi және жаман деп санағандарымның көпшiлiгi өмiрде белсендiлiкпен, кеңестiк дәуiрге лайықты алдыңғы қатарлардың арасынан көрдiм, олар кейде қателеседi, бiрақ жалпы алғанда тәрбие жұмысының жемiсi ретiнде менi қанағаттандырады. Ал кезiнде менен тығылғандар немесе ұжымда елеусiз болып жүргендер өмiрде кейде нағыз мешандар сияқты тiрлiк кешедi… Ал кей жағдайларда мен тiптi бiрте-бiрте түпкiлiктi iрiп-шiрудi де байқадым…»[2, 54 б.] .

Екiншiден, оқушыларға үлкен талап қоя отырып оның жеке басын құрметтеу принципi - бұл А.С.Макаренко пiкiрiнше, “адамға барынша үлкен талаптар қою керек, бiрақ сонымен бiрге оны барынша құрметтеу керек”. Бұл бастауыш сынып оқушыларының  адамгершілік қасиеттерін, шығармашылық қабілеттерін ерте бастан-ақ қалыптастыру мен өз тағдырына деген жауапкершiлiктi арттыру. Макаренконың сөзiмен айтқанда: “Жауапкершiлiк сезiмiнiң ежелден кiсi қинайтын, iш-бауырыңды соратын бiр жағымсыз ауыр түрi болады. Ол өз затында ақылға жараспайтын нәрсе көрiнген уақ-түйектiң бәрiне де талғамастан қадала қалады. Болар-болмас жарғыншақ табылған жер болса, соған тұмсығын тығып, iшiне кiрiп, қалтырап, дiрiлдеп отырып алғысы келедi”. Үшiншiден, тәрбиедегi ынтымақтастық принципiне адалдық. Бұл ұлы педагог ғалымның пiкiрi бойынша Отанымыздың лайықты жан-жақты, үйлесімді дамыған тұлғаларын тәрбиелеуге деген гуманизм. Яғни эстетикалық таным дүниесiн байыту, қабiлетi мен дарындылық қасиетiнiң барлық көздерiн ашу, әлеуметтiк және шығармашылық белсендiлiгiн арттыру, сөйтiп бастауыш сынып оқушыларын гуманистік бағытта тәрбиелеуді алдына мақсат етiп қою және оны ойдағыдай шешудi ұйымдастыру.

Әрбір бастауыш сынып оқушысының іс-әрекеті ұжым арқылы іске асады. Бастауыш сынып оқушылары алғаш мектепке келгенде жазу мен сызуды үйреніп, сыныптас достарымен, мұғаліммен қарым-қатынасқа түсіп ынталанады.

Тұлғаның қоғамдағы рөлі, оның жеке тұлға ретіндегі қалыптасуындағы ұжымның ықпалы туралы А.С.Макаренко еңбектерінде зерделеген.

А.С.Макаренко тәрбие ұжымы дегеніміз – мақсат-мүддесі бір бағыттағы адамдар жиынтығы деп атап көрсетті.

Оқушылары ұжымы өзiнiң мазмұны, даму заңдылықтары мен бағыттары, көрiну формалары жөнiнен А.С.Макаренконың педагогикалық теориясында ерекше мазмұн мен бағыт ұстанады, өзiне тән белсендiлiкпен тұжырымдалады. Ол адамдардың мiнез-құлқындағы және өзара қатынастарындағы сезiмiн орнықтыруға, олардың елжандылығын, гуманизмiн нығайтуға, қоғамдық белсендiлiгiн арттыруға, оқушылардың қоғам алдындағы жауапкершiлiгiн күшейтуге, сын мен өзара сынды өрiстетуге, жеке адамның барлық шығармашылық мүмкiндiктерi мен қабiлеттерiн барынша өрiстетуге ықпал жасайды [3].

А.С.Макаренконың аса бағалы мұрасының өмiршеңдiгiне тән тағы да бiр ерекшелiк олар ұжым жөнiндегi теориялық қағидаларының нақты жасалуында. Ол өзiмшiлдiкпен, меншiлдiлiкпен және пайда күнемдiлiкпен сыйыспайды, жалпыхалықтық мүдделердi үйлесiмдi ұштастырады деген принципі А.С. Макаренко армандаған және ол үшiн барлық өмiрiн сарп еткен iзгi мұраты болды. Ол ұжым анықтамасын нақтылай келе, адамдарын еңбегiнде ғана емес, сондай-ақ ең алғашқы адамдардың бiрiгуiнiң бастауыш ұйымдық формасы, мектептегi оқушылар деп ескерте келiп, оларға да арнайы мiндет пен мақсат тән деп ескерттi.

Талап қоюшылық, оның орындалуы туралы алдын ала ой - әрбiр ұжым басшысы iс-әрекетiнiң нәтижелiлiгiнiң кепiлi. Бұл туралы А.С.Макаренко ең әуелi жақсылап тұрып жақсы жиналыс өткiзуден бастар едiм, онда басты мақсат етiп тәрбиеленушiлерден не тiлейтiнiмдi, ненi талап ететiнiмдi және олардың келешегi әрi кеткенде екi жылда қандай болатынын айтып берер едiм деген едi. Бұл үшін әрбір болашақ бастауыш сынып мұғалімінің бойында аңғарымпаздық, болжай білу қабілетінің болуы шарт. Сондықтан бастауыш сынып мұғалімінің педагогикадан, психологиядан, жасерекшелік физиологиясынан, конфликтологиядан, этика-эстетикадан хабары болуы керек және туа бітті байқағыштық қабілеттері болғаны жөн.

А.С.Макаренко  шын жүректен шыққан, ашық, жалынды және жiгерлi, әдiлеттi талаптарсыз тәрбиешiлiк қызметтi бастауға да, басқаруға да болмайды және “Кiмде-кiм толқымалыларды, әлдекiмнiң жетегiндегiлердi үгiттеуден бастауды ойласа, ол қателеседi” - деп бұлтартпай, дәл және қайсарлана айтты өзiнiң пікірлестерiне [4, 25 б.].

Талап пән тiлек арасындағы өзара үйлесiмдiлiк, қатiгездiлiк пен мейірiмдiлiк, махаббат пен сыйластық қатар тұрған жағдайда ғана ұжым басшысы, яғни сынып жетекшісі оқушылар ойынан шыға алады деп үзiлдi-кесiлдi шешiмiн айтқан едi.

Информация о работе А.С.Макаренко тағылымдарын бастауыш мектептің оқу-тәрбие үдерісінде пайдалану