Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2015 в 19:13, реферат
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың "Қазақстан - 2030" стратегиялық жолдауында, 1999 жылдың маусымында қабылданған Қазақстан Республикасы "Білім туралы" Заңында, 2000 жылдың 30 қыркүйегінде қабылданған "Білім" мемлекеттік бағдарламасында көрсетілгендей қоғамның экономикалық және әлеуметтік жағынан ілгерілеуінің маңызды факторы ретінде білім берудің ұлттық моделін дамыту, шығармашыл тұлға қалыптастыруға дағды алу, ақыл-ой қорын жинау сияқты мақсаттарды көздейді. Ол Қазақстан Республикасы жариялаған білім беру басымдығына, "жалпыға білім беру" моделін "әр адамға таңдау бойынша білім беру" моделіне көшуге негізделген.
Оқытушы қызметінің инновациялық бағыттылығының екінші құрамды бөлігі психологиялық – педагогикалық зерттеулердің нәтижесін педагогикалық қызметтің тәжірибесін ендірумен тығыз байланысты.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тужырымдамасының жобасында жоғары білімді дамытудың негізгі үрдісі мамандар даярлау сапасын арттыру, қарқынды ғылыми – зерттеу қызметімен ықпалдастырылған инновациялық білімді дамыту, жоғары оқу орындары зерттеулерінің әлеуметтік сала мен экономиканың қажеттіліктерімен тығыз байланысы, білім беру және ақпараттық технологияларды жетілдіру болып табылады» деп көрсетілген.
Қазіргі білім беру саласындағы басты мәселе әлеуметтік – педагогикалық ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмұнын оңтайлы анықтаудың тиімді жаңа әдістерін іздестіру мен оларды жүзеге асыра алатын болашақ мамандарды даярлау болып отыр.
Жаңа дәуір ұлттық бәсеке, мәліметтік сайыс, психологиялық өзгерістер сияқты көріністермен бөлене алады. Сондықтан сол кезеңге сай интеллектуалды, ой-өрісі жоғары дамыған, дені сау азаматты қалыптастыру – мемлекеттік сайыс, психологиялық өзгерістер сияқты көріністермен бөлене алады. Сондықтан сол кезеңге сай интеллектуалды, ой-өрісі жоғары дамыған, дені сау азаматты қалыптастыру – мемлекеттің бүгінгі күнгі ең өзекті мәселесі.
Бүгінгі студент, оқушы – ертеңгі маман. Жоғары оқу орнында білім беру үрдісінің болашағын жоспарлау, ол – экономикалық, әлеуметтік, саяси, рухани жұмыстардың қоғамдағы дамуына байланысты шешілетін мәселе. Білім беру студент қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталады. Сондықтан, оны басқарудың студенттің ой-өрісін дамытуға, өз өмірінің нысаны болуы үшін жағдай туғызуға негізделеді.
Қысқаша айтатын болсақ, өмірлік тәжірибе ойды қозғайды, ойғылымды туғызады, ғылымның дамуы зерттеуді талап етеді. Қазіргі нарық кезінде озат тәжірибені дұрыс басқару үшін – орнымен бақылау, жоспарлау, болашақты болжау дұрыс бағдарлама жасауға жол сілтейді. Осының бәрі сайып келгенде болашақта жақсы маман даярлауға мүмкіншілік береді.
Қазіргі кезде әлемдік экономика жаңа сапалық деңгейдегі білімге негізделген. Білімге негізделген салалардағы экономикалық өсудің қарқынынан тұрақты түрде асып отырады. Осы орайда, ақпарат легінің артуы және оның одан әрі шектеусіз өсу перспективасы, адамзат жинақтаған білімді жай игеріп қоюдың нәтижесіз мақсат екенін көрсетеді. Әлемнің көптеген алдыңғы қатарлы елдерінің білім беру жүйесі – білім берудің құрылымын, мақсаттарын, мазмұны мен технологиясын түбегейлі өзгертулер енгізумен іске асырылады. Білім, білік, дағдыларды бұрынғыша механикалық түрде беру емес, ақпараттық – зияткерлік ресурстарды өз бетінше тауып, талдап және пайдалана білетін идеялардың қуат көзі болатын, жедел өзгеріп отыратын әлем жағдайында дамитын және өзін-өзі ашық көрсете алатын жеке тұлғаны қалыптастыру – қазіргі басымдық болып табылады.
Мемлекеттік білім
стандарты деңгейінде оқыту
Әдебиет:
1. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейнгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының жобасы.
2. Бұзаубақова Ж. Мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастыру. — Алматы, 2006.
3. Әйтімова Б. Уақыт талабы – ізденіс // Егемен Қазақстан. 2006. 1 қыркүйек.
4. Бұзаубақова К.Ж. Мұғалімнің инновациялық іс-әрекетке даярлығын қалыптастырудың теориясы мен практикасы. – Алматы: Жазушы, 2009.
5. Тауипбаева А. Т. Білім беру процесіндегі инновациялық технологияларды дамыту [Текст] / А. Т. Тауипбаева, Г. Т. Абдихайымова // Молодой ученый. — 2015. — №7.2. — С. 56-57.
Информация о работе Жоғарғы білім беру аймағындағы педагогикалық идеялар