Бастауыш сыныпта дүниетану сабағында оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Января 2015 в 19:53, курсовая работа

Краткое описание

Сонымен, қазіргі таңдағы оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыруға деген қажеттіліктің артуы мен оның теориялық және әдістемелік тұрғыдан жеткілікті қарастырылмауына байланысты зерттеу проблемасын айқындауға және зерттеу жұмысымыздың тақырыбын «Бастауыш сыныпта дүниетану сабағында оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту» деп таңдауымызға себеп болды.
Курстық жұмысымның мақсаты: Дүниетану сабағында бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін қалыптастырудың теориялық негіздерін анықтау және әдістемесін жасап, оның тиімділігін тәжірибелік-эксперимент арқылы тексеру.

Содержание

КІРІСПЕ.........................................................................................................
1 ТАРАУ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Тұлға белсенділігін қалыптастырудың теориялық негіздері
1.2 Оқушының белсенділігін қалыптастырудың педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері
2 ТАРАУ ДҮНИЕТАНУ САБАҒЫНДА БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН ДАМЫТУДЫҢ МАЗМҰНЫ
2.1 Дүниетану сабағында оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастырудың әдістемесі
2.2 Дүниетану сабағында оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыруға бағытталған тәжірибелік-эксперимент жұмысының нәтижелері
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................
ҚОСЫМШАЛАР

Вложенные файлы: 1 файл

курсовой танымдык.doc

— 201.00 Кб (Скачать файл)

 

Курстық жұмыс

 

Тақырыбы: «Бастауыш сыныпта дүниетану сабағында оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту»

          

 

 

 

                                                                             

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

 

 

 

КІРІСПЕ.........................................................................................................

1 ТАРАУ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Тұлға белсенділігін қалыптастырудың теориялық негіздері

1.2 Оқушының белсенділігін қалыптастырудың педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері

 

 

2 ТАРАУ ДҮНИЕТАНУ САБАҒЫНДА БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН ДАМЫТУДЫҢ МАЗМҰНЫ

2.1 Дүниетану сабағында оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастырудың әдістемесі

2.2 Дүниетану сабағында оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыруға бағытталған тәжірибелік-эксперимент жұмысының нәтижелері

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................

 

 

ҚОСЫМШАЛАР

 

КІРІСПЕ

 

Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазіргі Қазақстандағы қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдай оқушының интеллектуалды, жеке және табиғи дамуын қамтамасыз ету жүйесін тұрақты дамытуға мүмкіндік беруде. Оның маңызды жақтарының бірі – оқу-тәрбие үдерісін оқушылардың белсенділігі мен сенімділігін  қалыптастыруға және  шығармашылығын танытуына бағыттау.

Мемлекетіміздің қазіргі қарқынды даму кезеңінде қоғамның түрлі салаларының құрылуы мен тұлға белсенділігінің жоғарылауы арасындағы байланыс айқындалып отыр. Осыған байланысты тұлғаның іс-әрекетін белсендіру, оны тиімді басқару, дамыту, әдістемелік-ұйымдастырушылық және моральдық-психологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету күрделі педагогикалық мәселе ғана емес, әрі маңызды әлеуметтік міндет.

Үздіксіз білім беру жүйесінде болып жатқан тың өзгерістер мен әлемдік деңгейге жету үшін жасалып жатқан талпыныстар, бүгінгі маманнан білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарға сын көзбен саралай отырып бағалауды, білім берудің әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, терең білімді, ізденімпаз, барлық іс-әрекеттерінде шығармашылық  бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын белсенді тұлғаны қалыптастыруды талап етіп отыр.

Әрі ұстаз, әрі ғалым М.Жұмабаевтың: «...Бала өскен сайын тәрбиеші күшінің көбін баланың жан тәрбиесіне жұмсай беруге міндетті. Тегінде берік ұғу керек, адамның қымбат нәрсесі де, жұмбақ нәрсесі де сол жан. Қиын тәрбие тілейтін де сол жан. Жанды дұрыс тәрбие қылу үшін жанның жайын баяндайтын ғылыммен таныс болу керек. Жанды ешкім көрмесе де жанның барлығына дауа жоқ», - деген тұжырымы баланың жан дүниесін бай етіп қалыптастыруда танымдық белсенділіктің қажеттілігі бар деген ойлар жатыр. Оның «адамның қымбат та, жұмбақ та нәрсесі» деп отырғаны – жеке тұлғаның ішкі рухани жан дүниесі екенін білеміз. Осы рухани дүниені байыту, оның жеке тұлға ретінде жан-жақты жетілуінің алғы шарты балалардың танымдық үрдістері болып табылады.

Сонымен, қазіргі таңдағы оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыруға деген қажеттіліктің артуы мен оның теориялық және әдістемелік тұрғыдан жеткілікті қарастырылмауына байланысты зерттеу проблемасын айқындауға және зерттеу жұмысымыздың тақырыбын «Бастауыш сыныпта дүниетану сабағында оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту» деп таңдауымызға себеп болды.

Курстық жұмысымның мақсаты: Дүниетану сабағында бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін қалыптастырудың теориялық  негіздерін анықтау және әдістемесін жасап, оның тиімділігін тәжірибелік-эксперимент арқылы тексеру.

Міндеттері: 

Ғылыми болжамы:

Зерттеу объектісі:

Курстық жұмыстың құрылымы:

Қорытындыда курстық жұмыстың нәтижелері негізінде әзірленген тұжырымдар мен ұсыныстар берілді.

Қосымшада зерттеу мазмұнына қатысты жұмыстардың үлгілері көрсетілді.

 

 

1 ТАРАУ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ

ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

    1. Тұлға белсенділігін қалыптастырудың теориялық негіздері

 

Мемлекетіміздің қазіргі қарқынды даму кезеңінде қоғамның түрлі салаларының құрылуы мен тұлға белсенділігінің жоғарылауы арасындағы байланыс айқындалып отыр. Осыған байланысты тұлғаның іс-әрекетін белсендендіру, оны тиімді басқару, дамыту, әдістемелік-ұйымдастырушылық және моральдық-психологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету күрделі педагогикалық мәселе ғана емес, әрі маңызды әлеуметтік міндет.

Үздіксіз білім беру жүйесінде болып жатқан тың өзгерістер мен әлемдік деңгейге жету үшін жасалып жатқан талпыныстар, бүгінгі маманнан білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарға сын көзбен саралай отырып бағалауды, білім берудің әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, терең білімді, ізденімпаз, барлық іс-әрекеттерінде шығармашылық  бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын белсенді тұлғаны қалыптастыруды талап етіп отыр.

Білім берудің әдіснамалық негіздері – тұлға, таным және іс-әрекет, даму ортасы теориялары, білім алушы тұлғасын жан-жақты және үйлесімді қалыптастыру туралы негіздер болып табылады. Бұл теориялар жеке тұлғаға білім беруді арнайы ұйымдастырылатын іс-әрекет ретінде қарастырады. Аталған мәселелерге ойшылдар, педагогтар, психологтар, әдіскерлердің көптеген еңбектері арналған.

 Шетел психологиясында мынадай тұлға теориялары кең таралған: психологиялық-динамикалық (З.Фрейд); аналитикалық (К.Юнг); ізгіліктік (К.Роджерс, А.Маслоу); когнитивті (Дж.Келли); іс-әрекеттік (А.Бандура, Дж.Роттер); диспозициялық (Э.Кречмер, Г.Айзенк, Г.Олпорт) [40]. Карл Роджерс тұлғаны өзім ұғымымен түсіндірген: ұйымдасқан, ұзақмерзімді, субъективті қабылдайтын мән. Гордон Олпорт тұлғаға мынадай анықтама береді: тұлға – бұл адамның дүниемен өзара іс-әрекеттесуінің сипатын беретін ішкі «бірнәрсе». Ал Эрик Эриксон түсінігінде индивид өмір бойы психологиялық-әлеуметтік дағдарыстар қатарынан өтеді, және оның тұлғасы дағдарыстың нәтижелік қызметі түрінде көрінеді. Джордж Келли тұлғаны әрбір индивидке тән өмірлік тәжірибені ұғынудың ерекше тәсілі деп түсіндірген. «Тұлға-индивид – бұл қоғамда индивид қатысатын қоғамдық сипатта болатын қарым-қатынас жиынтығында меңгерілетін ерекше қасиет...». «Психологияда тұлға – бұл пәндік іс-әрекетте және қарым-қатынаста индивидтің меңгеретін жүйелі (әлеуметтік) қасиет, ол индивидтің бойында қоғамдық қарым-қатынастардың қалыптасу деңгейін көрсетеді». «...Тұлға – таным, толғаныс және дүниеге деген көзқарас негізінде дүниені өзгертуші субъект ретіндегі нақты адам». «Тұлға өзінің қоршаған ортаға, қоғамдық ортаға, басқа адамдарға деген қарым-қатынасымен анықталады. Бұл қарым-қатынастар адамдар іс-әрекетінде жүзеге асады. Адам қаншалықты өзінің қоршаған ортаға қарым-қатынасын саналы түрде анықтаса, ол соншалықты тұлға болып табылады». «Тұлға – бұл адам болмысының идеалды ерекше формасы. Ол адамға субъективтілік сапасын береді, яғни өзінің себебі болуға, өзінің болмысын дүниеде жасауға мүмкіндік береді».

 “Тұлғаның дамуын анықтайтын шарт – іс-әрекет, яғни, танымдық қызығу мен қоршаған ортаның шындығына орай түрлендіруге бағытталған қажеттіліктен туындайтын қасиет.” Тұлғалық ерекшеліктердің жетілуіне қызығу арқылы меңгерілген білімнің есте сақталып, іс-әрекетті ұйымдастыруда, өмірде немесе жаңа білім алуда қолданылуы ықпал етеді.

Адам өмірге келгеннен кейін даму үшін үнемі қозғалыста, іс-әрекетте болады. Ол әлеуметтік тұрғыдан неғұрлым жоғары көтерілген сайын оның жеке тұлға ретінде құндылығы өсе түседі. Жеке тұлғаның негізгі белгісі – оның белсенді, белгілі-бір мақсатты көздеген іс-әрекеті. Бұл іс-әрекет қоғамды және сол адамның өзін өзгертуге және жақсартуға бағытталады.

Тұлғаның қызығуы мен құндылық бағдары тығыз байланысты. Ол өзі үшін құнды әрі қажетті нәрсеге мәселен, оқу тапсырмаларын орындауға қызығады. Кейіннен бұл нәрсе оқушы іс-әрекеттің мақсатына, қозғалғыш күші – мотивіне арналуы мүмкін.

Белсенділік адамның табиғи қасиеті. Психологияда белсенділікті іс-әрекет деп атау қабылданған. Тұлғаның белсенділігі материалдық, рухани, жеке, қоғамдық қажеттіліктерден туындайды. Адамның белсенділігі ерте жасынан-ақ қоғам қажеттіліктерімен реттеліп отырады.

М.Монтень, Я.А.Коменский,  Д.Локк,  Ж.Ж.Руссо, Д.Дьюи өз еңбектерінде балалардың танымдық іс-әрекеті мен белсенділігін оқытуды жетілдіру құралы ретінде қарастырды.

XVI ғасырда өмір сүрген француз ғалымы Мишель Монтень оқытудағы танымдық іс-әрекеттің маңыздылығын ерекше атап көрсетті: «Тәрбиеші баланы бастан-ақ оның бойындағы қабілеттерді еркін көрсете білуін, түрлі заттардың дәмі мен олардың ерекшеліктерін ажыратуда өз бетінше іс-әрекет етуін, кейде оған жол көрсетіп, ал кейде, керісінше, өзіне іздетіп отыруын қалаймын».

Алғаш білім берудегі белсенділіктің анық ұстанымын чех педагогы Я.А.Коменский «білім алуға деген талпынысты күшейту үшін, оқыту балаларға көп қуаныш пен сәттіліктер береді» деп атап көрсетті.

Ж.Ж.Руссо тәрбие мақсаты жөнінде пікір айтып, баланың шығармашылық тұлғасын көрсету керектігін айтты. Ол оқудағы белсенділік, өзбеттілік, дербестік ұстанымын көрсетіп берді. Ж.Ж.Руссо баланың өз бетінше білім алудағы мұғалімнің рөлін ескермегенімен, оқу үрдісінде танымдық іс-әрекет идеясына үлкен мән берді. Руссо оқыту үрдісінде ең бірінші орын белсенділік пен өзбеттілікке, ізденімпаздық принциптерінің маңыздылығына ерекше тоқталды.

Американдық психолог-педагог Джон Дьюи оқушының белсенді танымдық іс-әрекетінің маңыздылығын айта келіп, негізгі дидактикалық мақсат білімді түсіндіру емес, ол өздерінің тәжірибесі негізінде оқыту, тума қабілеттерінің дамуына қолайлы жағдай жасау қажет деген пікір айтты.

Демократиялық педагогиканың өкілдері И.Г.Песталоции, К.Д.Ушинский, Ы.Алтынсарин т.б. тұлғаның белсенділігіне, оның шығармашылық іс-әрекетіне ерекше мән берген 

И.Г.Песталоции «Көзбен қабылдау әліппесі» деген еңбегінде баланың сезім тәжірибесіне сүйенеді. Ол ақыл-ой тәрбиесінің алғашқы сатысы – танымдық белсенділікті дамытуға қажетті оқытудың эвристикалық бақылау әдістемесін жасайды. «Адамның әрбір сөзі, әрбір іс-әрекеті – бұл оның бақылаулары нәтижесінде қалыптасқан ой-өрісінің жемісі».

Қазақ мектептерінде дидактикалық міндеттерді шешуде Ы.Алтынсарин оқыту міндеттері ретінде оқушының белсенді ақыл-ой іс-әрекетін дамытуды көздеді. Ол оқытудың жеке әдіс-тәсілдеріне мыналарды жатқызады: оқыту әдісі – бұл  оқушының білімге құштарлығын оятатын, алған білімін тереңдету мақсатында өз бетінше білімін арттыруға бастайтын жол; сабақта оқушының белсенді ой-іс-әрекетін жаттықтыру. «Маңыздысы - оқушының өз бетінше ойлана білуі...».

А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, С.Көбеев еңбектерінің ой тұжырымдары бүгінгі күннің жас ұрпағын тәрбиелеуде өзіндік мақсат-міндеттерімен үндесіп, балалардың танымдық қызығушылығын тудыра отырып, белсенділіктерін дамытуда құнды  пікірлер айтты.

А.Байтұрсынов бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алу керек, мұғалімнің басты міндеті балаға жұмысты күш-қуатына қарай шағындап беру және белгіленген мақсатқа қарай бағыттап отыру керек екендігіне көңіл бөле келе, ол осының барлығы баланың мектепке дейінгі кезеңінен басталатындығын айтқан.

Ресейде 50-ші жылдардан кейін балалардың белсенділігі көптеген зерттеушілердің еңбектерінде көрсеткіш, сапа, іс-әрекет түрінде талданып, зерделенді. Мысалы, Е.Я.Голант білімдер жүйесін меңгерудегі баланың дербестігі мен белсенділігі оның интеллектілік жан-жақты дамуына, шығармашылық ойлау қабілетінің артуына ықпал ететін құрал деп жоғары бағалады.

Н.В.Бочкина өзінің педагогикалық зерттеуінде танымдық ізденімпаздық пен белсенділікті жеке тұлғаға тән жиынтық қасиеті ретінде қарастырды.

Т.И.Шамова белсенділікті жеке тұлғаның сапасы деп белгілей отырып, «...бұл сапа іс-әрекет мазмұнында... оқу-танымдық мақсаттарға жұмылдыруында көрініс табатындығын» анықтайды.

И.Я.Лернер белсенділікті ізденімпаздықтың шартына жатқызып, белсенді болмай, ізденімпаз бола алмайсың деген пікір айтты.

Жеке адамның  белсенділігі педагогикалық мәселе ретінде В.И.Лозовая докторлық дисссертациясында зерттеді. Автор жеке тұлғаның мәні мен осы ұғымның іс-әрекет ұғымына қатынасын ашуда түрлі көзқарастың орын алып отырғанын атап өтеді.

Біріншіден, белсенділік тірі жүйелердің ерекше қасиеті ретінде жалпы категория түрінде қарастырады. Іс-әрекет әлеуметтік нысан үшін айырықша белсенділік ретінде көрініс табады. Екіншіден, белсенділік пен іс-әрекет ұғымдары теңестіріледі. Үшіншіден, белсенділік іс-әрекеттің сапалық сипаттамасы деген анықтама беріледі.Төртіншіден, белсенділік дегеніміз жеке адамның сипаты, оның қасиеті.

В.И.Лозовая әрбір көзқарасты қарастыра келе, оларға жасалған талдау белсенділікті жеке тұлғаның сипаты деп айқындауға негіз беретінін атап өтеді, ол адамның іс-әрекетіне қатынасынан көрініс табады, бұл іс-әрекет етуге дайын болушылық, ұмтылушылық, оны жүзеге асыру сапасы, алға қойылған мақсаттарға жету үшін оңтайлы жолдарды таңдау. Жеке адамның білім алуды, қол жеткізген білімін тереңдетуді, қоғамдық рухани мәденитін ұғынуды, өз қабілетін көрсетуді қажетсінуі танымдық белсенділіктің қайнар көзі болып табылады деген қағида айтты.

А.Е.Әбілқасымова белсенділік пен ізденімпаздық ұқсас категориялар емес, сонымен бірге бұл ұғымдардың белгілері де бар (өз бетінше іс-әрекет етуге ұмтылушылық) екендігін айтып өтті.

Информация о работе Бастауыш сыныпта дүниетану сабағында оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту