Балабақша тәрбиешісінің адам өміріндегі ролі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2014 в 13:35, курсовая работа

Краткое описание

Мектепке дейінгі мекемелерде, мектеп-интернаттарда, кәсіптік-техникалық оқу орындарында, балиғатқа толмаған тәртіп бұзушылардың еңбек колонияларында Тәрбиеші тағайындалады. Тәрбиеші тәрбиеленушілердің күнделікті оқу-тәрбие жұмысын, демалыс уақытын ұйымдастырады, көпшілік-мәдени жұмыстарын жүргізеді. Тәрбиеші пед. оқу орындарында даярланады.

Содержание

Кіріспе
І. Негізгі бөлімі
1-тарау:Балабақша тәрбиешісінің адам өміріндегі ролі
1.1.Тәрбиешінің қызметі мен міндеттері
1.2. Тәрбиешінің жеке басына қойылатын талаптар
1.3.Тәрбиеші-педагогтың бейнесі
1.4.Тәрбиешінің педагогикалық шеберлігі және қызметінің ерекшелігі
1.5.Тәрбиешінің ата-аналармен жүргізетін жұмыстарының мазмұны
ІІ.Практикалық бөлім
ІІІ.Зерттеу бөлімі
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі

Вложенные файлы: 1 файл

балабақшада тәрбиешінің ролі.docx

— 65.81 Кб (Скачать файл)

  а) ата-аналардың педагогикалық,психологиялық білімдерін көтеру; (дәрістер оқу,семинарлар ұйымдастыру,жеке топтық кеңестер,тәжірибелік жұмыстар, т.б.); 

б) ата-аналарды оқу-тәрбие жұмыстарына қатыстыру;

(ата-аналар жиналысы,бірлескен шығармашылық жұмыстар,материалдық-техникалық база жасауға көмектесу);

   в) балабақшаның  әкімшілігімен бірлескен жұмыстар

(ата-аналар комитеті,ата-аналар  кеңесі,аталар алқасы,әжелер клубы).

    Ата-аналармен  жүргізілетін жұмыстың формасы  мен әдістері олардың педагогикалық  мәдениетін көтеруге,балабақша мен  отбасының өзара ынтымақтастығына  және тәрбие жұмысының әлеуметін  арттыруға бағытталған болуы  керек.

 Ата-аналармен жұмыстың  әдістері:бақылау,әңгіме,пікірлесу,тест  жүргізу,сауалнама жүргізу.

Ата-аналарменқарым-қатынасстртегиялары:

Арнайыұйымдастырылатынжұмыстар:

   1.Ай сайынөткізілетіната-аналаржиналыстары.

   2.Ата-аналар комитетінсайлауғаарналғаннұсқаулықжиналыстар.

   3.Бағдарлама бойыншаата-аналарғаарналғанконференциялар.

   4.Белгіленген үлгібойыншаесеп  беру.

   5.Ата-аналар  портфолиосыменжұмыс.(Жылжымалы папка).

   6.Жеке кеңестер,шағын  топтық кеңес,үйге бару.

Ата-аналарменжүргізілетінжұмыстардыңформалары

                      Дәстүрлі

                Дәстүрден тыс

-ата-аналар жиналыстары;

-ата-аналармен тренингтер  өткізу;                       

-жеке топтық және балабақшаның  жаплы конференцияларын ұйымдастыру; 

-психологиялық демалыс  сәттері ( разминка)

-тәрбиеші-педагогтің жеке  кеңесі;

-пікірсайыстар жүргізу;

-балалардың үйінде болуы;

-дөңгелек үстел;

-ашық есік күндері;

-ауызша журнал;

 

-ата-аналар кештері;

 

-ашық сабақтар;


 

Педагогикалықбілім  беру-бұл бала тәрбиесініңкөкейкестімәселелерімената-аналардытаныстырадыжәнеолардыңнегізгіпедагогикалықмәдениетінқалыптастыруға көмектеседі.

Дәрістер-бұл бала тәрбиесінің мәні мен маңызынажан-жақтытереңталдаужасау.Дәрістегіеңбастыкөңілбөлетінмәселе-олбелгіленгенжағдайғанемесеқұбылысқаталдаужасауболыптабылады.

Конференция-бұл бала тәрбиесітуралытереңжан-жақтықарастыружәне оны бекіту.

    Ата-аналарға арналған  конференциялар-балабақшаныңтәрбиелеу  мен білім беру жүйесіндеерекшемаңыздыорыналады.Ата-аналарғаарналғанконференциялардаболашаққоғамныңазаматтарынтәрбиелеудіңөзектімәселелері  қозғалып,оны тәжірибедежүзегеасырудыңжолдарынақтықарастырылады.Ата-ананыңрөлі,бала  тәрбиесіндегі қиындықтар,отбасы  тәрбиесінің маңызы,т.б. тақырыптарболуымүмкін.

Ата-аналарконференцияларынаөтемұқиятдайындыққажет.Мұндабелгіліғалымдар,психологтар  мен педагогтар,әлеуметтік педагог,дәрігер,т.б. міндеттітүрдеқатысуларықажет.Олар өз іс-тәжірибелерітұрғысынанмәселегеталдаужасайды.Конференцияныңерекшелігі-белгілібірмәселеніңжай-жапсарыншешудіңнақтыжолдары  қарастырылуында.

Тәрбиешіата-аналардыөзініңкәсібижұмыстарынтөмендегідеймаңыздымәліметтерментаныстыруымүмкін:

-баланыңденсаулығыныңерекшеліктері;

-оның қызығушылығы мен  іс-әреккетіндегіжетістіктері;

-отбасындағы қарым-қатынас  мәдениеті;

-мінез-құлқындағы эмоционалдық  әсерленуі;

-мінезсипатыныңерекшелігі;

-ойыніс-әрекетіндегібелсенділігі;

-құрбыластарыменқарым-қатынасерекшеліктері, т.б.

Үйге бару-мұнда тәрбиешінің  ата-аналарымен жеке жұмысы және баланың  отбасындағы жағдайымен танысу.

   Ата-аналар жиналысы-тәрбиелеу  мен білім беру жұмыстарына  талдау жасау және тәжірибені  педагогика ғылымы негізінде  ой елегінен өткізу.

Ата-аналар жиналысын  өткізуге арналған нұсқау.

   Балабақшада ата-аналарға  арналған жиналыстарда өткізуде  тәжірибе барысында бірқатар  жетістіктер мен кемшіліктер  кездеседі:

 

Жетістіктеріміз:

  1.Тәрбиешілер ата-аналар  жиналыстарына дайындалу және  өткізу барысында тәрбиеленушінің  отбасындағы тәрбие жағдайында  толық ақпараттар алып,олардың  балабақша өміріне қарым-қатынасын  анықтауға мүмкіндік болады.

  2.Әр топтағы балалардың  ата-аналарының ұжымын біріктіруге,ұйымшылдыққа,береке-бірлікке  қол жеткізе алады.

  3.Ата-аналардың мамандықтарына  сәйкес ұйымдарға байланысты  өзара қарым-қатынас жасауды қамтамасыз  етеді.

  4.Бала тәрбиесіндегі  педагог пен ата-ананың бірлескен  іс-әрекетінің нәтижесіне қол  жеткізіп,оның жағымды әсері мен  ықпалы айқындалады.

  5.Ата-аналардың педагогикалық,психологиялық  білімін арттыруды жүзеге асырудың  мүмкіндіктері қарастырылады.

Кемшіліктеріміз:

  1.Ата-аналардыңаталған  жиналыстарға қатысу белсенділігінің  төмендігі.

  2.Ата-аналармен қарам-қатынас  жасаудағы кездесетін қиындықтар.

  3.Ата-аналар жиналыстарының  өткізу формаларының біржақтылығы  ( үнемі түрлендіріп,өзгертіп,жаңаша бағыт-бағдар ұстана алмауы).

  4.Педагогикалық біліктілік  пен іскерліктің жеткіліксіздігі.

  5.Балабақша жайында  жағымсыз мәліметтер мен дұрыс  емес ақпараттардың таратылуы.

  6.Қаржы мәселесі жайында  дұрыс шешімдер қабылдану қажеттілігі.

Ата-аналар жиналыстарын дұрыс өткізу үшін педагогтар есіне:

  1.Алға қоятын мақсатыңыз  нақты,айқын болсын.

  2.Жиналысқа арнайы  мамандарды шақыру ең тиімді  көмекші болмақ.Атап айтқанда  психолог,әлеуметтік психолог,балалар  дәрігері,ғалым-педагогтар.

  3.Ата-аналар жиналысына  тақырыбына сәйкес осы бағыттағы  алуан түрлі әдебиеттермен танысу  қажеттілігі.

  4.Жиналысты өткізуге  алдын-ала дайындық кезеңін жасау  ( жиналысқа дейін талдауға ұсынылатын сұрақтармен таныстыру,пікірлесу,өз ойларын ортаға салуға ұсыныс жасау,сауалнама жүргізу,оны алдын-ала талдау).

  5.Ұйымдастыру формасы  ата-аналардың белсенділігін туғызатындай  қызықты,тартымды болуы шарт:іскерлік  ойындар,ата-аналар рингі,шағын топтармен  жұмыс,тренинг,пікірсайыс,дөңгелек  үстел,отбасылық кеңес,т.б.

  6.Жұмыс барысында  рефлексия жүргізуді ойластыру  (сөз ойла,тез ойла,арт терапия,сұрақ-сауалдар,ойын-жаттығулар,т.б.).

   7.Жиналыс өткізілетін  орын таза,желдетілген болу керек,іс-әрекетке  қажетті құрал-жабдықтар жеткілікті  және оларды қалай орналастыру  қажеттілігі алдын-ала ойластырылуы  керек.

   8.Ата-аналар жиналыстарында  балабақшадағы кезеңде баланың  іс-әрекеті немесе мінез-құлқындағы  кемшіліктер жайында айтудың  қажеті жоқ,оларға сенімділікпен  қараңыз,кінә тағудан аулақ болыңыз.

    9.Баланың жақсы  жақтарын айту сіздің міндетіңіз  екенін ұмытпаңыз.

   10.Ата-аналар жиналысына  қатысушыларды мадақтауды,ризашылық  білдіруді естен шығармаңыз.

   Жалпы ата-аналар  жиналысы-жылына екі рет өткізіледі.Жиналыстың  таныстыру,балабақша жұмысының негізгі  бағыттары,міндеттері мен қорытындысын  таныстыру.Жалпы жиналыстың тақырыбы  негізінен жаңа оқу жылының  барысы мен қорытынды есебі  сипатында болады.Онда балабақша  меңгерушісі,әдіскер,тәрбиешілер,дәрігер  және ата-аналар комитеті төрағасы  сөз сөйлейді,есебі тыңдалады.Еңбек  нәтижелері мен жетістіктері,кемшіліктері  айтылып,оны жоюдың жолдары қарастырылады.

   Ата-аналар оқулары-бұл  бала тәрбиесі жайында ата-аналармен  өткізілетін өте қызықты жұмыс  түрінің бірі.Мұнда олар тек  қана педагог,психологтарды тыңдап  қана қоймайды,өздері алуан түрлі  әдебиеттермен танысып,оқып-үйреніп,оны  талдауға қатысады.Оны ұйымдастырудың  жолдары:біріншіден,оқу жылының  басында,алғашқы ата-аналар жиналысында  оларды толғандыратын педагогикалық-психологиялық  проблемаларды анықтап алады.Ол  туралы тәрбиеші арнайы ақпараттар  жинайды және оған талдау жасайды.Әдіскердің  көмегімен әдебиеттер таңдап,оны  ата-аналарға оқу ұсынылады.Олар  әдебиеттері бойынша алға қойған  мәселелерінің шешу жолдарын  айтып баяндайды,пікір бөліседі.Тәрбиешімен  ой бөліседі.Таңдалатын тақырып  қызықты әрі барлық  ата-аналарға  ортақ,толғандыратын,тартымды болғаны  тиімдік болмақ.

     Ата-аналар  кештері-мұндай кештер ата-аналар  ұжымын біріктіруге,береке бірлікке  шақырады.Ол жылына бір-екі   рет өткізілуі мүмкін,мұнда балалар  қатыспайды.Ата-аналар кештерінің  маңызы-ең бастысы,мұнда олар  өз балаларының достарының ата-аналарымен  пікірлеседі,балаларының өмірлік  маңызды мәселелерін талқылайды.Ата-аналар  ең негізгі мәселе ретінде  бір-бірін тыңдауға,өзі тыңдай  білуге ішкі жан-дүниесінмен бөлісе  білуге үйренеді.

Ата-аналар кештерінің мүмкін болатын тақырыптары:

1.Баланың дүниеге келуі  және алғашқы жылдағы дамуы.

2.Баланың ең алғашқы  кітабы.

3.Менің баламның болашағы?Мен оны қалай көремін?

4.Менің баламның достары.

5.Менің отбасымның мерекесі.

6.Біздің отбасымыздағы  "болады","болмайды" ұғымдары жайында.

7.Туған күнді қалай  тойласыз?

8.Біздің балаларымыздың  айтатын әндері.

   Аталған кештен  ата-аналар бір-біріне үлгі боларлықтай  пікір бөлісіп,өз тәжірибелерін  ортаға салып,тың,жаңа,қызықты мәселелерін  өздері үйренетін болғаны абзал.

Ата-аналармен жүргізілетін тренингтер-бұл ата-аналардың өз балаларына деген мінез-құлқын,қарым-қатынасын  өзгертуге ықпал ететін жұмыс  түрі.Тренингке ата-аналардың екеуі  де қатысқаны тиімді.Тренингке ата-аналар тұрақты түрде және белсенді қатынасқанда нәтижелі болады.Оның нәтижесінде жету үшін 5-8 рет өткізу тиімді.ол негізінен  балабақша психологымен бірлескен  жұмыс жоспары жағдайында өткізіледі.Тренингтердің  төменгі тақырыптарда өткізілу ұсынылады:"менің  сүйікті ойыншығым","балалар ойыны","балалықты еске алу","менің отбасым туралы бейне көрініс"т.б.

   Дәрісті қорыта  келе,тәрбиешінің қызметі мен  міндеттері анықтап,тірбиешінің  жеке басына қойылатын талаптарға  тоқталдық.Тәрбиешінің педагогикалық  шеберлігі және қызметінің ерекшелігі  айтылып,тәрбиешінің балабақшада  оқыту мен тәрбиелеу бағдарламасын  басшылыққа алып жұмыс жүргізу жолдары қарастырылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қош келдің – әз Наурыз мерекесі.

Мақсаты: «Наурыз» мерекесі туралы түсініктерін, білімдерін кеңейту  мақсатында халқымыздың салт-дәстүрін балалардың бойына сіңіру 
Саз залы әсем безендірілген. Мерекелік көңіл-күйде сазды әуенмен топ балалары кіреді. 
1-бала: Армысыңдар ағайын, 
Бармысыңдар, ағайын. 
Ұлыс бақты болсын, 
Әр күніміз жақсы болсын! 
 
2-бала: Наурыз келді, нұр келді 
Түгел аймақ түрленді, 
Наурызда күлімдеп, 
Күн нұры төгілді. 
 
3-бала: Басталды міне тойымыз 
Ұнады әнмен ойымыз 
Наурыз бақыт әкелсін 
Тойға ұлассын тойымыз. 
Ән: «Наурыз» 
 
Жүргізуші: - Міне, көктем келді, 
Жер құлпырып көгерді. 
Дала қысқы ұйқыдан оянып, 
Бізге өзінің әсем жауқазындарын сыйлады. 
Би: «Жауқазын». 
 
(Би аяқтала бере, ортада билеп жүрген жауқазынды Қара дауыл ұрлап әкетеді). 
Жауқазындар: - Біздің жауқазын гүліміз қайда? Қара дауыл біздің мерекемізге кедергі жасағысы келіп тұр ма? Кім енді біздің әсем жауқазынымызды Қара дауылдан құтқарады? 
(Ортаға батырлар шығады). 
 
- Мен Ер Төстікпін – ең батылмын, батырмын! 
- Мен Тазша баламын – ең айлакермін! 
- Мен Желаяқпын – ең шапшаңмын! 
- Мен Саққұлақпын – жердің асты-үстідегінің бәрін естимін! 
- Мен Таусоғармын – тауларды бір орыннан екінші орынға қозғаймын! 
Бәрі бірге: - Біз жігіттер – ең тапқырмыз! 
(Ортаға жартылай шеңбер жасап, малдасын құрып отырып, ақылдасады). 
 
Ер Төстік: - Әрқайсымыздың өз басымыз бар. Ал, қиыншылықты жеңуге дайынбыз ба? 
Батырлар: - Ия, дайынбыз!!! 
Ер Төстікпін: - Мен Қаратаудың бойымен жүруді ұсынамын. Өйткені, жолда данагөй Жамал әжені кездестіреміз. Мүмкін ол бізге көмектесер. 
Батырлар: - Аттанайық!!! 
Жүргізуші: - Олар аттарына мініп Қаратау жаққа жол тартты. 
- Біздің батырлар данагөй Жамал әжеге жеткенше, біздер көңілімізді көтеріп ән салайық, Наурызға арнап, жыр арнайық. 
 
4-бала: Ата-бабам тойлаған, 
Наурызым армысың! 
Қызығына тоймаған, 
Дархан - дала қарлы шың. 
 
5-бала: Күттіріп келген жыл басы, 
Бізбен бірге жырлашы. 
Дастарханға елімнің 
Береке - ырыс сыйлашы. 
 
6-бала: Армысың, Наурыз! 
Қуаныш боп кір, төрлет! 
Ел болып саған 
Көрсетіп жатыр, сый-құрмет. 
 
(Батырлар Жамал әжені кездестіреді, амандасады) 
Тазша бала: - О, Жамал әже, сіз естіген шығарсыз, біздің мерекеміздің рәмізін Қара дауыл өз патшалығына алып кетті. Наурыз тойымыздың көңіл-күйін түсірді. Бізге қандай ақыл бересіз? 
Жамал әже: (құмалақ ашып, бал тартады) – Көмегімді аямай, көрген-білгенімді айтайын. ...Сендердің гүлдерің аман-сау! Бірақ та оны табу оңай емес. Сусыз шөлейттен, суық таулар арасынан өтулерің керек. Сендерді қиыншылық күтіп тұр. Еңселерің түспесін. Мен сендерге көмектесемін, мына ғажайып түйір жіпті беремін. Осы түйір жіп сендерге жол көрсетеді. 
Батырлар: - Рахмет, әже!! Біз аттанайық! 
(Залды бір айналып шығып кетеді). 
 
Жүргізуші: - Салт-дәстүрімізді сақтаған, 
Қазағымнан айналдым. 
Батырларымызға сәт-сапар деп, 
«Домбыра» ойынын бастадым. 
Ойын «Домбыра». 
 
Жүргізуші: - Батырлар бірнеше күн, бірнеше түн жүріп келеді. Бір кезде алдарынан ошақ басында отырған Мыстан кемпір кездеседі. Батырлардың алдарында домалап келе жатырған ғажайып түйір жіпке шап беріп, қағып алып, тығып тастайды 
 
Мыстан: - Әй, сендер мұнда неғып жүрсіңдер? 
Саққұлақ: - Біздер Қара дауыл патшалығын іздеп келе жатырмыз, ол біздің гүлімізді алып кеткен. Мыстан әже қайтар біздің ғажайып түйір жіпті! 
Мыстан: - Жоқ! Мен сендерге қайтармаймын да, әрі өткізбеймін. Қарадауылменіңдосымғой. Мен неге сендергеболысукерекпін? Ал егерде ...сендерменіңжұмбақтарымныңшешуінтапсаңдар, сондағанамүмкінойланып қарармын. Жұмбақтарболса, өтекүрделі, оныңжауабынешкімтабаалмаған. 
Желаяқ: - СаспаМыстанәже, сеніңжұмбақтарыңдышешеміз! 
Мыстан: - Олайболса, тыңдаңдар: 
1. Жүз мүйізі бар, 
Үстіндекиізі бар. (киізүй) 
2. Құлағын бұрап тартқаны не? (Домбыра) 
3. Шыркөбелекайналар, 
Белінежіпбайланар. (Ұршық). 
Мыстан: - Сендеррасында тапқыр екенсіңдер... Сонда да мен сендергеғажайыптүйіржіпті қайтармаймын. Олмүмкінөзіме декерекболыпқалар. Мен одан да өзіметамашажемпіртоқырмын, мүмкін. 
 
Жүргізуші: - Ой, мыстан әже, мүмкін сіздің қатып қалған жүрегіңізді біздің балалардың өлең-жыры жібітер. 
7-бала: Келді Наурыз жар салып, 
Кел, билейік, ән салып. 
Жылда келсін, ұлы күн, 
Тұрайық есен қарсы алып. 
Ән: «Наурыз» 
 
Мыстан: - Қалай тамаша әндетесіңдер?! Менің жүрегім жылыды, тұла бойыма қан жүгіріп, сендермен бірге би билегім келді ғой. Рахмет, сендердің тамаша әндеріңе! Мә, міне, ұстаңдар, ғажайып түйір жіптерің! Мен домбыра сатып алып, ән айтуға үйренбесем. Жолдарың болсын! 
(Батырлар бастарын иіп Мыстан кемпірмен қоштасады). 
Жүргізуші: - Көп пе, аз ба, батырлар ұзақ жол жүріп шөлдеп, шалдығып келе жатырса, алдарынан Айдаһарды кездестіреді. 
- Кімсіңдер? 
Айдаһар: Желаяқ: - Біздер батырлармыз, жауқазын гүлін іздеп келеміз. 
Таусоғар: - Әй, Айдаһар, сенің құдығыңнан су ішуге бол ма? 
Айдаһар: - Бұл не деген сұрақ? Әрине болмайды! Бұл құдықтан бір тамшы суды да татпайсыңдар! Бұл құдыққа жүз жыл, сонша маған да. Жүз жыл бойы бұл жерден қанша тірі жан өткен, бірақ та ешқайсысы менің құдығымнан су ішіп көрмеген. Сондықтан да аман-сау тұрғандарыңда бұл жерден кетуге тырысыңдар! 
(Батырлар ақылдасады). 
 
Ер Төстік: - Айдаһар сен бізбен бірге ойын ойнауға келісесің бе? 
Айдаһар: - Ол не, ойын деген? 
Жүргізуші: - Қазір біз көрсетеміз. Ойынымыздың аты «Қыз қуу». 
(Ойын шарты түсіндіріледі). 
 
Ойын: «Қыз Қуу» 
 
Айдаһар: - Менің көңілімді көтердіңдер. Жарайды, құдығымнан су ішіңдер. 
(құдығынан су алып береді). 
Батырлар: - Рахмет, саған, Айдаһар! 
 
Жүргізуші: - Батырлар әрі қарай жол тартты. 
(Батырлар жолға шығады). 
Жүргізуші: - Бишілерде өнер көп, 
Билейді биді мәнерлеп. 
Қазақ биін көріңдер, 
Өнерге баға беріңдер. 
Би: «Жігіттер биі». 
Жүргізуші: - Батырлар жолда келе жатады. Бір кезде шаршап-шалдығып құлап, ұйқыға батады. Батырлар жауқазын гүлінің жұпар иісін сезеді. 
Тазша бала: - Батырлар-ау, жауқазын гүлінің иісін сеземісіңдер? Бірақ, гүліміз әлі Қара дауылдың қолында. 
(Осы кезде Қара дауыл ұшып келіп, батырлармен шайқасады. Батырлар жеңіп, Қара дауыл құлайды). 
Батырлар: - Қайда, біздің жауқазын? 
Қара дауыл: - Айтамын, айтамын, жауқазынның қайда екенін, тек қана мені жіберіңдерші? 
Ер Төстік: - Жібереміз, егерде зұлымдықты қойсаң. 
Қара дауыл: - Қоямын, зұлымдығымды қоямын. Мені кешіріңдерші. Мен жалғыз болдым, менің қара үңгірімде мұнайлы болды. Сосын жауқазын менің көңілімді көтерер деп ойладым. Мен қатемді түсіндім, мені жіберіңдер, мен сендерге жауқазынды қайтарамын. 
(Қара дауыл жауқазынды алып келеді). 
Жүргізуші: - Барлық ертегідей, жақсылық зұлымдықты жеңеді. Бүгін де біздің батырлар гүлді құтқарып, мерекеміздің сәнін ашты. 
Батырлар: - Біз туған жерімізге мерекені қайтардық!!! 
Ән: «Жауқазын» 
 
Би «Наурыз». 
Жүргізуші: - Бауырласқа тәнтіміз, 
Бұзылмаған салтымыз. 
Кең даламның ежелгі 
Қазақ деген халқымыз. 
Өзге ұлттай біздің де 
Бар дәстүр мен салтымыз – ендеше, қыз бен жігіт айтысын тамашалайық. 
Айтыс 
- Наурыз көже – тағамның ең үлкені 
Жадыратып, жаныңды семіртеді. 
Дәм татыңыз, ағайын бұрыл бері, 
Дастарханынан наурыздың дәл бүгінгі. – дей келе, ертеңгілігіміздің соңында 
баршаңызды дәм татуға шақырамыз. 
Ән: «Наурыз» 
Соңы.

Информация о работе Балабақша тәрбиешісінің адам өміріндегі ролі