Еңбекке оқыту кезіндегі оқушыларды тәрбиелеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Марта 2015 в 20:22, курсовая работа

Краткое описание

Қазақ халық педагогикасында оқушыларды еңбекке тәрбиелеудің әлеуметтік-экономикалық алғышарттарын айқындау үшін, біз қазақ халқының шаруашылығының даму тарихына шолу жасаудан бастағанды жөн көрдік.

Содержание

І. Кіріспе
Еңбек пәні туралы түсінік
ІІ. Негізгі бөлім
1) Теориялық бөлім
A. Қазақ халық педагогикасында оқушыларды еңбекке тәрбиелеудің тарихи және әлеуметтік-экономикалық алғышарттары
B. Қазақ халық педагогикасы идеяларының бүгінгі еңбек тәрбиесіндегі көрінісі
C. Оқушыларды еңбекке тәрбиелеудегі қазақ халқының моральдық-этикалық көзқарастары
2) Практикалық бөлім
ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

Еңбекке оқыту кезіндегі оқушыларды тәрбиелеу.docx

— 60.42 Кб (Скачать файл)

- педагогикалық, психологиялық  апталықтар өткізу;

- жұртшылық алдында озық  іс-тәжірибені ортаға салу, насихаттау  жұмысын 

жүргізу;

- әдістемелік мәжілістерге  қатысу, баяндама жасау, мақала жазу;

- ғылыми әдістемелік жұмыстарды  ұйымдатыру;

- оқу бағдарламалары мен  оқулықтардың мазмұнын талдау;

- оқытудың тиімді әдістерін  игеру;

- жаңашыл педагогтардың  әдіс-тәсілдерімен танысу оны  өз сабақтарында 

шығармалықпен пайдалана білуге дағдылану;

- оқу үдерісіне қосымша  жағдаяттар дайындау;

- негізгі іс- қағаздарды  толтыра алу, жүргізе білу;

- оқу үдесінде тәлім - тәрбие жұмысын жүргізе білу;

Еңбек мектебінің теориясын құрушы Г.Кершенштейнер еңбек

сабақтарының мақсатын кәсіптік қара күш жұмсалатын іс-әрекетке дайындау,

балаларды ыждағатты, тиянақты еңбекпен бірге үлкендерге бағынуды үйрету

деп түсінген. Түрлі қолөнер еңбегінде, зертханалық жұмыстарда, тәжірибелік

сабақтарда жалпы білім беретін ғылыми білімді пайдалануды ұсынды. Қол

еңбегі баланың жеке тәрбиесінің қалыптасуының негізі деген. «Бірыңғай

еңбек мектебінің негізгі қағидалары» және «Бірыңғай еңбек мектебі туралы

ереже» кеңес өкіметінің мектебі туралы алғашқы қағидалары жұмыс істей

бастады. Жоғарыда аталған идеялармен құжаттарды іске асыру ғылыми

дәлелденген тұжырым ретінде қолданды. Сонымен, бұған дейін адамзат

қоғамының дамуының барлық кезеңінде жас ұрпақты еңбекке дайындау

негізгі әлеуметтік-педагогикалық мәселердің қатарына жетекші орын алып

келген. Адамның адам болып қалыптасуындағы еңбектің маңызын ескерсек,

баланы еңбекке баулудың қаншалықты құндылығын түсіну қиын емес.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1) Теориялық бөлім

A. Қазақ халық  педагогикасында оқушыларды еңбекке  тәрбиелеудің тарихи және әлеуметтік-экономикалық  алғышарттары

Қазақ халық педагогикасында оқушыларды еңбекке тәрбиелеудің әлеуметтік-экономикалық алғышарттарын айқындау үшін, біз қазақ халқының шаруашылығының даму тарихына шолу жасаудан бастағанды жөн көрдік. Себебі, қазақ халық педагогикасында оқушыларды еңбекке тәрбиелеудің тарихы қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығының пайда болу, даму, қалыптасу тарихымен тығыз байланысты. Алайда қазақ халқының шаруашылығында ұзақ кезеңдер бойы ұжымдық еңбек қалыптаспады. Себебі, олар көшпелі өмір сүріп, ауыл-ауыл болып қоныстанды. Шаруашылық негізінен отбасында дамыды. Барлық еңбек іс-әрекеті қолдан жасалған еңбек құралдарымен атқарылды. Бұл жағдай Ақпан революциясына дейін сақталды. Көшпелі өмірдің осындай қиыншылықтары халықты балаларын әр түрлі еңбек іс-әрекетіне үйретуге мәжбүр етті. Сөйтіп, отбасында еңбек тәрбиесінің дәстүрі қалыптаса бастады. Біздің осы ойымызды қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен қазақ халқының тарихын зерттеуші ғалым С.Қалиевтің қазақтың халықтық педагогикасының тарихи дамуын 8 кезеңге бөліп оны былайша жіктеуі: (біздің дамуымызға дейінгі тас, қола замандары; б.д.д. VII–ІІІ ғғ – б.д.д. V ғ.; VШ–ІХ ғғ.; Х–ХVғғ.; ХV–ХVІІІ ғғ.; ХVІІІ ғ.-дан ХХ ғғ. 20-ж. дейін; 1920–1990жж.; 1991–2000жж. ) дәлелдей түседі . Адамзат тарихының дамуы тас дәуірі, мыс (қола) және темір дәуірі болып үш кезеңге бөлінетіні белгілі. Соның алғашқы кезеңінде арнайы шаруашылық қам-қарекеті табиғаттың дайын тұрған өнімдерін пайдаланумен ғана шектелген. Әуелгі адам жабайы өсімдіктердің жемістері мен дәндерін жинап қоректеніп, әр түрлі аңдарды аулады. Сөйтіп, аңшылық кәсіп шаруашылықтың негізгі саласына айналды. Бұл кәсіп еңбек бөлінісінде жаңа кәсіптің пайда болуын, яғни тастан құралдар жасауды туындатты. Археологиялық қазба жұмыстарының барысында бізге жеткен осы құралдар «тас дәуірі» деп аталатын шартты атаудың шығуына себеп болды. Осы дәуірдің өзі үш кезеңге бөлінді: палеолит – бастапқы, ежелгі, мезолит – орталық, неолит – соңғы кезең. Бұл кездерде адам баласы дамудың аса ұзаққа созылған азапты жолын өтті. Осы жолда олар үнемі ізденіп, тіршілік тәжірибелерін жетілдіріп, табиғатпен тіл табыса білді. Олардың мезолит кезеңінде садақпен жебені ойлап табуы, шағын тастардан әр түрлі еңбек құралдарын жасауы алға басуға ықпал етті. Біздің заманымызға дейінгі бесінші мыңжылдықта басталған неолит дәуірінде тас құралдары кеңінен қолданылды. Тастарды тегістеу, тесіп, бұрғылау, ағашты арамен кесу сияқты технологиялық әдістердің игерілуі, тұрмыста тас балта, кетпен, дәнүккіш, келі, келсаптардың пайдаланылуы үлкен жетістік болды. Ал қарапайым еңбек құралдарын тастан жасау, оны пайдалануды меңгеру ересек адамдар тарапынан балаларды еңбекке үйретуге, тәрбиелеуге мүмкіндік жасады Ф.Энгельс «алғашқы дәуірде балалар ортақ, қоғамдық болды, өйткені жеке отбасы болған жоқ, сондықтан балаларды тәрбиелеу де алғашқы қоғам мүшелерінің ұжымдық жұмысы болды», – деп көрсетті. Еңбек үдерісінде, ересектермен күнделікті қарым-қатынас жасауда балалар өмірге қажетті дағдылар мен еңбек әрекеттерін меңгерді, халықтың әдет-ғұрпымен танысты, алғашқы қоғамдағы адамдардың өміріндегі салт-дәстүрді сақтауға үйренді. Алғашқы қоғам тапсыз болғандықтан, соған сәйкес тәрбие де барлық адамдарға ортақ, бірдей еді. Алғашқы қоғам дамуының белгілі сатысында тек ер бала мен қыз балаларға берілетін тәрбиеде ғана кейбір айырмашылықтар кездесті. Ер балалар ер-азаматтармен бірге қару-жарақ жасауға, аң, балық аулауға қатысты, ал қыз балалар әйелдермен бірге тамақ әзірлеуге, киім тігуге, үй жинап, кір жууға араласты . Сонымен, біз тас дәуіріндегі еңбектің түрлерін сараптау барысында, адамзат қоғамында балаларды еңбекке тәрбиелеудің төмендегідей тарихи, әлеуметтік, экономикалық алғышарттарын айқындадық:

1. Қазақстан жерінде ежелгі  гомонидтердің пайда болуы.

2. Көне тас дәуіріндегі  жабайы және аңшылық шаруашылықтың  пайда болуы, еңбек бөлінісінің  қалыптасуы.

3. Жабайы аңдарды қолға  үйрету, үй хайуанаттарының пайда  болуы, мал шаруашылығының алғашқы  қарапайым түрінің қалыптасуы.

4. Үй шаруашылығындағы  қарапайым еңбек түрлерінің пайда  болуы.

5. Еңбектің адамның жынысы  мен жасына қарай табиғи түрде  бөлінуі.

6. Адамдар арасындағы  алғашқы ұжымдық қарым-қатынастың  пайда болуы.

Осы аталған алғышарттар көне тас дәуіріндегі төмендегідей еңбек түрлерінің қалыптаса бастағанын көрсетеді: аңшылық; еңбек құралдарын жасау; үй шаруашылығының қарапайым түрлері, жабайы аңдарды қолға үйрету. Алайда, қазақ отбасындағы балаларды еңбекке тәрбиелеу тәжірибесінің тарихын адамзат қоғамының тас дәуірінен бастап қарастыру А.Қасымжановтың басшылығымен жазылып, жарыққа шыққан «Қазақ» атты оқу құралындағы мынандай бір ғылыми деректері себепші болды. Онда: «Ең ерте ғұмыр кешкен тұрғындар (800 мың жылдай бұрын) тас ғасырының адамдары болған. Ертедегі тас құралдарының қалдықтары Қазақстанның әр түрлі бөлігінен табылып отыр. Қаратау баурайларында, Солтүстік Балқаш өңірінде, Орталық пен Шығыс Қазақстанда, сондай-ақ Маңғыстауда орналасқан палеонтологиялық көптеген ескерткіштердің негізгі бөлігі сондай қарулар. Осы ежелгі мәдениет иелерінің тіршілігі мен қызметі Қазақстандағы жаңа тас дәуіріне, яғни неолит пен энеолитке дейін (б.з.д. V–ІІ ғ.) тоқтаусыз жалғасып келген. Олардың аса бай шаруашылық-мәдени тәжірибесі ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, ауысып отырған, мұның өзі олардың мәдени дамуының соңғы кезеңіне жеткен ұрпақтарына әр аймақта географиялық-экологиялық тіршілік ортасына байланысты өзіндік ерекшелігі бар қоғамдық өндірістің түрін жасап, қалыптастыруға мүмкіндік берген. «Неолиттік революция» деп аталатын дәуірде, Еуразияның басқа да бөліктеріндегілердікі сияқты, Қазақстан жеріндегі ертеде тіршілік кешкен тұрғындардың шаруашылық-мәдени дәрежесі жоғары болған» деген пікір айтылады. Сондай-ақ, профессор С.Қалиевтің «Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы» атты оқулығындағы ғылыми тұжырымдары жоғарыда айтылған ойларымызға дәлел бола алады. Ол қазақ халқының ұрпақ тәрбиелеу жөніндегі сонау көне ғасырлардан келе жатқан тәжірибесін қазақ хандығы құралған кезеңнен (XIV–XV- ғғ.) бастап қарастыру тарихи-әлеуметтік тұрғыдан алып қарағанда дұрыс емес екендігін айтады . Ғылыми тұрғыда жан-жақты зерттеген бұл тарихи деректер біздің қарастырып отырған мәселелерімізге тарихи-әлеуметтік тұрғыда кеңірек үңілуімізге мүмкіндік туғызады. Қола дәуірінде адам қоғамы өзінің жабайылық кезеңінің жоғары сатысында болып, мәдениеттілік кезеңінің бастауларын қалыптастыра бастайды. Бұл дәуірде адам шаруашылық құралдарын металлдан істеуді үйренеді. Олардың алғашқы игерген металлдары – мыс пен алтын болды. Өйткені бұлар тау-тас жыныстарының ішінде табиғи таза, кесек-кесек күйлерінде кездесетін болған. Міне, осы кесектерден балқыту әдістерімен түрлі құралдарды жасауға машықтанады. Осы тәжірибелерін жетілдіре келіп, енді түрлі-түсті (көк, жасыл) тастарды отқа күйдіру арқылы, одан мыс, алтын, қалайы балқытып ала бастайды. Қалайы мен мыстың қорытпасынан қоланы өндіреді. Оның мыстан әлдеқайда қатты болатын қасиетін ескеріп, барлық құрал-саймандарды қоладан жасай бастайды. Осылайша, адам келешекте темірді игергенге дейін, олардың ең сүйікті металлы қола болған. Уақыт талаптарына қарай адамдардың тұрмыс-тіршіліктері де өзгеріп отырды. Қола дәуірінің кезінде адамдар рулықтан тайпалық қоғамдарға ауысып, бірте-бірте халық болып қалыптасудың көптеген көріністері тұрақты сипат ала бастады. Шаруашылықта мал өсірудің орны барған сайын кең өріс алып, бұрын аң аулаумен шұғылданатын еркек қауымы енді мал өсіруге көшіп, оны өздерінің төл кәсібіне айналдырумен бірге, жан-жақты дамып, жедел қарқын алуына ерекше көңіл бөледі. Міне, осының салдарынан, бүкіл адамзат қауымында әйелдер бұрынғы ықпалдарынан ығысып, негізгі басшылық орындарын азаматтарға бере бастайды. Осылайша, аталық қоғамның дәурені басталып, ер адамдар енді ру, тайпалардың шаруашылықтары мен қоғамдық өмірінің жетекшілігін өз қолдарына алады. Осыған орай адамдар арасындағы туысқандық қатынастар әке жағымен есептелетін болады. Қазақ даласындағы көшпелі тұрмыс дәл осы заманда қалыптаса бастайды. Тұрмыс-тіршіліктеріне қарай адамдардың қоғамдық және отбасы қатынасындағы идеологиялары да көп өзгерістерге түседі. Алғашқы жабайы нанымдар – табиғат күштері мен жансыз заттарға құдай ретінде сиыну бірте-бірте қала бастайды. Енді көк әлеміндегі күнді, айды, жұлдыздарды Тәңірге балап, табынудан, өлгеннен кейін басталатын өмірге нанушылықтан ата-бабалар рухын қадір тұту дәстүрлері туындайды. Мұның бәрі тәлімдік және тәрбиелік жүйелерді ерекше дамытады. Қоғамдағы отбасының орны бұрын-соңды болмаған жауапкершілікке бағынып, жаңаша дамудың сипаттарына ауысады. Қоғамдағы жеке меншіктің алғашқы түрі – отбасының меншігі өмірге келеді. Осыған орай мүлік жөніндегі теңсіздіктер пайда болады. Сөйтіп, қола дәуірінде шаруашылықтың салалары тас дәуірімен салыстырғанда едәуір күрделеніп, дами бастайды. Металл балқыту бүгінгі ауыр өнеркәсіптің алғашқы қарапайым іргетасының негізін қалады. Сонымен қатар бұл дәуірде күнкөріс көзіне айналған мал шаруашылығының өнімдерін өңдеу негізінде қазіргі жеңіл өнеркәсіптің тоқыма, тігін, тері өңдеу және т.б., салалары қалыптаса бастады. Демек, осы дәуірдегі дамыған еңбек іс-әрекеттері қазақ отбасында балаларды еңбекке тәрбиелеудің төмендегідей тарихи, әлеуметтік, экономикалық алғышарттарын айқындауға мүмкіндік берді:

1. Қазақстан жерінде алғашқы  үй-жайлардың салынып, қазақтардың  баспаналарда қоныстануы.

2. Еңбек бөлінісінде дәстүрлі  күрделі шаруашылық салаларының  қалыптасуы: мал шаруашылығы, металл  өңдеу, қолөнер, тұрмыстық шаруашылық, аңшылық кәсіп.

3. Қоғамның жоғары даму  сатысының белгісі, ұлттық мәдениеттің  бастаулары ретінде шаруашылық  құралдарының металдан дайындалуы.

4. Шаруашылықта мал өсірудің  қазақ халқының төл кәсібіне  айналып, жан-жақты дамуы, мал шаруашылығының  дәстүрлі жіктелуі (қой, түйе, жылқы, іріқара).

5. Отбасы шаруашылығының  қалыптасуы және оның күрделеніп, тұрмыстық және үй шаруашылығы  салаларына бөлінуі (тоқыма, тігіншілік).

6. Металл өңдеу кәсібінің  қолөнер саласының дамуына ықпал  етуі: зергерлік, ұсталық кәсіптерінің  пайда болуы.

7. Қоғамдық, әлеуметтік қарым-қатынастың  пайда болуы.

Осы айтылған алғышарттар негізінде қола дәуірінде мына төмендегідей дәстүрлі еңбек түрлері қалыптасты: аңшылық, мал шаруашылығы, металл өңдеу, тұрмыстық шаруашылық, қолөнер. Қазақ халқының халық болып қалыптасуына, мәдени-рухани жаңғыруына жол салған тайпа, ұлыстардың арасында сақтар мен ғұндардың орны ерекше. Сақтардың қалыптасқан наным-сенімі, биік мәдениеті болған. Олардың мәдени-рухани ықпалының ізін Қазақстанмен қатарлас жатқан Иран, Ауған, Пәкістан, Үнді елдерінен күні бүгінге дейін көруге болады. Сақтар әулеті біздің заманымызға дейінгі VІІ ғасырда тарих аясына шығып, біздің заманымыздың ІІ ғасырына дейін өмір сүрген. Оның іргесін қалап, шаңырағын көтерген – Алып Ер Тұнға (Афрасияб), жайлаған жері, мекен-тұрағы Орта Азияның, бүгінгі Қазақстанның байтақ далалары, Шығыс Түркістан өңірі болған. Оның шаруашылық-мәдени типінің негізі көшпелі, жартылай көшпелі және отырықшылық болды. Балаларды еңбекке тәрбиелеу ең тәжірибелі адамдарға жүктелді. Ертегі, ойын және өлең мінез-құлық тәрбиесінің құралына айналды. Әскери тәрбиенің алғашқы элементтері: садақ ату, найзаласу, салт атқа міну және т.б. туындай бастады. Тәрбиені ең тәжірибелі адамдарға жүктеу, оның мазмұнының кеңеюі – рулық қоғамда тәрбиенің қоғамдық еңбектің бір саласына айналғанын көрсетеді. Жеке меншіктің, құлдықтың және жеке отбасының шығуына байланысты алғашқы қоғам ыдырай бастады. Енді қоғамдық тәрбиемен қатар, жеке отбасы тәрбиесі шықты. Қоғамды билеуші топтар: көсемдер, ақсақалдар пайда болып, еңбекке баулу тәрбиесіне көңіл бөліне бастады. Сонымен, сақтар мен ғұндар тарихи, әлеуметтік, экономикалық даму процесімен ерекшеленеді. Тарихтың бұл кезеңінде қазақ елінің саяси, экономикалық, кәсіби, мәдени өзіндік ерекшелігі қалыптасты. Аталған кезеңде қазақ отбасында жеткіншектерді еңбекке тәрбиелеудің тарихи және әлеуметтік, экономикалық алғышарттарына мыналарды жатқызуға болады:

2.1. Еңбек бөлінісінде  дәстүрлі шаруашылық салаларының  одан әрі өркендеуі, сонымен қатар  жаңа салалардың өмірге келіп, өркен жаюы: мал шаруашылығы, өнеркәсіп, қолөнер, тұрмыстық шаруашылық, аңшылық.

2.2. Көші-қон мал шаруашылығының  дәстүрлі жетекші салаларының (жылқы, қой, түйе) өркендеуі.

2.3. Әскери-көшпелі тұрмыстың  қалыптасуы.

2.4. Металл өңдеу, зергерлік  бұйымдар, қару-жарақ жасау кәсіптерінің  дамуы.

2.5. Отбасы тұрмыстық шаруашылығының  өркендеуі, жан-жақты түрленуі.

2.6. Қоғамдық тұрмыстың  әлеуметтік қарым-қатынасы барысында  таптық қоғамның шығуы. Шаруашылықта  жекеменшіктің пайда болуы.

Осы аталған алғышарттар сақ, ғұн дәуірінде мына төмендегідей дәстүрлі еңбек түрлерінің қалыптасқанын көрсетеді: аңшылық, мал шаруашылығы, металл өңдеу, зергерлік бұйымдар дайындау, қару-жарақ жасау, мал шаруашылығына байланысты отбасы шаруашылығы (мал өнімдерін өңдеу), қолөнер (металл, ағаш, сүйек өңдеу), мал шаруашылығына қажетті құрал-жабдықтар: ер-тұрман, жүген, басқұр, т.б., егіншілікке, аң аулауға, т.т. қажетті құралдар дайындау. Қазақ халқының тарихи, әлеуметтік, экономикалық алғышарттарын айқындауда біз тас, қола, сақ, ғұн дәуірлеріне толығырақ тоқталған себебіміз, осы аталған дәуірлерде қазақтар айналысатын шаруашылық салалары пайда болып, дамыды, сонымен қатар қазіргі дәстүрлі еңбек түрлері қалыптасты. Ал келесі 3, 4, 5-дәуірлерде алдыңғы дәуірлерде толық қалыптасқан шаруашылық салалары ұдайы өркендеу, өсу дәрежесінде болды. Осы дәуірлердің тарихи және әлеуметтік, экономикалық дамуы ұқсас болғандықтан және шаруашылық салаларының аса көп өзгермеуіне байланысты үш дәуірге жалпылама сипаттама беруді жөн көрдік. Мәселен, V–Х ғасырлардағы үшінші дәуірде ежелгі қазақ жерін мекен еткен түркі тілдес тайпалардың материалдық мәдениеті туралы сөз етсек, бұл халықтар кен қазып, оны қорытып, өңдеумен айналысқан, алтын, күміс, темір, қола сияқты металл түрлерінен еңбек құралдарын, тұтыну заттарын, зергерлік, сәндік бұйымдар жасаған. Сөйтіп, олар көмірші, темірші, қалаушы, т.б. кәсіп түрлерін, металл қорыту технологиясын жақсы игерген. Мұны археологиялық, қазба жұмыстарының барысында үлкенді-кішілі балғалар, мүйізді төстер, темір сызғыштар мен қашаулар, тескіштер, жоңғылар, шот бұрғылардың табылуы дәлелдейді. Олардың жасалу технологиясына қарап ежелгі халықтардың шеберлік, іскерлік, ісмерлік қабілет-машығына таңданбауға болмайды. Олар ой-қиялына, өмір тәжірибесіне сүйене отырып, диқаншылық пен қолөнер құралдарын – тоқпақтар, темір құятын қалыптар, ұста көріктері, күректері, семсер, қылыш, қанжар, сауыт, сүңгі, жинамалы садақ жебелерін, аң аулайтын қақпан, балық, құс ұстайтын құралдар, пышақ, ұстара, қырықтық жасады. Осы еңбек құралдарын пайдалану арқылы құдық қазу, жер қазу, үй салу, жер суландыру жүйелерін жүргізу сияқты жұмыстарды атқарады. Бұл аспаптар олардың металлдың әр түрінен әшекей, сәндік заттарын жасап, бейнелеу өнерін дамытуына мүмкіндік берді. Тұрмыста қолданылатын заттардан V–Х ғасырлар қазіргі иненің, тебен иненің жасалуы үлкен прогрес болды. Онымен сыртқы, ішкі киімдер, аяқ киім, бас киім тігілді. Оларға қажетті материалдарды шығарудың тәсілі сол тұста өмір сүрген далалықтарға кеңінен мәлім болды. Археологиялық қазба, жазба деректер ежелгі қазақ жеріндегі тайпаларға тоқымашылық кәсібі, жіп иіру, жіптен бұйымдар тоқу істері кеңінен таныс болғанын айғақтайды. Оңтүстік аймақтағы қоныстардан, Жетісу бойынан бұл жерлерде сырт киім тігу үшін пайдаланылатын шекпендік қалың жүн мата, өрнек салынған жіп мата, бөз, тор, шыт аталатын жұқа кездемелер шығарылғанын дәлелдейтін көптеген деректер табылған. Қысқы сыртқы киім мал терісінен, аң терісінен тігіліп, ол тон деп аталған. Қой, ешкі, қасқыр, қарсақ, түлкі терісінен тек тон емес, жейде, шалбарлар да тігілді. Құлын терісінен жеңіл жарғақ істелді. Сырт киім көбінесе сол жағына түймеленетін болды. Етік тігу үшін сиыр терісінен жасалған былғары пайдаланылды. Оның тігісі сыртына қарап тұрды. Етіктер өкшелі және өкшесіз де болды. Әйелдерге арналып бөкем етік деп аталатын қайқы тұмсықты сәнді аяқ киімдер тігілді. Ер адамдар басына бөрік киді, қозы терісінен істелген бас киім, құндыз терісінен тігілген кәмшат бөрік әрі жылы, әрі жеңіл болды. Ежелгі қазақ жерінің тұрғындары қысқы, жазғы киімге малдың, аңның терісімен бірге, мақта, кендір, жүн маталарды пайдаланған. Кездеме матадан, қайыстан істелген белге тағатын белбеулер, оған ілінген алтын, күміс, қоладан оймышталып жасалған тоғалары, салпыншақтары, бастырмалары тек белбеудің ғана емес, оны таққан адамның да ажарын ашып тұрды. Бас киімнің, белбеудің, аяқ киімнің әсемдігіне далалықтар айрықша мән берген. Ежелгі қазақ жеріндегі тайпалардың биік материалдық мәдениеті олардың қоныс мекендеріндегі құрылыстардан да көрінді. Олар салған тұрғын үйлердің құрылымы, сәулеттік ерекшеліктері далалықтардың тұрғын үй салуға айрықша мән бергенін байқатады. Көшпенділердің ыдыс-аяғы, ас табағы, қазаны да болды. Қазан алғашқыда темірден жасалса, кейін Х–ХІІ ғасырларда шойыннан құйылды. Далалықтардың тағамдары негізінен ет пен сүттен дайындалды. Оларды құйып, салып сақтайтын, тамақтанған кезде пайдаланатын, түбі, жиегі оймышты өрнекпен безендірілген тостаған, қыштан, ағаштан істелген құмыра, құты ежелгі қазақ жеріндегі тайпалар мәдениетінің әжептәуір жоғары болғанын дәлелдейді. Олар қазір біз дастарқан деп жүрген ас жайғыштарға айрықша мән берген. Әдетте мұндай ас жайғыштар қыштан жасалған, оған әдемі өрнектер салынып, тау ешкілерінің суреттерімен безендірілетін болған. ХІІІ ғасырдың орта шенінен бастап бұл жерлерде қала тіршілігі жанданып, құрылысы, шаруашылығы, мәдениеті көркейіп, олардың өмірдің барлық жақтарына ықпалы артты. Онда алтыннан, күмістен, жезден ақша шығару жолға қойылды. Ондағы күміс ақшалар тек сол жердегі ғана емес басқа аймақтарда да сауда-саттық жүргізу үшін пайдаланылды. Бұл тұста мұндай ақша шығару Жент, Кенже сияқты қалаларда да іске асты. Ақ Орданың билеушісі Ерзен хан (1320–1344) Отырармен бірге Сығанақ қаласын қалпына келтіріп көркейтуге, Саудакент, Баршынкент шаһарларында жаңа құрылыстар салдыруға көп күш-жігер жұмсады. Осы тұста кірпіш күйдіретін шеберханалар іске қосылып, оларда дайындалған кірпіштерден мешіт, медреселер, басқа да сәулетті құрылыстар салына бастады. Мәселен, Отырарды қазған кезде онда күйдірген кірпіштен салынған аса ірі мешіттің қаңқасы табылған . Осы тұста сауда жолында өсіп-өркендеген Сайран, Ясы, Шолақ, Қорған, Барукент, Саудакент, Құмкент, Тарсатөбе, Баба ата, Ақсүмбе, Созақ сияқты көптеген қалалар болды. Бұл шаһарлар ірі сауда, мәдениет ошағы ретінде танылды. (Оңтүстік Қазақстан аймағының қалалары.Ш.Қ.). Сондай-ақ, Жайықтың Каспийге құятын сағасында салынған, шығыс пен батысты байланыстырып жатқан сауда жолының бойындағы Сарайшық қаласында пайда болып теңге сарайлары жұмыс істеген. Бұл қалаларда үй салу, орамдарды орналастыру, көшелерді жоспарлау істері басқа елдердегі ірі орталықтардың ықпалымен үлкен өзгерістерге ұшырады. Оларда ісмерлік, зергерлік қолөнері дамыды. Саз балшықтан күйдіріп ыдыс, сән бұйымдарын жасайтын шеберханалар пайда болды. Отырар қаласындағы осындай шеберханалардың бір-бірімен тығыз өндірістік байланыста болғаны, серіктесіп, септесіп еңбек еткені белгілі болып отыр. Бұл тұста мыстан, қоладан, қорғасыннан сәндік бұйымдар жасалатын болды. Күмістен сақина, сырға, білезік, салпыншақтар, мыстан айна, шыныдан ыдыс, құты, әсемдік заттары істелді. Өндірістің белгілі бір мақсатқа сай өркендеуі онан әрі өріс алды. Темірден жасалған еңбек құралдары, қару-жарақтың жетілдірілуі өндіріс күштерін айтарлықтай дамытты. Қалаларда бұрынғыдан әлдеқайда жетілдірілген, өзгерген, тұрмыс-тіршілікке неғұрлым икемді, жинақы үйлер салына бастады. Оларда отырықшылыққа ауысқан бұрынғы көшпелілердің өкілдері тұрды. Бұл қалалардың мәдениеті өздерімен барыс-келіс, сауда-саттық негізінде қоян-қолтық араласып жатқан Шығыс Еуропа, Кіші Азия, Персия, Үндістан, Қытай, Шығыс Сібір, Орталық Азия халықтарының мәдениетімен тығыз байланыста болып, солардың әлемдік мәдени жетістіктерін бойына сіңіре отырып дамыды. Мұндай мәдени байланыстардың дамуында қазақ жерін басып өтетін Ұлы Жібек жолының маңызы зор болды. Бұл жолдың адамзат тіршілігіне әкелген жаңалығы, қоғам мәдениетінің өркендеуіне қосқан үлесі көп. Жібек жолы арқылы Шығыс пен Батыс елдері ежелгі қазақ жеріндегі сәулет өнерінің дамуына да әжептәуір ықпал жасады. Шығыс елдерінің әсерімен ежелгі қазақ жеріндегі сәулет өнерінде соны сипаттар пайда болды, жаңа архитектуралық стиль қалыптасты. Ертеден сақталған құрылыстардың күмбез-шатыр жүйесі жетілдірілді, жаңадан қаптама материалдар іске қосылды. Ортағасырлық архитектуралық мұралар Орталық Қазақстанда, Сарысу, Кеңгір, Торғай өзендерінің бойында да біраз сақталған. Тік бұрышты, шатыр тәрізді күмбезі бар, сыртын жасыл, көкшіл, қаракөк немесе көгілдір әсем плиталармен қаптаған Алаша хан, Жошы хан, Болған ана кесенелері – бізге сол орта ғасырлардан жеткен ескерткіш мұралар. Көшпелілер қалаларға азық-түлік, мал өнімдерін апарып, олардан киім-кешек, әбзел, құрал-сайман, қару-жарақ, сондай-ақ темірден, қоладан, қыштан, фарфор мен фаянстан, шыныдан жасалған ыдыс, аяқ-табақ, сәндік бұйымдар алып тұрды. Қала қолөнершілері егіншілік-диқаншылықпен айналысатын отырықшы тайпалар-мен тығыз байланыс жасап, егіншілік құралдарын, құдықтан шығырмен су шығару тетіктерін жасап беріп, күнделікті өмірге еңбектің өнімді әдістерін енгізуге көмектесті. Егіншілік аймақтарда құдыққа шығыр орнату, суармалы жерлерге су шығару сәттері салтанатпен аталып өтетін болған. Мұның бәрі Х–ХV ғасырларда ежелгі қазақ жерінің тұрғындары егін егіп, мал бағып, дүние-жиһаз жасап, қолөнермен айналысып тіршілік еткенін, өзіндік салт-дәстүрі, биік мәдениеті болғанын айғақтайды. XV–XVII ғасырларда далалық аудандардағы қазақтарда шаруашылық саласы ретінде басым тұрғыда тарихи қалыптасқан, қуаң дала мен жартылай шөлейт жерлердің табиғи-климаттық жағдайына сәйкес келетін көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы сақталды. Малдың негізгі түлігі – қой, жылқы, түйе болды. Ірі қара мал аз мөлшерде, негізінен алғанда отырықшылықты жерлерде өсірілді. Маусымдық жайылымдарды (көктеу, жайлау, күздеу, қыстау) алмастырып көшіп-қонып отырудың бұрыннан қалыптасқан жолдарымен жылдық айналымы орнықты. Ондаған, көбіне жүзден астам ауылдардан құралған әрбір ру белгілі бір географиялық жер көлемі шеңберінде көшіп-қону дәстүрін ұстанды. Жайылымдық қоныстардың арақашықтығы оңтүстікте 200–300 шақырымнан Жетісудың ендік бағытындағы далалық аудандарында 800–1000 шақырымға дейін созылды. Қоныс орнын таңдау, әрине, тек дәстүр мен шаруашылықтық мұқтаждықтарға ғана емес, сонымен бірге хандықтағы саяси жағдайға да тәуелді болды. Көшпелі мал шаруашылығы кең көлемді жайылымдық жерлердің болуын талап етті, ал олардың әрдайым жетіспеушілігі көршілер арасында соғыстар мен дау-жанжалдар туғызып отырды. Мал шаруашылығы табиғат жағдайларына мейлінше тәуелді еді. Жемшөп дайындау жүргізілмеді, қыста мал тебіндеп жайылды. Мысалы, Т.И.Сұлтанов «Кочевые племена Приаралья в ХV–ХVІІ вв.» атты еңбегінде: «Көшпелілер үшін Сырдария жері өте бағалы, мал азығы мен отынға бай. Қыс сұрапыл болған жылдары малдың жаппай қырылуы жиі кездесетін, мұндайда көшпелі малшылар тақырлана кедейленіп, көбіне отырықшылыққа ауысатын», – деп жазады. Баяу дегенмен, көшпелі мал шаруашылығын жүргізудің формасы мен оның өнімділігі жақсара түсті; (ауа райы жағдайына байланысты қолайлы жылдары мал басы үдемелі қарқынмен өсіп отырады. Мал шаруашылығын жүргізудің ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрі сақталып, үнемі жетілдірілумен болды. Қазақтардың тұрағы киіз үй, сондай-ақ шаруашылық құралдары көшіп-қону және мал өнімдерін өңдеуге жақсы лайықталғанды. Көшпелі мал шаруашылығы қазақ отбасының өмірін көп жағынан қамтамасыз етіп тұрды. Бұл сала қазақтарға ішіп-жейтін тамақ өнімдерін, киім-кешек пен аяқ киім материалдарын, үй жабдықтары мен жасауларын, көшіп-қонуға қажетті тасымал құралдарын берді. Әскери жорықтар мен шайқастарда жылқының орнын ешнәрсемен алмастыруға болмайтын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

B. Қазақ халық  педагогикасы идеяларының бүгінгі  еңбек тәрбиесіндегі көрінісі

«Дәстүрлі мәдениетті жаңғырту, өз халқының тарихи тәжірибесіне жүгіну – бұл өзі тәуелсіздікке ие болған елдің өмірінен орын алатын заңды құбылыс», – деді Ұлттық кеңестің отырысындағы сөзінде Президент Н.Ә.Назарбаев. Демек, бұның мазмұнында қоғамдық сананың қалыптасуы және ұрпақ тәрбиесі секілді үлкен идея жатыр. Өйткені қоғамның алға басуы көпшілігінде бүгінгі ұрпақтың қандай дәрежеде білім алып, тәрбиеленуіне тікелей байланысты. Бүгінгі жалпы білім беретін қазақ мектептеріндегі оқу-тәрбие процесінде ұлттық тәрбиеге, атап айтқанда, қазақ халқының дәстүрлі еңбегіне тәрбиелеу мәселесі қандай деңгейде екендігін айқындау үшін ең алдымен еңбек тәрбиесіне, әсіресе оқушыларды дәстүрлі еңбекке тәрбиелеу мәселесіне кеңестік дәуірдегі мектептерде қалай көңіл бөлініп, оның мазмұны қандай сипатта болғандығына тоқталуды жөн көрдік. Және осы проблемаға байланысты үкімет тарапынан қабылданған мемлекеттік құжаттардың (Білім беру туралы тұжырым, стандарт, оқу бағдарламалары, т.б.) нұсқауларына сәйкес қандай іс-шаралар жүзеге асқанын сараптадық. 90-шы жылдардың басында оқушыларды еңбекке дайындау үдерісі күрт төмендеп кетті. Мектеп пен өндіріс байланысының ыдырауы, еңбекке оқыту ісінің материалдық базасының құлдырауы, мектептердің тек 48 пайызында ғана арнайы оқу шеберханаларының сақталуы, ал 42 пайызында біріктірілген шеберханалардың ғана қалуы үлкен кедергі келтірді. Мектепаралық комбинаттардың саны 20-ға, өндірістегі оқу цехтары мен бөлімшелерінің саны 300-ге азайды, оқушылардың ерікті еңбек бірлестіктері қысқарып, олардың еңбек ету, тынығу базалары шаруа қожалықтарына беріліп, не сатылып кетті. Ауыл мектептеріне оқу-өндірістік сабақты өткізу үшін орталықтан тракторлар, ауылшаруашылық машиналары бұрынғыдай бөлінбейтін болды. Оқушыларды еңбекке даярлау ісінде қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан қолданбалы көркем қолөнері, халық зергерлерінің мұрасы пайдаланылмады, шаруашылық саласындағы шикізаттарды өңдеу технологиясынан мағлұматтар берілмеді. Бұл кемшіліктердің шешімі 1993 жылы жарық көрген «Жалпы білім беретін мектептер оқушыларын еңбекке оқыту мен тәрбиелеу тұжырымдамасында» және жалпы білім беретін мектептердің оқу-өндірістік комбинаттардың жанынан ашылған еңбекке тереңдетіп дайындайтын мектептердің оқу жоспарында ескерілді. Жеті тараудан тұратын тұжырымдамада Республиканың әлеуметтік-экономикалық терең өзгерістерге бет алуы мектеп оқушыларын еңбекке дайындау жүйесіне жаңа ұлттық сабақтастықтағы жол іздеп, олардың нарықтық экономика жағдайына өнімді еңбекке ұйымдастыру ісіне әсерлі түр қарастыруды талап етті. 90-жылдардың басында, атап айтқанда 1992-1993 оқу жылында оқушыларды еңбекке оқыту мен тәрбиелеу сипаты басқа да тәрбие түрлерімен қатар негізінен еңбек сабақтарында қалыптастырылды, еңбек сабағы 17196 оқу шеберханасы, 180 мектепаралық оқу-өндіріс комбинаты, 1669 оқу цехтары мен өндіріс бөлімшелері және мектептердің 810 қосалқы шаруашылығы мен шағын фермаларында ұйымдастырылды. Оқушыларды еңбекке даярлауға 14 мыңнан астам мұғалімдер мен өнідірістік оқыту шеберлері қатысты. Олардың дайындығы республикамыздың 12 жоғары және орта оқу орындарында ұйымдастырылды. Сонымен қатар 90-шы жылдардың басында оқушыларды еңбекке даярлау ісіне көзқарастың күрт төмендеп кеткенін де айтпауға болмайды. Мектеп пен өндірістің байланысының ыдырауы, еңбекке оқыту ісінің материалдық базасының құлдырауы салдарынан мектептердің тек 48 пайызында ғана арнайы оқу шеберханалары сақталды, ал 42 пайызында біріктірілген шеберханалар ғана қалды. Сол уақыт арасында мектепаралық комбинаттардың саны 20-ға, өндірістегі оқу цехтары мен бөлімшелерінің саны 300-ге азайды, оқушылардың ерікті еңбек бірлестіктері қысқарып, олардың еңбек ету, тынығу базалары шаруа қожалықтарына беріліп не сатылып кетті. Ауыл мектептеріне орталықтан берілетін автомобильдер, тракторлар, ауышаруашылық машиналары біржола тоқтатылып қалды. Оқушыларды еңбекке даярлау ісіндегі сол кезге тән тағы бір өзекті кемшілік – қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан қосалқы-көркем өнерін, халық зергерлерінің мұрасын, мал шаруашылығы, аспаздық, шикізаттарды өңдеу жолдарын үйрету кеңінен өріс алған жоқ. Оқушыларды еңбекке даярлауда мынадай қарама-қайшылықтар талапқа сай шешілмеді:

Информация о работе Еңбекке оқыту кезіндегі оқушыларды тәрбиелеу