Бастауыш сыныпты оқытуда жаңа ақпараттық технологияны қолданудың тиімділігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Апреля 2014 в 17:44, доклад

Краткое описание

Біз бейбіт елде, мемлекеттік білімді жетілдіруге аса мән берген елде тұрамыз. Жалпы білім берудің мақсаты – терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі дамытуға адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдерді қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру, яғни жеке тұлғаны қалыптастыруға негізделген, ақпаратты технологияны терең меңгерген, жылдам өзгеріп жататын бүгінгі заманға лайықты, жаңашыл тұлғаны қалыптастыру.
Қазіргі уақытта интерактивті құралдардың көмегімен мұғалімнің, оқушының шығар машылықпен жұмыс істеуіне жол ашылып отыр.

Вложенные файлы: 1 файл

доклад.doc

— 126.50 Кб (Скачать файл)

С.А. Амандыкова

Лингвистикалық бағытта жұмыс істейтін №16 орта мектеп

 

БАСТАУЫШ СЫНЫПТЫ ОҚЫТУДА ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

 

Умелое использование интерактивной доски в начальных классах в процессе обучения составляет основу повышения качества знания.

Using interactive blackboard in elementary class in process of teaching consists basic achievement quality of  knowledge.

 

 

Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне-өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік, дүниетанымы дұрыс қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны айрықша. Мектеп қазіргі қоғамның дамуымен, әлеуметтік практикамен тығыз байланысты. Мектеп өмірі балаға жаңа әлемнің есігін ашып беріп, рухани дүниесінің қалыптасуына негіз салады.

Тәрбиенің сан салалы, күрделі мәселелеріне терең бойлауға бастайтын, күнделікті тұрмыста кездесетін дағдылар арқылы баланың жан дүниесіне әсер ететін білім мен тәрбиенің алғашқы баспалдағы – бастауыш мектеп. Бастауыш саты – білім, дағды, іскерліктің қалыптасуының бастамасы болып табылады. Келешекте жалпы білім алу мен кез келген арнаулы мамандықтарға талпынудың іргетасы осы бастауышта қаланбақ. Сондықтан, оның сипаты мен мазмұны, оқытудың әдістері мен формалары қазіргі жағдайда жан-жақты талданып отыр.

Қоғамның дамуы ғылыми-техникалық прогрестің тез даму қарқынымен сипатталады. Қазіргі егемен елімізде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді пайдалану арқылы білім сапасын арттыру – бүгінгі күннің басты мақсаты.

Ал білімді ақпараттандыру жүйесінің негізгі мақсаты – ақпараттық-коммуникациялық технологияның (АКТ) қазіргі заманға сай жетістіктерін пайдалана отырып, Қазақстан Республикасында білімнің сапасын арттыратын, болашақ кәсіби шеберлердің ақпараттық мәдениетін қалыптастыратын, мәдениаралық және тілдік коммуникацияның негізін жасауға бағытталған, бірыңғай танымдық орта жасау.

Қоғамның дамуымен қатар, ғылыми-техникалық прогрестің тез дамуы, сонымен бірге күнделікті тұрмыс тіршілікте кездесетін кейбір жағдайларға байланысты білім беру жүйесінде оқытудың жаңа жолдары мен түрлерін іздеуді талап етеді.

Біз бейбіт елде, мемлекеттік білімді жетілдіруге аса мән берген елде тұрамыз. Жалпы білім берудің мақсаты – терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі дамытуға адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдерді қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру, яғни жеке тұлғаны қалыптастыруға негізделген, ақпаратты технологияны терең меңгерген, жылдам өзгеріп   жататын бүгінгі заманға лайықты, жаңашыл тұлғаны қалыптастыру.

Қазіргі уақытта  интерактивті құралдардың көмегімен мұғалімнің, оқушының шығар машылықпен жұмыс істеуіне жол ашылып отыр.

Интерактивті құралдардың келесі ерекшеліктерін атап өтуге болады:

1.Бормен тақтаға жазылған  кескінді интерактивті тақтадағы түрлі – түсті айқын, ұқыпты кескінмен салыстыруға болмайды

2. Тақта мен бордың  көмегімен әр түрлі қосымшалары  бар жұмысты түсіндіру қиын әрі мүмкін емес.

3. Слайдтарда, флипчартта  қателер жіберілсе, тез арада түзетуге болады

4.  Сабақта   ACTIVote тестілеу жүйесі арқылы тест алу мүмкіндігін қолдануға болады.

5. ACTIVwand указкасының  көмегімен тақтаның жоғарғы бөлігіне кішкентайларға да қол жеткізуге мүмкіндік береді.

6. Сабақта көрнекілікті қолдану деңгейі артады.

7. Сабақтың өнімділігі  артады.

8. Оқушылардың білім деңгейіне оң әсер етеді.

Прожектор және Шторка құралдары экранның белгілі бір кішігірім аумағын көрсетуге арналған. Прожектор құралы аудиторияның назарын бір объектіге аударуға арналған. Экран бетінде бір мезгілде бірнеше объектілер орналасқан болса, оның қажет объектісін ерекшелеп, қалғанын жауып қоюға болады. Шторка  экранның бір бөлігін жауып қоюға арналған (есеп шығаруда дұрыс жауаптарын, оқушыларға әзір белгісіз ақпаратты) және материалды оқу барысында  мүмкіндігінше тақтаның қажет бөлігін көрсету.

Интерактивті құралдарды сабаққа пайдаланғанда дидактикалық бірнеше мәселелерді шешуге көмектеседі:

-         пән бойынша базалық білімді  меңгеру ;

-         алған білімді жүйелеу ;

-         өзін - өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру;

-         жалпы оқуға деген ынтасын арттыру

Іс тәжірибемде интерактивті  құрылғылардың барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, оқушылардың шығармашылық даралығын қалыптастыру үшін сабақта төмендегі іс – шаралардың қолданудың маңызының зор екенін байқадым.                  

- Оқушының дайындық деңгейін, ынтасын және қабылдау жылдамдығын ескеру   арқылы жаңа материалдарды меңгеруге байланысты оқытуды ұйымдастыру және оқыту процесіне интерактивті құрылғылардың мүмкіндіктерін пайдалану.

- Оқытудың жаңа әдістері  мен формаларын ( проблемалық, ұйымдастырушылық іс-әрекетін компьютерлік ойындар және т. б.) сабақта жиі қолдану.

-Жаңа ақпараттық технология құралдарын (жаңа типті компьютерлер, телекоммуникация, виртуальды орта және мультимедия – технология, интерактивті құрылғылар) пайдалану арқылы оқу процесінің материалдық – техникалық базасын жетілдіру.

Алдын ала  дайындалған оқу материалдары – презентациялар, мәтіндік, графикалық ақпараттық объектілер – сабақтың жақсы өтуін және барлық ақпарат түрлерін қолдануды қамтамасыз етеді. Сонымен, «Активті экран» кешенін қолдану арқылы оқыту үрдісінде жаңа дидактикалық мүмкіншіліктерді ашуға мүмкіндік береді.         

 Мұғалім алдыңғы сабақта өтілген материалды ашып, өткен сабақты қайталай алады. Мұндай әдістеме сабақта екпінді түрде өткізуге  мүмкіндік береді. Тақтада жұмыс істеген мұғалім мен оқушының орындаған іс-әрекеттерін есте сақтап келесі сабақта қолдануға болады.

Сонымен, интерактивті тақтаны пайдалану сабақтың негізгі тапсырмаларын білуді жеңілдетеді, заттар жөніндегі мәліметтерді, деректерді есте берік сақтауға ықпал жасайды. Оқушылар өтетін тақырыппен жұмыс жасауға әуес, ынталы келеді. Сондықтан да, интерактивті тақтамен жұмыс жасау оқушылардың белсенділігін дамытуға әсер етеді, олардың назарын белгілі бір бағытқа жұмылдырады.  Білімді игеру үстінде оқушының ақыл-ойын дамытуға, ғылыми білімді игертуге, деректерді есте сақтау үшін әрбір сабақ үстінде интерактивті тақтаны пайдалану қажет-ақ. Өйткені, берілген тақырып бойынша жаңа сабақты түсіндіру, өткен материалды қайталау не бекіту кезінде пайдалану әрбір сабақтың әсерлігін және мазмұнын арттырып, оқушыға қызықты, жалықтырмай игеруге септігін тигізеді.

   Мысалы: 3-сыныпта «Қаңқа» тақырыбын өткенде оқушылар сүйектердің атын атай отырып, қаламның көмегімен адам қаңқасын құрады.

 Бұл интерактивті тақтаны дұрыс пайдалану мазмұнды ұғымдардың қалыптасуына көмектеседі, оқушылардың логикалық ойлау және сөйлеу қабілетін дамытуға, нақтылы құбылыстарды қарастыру және талдау негізінде, кейін практикада қолданылатын тұжырымдарға келулеріне көмектеседі.

Сонымен, оқуда интерактивті тақтаны пайдалану арқылы оқушылардың білімі нанымы болады. Сол сияқты өсімдіктер, жануарлар тарауын өткенде дайын суреттерді көрсету, электоронды оқулықты пайдалану оқушылардың білімді меңгеруін жеңілдетеді, деректерді есте сақтауға ықпал жасайды.

Математика пәнінен ұзындық, сыйымдылық, көлем тақырыбын өткенде сабақта уақытты үнемдеу, демонстрациялық материалдар даярлау мақсатында интерактивті тақтаны пайдаланған тиімді. Тақтадағы арнайы сызғыштың көмегімен оқушы фигураларды өлшеп, сыза алады.

           Қазақ  тілі сабағында жүргізілетін  жатқа жазу,  суреттің бір бөлігін  ғана                                       көрсетіп қалған бөлікті жауып қойып, жасырылған суретті тапқызу үшін шторканы қолдануға болады.

      Сурет бойынша әр түрлі жұмыстар жүргізуге болады. Жұмбақ, өлең, мәтін құрастыру. Бұл мұғалімнің шеберлігіне байланысты.

          Оқушылардың  көпшілігі естігенінің 5 % және көргенін  20 % есте сақтайтыны белгілі. Аудио және видео ақпаратты бір мезгілде қолдану есте сақтауды 40-50 % дейін арттырады.

Білім негізі бастауыш сыныптарда қалыптасатыны барша жұртқа аян. Сол үшін бастауыш сыныптағы оқу-тәрбие жұмысына аса күшті назар аударуымыз керек. Оқу процесін жетілдіріп, сабақ сапасын арттырудың әдіс-тәсілдері көп.

Интерактивті тақта әр түрлі бағытта оқытуды және сабақ беруді өзгертуі мүмкін. Олар сабақтан тыс, уақытты жоспарлауға, сондай-ақ сабаққа дайындалуға, оқушылардың зейінін аударуға және ынталандыруға, ақпараттарды көрсетуге, уақытты тиімді пайдалануға өте қолайлы. 

Интерактивті тақта – барлық сыныпты оқыту үшін таптырмайтын құрал. Бұл визуалды ресурс мұғалімнің жаңа материалдарды оқушыларға өте тартымды және тез жеткізуіне көмектеседі. Бұл тақта ақпараттарды әр түрлі мультимедиялық ресурстардың көмегімен жеткізуге мүмкіндік береді: мұғалімдер мен оқушылар материалдарды түсіне және жете толық игере алады. Қиын мәселелерді жеңіл түсіндіріп, схемаларды беруде өте ыңғайлы. 

Мұғалімдер қандай да бір материалдарды тартымды және динамикалы түрде жеткізу үшін тақтаны пайдалана алады.

Интерактивті тақтада объектілер мен жазуларды жеңіл қозғалтуға, мәтінге түсініктеме қосуға, суреттер мен диаграммаларды, бастау аймақтарды белгілеуге және түстерді қосуға болады. Сондай-ақ суреттерді немесе графиктерді, мәтіндерді жасыруға болады, сондан кейін қажетті уақытта көрсетуге болады. Мұғалімдер және оқушылар көпшілік назарын аудара отырып, осының барлығын тақтада сынып алдында жасайды.

Оқу процесінде, оның ішінде практикалық сабақтарда интерактивті құралдарды қолдану мұғалімнің жеке тәжірибесіне, шығармашылық ізденісіне байланысты.

Интерактивті құралдар оқыту формасын ұйымдастыруды түрлендіруге, дәстүрлі оқыту әдістеріне жаңа элементтер енгізуге мүмкіншіліктер жасайды.

Білім берудің ақпараттандыру процесі пән мұғалімдеріне жаңа ақпараттық технологияны   жан - жақты пайдалану саласына үлкен талап қояды.

Қорытындылай келе интерактивті құралдарды орынды қолдану оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады, оқыту сапасын жетілдіруге көмектеседі. Оқушылар үшін, мұғалімдер үшін интерактивті тақталар тапсырмаларды тартымды ететінін, әр түрлі динамикалық ресурстарды пайдалануға болатынын және ынтасын жақсартатынын байқадым.

 

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасының «Білім турала» Заңы

       2.    Қазакстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік    

              бағдарламасы

       3.    Педагогические технологии информатизации образования. /Под ред. Беркимбаевой Ш.К. – А.: 2002.

      4.  Ұстаздық шығармашылық Б.А. Тұрғынбаева Алматы, 2007ж


Информация о работе Бастауыш сыныпты оқытуда жаңа ақпараттық технологияны қолданудың тиімділігі