Дамыта оқытудың міндеті - «ең таяу даму зонасын»

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2014 в 09:02, реферат

Краткое описание

Қазақстан Республикасының «Білім Заңында» (8 бап) білім беру жүйесінің міндеттері бөлімінде: « Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен тәжірибе жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға дәне кәсіби шыңдауға бағыттылған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» делінген. Және де Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді деңгейлері мен мазмұны нақты көрсетілген: « бастауыш мектептің негізгі міндеті- баланың жеке басын бастапқы қалыптастыруды қамтамасыз ету, оның қабілеттерін анықтау және дамыту» делінген.

Содержание

І. КІРІСПЕ ……………………………………………………………….3

II.НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1 Оқу процесінде дамыта оқытудың ролі, педагогикалық теориялық негіздеулері ………………………………………………………………..6
1.2 Оқу процесінде дамыта оқытудың ерекшеліктері мен формалары, әдістері…………………………………………………..11

III.ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ..................................................................12
ПАЙДАЛАНЫЛГАН ӘДЕБИЕТТЕР

Вложенные файлы: 1 файл

Дип.-БАСТАУЫШ-СЫНЫП-ОҚУШЫЛАРЫН-ДАМЫТА-ОҚЫТУДЫҢ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ШАРТТАРЫ.doc

— 99.00 Кб (Скачать файл)

           Төменде дамыта оқыту жүйесінің  негізгі дидактикалық принциптеріне тоқала отырып, мектептер осыдан өзіне не ала алады деген мәселеге тоқгалып өтеміз.

І. Жоғары қиындықта оқыту принципі.

Бұл баланың шамасы, келетін мәселелер төңірегінде айналсоқтап тұрып, қалай білім деңгейін күрделендіру, сол арқылы оны қиындықгы жеңуге үйрету, өз күшіне деген сенімін туғызуға әкелу. Баланың өзінің білетінінің төңірегінде ғана қалсақ, немесе ойлауға жетектемесек, оның дамуын тежегеніміз.

     Бұл принциптің  мақсатына жету үшін дәстүрлі  оқулықгардағы жеңіл-желпі тапсырмалар орнына, баланың тапқырлығын, зерделілігін дамытатын шығармашылық тапсырмаларды орындау үлкен нәтиже беретіндігіне көзіміз жетті. Ағылшынның философы Б.Шоу адамды қызган сайын ширай түсетін кірпішпен салыстырған екен. Сол сияқты қиындығы бар тапсырмаларды орындау, баланың ақыл-ойын арттырып, шығармашылығын шындайды.

2. Дамыта оқыту  жүйесінің маңызды принциптерінің  бірі -теориялық білімнің жетекші  ролі принципі.

     Бұл принціпте оқу барысында бақылаулар, қарапайым зерттеулер арқылы нәтижеге келулері керек. Өтіліп жатқан тақырыптағы заңдылықтарды, байланыстарды сезінуге, қорытындылауға үйрету. Бірақ, жаттап алмай сол қорытындыға саналы түрде әкелуге келтіру. Мұғалім осы күрделі жұмысқа басшылық жасап қана отырады.

     Оқу барысындағы оқушылар зерттеу, бақылау жүмыстарын жүргізеді.    Мұғалімнің жетекшілік етуімен көркем шығармадағы әрбір оқиғаға өзінше баға беруге, ойланып, қорытынды жасауға үйренеді.

З. Оқу процесін түсіну және сезіну

    Бұл принцип  саналы оқу принципіне қайшы  келмейді. Саналы оқу дегеніміз берілетін білімді ұғынуға бағытталған. Ал, оқуды түсіну (сезіну) оқушы өз бойындағы оқудан алған өзгерістерді байқауы: бұған дейін мен мынаны білуші едім, осы пәнді оқу арқылы мынадай жаңа нәрсе ұйрендім дегенді сезіну. Осы тұрғыдан алғанда саналы оку мен оқу процесін түсіну, сезіну әртүрлі психикалық іс-әрекетпен байланысты.

4. Сабақ материалын  жеделдете өту.

Бұл принципке қарсылық білдірушілер табылуы мүмкін. Өйткені, әр тақырыпқа, әр тарауға берілген сағат саны бар, одан асып қайда барамыз деуі мүмкін.. Бала өз табиғатында жаңалыққа құмар, жаңа нәрсе білуге ұмтылып тұрады. Ендеше мақсаты, мазмұны бір тақырыппен мезі қылу бала дамуын тежейді. Бұдан қайталаулар санын қысқарту керек, жаттығулар санын азайту керек деген ұғым тумаған дұрыс. Жүйе әрбір жұмыс түрін орындауға жаңаша көзқараспен қарауға, баланың дамуына әсер ететін жағын ойластыруды көздейді. Мүмкін болған жерде қазақ мектептерінде қосымша материалдар, қызықгы есептер, жаттығулар дайындап келіп, сабақта орындату окулықтардағы олқылықтарды толтырар еді. Бұдан білім алу сапасы артары сөзсіз.

5. Барлық оқушылардың  дамуы үшін жұмыс істеу.

Дамыта оқыту жүйесінің тағы бір ерекшелігі сынып окушыларын " жақсы "жаман" деп бөлмей, барлық баланың дамуы үшін қолайлы жағдай туғызуды мақсат тұтуы. Нашар оқушының да өз шамасы келгенше, қабілеті жеткен жерге дейін еңбек етуі ойластырылған. Сол арқылы ол да өзін мүмкін дәрежеге дейін дамыта алады. Бұл жолда оның қателесуі, жаңылуы әбден мүмкін. Тек мұғалім тарапынан көрсетілген сабырлылық, байсалдылық оның өз күшіне деген сенімін арттырып, алға жетелейді.

б. Оқытушы мен оқушы арасындағы жаңаша қарым-қатынас орнату.

Осы кезге дейін ұстанып келген мұғалімнің сыныпта беделі болуы, ол беделді балаларды қорқыту, зеку, айтқанын қалайда орындату (баламен санаспай) арқылы жинау, баланың дамуына үлкен кедергі жасап келді.

Бірнеше рет қайталанған ,ескерту әлгі баланы жасқаншақ, өз ойын айтуға қорқатын, бірте-бірте ақыл-ойы төмендеген, белсенділігі жоқ оқушыға  айналдырады.   Ендеше  оқушыны  кішкентай  бала емес, адам деп қарау, оның жан дүниесін сезіне білу, көзқарасымен, пікірімен санасу, құрметтеу, білім алуға қажетті фактордың бірі болып есептеледі. Бала кездегі қарым-қатынастар, анасының, мұғалімнің, жолдастарының түсіністігі, сыйластығы есейген кезде әртүрлі жағдайда өзін дұрыс ұстауға, еркін сезінуге тәрбиелейді. Баланың әрбір жетістігін көріп, оны ынталандырып отыру, оны жоғары эмоциялық көңіл күйге бөлейді

     Бала өзі орындаған ұүмысынан, жеңген қиындығынан ләззат алуы керек. Ойланатын, ойландыратын тапсырмалар ғана баланың ішкі резервтерін ашуға мүмкіндік береді.

 Дамыта оқыту сабақгарында  жаңа материалды талдауға зор  көңіл бөледі. Өйткені, талданбаған  шығарма бала жүрегіне жетпейді  деп есептелінеді.

Талдау-бірлескен ізденіс. Ізденіс барысында мүғалім әр баланың көңіл -күйін бақылауға, ой-пікірін байқауға мүмкіндік алады. Әсіресе оқу сабақгарындағы материалды талдау арқылы шығарманың айтар ойы, идеясы бала жүрегіне жетіп, талдау арқылы ар, ұят, қайырымдылық, әдептілік т.б. сияқты адамгершілік қасиеттер балалар бойына жұғысты болады.

 

ҚОРЫТЫНДЫ

  

     Егемендігін алған елімізде жаңа ғасыр алдында оқытудың жаңа жүйесі қалыптасуда, ертеңгі күнге бағытталған рухани жаңарудың іргетасы қалануда. Осындай жаңалықтар оқушылардың ақыл-ойын, шығармашылығын дамыту мәселелерін шешеді. Білімнің сапасын көтереді.

      Сонымен біз дамыта оқыту мен дәстүрлі оқыту жүйелерінің ерекшеліктері мен өзгерістеріне тоқталып өтсек. Айтылғандарды қорыта келе, дәстүрлі оқыту әдістемесі негізінде метафизикалық (экстенсивтік, сандық, мазмұндық) әдіснама, ал дамыта оқыту технологиясының негізінде диалектикалық (интенсивті, сапалық, мәнділік) әдіснамасы жатыр деп айтуға болады. 

        Дәстүрлі  оқыту балада білім, білік, дағды  алуға қажетті ақыл, сана бар  деп есептеп, сол ақылға дайын  білімді құю керек деген көзқарасқа, ал дамыта оқыту білімді бала бойындағы табиғи қабілеттерді жаңа белестерге көтеруді мақсат тұтатын принциптерге негізделген. Дәстүрлі оқыту жаттауға, есте сақгауға, ал дамыта оқыту дербес жүмыс істеуге, алған білімді падалана білуге үйретеді.

                   Дамыта оқыту оқушыларды әр түрлі іс-әрекетке тартуды құптайды, сабаққа дидактикалық ойындар, пікір - таластар, ойлау-қиялдау, есте сақгау, тіл байлығын, логикалық ойлауын, шығармашылық қабілеттерін дамытуға арналған оқыту әдістерін қолдануды ұсынады. Яғни күнделікті сабақга оқушылардың жоғарғы білімдік пен адамгершілік құндылықтарын арттырсақ, жеке тұлға білімдегі шындықты іздеу, салыстыру, дәлелдеу, зерделеу, өз іс-әрекеттерін сараптап, өзіне-өзі баға беруге дағдыланады.

       Қорыта  келгенде, дамыта оқыту арқылы  оқушылардың, өзіндік танымын жетілдірсек, тек ақылды ғана емес, сонымен қатар өз іс-әрекетін сараптап, жан-жүрегімен сезіне алатын, жоғары білімді ұрпақ тәрбиелей аламыз деген сенімдеміз.

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

  1. Білім беру заңы.
  2. 2.ҚР Білім беру тұжырымдамасы
  3. Ж.Б.Қоянбаев, Р.М.Қоянбаев. "Педагогика" Алматы, 2002ж.
  4. Б.Тұрғынбаева.   "Дамыта оқыту технологиялары"  Алматы,2000 Оқу-әдістемелік құрал.
  5. З.Смаилова.  "Дамыта оқыту технологиясының жеке тұлғаның дамуына әсері" . Бастауыш мектеп, ғ 9-2004ж.

7. Ж.Аяпова "Білім        беру       технологиясынын        жетілдірудің психологиялық және педагогикалық сипаттары". Бастауыш мектеп,  5-2003ж.

 

 


 


 



Информация о работе Дамыта оқытудың міндеті - «ең таяу даму зонасын»