Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2015 в 17:27, автореферат
1. Мұғалімдер көрнекі құралдарды өздері жасағанда қойылатын талаптар
2. Стильдік –синтаксистік жаттығу жұмыстары
Грамматика сабақтарында қолданылатын көрнекіліктср
Мұғалімдер көрнекі құралдарды өздері жасағанда мынадай талаптарды ескеруге тиіс:
1. Таблицаларда
грамматикалық материал
таблицаларда берудің қажеті жоқ.
Кез келген тақырыпқа таблица жасай берудің қажеті жоқ. Грамматикалық тақырыпты түсіндіру барысындағы жұмыстың максатына, сипатына қарай. жалпы (қорытынды) таблица және жеке таблица жасалады.
Көрнекі құралдың пайдалы жағынан бірі оқушылардың өздіктерінен орындайтын жұмыстарын ұйымдастыруда. Оқушылар мұғалімнің басшы.іығымен таблицаны оқиды, түсінеді, оның бөліктерінің ара қатынасын анықтайды, қопытынды шығарады. Сонан кейін мұғалім оларға түрлі тапсырма береді (таблицанып дәптерге көшіріп жазу, басқа бір материалға осындай таблица жасау, өз жандарынан мысалдар келтіріліп, таблицаларды салыстыру, қорытынды жасау, таблица бойынша тсксерту т. б.).
Көрнекіліктің бірі оқушылардың дәптері болып есептеледі. Дәптер арқылы сыныпта ұйымдастырылған жұмыстың мазмұнын, жүйесін, әдісін, сондай - ақ, оқушының білім, білік, дағды дарежесін білуге болады. Қысқасы, дәптер - оқушы жұмысының айнасы.
Әр сабақтың барысында оқушылардың барлық дэтерлеріне сол күнгі датаны жазады. Бір жол тастап, сабақтың тақырыбын не тақтадан, не оқулықтан көшіреді. Әрбір жеке тапсырма жаңа жолдан бастап жазылады. Жаттығудың нешінші екені цифрмен белгіленеді. Оқушылардың жазғандары анық, таза, мүмкіндігінше, сауатты болу керек. Қажетті грамматикалық немесе орфографиялық құбылыстар сызылады, жаттығуларға түрлі түсті қарындаштарда пайдаланылады.
Көрнекі құралдарға компьютер, магнитофон, грампластинка, оқу фильмдер; диафильмдер де жатады. Оқушылар пластинкаларға жазылғандарды зейін қоя тыңдап мұғалімнің басшылығымен қайталап айтады, жазады, тыныс белгілерін қояды, талдайды. Қосымша құралдар ретінде дидактикалық материалдар да пайдаланылады. Оның ішінде әсіресе, түрлі буындар, сөздер, сөйлемдер жазылған карточкалар, конверттер көп қолданылады.
Стильдік - синтаксистік жаттығу жұмыстары - оқушыларға тіл стильдері тұралы, олардың тілдік құралдары және ерекшеліктерін таныту барысындағы ең көп жүргізілетін жаттығу жұмыстарының бірі.
Негізінде стильдік - синтаксистік жаттығулар жүйесі оқушыларға сөз тіркестері, сөйлем, тіркестерщдің стильдік қолдануы мен олардың ойды жеткізудегі тіл стильдеріне қатысы туралы білім мен дағды беру немесе оны бекітуді кездейді.
Мысалы: Сөз тіркесіне байланысты стильдік - синтаксистік жаттығу жүйесі негізінде грамматикалық материалдарға байланысты. сөз тіркестерінің стильдік қолданылуын анықтау мақсатында жүргізіледі:
Оқытудың негізгі мәні тілді практикалық меңгерту болғандықған сөз тіркестерін оқытудағы жүргізілетін стильдік - синтаксистік жаттығуларға сөз тіркестерін белгілі бір тіл стильдеріне байланысты сөйлем құрастыру және мектеп оқушыларының тілдегі сөйлем құрудағы стильдік кемшіліктерді түзету сияқты жұмыстар ұйымдастыру енеді. Мысалы:
1 - жаттығу. Берілген текстердегі
негізгі және бағынышты сөзді
анықта. Кітаби стильдеріне байланысты
қолданылатын тіркестерді
Жиналысты өткізу, қызықты кітап, көңілді серуен, ытыққан жүздер, уақытты өлтіру, ондағы мақсат, табыс кепілі, өнімдерді өндіру.
Сөйлемді оқытуға байланысты жүргізілетін стильдік - синтаксистік жаттығулар негізінде сөйлемнің стильдік ерекшеліктерін танытуға байланысты және ойды жеткізудегі сөйлемдердің тіл стильдеріне катысын анықтау барысында жүргізіледі.
Әсіресе, сөйлемдердің тіл стильдеріне байланысты түрліше құрастырылуы, жасалуы сияқты ерекшеліктерін үйретуге сай жаттығулар жүйелі түрде жүргізіледі.
Стильдік - синтаксистік жаттығу жұмыстары синтаксистің стильдік ерекшеліктерін игертуге байланысты мынадай мәселелерге көңіл аудартады:
- тілдегі стильдік - синтаксистік
тіркестердің ерекшеліктерін
ойды тіл стильдеріне байланысты жеткізу мақсатында тіркестер мен сөйлемдерді алмастырып, стильдік эксперимент жасауға дағдыландыру; әр түрлі тіл стильдеріне байланысты сөйлем құрау мен текст құрастыруға жаттықтыру;
тіл стильдеріне байланысты ойды жеткізу бағытында өз практикасында қолдана білуге дағдыландыру.
Стильдік — синтаксистік қате деп сөз бен создің байланысу тәсілдерінен, сөз тіркестерінен, сөйлем құрастырудан жіберілген кемшіліктерді айтамыз. Оқушыларда бұл қателердің мына сияқты түрлері кездеседі:
А) сөйлемдегі сөздердің байланысу тәсілдерінен кате жібереді. 1. Алыстағы ағаш басы карауытып көрінеді.
Бұл сөйлемдегі шатаса байланыс жасайтын ілік септігінің жалғауын түсіріп қолдану, сөйлемдегі ойды күңгірттеген. Тілімізде ілік септігінің жалғауының түсіріліп қолданылуы кездесе береді. Сондықтан оқушылар ондай құбылысты дағдылы норма деп ұғынады да өз ойларын жеткізуде талғамай қолданып, стильдік қате жібереді.
Ә) сөйлемдегі сөздердің орын тәртібінен қате жіберіп, сөздің әдеттегі орнын ауыстырып қолданудағы стильдік мәнді ескермейді. Содан барып оқушылар инверсиядан қате жібереді, ол туралы түсініктерінің аз екендігін байқатады. Мысалы, «ұзақ сапардан шаршап келді. Ер Төстік» деген сөйлемдегі бастауыш сөз эдсттегі өз орнында тұрған жоқ.
Жазушылар мен ақындардың шығармаларында мұндай сөйлемдерді стилистикалық мақсатты қолдана береді. Орым ауыстырып қолдану кебінесе инверсия, қайталау мақсатында, яғни сол орын ауыстырылған сөзге оқушылырдың назарын аударып, экспрессивтік мән беру үшін қолданылады. Оқушылар ондай мақсатта қолдануға тәжірбесіз келеді.
Әсіресе, оқушылар бұл сияқты қателерді өлең сөздің мазмұнын айтыл беруде жібереді. Өйткені, өлең сөзде сөздердің әдеттегі орны сақтала бермейді. Оқушылар өлеңці мазмұндап беруде өлеңде қолданылған сөйлемдерді сол калпында пайдаланады. Мысалы, «мен көрдім ұзын қайыц күлағанын» деген сеіілемдегі бастауыш пен баяндауыш бөлек турыл, бяндауышы сөлемнің соңында турып байланыстырылады. Ал, оқушылар сол секілді сөйлемдегі сөздердің орныл ауыстырып, ойын жеткізуде мақсатына қарай түрлендіріп қолдануға тәжірибесіз болады.
Б) Құрмалас сөйлемдегі жай сөйлемдердің ара жігі ажыраталмай, араластырып, бір - бірімен байланыстырылмай, айтатын ойын шашыраикы беру кездеседі. 1. Интернатқа Бораштың апасы келіп, апасы оны көріп, сүйтіп, айқайлап жылап, құшақтады.
В) сөйлемдерде екі бастауыш сөзді қатар колдана береді. 1. Ғ. Мүсірепов ол «Қос шалқар» әңгімесін жазды.
Стильдік - синтаксистік кателіктерді болддырмау мен түзету барысында мына сияқты жұмыстарды жүргізуге болады:
- белгілі
сөздерден сөз тіркестерін жасату және
олардан сөйлемдер құрату;
аяқталмаған сөйлемдерді аяқтау және
сөздерді алмастырып көру;
бір ойды беру үшін вариант пен сөйлемдер құрату;
сөйлемдегі сөздердің орнын ауыстырып көру ондағы ауысуын қадағалау;
- құрмалас сөйлемдегі жай сөйлемдерді ажыратып, тиянақтау жәнес ондағы ойды анықтау немесе берілген бірнеше жай сөйлемнен бір құрмалас сөйлем құрауға жаттықтыру;
сөйлемдердегі сөйлем мүшелерінің орнын анықтау, оны ауыстырып байқау;
- өлеңмен жазылған сюжетті көркем шығармаларды ауызша және жазбаша мазмұндату (әр түрлі шақта және жақта); берілген жоспар бойынша шығармалар мен мазмұндамалар жаздыруға жаттықтыру.
Стильдік - синтаксистік қателермен
жұмыс жүргізуде тыныс
Бастауыш сыныптарда берілетін грамматикалық білімнің саласы - сөйлем синтаксисі. Сөйлемнің құрылымдық түрлерін таныту, оның ішінде жалаң, жайылма сөйлемдер туралы түсінік қалыптастыру, бағдарламаға сәйкес, 3 - сыныпта өтіледі. Сөйлемнің құралымдық түрлерін меңгерту сөйлем мүшелерін, олардың сойлемдегі орнын танытумен қоса жүргізіледі. Сөйлем құрауда оқушылардың логикалық ойлау қабілетін қалыптастыруға, сөздік қорын дамытуға назар аударылады. Жаңа сөздер, орфоэпиялық норманы сақтап, сауатты сөйлеу, сөйлемді толық айту үйретіледі. Мұның бәрі жаңа материалды игерту кезінде, сабақ барысында жүзеге асуы тиіс.
Информация о работе Грамматика сабақтарында қолданылатын көрнекіліктср