Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2015 в 23:14, реферат
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздіктің 20 жылында еліміздің экономикалық және әлеуметтік дамуымен қатар білім беру жүйесін жаңғырту мақсатында кезең-кезеңімен реформалар жүргізіп келеді. Сол білім беру жүйесіндегі реформаларды жүргізу Егемен Қазақстанның алғашқы құқықтық құжаттарының бірі – Тәуелсіздік Декларациясында бекітілген болатын. Тәуелсіздік алған 20 жыл ішінде қазақстанның білім беру жүйесінің негізін қалаған екі іргелі стратегия қабылданды. Олар: 2000 жылғы «Білім беру» бағдарламасы және Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы еді.
Кіріспе
1.Жаңа білім жүйесі
2.12 жылдық мектеп
3.Дистанциондық оқыту
Қорытынды
Сонымен қатар,орта мектепте білімді бағалау американың кейбір мектептері секілді кредиттік жүйе де қолданылады. Жапонияда жоғары мықты білім алу үшін дзюку депаталатын міндетті емес, ақылы мектептер қызмет етеді. Егер балалары оқығысы келіп тұрған ата-аналар, ақшасын аямай барын оқуға жұмсайды. Жапондықтар орта мектептің бастауыш және орта буындарында білім беру мен тәрбиелеу ісінде «Кокоро» идеясын басшылыққа алады екен. «Кокоро» дегеніміз «жүрек, ақыл-ой, діл, ізгілік» деген ұғымдардың жиынтығы. Ұзақтығы 6 жылға созылатын бастауыш мектептің басты міндеті білім жиынтығын беру мен қабілеттерін қалыптастыру емес, ең алдымен «Кокоро» идеясын іске асыру, яғнижастардың биік адамгершілік қасиеттерін, ұлтжандылық менталитетін орнықтыру болып есептелінеді. Шетел тілі негізінен 7-сыныптан бастап қана оқытылады. Қытай елінде 1990 жылдардың аяғында барлығына білім беруге байланысты 9 жылдық білім беру енгізілді. Ал жалпы орта білім беру 12 жылдықты құрайды, бірақ бұл барлығына міндетті емес болып табылады Қытай елінде мектепке дейінгі білім беру 3-6 жас аралығын қамтиды. Бұл елдің базалық білім беру жүйесіне мектепалды, бастауыш, орта толық емес, толық орта білім беру кіреді. Қытай білім беру конституциясында жалпы білім беру ұзақтығы 9 жылдық мерзім бекітілген. Оқу бағдарламасының 9 жылдық жаңа реформасы тұтас білім беру жүйесі ретінде қарасырылып, бастапқы 1-2 сынып, негзгі бастауыш 4 жыл (3-сыныптар), бастауыш орта 3 жыл (7-9 сыныптар). Бастауыш сыныпта енгізілген жаңа пән «адамгершілік және өмір». Бұл пән орта бастауыш сыныпта (3-6 сынапта) «адамгершілік және қоғам» болып күрделене келе, «ғылым пәні де оқытыла бастайды». Бұл пән балаларды ғылыми жұмыстың негізгі әдістерімен таныстыра отырып, жасерекшелігіне байланысты балаларға ғылым негізіне дайындық беріледі.
Әлі де болса білім беруге өзгерістер мен жаңалық енгізу ҚХР-да 2010 жылға дейін жоспарланған. Ұлыбритания білім беру жүйесі мектепке дейінгі білім беру және тәрбиеден басталады. 3-5 жас аралығы және бастауыш мектеп 1-6 сыныптарда 5-11 жас аралығы. Орта білім беру 2 бөлімнен: кіші орта мектеп және жоғары мектеп, кіші орта мектепті бітіріп 2 жылдық колледжге түсе алады. Одан «А» дәрежесіндегі сертификат алып, әрі қарай білім жалғастыруға болады. 12-13 сыныпты бітірген 18 жастағы оқышылар ЖОО-на түсе алады. Ұлыбританияда екі негізгі бейіндік бағыт бойынша оқыту жүргізіледі: біріншісі – «академиялық» - таңдаған пәнін тереңдетіп оқу (ол жоғары оқу орнына түсуге жол ашады), екіншісі - «кәсіби» - қолданбалы және кәсіби пәндерді қысқартылған оқу жоспарына сәйкес оқыту болып табылады. Италияда 1999 жылы мектептік білім беруде жас мөлшерін 18 жас туралы №9 заңда енгізілген болатын. 2000 жылы ақпан айында бұл заңға мектептік білім беру жөнінде №30 заңда өзгертулер енгізген. 2001-2002 оқу жылына сәйкес мектептік білім бердің екі дәрежесі енгізілген: базалық мектеп (1-7 сыныптар) және толық орта мектеп (8-12 сыныптар) Базалық мектепке 6 жастағы балаларды бастауыш мектепке қабылдайды. Канадада мектептік білім беру әр аймақта өзіндік ерекшелігімен сипатталады. Балалар мектепке 6 жастан барады. Басқа да мемлекеттегідей Канададағы білім беру бастауыш, орта және жоғарғы сыныптардан тұрады. Оқу жылы қыркүйекте басталып келер жылдың маусым айында аяқталады. Барлық аймақта (тек Квебек провинциясында оқу 11 жылдық) 12 жылдық білім беру орын алған, бірақ Онтарио провинциясында 13 жылдық білім алу бекітілген әрі арнайы емтихан тапсырумен аяқталады (Ontario Academic Credit). Канадада мектептегі білім беру келесідей құрылымда: бастауыш 1-6 сыныптар, жалпы орта білім 7-9 сыныптар, толық орта білім 10-12 сыныптар. Міндетті білім беру 16 жасқа дейін бекітілген. Толық орта білімді жас ерекшеліктеріне сәйкес оқушылардың 90% меңгереді. Алғашқы кәсіби білім беру орта мектептің жоғары сатысындағы 11-12 сыныптарында жүзеге асырылады.
Мектептегі білім беру ағылшын және француз тілдерінде жүргізіледі. Мектептегі білім алу ақысыз болып табылады. Он жылдық оқу міндетті болып табылады, кейін оқушылар өз білімдерін 11-12 (13) сыныптарда жалғастыра алады, қаламаса колледжге барып оқуға құқығы бар. Финляндиядағы білім жүйесін сәтті және дер кезінде реформалау нәтижелері осы елдің экономикасының өсуіне, елдегі әлеуметтік дамуды жасауға, технологияда, ғылыми зерттеулерде инновациялық пәрменді саясатты жүзеге асыруға, нәтижесінде соңғы он жылдықтың ішінде әлемнің ең озық өркениетті елдері қатарына енуге мүмкіндік берді. Бұл елдегі мұндай жетістіктерге ең алдымен білім саласын дамытуға бүкіл қоғамды жұмылдыру, мемлекеттік қаржыландару, мұғалімдердің айлық жалақысын 2-3 мың евроға дейін көтеру (біздің елдегіден 20-23 есе көп), оқушылар мен студенттерге стипендия тағайындау, оларға тұрғын үй үшін айына 500 евро, 12 Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы оқушылардың дене шынықтыруы, денсаулығына қамқорлық жасау, үй тапсырмасын азайту, саламатты өмір салтын қолдау, білім берудің ең соңғы ғылым мен технология жетістіктерімен кіріктіру, оқу үдерісін ірі технополистер аясында өткізу арқылы қол жеткізуде. Норвегияда 1994 жылдың тамызы мен 1998 жылдар аралығында орта білім берудің толық реформасы жүргізілген. Норвегияда мемлекеттік мектептер басым болғандықтан, ондағы білім алу ақысыз болып табылады. Толық орта білімді меңгеру 13 жылға дейін ұзартылған. Он жылдыққа бастауыш және орта сыныптар жатса, қалған үш жылда жоғары сыныптар оқытылады. Бастауыш мектепте сурет, музыка, математика және физика, ағылшын тілі мен ана тілінен басқа христиандық дінтану, үй экономикасы және таңдау пәнін міндетті түрде оқиды [6]. Норвегиялық мектептерде оқушыға баға қою тек 8 сыныпта ғана басталады 12-13 жаста. 8 сыныпта баға қоюмен қатар жаңа пәндерде енгізіледі: бухгалтерлік есеп, экономика, әрі алғашқы кәсіби бағдар беретін пәндерде қарастырылған.
Мұғалім оқушының жетістіктерін арнайы дәптерлерде жинақтайды, егер қажет болса оқушыда оқу-тәрбие үдерісі барысында кездейсоқ жағдайлар, көкейкесті мәселелер туындаса мұғалім ата-анамен жазбаша түрде байланыс жасай алады. 16 мен 19 жас аралығындағы оқушылардың толық орта білімді тәмамдап шығуы заңды түрде бекітілген, ол 3 жылдық білім берумен шектеледі. Жоғары сыныптарда кәсіби бағдар беру тереңнен қарастырылады. Әрбір мектепте екі негізгі міндетті бөлімдер бар: академиялық және кәсіби шеберлік. Кейбір жағдайларда мектептегі оқу бағыты үшке бөлінеді: академиялық, дәстүрлі, кәсіби шеберлік пәндер (құрылыс ісі, жөндеуші) болып табылады. Бір жыл ішінде 36 оқу аптасы жоспарланған. Бастауыш мектепте 20 оқу сағаты бекітілген, ол: математика - 4, норвеж тілі - 6, табиғаттану - 1, ағылшын тілі - 1, сурет өнер, еңбек, дене тәрбиесі, музыка 1-2 сағаттан және дінтану 2 сағат болып жоспарланған. Әрбір сыныпта 10 оқушы оқиды, кейбір жағдайда 1-2-ші сыныптар мен 3-4 сыныптар біріктіріледі. Оқу жоспарын мұғалімдер мемлекеттік бағдарламаға сүйене отырып жарты жылға жоспарлайды, ал әр аптаның жұмасында әр пәнге сәйкес тақырыптар таңдалады. Журналдар жоқ, мұғалімдер тақырыптық және күнтізбелік жоспарлар жазбайды. Жоғары сыныптарда оқушылардың мектепті бітіріп ЖОО-ға түсуіне көп көңіл бөлінген. Бұл жоғарғы сыныптарда оқушылардың өздері таңдаған пәндері сабақ кестесіне қойылып жүргізіледі. Егер бірінші оқу жылында апталық оқу жүктемесі 30 сағатқа тең келсе, келесі жылы бұл сағат өзгертіледі. Екінші жылы 18 сағат міндетті пәндер қойылса, қалған 12 сағат оқушының таңдаған пәні оқу жүктемесіне енгізіледі. Ал, үшінші жылы аталмыш оқушылар міндетті пәнге аптасына тек 14 сағат бөліп, қалған 16 сағатты өздерінің таңдаған пәндерін меңгеруіне рұқсат етіледі. Оқушылардың пәнді қаншалықты меңгергенін анықтау үшін Норвегияның емтихандық секритариаты таңдау емтихан-сынағын жүргізеді. Аталмыш уақытқа екі күн қалғанда мектепке арнайы оқушылардың тізімі бар конверт жіберіледі, аталмыш тізімдегі оқушылар ғана емтихан тапсырады. Ережеге сәйкес бірінші жылғы оқуда оқушылардың тек 10%-ы, екінші жылдан кейін 25%-ы, мектепті бітіргенде 50%-ы емтихан тапсырады. Емтиханның негізгі мақсаты ұлттық білім деңгейін анықтау болып табылады. Негізгі мектепті бітіргенде оған тағы міндетті екі емтихан қосылады, ол - норвеж тілі мен таңдауы бойынша бір пән тапсырылады. Негізгі мектепті бітіргенде 80% оқушылар ЖОО түседі, ал 20% колледждердің студенттері қатарына қосылады. Норвегияда университеттер мен колледждерге түсуге емтихан тапсырылмайды. ЖОО түсуде оқушының мектепті бітіруі туралы алған аттестаты негізгі рөл атқарады.
Кредиттік білім беру жүйесі
Қазіргі таңдағы ғылыми техникалық прогресс пен өркениетті даму дәуіріне бет бұру кезеңінде жаңа қоғамға лайықты саналы, білімді жеке тұлғаны қалыптастыру бүгінгі қоғамның алдында тұрған негізгі міндет. Сондықтан, қандайда бір мелекеттің білім жүйесінің халықаралық дейгейдегі кредиттік жүйеге өтуінің маңызы ерекше.
Кредиттік жүйе алғаш рет Америка Құрама Штатында пайда болды. Оның негізін 1870 жылдары Гарвард университетінің Президенті, белгілі Американдық білім қайраткері Чарльз Элиот салып, «кредит–сағат» ұғымын қоғамға енгізген болатын. Бұл жүйе алғашында пәндер көлемі жүйесінің шешуін өлшеуші «кредит-сағат» болып енгізілді. 1892 жылдан бастап «кредиттік-сағаттық» жүйенің екінші кезеңі басталып, осы кезде АҚШ-тың ұлттық білім комитеті университет, колледж, мектеп топтарын жақсарту мақсатында, оқу бағдарламаларын стандарттауда «кредит» ұғымын тек университет пен колледждерде ғана емес, орта мектептерде де, енгізе бастады.
Европалық елдердің сынақ бірлігіне көшу мақсаты бұл, алдымен халықаралық «тұнықтық» жетістігі, қазіргі кездегі білім жүйесінің дауы мен дербес елдердің біліктілігін сақтау, көтеру арқылы білім беру саясатында оқу орындарының білім беру облысында да сақталды.
1999 жылы 19 маусымда жоғары білімнің
бірыңғай құрылымын енгізу
Осы заманғы болып жатқан интеграциалық құбылыстар қоғам тіршілігінің барлық жағына өз әсерін тигізді. Халықаралық процестермен қатар жүруге ниеттелген мемлекет казіргі кезде қалыптасқан барлық ғылымдандырудың көріністеріне тікелей назар аударды деуге болады. Соңғы 10-15 жылда шетел мемлекеттерінің білім жүйесінде жоғары деңгейдегі қарыштық даму жағдайы жүзеге асып жатқаны бәрімізге белгілі. Әрбір мемлекеттің қоғам өмірінде ғылыми, мәдени, экономикалық, саяси жүйелеріндегі қалыптасқан ескі көзқарастар түбегейлі өзгеріске ұшырады.
Кеңес Одағының ыдырауы және жаңа тәуелсіз мемлекеттердің құрылуы жаңа білім жүйесінің дамуындағы ізденістерге әкелді. Әлемде танылған батыс елдерінің экономикалық, әлеуметтік прогрестері Қазақстан үшін үлкен бағдар болды. Әрине, оқу бітіруші түлектер бәсекелестік қабілеттілігімен білім беру кеңестігінің таңдауында оқушыға дербестік беру, оқытудың деңгейін көтеру, еңбек сұранысына бағдарланған, оқу бағдарламаларының жоспарлауын икемді ғана болуы мүмкін, әлемдік білім беру көрсеткендей казіргі білім талаптарына кредиттік оқыту технологиясы сай келді.
Кредиттік оқыту технологиясы оқытудың бағытсыз жүйесі–оқу процесінің ұйымдастыру тәсілін белгілейтін оқушыларға белгіленген шегінің (құрауыш қалауы және оқытудың қосымша түрлері бойынша) білім беру процесінің жеке жоспарлау мүмкіндігі болады. Қатаң жүйеде, белгіленген көлемде, оқыту логикасына сәйкес, белгіленген мерзімде білімдік кәсіптік бағдарлама пәндерін оқушыларға оқытатындығын бағытты оқыту жүйесі жобалайды.
Біздің республикамыздың жоғары оқу орындарында кредиттік жүйені енгізуде шетел мемлекеттерінің тәжірибесі мен халықаралық тәжіриебенің маңызы өте зор. Солай болғандықтан, осы технология Қазақстанның жоғары оқу орындарында белсенді жұмыс еткендіктен отандық тәжірибені оқу мәнді болады, одан басқа да аймақтық жоғары оқу орындарының жинақталған тәжіриебесін есепке ала отырып, консультация және әдістемелік көмек көрсету қажет.
Қазақстан Республикасында кредиттік
оқу жүйесі 19 ғасырдың 90-шы жылдарының
ортасынан біртіндеп қалыптаса бастады.
Елімізде 2007 жылы 15 тамызда «Білім туралы»
жаңа заң қабылданды. Осы заңның 11 бабында
білім жүйесі мәселелерінің бірі болып
оқытуда жаңа технологияларды тиімді
пайдалану және енгізу, сонымен қатар
кредиттік, дистанциялық, ақпараттық-коммуникациялық
оқыту кәсіби білімнің қоғамда және еңбек
нарығында болып жатқан өзгерістер қажеттілігіне
тез үйлесуге мүмкіндік туғызатыны атап
көрсетілген. Қазақстан Республикасының
«Білім туралы» Заңын іске асыру мақсатында
№66-шы «кредиттік оқыту технологиясы
бойынша оқу процесін ұйымдастыру ережесі»
әзірленген және бекітілген. Кредиттік
оқыту технологиясы — бұл білім беру технологиясы,
өз бетімен білім алу деңгейін көтеру
және дара негізінде шығармашылық білімді
меңгеру, оқу процесін және білім көлемін
кредит негізінде есепке алуды, білім
беруді таңдап алған траекториясын регламенттеу
болып табылады.
Кредиттік оқыту жүйесі бойынша бір академиялық
сағат ұғымы барабарлық өзгерістерге
ұшырайды, дәрістік, практикалық (семинарлық)
сабақтар 1 байланыс сағатқа (50 минутқа)
немесе студиялық оқыту 1, байланыс сағатқа
(75 минутқа) немесе лабараториялық және
дене тәрбиесі сабақтары 2 байланыс сағатқа
(100 минутқа), сонымен қатар барлық оқу
практикалар түрлері 1 байланыс сағатқа
(50 минутқа), барлық педагогикалық практикалар
түрлері 2 байланыс сағатқа (100 минутқа),
барлық өндірістік практикалар түрлері
5 байланыс сағатқа (250 минутқа) тең.
Оқуды аяқтау үшін студент құрауыш бойынша
міндетті түрде белгілі:
мөлшерде кредит алуы керек:міндетті түрде;
таңдау бойынша;
Оқушы (студент) өзінің білім беру бағдарламасын тәлімгер — кеңесші (эдвайзер) — көп тәжіребесі бар оқытушы арқылы жасайды. Оқу пәндерін меңгеруге көмек көрсету үшін тьюторлар (оқытушылар) ұсынылады. Тьютордың міндеті — оқушының (студенттің) оқу әрекетінің барысын қадағалау және оқушыға (студентке) өтілген оқудың барынша толық көлемде оқытушыға кері қайтарылуы. Яғни, 15 апта бойы өтілген сабақты меңгеріп, оқытушыға айтып беру, сондай-ақ кредитін өтеп беру болып табылады. Топтық консультациялар өткізу (оқу процесінің ішінде). Оқу процесін іске асыру үшін оқытушының және оқушының әр пән бойынша формалар мен құралдары, баспа және электрондық түрде курсты бейнелейтін, оқушылардың (СӨЖ) өз бетімен игеру деңгейін бақылайтын, олардың өткізу мерзімі мен мазмұнын көрсететін оқу-әдістемелік кешені болуы қажет. Студенттің өздік жұмысының жоғары тиімділігін қамтамасыз ету үшін, мазмұны мен оларды өткізу мерзімі көрсетілген оқушының басшылығымен
студенттердің өздік жұмысын қабылдайды.
Анықтамалық—жолсілтемеге келесі міндеттер енгізіледі:Студенттің құқығы мен міндеті;Оқу кезеңіндегі жұмыс жоспары;GРА орта балынан есеп айырысу әдістемесі;Қорытынды мемлекеттік аттестаттауға қойылатын талаптар.Оқу пәні бойынша оқу әдістемелік кешені мыналардан тұрады:
Әр пән бойынша силабус — бағдарламаларды
оқытудан;
Практикалық (семинарлық) сабақтардың
жоспарынан;Студенттің өзіндік жұмысы
бойынша тапсырмаларынан;Студенттің оқытушы
басшылығымен орындалатын өзіндік жұмысы
бойынша тапсырмаларынан және тағы
басқалардан тұрады.
Оқу сабақтарын оқыту белсенді шығармашылық формаларда (кейс -сатылар, тренингтер, пікірталастар, дөнгелек үстелдер, семинарлар және т.т.) өткізу керек. Оқу пәні бойынша білімді бақылау формасы – емтихан болады. Білімдері көп балды әріптік жүйе бойынша бағаланады. Қорытынды аттестаттауды өткізу формасы дипломдық жұмысты қорғау немесе мемлекеттік емтихандарды тапсыру болады.
Оқу процесінің негізгі кезеңін жоспарлауда техникалық және кәсіби білімді кредиттік оқыту жүйесіне ауысуды ұйымдастыруда, осы бағытта кемшіліктерді талдай отырып, сөзсіз қиыншылықтар туындайтынын айта кету керек.
Кредиттік технология бойынша оқу процесін жоспарлау кезеңдерін талдай отырып, біз оның жағымды жағдайы мен артықшылығында көреміз. Тек оқутышының ғана емес, оқушылардың да академиялық еркіндіктерін кеңейту; оқушылармен пәндерді таңдау (50%- ға дейін) оқытушының жағынан кең спектр ұсыныстарын таңдау болып келеді. Бұл екі жақтың да жауапкершілігін тудырады, осының нәтижесінде оқу процесі тең дәрежелі адамдар сұхбатына айналады.
Қашықтықтан оқытудың білім саласындағы рөлі.
Соңғы он-он бес жылдан астам уақыт ішінде Қазақстандағы білім беру жүйелерінің құрылымдарында елеулі өзгерістер болып жатыр. Оқу мен білім технологиясы қаржы қорының байыбына жетіп түсінудің, нарықты өркендету жолында күресудің тиімді құралына айналып отыр. Осы ретте қазіргі замандағы технологиялық жетістіктерге негізделген қашықтықтан білім беру жетекші рөл атқарады. Дүние жүзі бойынша қашықтықтан білім беру жүйесін еркіндетудің басты мақсаттарының бірі – оқушылардың кез-келген мектептер, колледждер мен университеттегі оқу бағдармалары бойынша оқып, білім алуларына жағдай туғызу болмақ. Осылай еткенде ғана студенттердің бір елден екінші елге орын ауыстыруларына іріктеу қойып, кедергілер туғызудан гөрі көзқарастар жүйелерінің бір арнаға тоғыстырылған идеяларымен қаруланып, білім беру ресурстарын өзара алмастыру жағдайында болашағы зор жаңа істерді өркендете түсуге мүмкіндік туады. Коммуникациялық каналдарда ауқымды түрде тарату курсы маңызды міндеттерді ойдағыдай іс жүзінде асыруға септігін тигізбек.