Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2015 в 08:03, реферат
Баланың бойында адамгершілік қасиеттердің негізі отбасында қалыптасады. Ата-ананың аялы алақаны туған үйдің жылуы оның көкірегінде өмір бойы сақталып мәңгі есінде қалады. Отбасындағы адамдармен қарым –қатынаста бала мәдениетті үйренеді, жеке адамға тән ар-ұят, ақыл –ой адамгершілік қасиеттерде қалыптасады.
Баланың жас ерекшелігіне
сай даму деңгейі.
Баланың бойында адамгершілік қасиеттердің
негізі отбасында қалыптасады. Ата-ананың
аялы алақаны туған үйдің жылуы оның көкірегінде
өмір бойы сақталып мәңгі есінде қалады.
Отбасындағы адамдармен қарым –қатынаста
бала мәдениетті үйренеді, жеке адамға
тән ар-ұят, ақыл –ой адамгершілік қасиеттерде
қалыптасады. Адамның өзге тіршілік иесінен
айырмашылығының бірі – дүниеге перзент
әкелген соң оның болашағын ойлау, яғни
қандай тағдыры бар, кім болар екен деп,
сол жолда ата-аналық борышын атқарады.
Осыған орай кез келген бүлдіршін үшін
бала бақша тәрбиесі ата-анадан тәлім
–тәрбиені одан әрі жалғастырып, жандандырары
сөзсіз. Дер кезінде алынған мектепке
дейінгі білімнің әр бүлдіршін үшін маңызы
зор. Бала бақшаның ең басты мақсаты мемлекеттік
білім беру бағдарламасына сай мектеп
жасына дейінгі бүлдіршіннің жан-жақты
эстетикалық дамуын қамтамасыз етеді.
Кішкентай бүлдіршіндердің алғашқы даму
кезеңінде білім мен тәрбие беру жұмысы
жан-жақты болуы заман талабы.
Ел басымыз Н.Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан
болашағымыз – қоғамның идеялық бірлігінде»
атты еңбегінде «Ұлттық мәдениетке,ана
тілге еркіндік беру, оны тәлім-тәрбие
құрылымына айналдыру, тәрбие мәселесінде
ұлттық ізгілік пен өркениетті әлемдік
имандылық үрдісінің ортақ мүддесін жаппай
сезіну және оны кіріктіре пайдалану арқылы
іске асыру керек» - деп атап өткен. Мұндай
тәрбие жұмысын әдетте мектепке дейінгі
тәрбиеден, яғни балабақшадан бастаған
дұрыс.
Әдетте адамның жеке басының қасиеттері
бес жасқа дейін қалыптасады екен. Сондықтан
баланың жан-жақты қалыптасуы үшін мектеп
жасына дейінгі бүлдіршіндердің бойына
жақсы, жағымды қасиеттерді сіңіре білу
керек. Бала әр нәрсеге құмар, қызыққыш,
ол өзінің болып жатқан өзгерісті, тамаша
құбылыстарды сезінуге тырысады. Оның
жан-жақты дамып, жеке тұлға болып тәрбиеленуіне,
тілінің дамуына ең алдымен ата-анасы
міндетті.Мектепке дейінгі ұйымдарда
тәрбиелеу мен білім беруді ұйымдастыруда
ұстанатын принциптер:
Балалардың жас ерекшеліктерін ескеру,
қызығушылығына сүйену.
Тәрбие мен оқыту міндеттерін бірлікте
шешу.
Баланың еркін де дербес дамуын қамтамасыз
ететін табиғи, емін еркін жағдай туғызу.
Әрекет етуге үйрету, үйренгенін бойына
дағды қылып сіңіру.
Педогогикалық процесс белгілі бір құралдар
мен әдістер көмегімен жүзеге асырылады.
Балабақшадағы тәрбие –қазақы ұлттық
сана, ұлттық психология қалыптасқан парасатты,
адамгершілік қадір-қасиеті мол, физикалық
және моральдық жоғары белсенді жеке адамды
қалыптастырып шығару процесі болып табылады.
Ойнау, еңбек ету және оқу барысында ақыл
–ой адамгершілік физикалық және көркем
тәрбие, даму процесі қатар жүреді. Бала
осы кезде белгілі дәрежеде білім алады,
іскерлікке үйренеді, өзін қоршаған ортамен
қарым-қатынас жасауға, қоғамдық өмірдің
әдет-дағдыларын игеруге бейімделеді.
Іс-әрекеттің осы түрлерін ғана дамыту
арқылы тәрбиелеу білім беру міндеттерін
шешуге, бала дамуын дұрыс жолмен бағыттап
отыруға мүмкіндік туады. Осы аталып өткен
іс-әрекеттің әрқайсысы бала дамуына өзіндік,
өзіне тән үлесін қосады. Бала өзін-өзі
көрсетсе ойын, оқуда адамгершілікке тәрбиеленеді
деген сөз. Осылар арқылы біз балаларға
белгілі бір тұрғыда ықпал жасай аламыз.
Біз іс-әрекеттер ойын, еңбек, оқыту өзара
ұштасқан жағдайда ғана баланың жеке басын
дамытуда толық нәтижеге жете аламыз.
Осыларды негізге ала отырып ата-аналар
мен тәрбиешілер баланы тәрбиелеуде ертегілер
мен қойылымдардың және сахналаудың ролінің
айрықша екенін ұмытпау керек.
Сөйлесу қызметі – белсенді әрі мақсатты
үрдіс.Бұл қызмет түрі серіктестіктің
болуын талап етеді, онда бірі сұрақ қойса,
екіншісі жауап береді. Мектеп жасына
дейінгі мекемелердің басты мақсаты –
бүлдіршіндердің диалогтық қарым-қатынасы
болып табылады. Балалар өз құрбыларымен
сөйлесу арқылы сөйлеу тілдерін дамытады.
Сонымен қатар өзімен серіктесінің қимыл-қозғалысын
келісу мен бақылау дағдысы қалыптасады.
Бұл жерде мен трафареттік сахналау тәсіліне
басты назар аудардым. трафарет арқылы
сөз құрамының байлығын, диалогты дамытуға
болады. Бұл жұмыс барысында балалар дайын
трафареттердің көмегімен болашақ кейіпкерлердің
суреттерін жасайды. Оларды түрлі-түсті
бояумен бояйды. Дайын бейнелерді қайшымен
қияды. Бұл жерде баланың шығармашылық
ойлау қаблеттері дамиды. Ұжымдасып жұмыс
жасау кезінде әрбір баланың жеке қиялына
да орын беріледі.
Мысалы: жүгіріп келе жатқан қоян бейнесі
.Дайындық кезеңі аяқталған соң сөйлеу
кезеңін өтеміз. Бұл кезеңде балалар ертегі
кейіпкерлерімен диалогтық әрекет жасайды.
Әрбір бала өзіне жұп таңдайды. Яғни жұмыс
жұптасу түрінде жүреді. Бұл кезеңде мен
кімнің ынталы, кімнің ынтасыз қатысып
отырғанын білемін .Ертегілер құрастырған
кезде балалар бір-бірімен өзара сөйлеседі.
Бұл жерде автор сөзі деген болмайды. Балалардың
тілін дамытуда, сөйлеу мәдениетімен ой-өрісін,
дүние танымын жетілдіруде рөлдік ойындар
тиімді нәтиже береді. Ролді ойнап тұрған
бала өзін сол кейіпкерге теңеп, кейіпкердің
жақсы қасиеттерін бойына сіңіреді. Мақал-мәтелдерді
пайдалану барысында әдеби сөйлеуге дағдыланып
сөз қоры молаяды. Халқымыздың асыл маржанын
меңгереді.
Сондай-ақ ойын әдісі мен әрекеттерінің
қолдануы балада жағымды эмоция, жоғары
қызығушылық туғызады. Атап айтқанда балабақшада
тәрбиемен оқытудың негізгі және жетекші
формасы бұл жалпы топпен, шағын топпен
және арнайы ұйымдастырылатын сабақтар,
экскурсиялар, серуендер, ертеңгіліктер,
ойындар. Балабақшамыз биылғы оқу жылынан
бастап ҚР мемлекеттік жалпы міндетті
білім беру стандартын басшылыққа ала
отырып: «Денсаулық», «Қатынас», «Таным»,
«Шығармашылық», «Әлеуметтік орта» атты
білім беру салаларына байланысты мектепке
дейінгі балалардың жас ерекшелігіне
сай оқу –шығармашылық ізденіс негізінде
жүзеге асырудамыз.
Балабақшада балалар өздігінен оқи алмайтыны
белгілі, сондықтан тексті оқуға, әңгімелеп
айтуға үйрету, көркем сөздермен таныстыру
жұмысы бағдарлама талабына сәйкес тақырыптық
принциптерге негізделеді. Ол принциптер
– айналадағы дүниемен, қоғам өмірімен,
табиғатпен таныстыру, дүниетанымын, ой-өрісін
жетілдіру, зейінін, қабылдауын, бағдарлай
білу, қаблеттерін дамыту болып табылады.
Шығарма оқу, тіл дамыту жұмысында естиярлар
мен ересектер тобында шығарманы тыңдай
отырып, оның мазмұнын жүйелі әңгімелей
білуге, кейіпкерлердің іс-әрекеттерін
түсініп, өзінше талдап ойын қорытындылай
білуге, кейбір үзінділерді жатқа айтуға,
мазмұнға сай әңгіме құрауға, бейнелі
сөздерді дәл тауып айтуға, өздігінен
салыстыра сипаттай білуге үйренуге тиісті.
1 ЖАСТАН 2 ЖАСҚА ДЕЙІНГІ ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ ТОП
БАЛАЛАРЫНА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМА
БАЛАЛАРДЫҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІК МҮМКІНДІКТЕРІНЕ СИПАТТАМА
Бала өмірінде екінші жас ерекше маңызды. Баланың жүруді меңгеруі кейіп - кескінді өзгертіп, сенсорлық дамуды тездетуге мүмкіндік туғызады, екінші сигналдық жүйенің қалыптасуы бала өмірінің екінші жылын ерекшелейді.
Екі жаста баланың дене және психикалық дамуы одан әрі жүзеге асады. Ай сайын салмағына 170,0-190,0 г, бойына - 1 см қосып отырады. Екі жастағы баланың салмағы орташа есеппен 12,0-12,7 кг, бойының ұзындығы 85,0-86,0 см жетеді, 20 сүт тісі болады. Сергектік уақытының ұзақтығы: бірінші жарты жылдықта 3 сағаттан бастап 4 сағатқа дейін, екінші жарты жылдықта 4 сағаттан бастап 5,5 сағатқа дейін. Тәуліктік ұйқы мөлшері 14 сағаттан 12,5 сағатқа дейін қысқарады.
Бала өмірінің екінші жылында сөйлейді, жүре бастайды, заттармен әрекет жасаудың қарапайым тәсілдерін меңгереді. Ол әлі де ересектердің көмегін қажет етеді, бірақ сәбилерге қарағанда, онда талпыныс, ересектерге түсіндіре білуге деген ұмтылыс пайда болады.
2 жаста қарқынды даму бағыттары
айқындалады. Бұл ересек адамдардың
тілін түсіну және сөйлеу
Екі жас - тіл дамуы өте қарқынды өтетін, тілді үйретуге ерекше сезімталдық байқалатын тіл дамытудағы «сензитивті» кезең. Бала екі жасында ересек адамдардың сөздері мен сөйлемдеріне еліктеп, тілдерін түсіне бастайды. Оның белсенді сөздік қоры өседі, бала тілдің грамматикалық құрылысын меңгереді, сөйлемдерді қолдана бастайды.
Тілді түсіну біртіндеп болатын процес. Бұл процестің дамуы үшін бір жарым жасқа дейін заттар, қимылдар мен олардың атаулары арасындағы байланыс қарқынды орнай бастайды, бұл байланыстар алдымен әлсіз болады, оларды нығайту үшін арнайы жағдайлар қажет. Жекелеген анализаторлардың (қозғалыс, көру, есту қабілеттері) арасындағы байланыс тым берік болмайды, бала ересектерді түсінгенімен, оларға назар аудармауы мүмкін.
Бірінші жарты жылдықта тіл айтарлықтай қарқынмен дамиды; сөйлеуге еліктеу қабілеті жетіледі, былдыры күрделенеді; бір жарым жасында белсенді сөздік қоры 30-40 сөзге жетеді.
Екінші жарты жылдықта белсенді тіл дамуында айтарлықтай өзгерістер болады: белсенді сөздік қоры 200-300 сөзге дейін артады. Бала тілінде зат есімдердің септік және көптік жалғаулары, етістіктің бұйрық райы мен өткен шақ пен келер шақ түрлері пайда болады. Бала кейбір дауыссыз дыбыстарды дұрыс айтады.
2 жастың соңына қарай тіл
өзінің негізгі қызметі - қоршаған
ортамен қарым-қатынас
Бала үшін ойынның және заттармен әрекет жасаудың алар орны ерекше. Өмірінің екінші жылында бала ойында заттармен манипуляция жасаумен айналысуды жалғастырады: алмалы-салмалы ойыншықтармен ойнайды, текшелерді бірінің үстіне бірін қояды, пирамида діңгегінен шығыршықтарды алып, қайта кигізеді. Заттармен әрекет жасай отырып, олардың қасиеттерімен танысады. Заттармен әрекет жасау еліктеу қабілеттері мен қол қимылдарының үйлесімді дамуының арқасында біртіндеп күрделі сипатқа ие болады. Бала кірпіштерді қырымен қояды, «үй», «гараж» құрастырады, таныс заттарды (поезд, орындық) атайды және тағы басқа заттарды қолдана отырып, салыстыруға, теңестіруге үйренеді, яғни іс-әрекетті ойлана отырып жүргізеді.
1 жас 3 айдан бастап, 1 жас 6 айға
дейін бала жаңа іс-
Ересектер балаларға белгілі талап қойып, оларды орындауға көмектеседі. Өзін-өзі ұстаудың қарапайым ережелерін орындап, ұқыптылықты сақтауға үйретеді. Белгілі міндеттерге сәйкес үй тұрмысындағы заттарды қолдана білу біліктерін қалыптастырады. Құрал ретінде кейбір тұрмыстық заттарды қолдана білу қабілеттерін дамытады. Баланың мінез-құлқын жетілдіруде, тілді меңгеруде және ойын әрекеттерін дамытуға баланың еліктеу қабілеті маңызды орын алады: бір жарым жастан кейін бала ересектердің қимылдарын қайталап қана қоймай, өзі көрген қимылдарды қайталай бастайды.
Екі жаста негізгі қимылдардың барлық түрлері жетіледі, ол кейбір анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерге байланысты: бұл жастағы баланың аяқтары қысқа, басы үлкен, денесі ұзын; қимылдарды үйлестіру мен сыртқы белгілерге сәйкес ауыстыру іскерліктері жеткіліксіз.
Екінші жылдың басында жүру әлі де жеткілікті үйлеспейді: балаға түзудің бойымен жүріп өту қиын, шөп, тас, төбешіктер мен ойлар күрделі кедергілер болып табылады. Балаларға қоршаған ортадағы қимылдармен өзінің қимылын сәйкестендіру, кеңістікте бағдарлану қиынға соғады, заттарға шалынып, басқа балалармен соқтығысып қалуы мүмкін. Бала өз қимылын жолда кездесетін кедергіге сәйкестендіре алмайды. Мысалы, босағаны немесе ойыс жерді аттап өту үшін аяғын ерте көтеріп қояды. Екінші жылдың бірінші жарты жылдығында баланың жүрісі жетіле түседі - бала тек тегіс еденде ғана емес, сонымен қатар далада, шөптің үстінде жақсы жүре бастайды, төбешіктерге өрмелейді, үлкендердің көмегімен сатылардан өтеді. Лақтыру мен өрмелеу жетіледі, балалар төбешікке, диванға, орындыққа өрмелеп, түрлі кедергілерден (бөрене, орындық) асып өтеді, олардың қимылдары үйлесімді, епті бола бастайды. Біртіндеп балалар өздерінің қимылдарын басқа балалардың қимылдарымен сәйкестендіріп, қимыл-қозғалыс дағдыларын жақсы меңгере бастайды.
Балалар заттарды ауыстырып, олармен түрлі қимылдар орындағанды жақсы көреді. Қимылдардың қарапайым түрлерін меңгеруіне байланысты заттар мен олардың қасиеттерін (пішіні, көлемі, түсі, т.б.) қабылдау қабілеттері жетіледі. Бала таныс заттарды, өлшемі, реңкі мен орналасу орнына қарамастан, тани алады. Алғашқы көрнекті жалпылауы дамиды. Белгілі түсі, пішіні, өлшемі бойынша заттарды іріктей алу қабілеттері пайда болады. Балалар өздерінің іс-әрекеттерін қабылдайтын заттардың қасиеттеріне, олардың пішініне, өлшеміне, кеңістіктегі орнына бейімдеуге үйренеді.
Екі жастағы бала музыка мен көркемсөзге әуес келеді. Балалар би және байсалды орындалатын музыканы түрліше қабылдайды. Қарапайым ән айту ырғақтары пайда болады, балалар жеке буындарға қосылып, ырғақты қайталайды. Қимылдарын музыкамен сәйкестендіру қабілеттері дамиды, қарапайым ырғақтылығы пайда болады, музыкамен орындалатын қимылдар әртүрлі болады.
Тәрбиелеу және үйрету әдістерінің көмегімен баланың қоршаған ортамен байланысы кеңиді: ол өзін-өзі ұстаудың кейбір ережелерін меңгереді, үлкендердің талаптары мен тапсырмаларына бағынады, ересек адамдармен бірінші болып әңгіме бастайды. Басқа балалармен қарапайым қарым-қатынастары пайда болады: бала құрбылары мен олардың әрекеттеріне еліктейді, қызығушылық танытады, бірге ойнауға тырысады, басқа балалардың ойынына қосылуға талаптанады. Екі жастағы балалардың дамуында айтарлықтай өзгерістер пайда болады, сондықтан да тәрбие жұмысында әр баланың жеке ерекшеліктерін ескеру қажет.
Информация о работе Баланың жас ерекшелігіне сай даму деңгейі