Жазудың сапасы және оны қалыптастыру жұмыстары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Ноября 2013 в 07:29, курсовая работа

Краткое описание

Білім беру саласында жүріп жатқан демократияландыру мектепті қазіргі кездегі дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты.
Балабақшадан бастап сауат ашу, есептей білу темптілік, үйретуге сияқты бетбұрыс, бастауыш сыныпта күрделеніп оқу мен жазуды байланыстыру, көркемдей шапшаң жазу сияқты талпыныс жасауда. Соның ішінде оқушылардың каллиграфиясына тоқталсақ, ол тек мектеп қабырғасында қалыптастырылады.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................3
I – ТАРАУ. КӨРКЕМ ЖАЗУ ПӘНІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Көркем жазуға үйретудің тарихынан .........................................................5
II – ТАРАУ. ЖАЗУДАҒЫ КАЛЛИГРАФИЯЛЫҚ ДАҒДЫЛАРДЫ ҮЙРЕТУДІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖОЛДАРЫ.
2.1. Жазудың сапасы және оны қалыптастыру жұмыстары............................9
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................18

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................................................................22

Вложенные файлы: 1 файл

К.Калдыгул.docx

— 51.54 Кб (Скачать файл)

Көркем  жазу пәні педагогика, гигиена, физиология,психология т.б. пәндермен байланысты. XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында көркем жазу пәні бойынша түрлі әдістемелер  жарық көрді . Соның ішінде И.Е.Евсеевтің  еңбегінің маңызы зор.Оның « Көркем жазуды оқытудың әдістемесі» атты еңбегінде: көркем жазудың тарихы, әр әдістің  қолдану реті т.б. жазылған.Сонымен қатар В.Гербача және Ф.В.Грекованың әдістемелері де үлкен қызығушылығын тудырды.

Көркем  жазуды тек әдіскерлер ғана емес, гигиенистер  – А.С.Вирениус, В.И.Бывалкевич те зерттеді. Өткен жүз жылдық аяғында профессор  Ф.Эрисман мектеп партасын жасады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II – тарау. Жазудағы каллиграфиялық  дағдыларды үйретудің әдістемелік  жолдары.

2.1. Жазудың сапасы және оны  қалыптастыру жұмыстары.

 

Оқушылардың жазу жұмысына қарап кейбіреуінің жазуы  таза, көркем, анық жазғаның байқаймыз. Ал, кейбірінің жазуы қисық, біркелкі емес, қалай болса солай жазылғанын көреміз.

Мұндай  қателіктер кетпес үшін мұғалім көркем жазу немесе қазақ тілі сабағында  жазу сапасымен үнемі жұмыс жасау  керек.

Жазу  сапасына оның айқындылығын, біркелкілігі, дұрыс байланысуы, жұмыс жолында  дұрыс жазылуы жатады.

Жазудың сапасын дұрыс қалыптастыру үшін мұғалім мынадай бағытта жұмыс  жасайды:

1. Ең  алдымен бірінші сабақтан бастап  әріптің формасымен жұмыс жасау  керек;

2. Әріптердің  дұрыс байланысуы ж.ж.к.

3. Біркелкі  көлбеу болуын ж.ж.к.

4. Әріптің  биіктігі біркелкі болуын ж.ж.к.

5. Әріп  арасына, әріп элементтері, сөз,  сөйлем арасындағы қашықтықтың  бірдей болуы керек.

6. Сыныпта  оқушылардың жазу жылдамдығы  бірдей болуы керек.

7. Жазу  біркелкі ритмикалық болуы керек.

Әріптің формасымен жұмыс – көркем жазу негізгі міндетінің бірі, себебі жазудың  айқындылығы әріптің дұрыс жазылуына  байланысты.

I сыныптың  оқушысы барлық әріптің таңбалануының  үйренеді, бірақ кейбірін  ұмыта бастайды.

Оқушылардың әріп формасын түсіне отырып жазу маңызы орын алады. Әсіресе, 1, 2 сыныпта оқушының жазуы автомат – н кезде  маңызы зор. Бұл кезде әріпті бейнелей отырып қозғалу немесе таза жазу дағдыға  қалыптасады.

Әріпті  түсіне отырып шеру үшін мынаны білу керек:

1. Әріптің  негізгі немесе байланыстыра  ажырата білу.

2. Әрі  әріптің элемент ерекшеліктеріне  назар аудару ( шиек, дөңгелек, жарты  доға )

3. Әріптің  жазылу ерекшеліктеріне назар  аудару.

4. Дұрыс  жазылған немесе дұрыс емес  жазылған әріәпті ажырата білу, оның себебін айта білу керек:  Әріптің формасымен дұрыс жұмыс  істеуге мысал келтірейік.Балалар  дәптердің керекті жерін ашады.  Оларға щ әріпін қайта қарауды  тапсырады. Соның негізінде, щ  әріпінде негізгі 4 элементті  табуға болады: үш, төртінші шиекше  болып табылады.

 Бұл  элемент бағыты бірдей, түзу штрихпен  жазылу керек.Әріпте қанша қосатын  элемент бар екені анықталады.Бұл  әріптің қосатын штрихы негізгі  элементке қарағанда қатты көлбеулікпен  жазылады. Ал, шиек санылатың элементтің  шиекшесі төменге жолдан сәл  жоғары болады.

Щ  әріпті қай әріпке ұқсайтынын анықтайды. ( ш,ц )

Мұғалім тақтаға щ әріпті жаза отырып, оның ерекшелігін айтады. Осыдан кейін  тағы екі әріпті жазады. Бұл әріптердің арақашықтығы бірдей. Балалар өз бетінше 3 – 5 әріп жазады. Мұғалім осы уақытта  оқушылардың жазуын бақылайды. Оқушылардың  жазуларынан кеткен қателерді көреді. Мұғалім тағы да  тақтаға щ  әріпін жазады, бірақ қателікпен жазады. Егер оқушылар тақтада қате жазылған әріпті көрсе, олар күледі немесе қатесін  айтып, түсіндіреді. Мысалға, әріпте екі  қате бар: элемент арасындағы қашықтық дұрыс емес немесе шиек дұрыс салынбаған. Мұғалім жетекшелігімен кеткен  қатені түзету жолдарын айтылады. Осыдан кейін, дұрыс емес әріп өшіріліп, дұрыс  жазылған әрі салынады. Оқушылардың  тек тақтадан емес, өзінің жазуынан да кеткен қатені көргені дұрыс. Мәселен, мұғалім әріпті жазуға бергенде, оқушының кеткен қателерді не себептен кеткенін және оны қалай түзетуге болатынын  сұрайды. Осыдан кейін тағы да әріпті жазады да, біршама дұрыс жазғанын көреміз. Кейбір оқушылар өзінен кеткен  қатені көрмейді. Бұд жағдайда, оқушылар бір – бірінің қатесін тексереді.

Кейбір  оқушылар әріптің жазылу жолын жеке көрсектсе ғана дұрыс жазады. Мұғалім  оқушы дәптеріне жазып көрсетеді, ал оқушы сол бойынша жазады.Ал, біреулері оның қолын ұстап бағыттап отырғанда ғана жаза алады.

Оқушылар  дұрыс бағытта  қозғала отырып жазу үшін  мұғалім түсіндіргеннен кейін оқушылар  бірінші оның көзбен қаламсапты көзін жұмып ауада  жазады.Осыдан кейін ғана  олар жаза бастайды.

Мұғалім оқушының қатесін көркенде  ерекше назар аудару керек және ортаға салғанда оқушылар атын айтпау керек. Ал,жақсы  орындаған сыныптың алуында айтуға болады. Сауат ашу кезеңі ааяқталғаннан  кейін, оқуңшылар кейбір әріптің  таңбалануын ұмытып қалады. Сондықтан, көркем жазу сабағында таңбалануы қиын әріпті жазып, еске түсіріп көркем жазудың  дағдысын қалыптастыру керек.

Әріптің формасымен жұмыс жасағанда оның сөзде, сөйлемде жазылуы, байланысуына назар аудару керек.Бұл жұмыстың көркем жазу сабағында жүргізіледі.

Жазу үрдісіне немесе әріп элементтеріне  талдау.

Графикалық  дағдыларды үйрету барысында жазу үрдісінің  заңдылықтарын негізделмегендіктен, әріп элементтеріне талдау жасау  да осы заң бағынышты болады.

Ерте  кезде, әріп элемнттін талдау жазу шрифтінің  ерекшеліктерімен байланысты болатын. Бұлай жазу, тіпті үзіліссіз жазылатын  әріптерді де элементке бөліп  қарастырады. Мысалға, б әрібі.

Кіші әріп элемнеттері:

- түзу  сызық;      

-  жұмыс  жолының төменгі сызығынан асатын сызық;     

-   имегі бар сызық;    

- жоғары  жағында имегі бар сызық;   

-  л,  м, я әріптерінің бастапқы элементі; 

- жоғыры  және төменгі жағы имектелген  сызық;    

-  ж  әрібінің ортаңғы элементі;   

-  төменгі  жұмыс жолынан шығатын имек;  

-   жоғары жағынан шығатын имек  сызық;   

- қысқа  имек;   

- к әрібінің  элементі;  

- жарты  дөңгелекше;    

- дөңгелек;   

-  и  әрібінің жоғарғы элементі;

Үлкен әріптердің элементтері:

  - түзу  сызық;   

- оң жағына  қарай имегі бар сызық;  

- сол  жағына қарай имегі бар сызық;    

- жоғары  және төменгі жағы дөңгелекшесі  бар сызық;  

- Л, М,  Я, А әріптерінің алғашқы элементі;  

- дөңгелек;  

- сол  жағынан жартылай дөңгелекше;  

- Ж әрібінің  ортаңғы элементі;   

- оң жағына  қарай дөңгелекше;   

- Б,Г,  П, Т, Р әріптердің жоғарғы  элементі.    

Әріпті  бұлай бөлшекке бөлуді, мұғалім әріп элементіне талдау жасауда қолдануына болады.

Әліппе  кезеңінде элементпен талдау балаға әріпті бейнелеуге көмектеседі. Бірақ, бұл кезде де әріпті жеке элементкебөлудің қажеті жоқ. Жазуды дұрыс қалыптастыру үшін жазу барысындағы қозғалысқа талдау жасау керек. Сонымен, әріпті элементтен талдау жасаудың ерекшеліктеріне неде екенін қарастырамыз. Ең алдымен, әріптің  негізгі элементін бөліп ашу  керек. Кез келген әріпті жазғанда  бірінші өзімізге қарай жазу негізгі  екенін айтамыз.

Осы қозғалыспен  негізгі элемент – түзу сызық  салынады.Келесі элементі жазу үшін жоғарыға қарай оңға көлбеу етіп жазамыз. Бұл  қосатын элемент оның қызметі  – екі элементті немесе екі  әріпті қосу. Бұл қозғалысты жазу барысында  жүзеге асыру ыңғайлы. Бұл элементтерді жазу үзіліссіз жүргізіледі. Бұл  элементтерді и, ш ,п, т, р әріптерін  көруге болады.

Негізгі элемент - өзіне қарай қозғалу - өз көлбеулікпен жазылады, қосатын элемент - өзінен қозғалу өте үлкен көлбеулікпен жазылады.

Әріпті  негізгі немесе көмекшіэлементке бөлу де өзінен бастап жазу кейбір әріптерде  сағат тіліне қарама – қарсы қайталанып жазылады.( э, з ) Бұл әріпті бөлу тек  әріп формасын дұрыс жазу үшін емес, сонымен қатар біркелкі бағытты, паралель штрихты ритмиканы сақтауға көмектеседі.

Әріптің жазбаша түрінің кейбірі жазу заңдылығына сәйкес келмейді.

Өзімізге  қарай төмен жазуды тік, ал өзімізден  жоғары қарай сызуды – оңға қарай  көлбеу етіп саламыз. Мәселен, б әріпті жазу заңдылықтарына сәйкес келмейтіндіктен, оны оған қарама – қарсы болғандықтан оқушылар көп қате жібереді.

Жазуға  оқытудың алғашқы кезінен бастап – ақ мұғалім негізгі элементті - өзіне қарай көлбеу тік сызықты  ажырата білуге үйрету керек. Бұл  элементті оқушы тек негізгі  элементі ретінде беріп әріптерде  ғана емес ( п, и, т ), басқа кез –  келген әріптен көре білуі тиіс. ( ш, я, в, р ). Әріпті бұлай элементтеп ажырату жазуды түсіне отырып игеруіне алып келеді.

 Әліппе  кезеңінен кейін, әріпті қайталау  үшін мынадай жаттығулар береді:

и|| и || и ||   н|| н || н   ш||| ш ||| ш |||

в || в || в ||   г | г | г | г | г |  р || р || р ||

Бұл арқылы әріптің негізгі элементін  ажыратуға көмектеседі.

Осылайша  әріпке талдау жасау маңызды орын алады. Бұл әдіс жазуға үйренудің  барлық кезеңдерінде қолдануға тиіс. Бірақ бұл әдіс барлық әріптерге  қолайлы емес. Әріп элементтеріне  талдау жасау дәлірек немесе айқынырақ  болуы мүмкін. Мәселен, имекшесі бар  сызық ,шиек, дөңгелек, жартылай дөңгелект.б. элементтерден қосымша да негізгі  элементті табуға болады.

Бұл элементтерді әріпті жазғанда ғана көре аламыз.

Жазу  барысында қозғалыс элементі  суретін  салуға сәйкес келе бермейді. Мәселен, дөңгелек элементі бар әріптер. Бұлардың негізгі элементі дөңгелек. Бірақ  дөңгелек  түгелмен тек о, ө, ю  әріптерінде жазылады. Ал я, д, ф әріптері сөздің басында келсе дөңгелекше аяқталмай екінші элемент жазылады.

Ф әріпін екі  дөңгелекше бар. Бірақ, екінші дөңгелекше біріншісіне қарағанда тіпті  басқаша жазылады ( біріншісі сағат  тілімен, екіншісі сағат тіліне қарсы ). Екіншісі ортанғы элементке қосқанда ғана дөңгелекше болады.

Бұл мысалдарды, яғни қозғалыс элементтеріне талдау және шрифт элементтеріне талдауды бір – біріне ұқсастығын байқау үшін береміз. Алайда, жазуға үйрету барысында  екі жақты талдау да маңызды орын алады.

Жазу  үрдісіне талдау жүргізу әріптер  арасындағы ұқсастықты, айырмашылықта, қозғалыс бағыты түсінуге мүмкіндік  береді.

Әріп  элементтеріне талдау жасай отырып, элементтің оңайына күрделісіне  қарап әріпті топқа бөлуге болады.

Бұл генетикалық  принципке сәйкес, оңайдан қиынға қарай жазуға негізделеді.

Алғашқы жазуды мақсатымн альфавиттегі кіші немесе бос әріптер графикалық тұрғыдағы  оңай – қиындығына , бір – бірене ұқсастығына, топ – топқа бөлінеді:

Әріптер тобы

Кіші  әріптер:

І .     и ш і п т н р у һ ү

ІІ.   л м ь ы я

ІІІ.  о а ю ф д б

ІV.   с   е  ч   ъ   в

V.   х  ж  ә  з  к

VI.   й ғ ц щ ұ ң қ э ө

Бас әріптер:

І.   И Ш Ц Щ Ч Ұ Ү Л М

ІІ.  О  Ө  С  З  Х  Е  Э  Ә

ІІІ.  Ж У Н К Қ Ю Р В Ф

ІV.   Г Ғ П Т Б

V.  А  Я  Д  Ы  Ч [3./113-115б./]

1. Әріп құрамында тек негізгі  немесе қосымша элементі бар,  жазылуы оңай кіші и және  ш әріптері. Олар сағат тіліне  қарсы қозғалыспен жазылады. Бұл  әріптерді жазу оңай болғанымен, оқыта бастағана айтарлықтай  қате кетеді.

Кейбір  оқушылар бұл әріпті жіңішке, басқа  элементтерін қысыңқы етіп жазады.

Мұндай  қателер әріптің әртүрлі жазылған үлгілерін салыстыру нәтижесінде  жойылады.

Тақтаға үш  и әріп жазылады:

Екеуі дұрыс  емес, біреуі дұрыс.

Балалар үш үлгіге қарап дұрыс жазылған үлгіге көру керек. Осыдан кейін екі дұрыс  емес жазылған әріптің қателерін  түсіндіреді: « Сызықты жұмыс  жолының төменгі сызығына жеткізіп дөңгелектесек – тік сызық  болады,  егер жұмыс жолының төменгі  сызығынан жоғары дөңгелектесек  – жалпақ болады». Оқушылар қорытындыға  келіп, осы екі нүкте аралығында дөңгелету керектігін түсінеді.

2.    элементтер арасындағы арақашықтық сақталмауы; Бұл қате дөңгелекшені төменгі жолға өте жақын қайырғанынан болады.Мұндай қателер сирек кездеседі. Сондықтан оқушылармен жеке жұмыс барысында қатені түзету  жолдарын түсіндіруге болады.


3.   әріпті жазуда  элементтерді әр түрлі бағытта жазады


Бұл қатені жою үшін мынадай жаттығу беруге болады:

       


Үлкен И  және Ш әріптері бір – біріне ұқсас келеді.

Мынадай қателер кетеді: а)

   дұрыс бағытта жазылмаған. Бұл қатені жою үшін қозғалыстың бағытына талдау жасау керек – негізгі және қосымша элементтін, өзімізге қарай немесе өзімізден жазғанда бағыты қандай болу керектігін түсіндіру керек;

Информация о работе Жазудың сапасы және оны қалыптастыру жұмыстары