Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2014 в 08:02, контрольная работа
ХҮІІІ ғ.басында Ресейдің экономикалық және мәдени өмірінде елеулі өзгерістің болуына қарамастан, ол Батыс Еуропамен салыстырғанда әлі де артта қалған ел еді. Бұл артта қалғандықты екі ғасыр бойы мангол-татарлардың езгісінде болуға байланысты түсіндіруге болады, мүмкін болғанынша, қысқа мерзімнің ішінде жою қажет болды.
Ресейдің экономикалық және саяси жағдайын нығайту мақсатында ХҮІІІ ғ. басында шешуші қадамдар алынған болатын-ды. Бұл кезде Ресей мемлекетінің басында көрнекті мемлекет қайраткері Петр І тұрды.
1.М.В.Ломоносов – Ресей ғылымының негізін салған ғалым.
ХҮІІІ ғ.басында Ресейдің экономикалық
және мәдени өмірінде елеулі өзгерістің
болуына қарамастан, ол Батыс Еуропамен
салыстырғанда әлі де артта қалған ел
еді. Бұл артта қалғандықты екі ғасыр бойы
мангол-татарлардың езгісінде болуға
байланысты түсіндіруге болады, мүмкін
болғанынша, қысқа мерзімнің ішінде жою
қажет болды.
Ресейдің экономикалық және саяси жағдайын
нығайту мақсатында ХҮІІІ ғ. басында шешуші
қадамдар алынған болатын-ды. Бұл кезде
Ресей мемлекетінің басында көрнекті
мемлекет қайраткері Петр І тұрды. Өндіріс
мемлекетінің құрылыс кең қанат жайды,
каналдар салынды, сыртқы және ішкі сауда
дамыды, армия мен флот құрылды. Сонымен
қатар ғылым мен мәдениет дамыды. Білімнің
мынадай салалары практикалық механика
және корабль құрылысы, навигация, астрономия,
жағырафия, минералогия, геодезия және
математика.
Бұл кезеңдегі ел өміріндегі ірі оқиғалар
мемлекеттік жалпы білім беретін және
арнаулы мектептерді ашу. Ғылым академиясы
мен Москва кобсерваториясын құру болып
табылады. Ағарту ісін дамытуда жаңа азаматтық
алфавитті енгізу, бірінші көпшілік кітапхананы
және мұражайды ұйымдастыру, біршама діни
емес әдебиеттерді баысп шығару, бірінші
орыс газетін “Әскери және басқа істер
туралы хабаршы” шығаруға шешімнің алынуы.
1701 жылы Москвада бірінші математикалық
және навигациялық ғылымдардың мектебі
ашылды. Оның құрамында жалпы білім беретін,
сонымен қатар арнаулы сыныптар кірді.
Онда арифметиканы, алгебраны, геометрияны,
тригонометрияны оқыды, одан басқа арнаулы
ғылымдармен танысты: новигация – теңіз
ісі мамандары үшін, фортификация - әскери
инженерлерге қажетті ғылым, астрономия,
жағырафия және жерөлшеу ғылымдары оқытылды.
Бұл мектепте негізгі мұғалім болып Леонтий
Магницкий жұмыс істеді. Ол алғашқы математикадан
оқу құралын құрастырған, өз кезінің мәдениетті,
білімді адамдарының бірі болды. Ол көптеген
тамаша мамандарды – математиктерді,
теңіз ісінің, артиллерия қызметінің,
мұғалімдерді және оқулықтары жасаушыларды
дайындады.
1715 жылы математикалық және навигациялық
ғылымдар мектебінің жоғары сыныптары
Петербургке ауыстырылды және онда оның
негізінде Теңіз академиясы – теңіз офицерлері
мен корабль құрылысшыларын дайындау
үшін теңіз-әскери оқу орны ашылды.
Петербургте, Москвада және әртүрлі басқа
қалаларда артиллериялық мектептер ашылды,
ал кейбір қалаларда – навигациялық және
грамматикалық мектептер. Хирургиялық
мектептер де ашылды.
ХҮІІІ ғ.басында Оралда бірінші мемлекеттік
металлургиялық зауыттар ашылды. В.Н.Татищевтің
ынтасымен тау-кен ісі мамандарын даярлау
үшін тау-кен училищесі құрыла бастады.
Олардың ерекшеліктері жалпы білім беретін
және арнаулы даярлықтың оларда орынды
ұштасып келу, болып табылады.
Орыс дворяндары өздерінің құқықтары
мен жеңілдіктерін әртүрлі тәсілдермен
бекіту және кеңейтуге ұмтылды. Бұл ұмтылыс
Петр І өлгеннен кейін ерекше байқалды.
Дворяндар өздерінің балалары үшін мемлекет
есебінін жабық оқу орындарын ашуға лұқсат
алуға қол жеткізді.
Мәселен, 1731 жылы Петербургте дворян балалары
үшін тәрбиелік-білімдік мекеме кадет
корпусы ашылды, ол тәрбиеленушілерін
әскери және азаматтық қызметке даярлау
тиіс болды.
М.В.Ломоносовтың Ресейде ағарту
ісі мен педагогикалық
ой-пікірдің дамуындағы ролі. (1711-1765)
Ресей ғылымы мен ағарту ісін
дамыту үшін ғұлама орыс ғалымы Михаил
Васильевич Ломоносовтың қызметінің мәні
ерекше болды. Шаруа-теңізшінің баласы,
ол сауатын ерте ашты. Сол кездегі басқа
орыс балалары сияқты ол білімін оқуын
діни кітаптарды оқудан бастады, оның
алғашқы оқыған кітаптары Смотрицкийдің
гармматика оқулығы мен Магницкийдің
арифметикасы болды.
Ол онтоғыз жасында Москваға жаяу келіп,
өзінің шыққан тегін жасырып, Славян-грек-латын
академиясына оқуға түседі. Ломоносовтың
дара қабілеттілігі, ерекше еңбек-сүйгіштігі
және тез қалыптасқан жетістіктері Академия
басшыларының оған көңіл аударуына себепші
болады. 1736 жылы ол 12 үздік шәкірттің бірі
болып Петербургке жіберіледі, содан кейін
білімін жалғастыру үшін шетелге жіберіледі.
1741 жылдан М.В.Ломоносовтың белсенді, ерекше
жемісті, жан-жақты ғылыми және ағартушылық
қызметі басталады. 1745 жылы Петербург
Ғылым академиясының химия профессоры
болып тағайындалады, кейіннен академик
болып сайланады. Ломоносов Ресейде көптеген
ғылымның негізін қалады. Оның жан-жақты
ғұламалығы туралы А.С.Пушкин өте орынды
бағаберді: “Ғажайып күш-жігерді, ғажайып
ғұламалықпен ұштастыра отырып, Ломоносов
ағарту ісінің барлық саласының татты.
Ғылымға деген шөлдеу жан дүниесінің күшті
құмарлығы еді. Тарихшы, шешен, механик,
химик, минералог, суретші және өлеңші
– ол бәрін сынап көрді, бәріне бойлай
білді”.
Ломоносов философиялық материализм негізінде
құрылған орыс классикалық философиясының
Ресейдегі ғылыми жаратылыстанудың негізін
салды. Ол бірінші рет әлемдік ғылым тарихында
табиғаттың негізгі заңы – материяен
қозғалыстың сақталу заңының бірден-бір
толық және дәл анықтамасын берді.
М.В.Ломоносовтың ғылымға сіңірген еңбегін
европа ғалымдарының – замандастарының
мойындауының объективтік дәлелі болып
табылатын оның швеция академиясын құрметті
мүшесі (1760ж) және Балон академиясының
құрметті мүшесі (1763ж) сайлануы, ал француз
ғалымы Н.Леклерктің мойындауынша М.В.Ломоносовтың
есімі “адамзат ақыл-ойының жинамасында
бір дәуірді құрайды” деп жоғары баға
берген болатын-ды.
Орыс ғалымы мен ағарту ісінің жалынды
жаршысы, Ломоносов орыс ғылымын дамытуға
және отандық ғылыми кадрларды даярлауға
қарсы болған реакционерлермен белсенді
күрес жүргізді. Ол қарапайым адамдар
үшін университеттерге еркін түсе алатын
болуы керектігін талап етті, текке бөлінбейтін
мектептер ашуға тоқталды.
Ломоносовтың айтуынша, жоғары мектептің
өзінің “регламенті” (жарғысы) болуы
керек деді. Жоғары мектепке еркіндік
және жеңілдіктер берілуі қажет.
М.В.Ломоносовтың ұсынысымен және оның
жобасымен 1755 жылы Москва университеті
ашылды. Үкімет басындағылар университетті
чиновниктер даярлайтын және тек ғана
дворяндарға түсуге мүмкіншілік беретін
оқу орны ретінде ашуды көздегеніне қарамастан,
Ломоносов университетті ұйымдастырудың
өз жобасын өткізді, яғни ғылымға қабілетті
барлық адамдарға бірдей есіктің ашық
болатындығын іске асырды.
Жоғары мектептер үшін Ломоносовтың оқу
құралдары мен оқулықтар жасауда еңбегі
ұшан – теңіз.
“Экспериментальдық физика” (латын тілінен
аударылған), Риторика “Ресей грамматикасы”
– орыс тілінің бірінші ғылыми грамматикасы
болды. “Ресей грамматикасымен” орыстың
көптеген зиялыларының бірнеше ұрпақтары
оқыған болатынды.
Москва университеті және оның
мектеп
пен педагогикалық ой-аікірдің дамуына
ықпалы.
ХҮІІІ ғасырдың ІІ жартысында
көптеген орыс зиялылары М.В.Ломоносовтың
төңірегіне топтасқан прогрессивтік бағыттағы
алдыңғы қатарлы ғалымдар пайда болды.
Сол кезде өте негізгі мәселе ретінде
“табиғи ресейліктерден” ғылыми кадрлар
даярлайтын отандық ғылымның орталығын
құру туралы міндет күн тәртібіне қойылды.
Ломоносов ғылымның жаңа орталығы Москвада
ұйымдастыру қажеттігін дәлелдеді, ол
Петербург салынғаннан кейін орыс өмірінің
экономикалық, мәдени және қоғамдық орталығы
болып жалғаса берді.
1755 жылы сәуірде М.В.Ломоносовтың тікелей
қатысуымен Москвада құрамында 3 факультеті
бар университет ашылды: заң, философия
және дәрігерлік.
Батысеуропалық университеттерден айырмашылығы
онда діни факультет болмады. Ғалымдар
ғылыми-зерттеулермен айналысуы үшін
қамқорлық жасай отырып, университет жанынан
әртүрлі қосымша мекемелерді (физикалық
кабинет, анатомиялық театр және т.б.) құруды
қарастырды.
Университет жанынан екі гимназия ашылды.
Университет жанындағы гимназияның екеуі
де дворяндар мен әртүрлі чинді адамдардың
балаларына, шаруалардан басқаларына
арналды. Ғұлама Ломоносовтың университетте
шаруа балаларына білім алу туралы лұқсат
беру қиялы іске аспады.
Гимназияда орыс тілі, латын тілі және
шет тілдердің бірі, әдебиет, математика
және тарих.
М.В.Ломоносовтың Ресейде ғылымның, ағарту
ісінің және мәдениеттің даму тарихында
терең із қалдырған Москва университетін
және университет гимназиясын құруда
еңбегі ерекше.
Москва университетінің жанынан белгілі
орыс архитекторы Казаковтың мектебі
жұмыс істеді. Мектептің өзінің мақсаты
“табиғи ресейліктерден” мамандар мен
құрылысшыларды даярлау. Сол сияқты белгілі
орыс архитекторы Баженов, өзі Москва
университетін бітірген, ол да мектеп
ашып, онда талантты жастарды оқытты.
ХҮІІІ ғасырда Ресейде ағарту ісін дамытуда
Москва университеті мен гимназияның
профессорлары мен оқытушылары елеулі
үлес қосты.
Университет профессорлары мен оқытушылары,
Ломоносовтың шәкірттері мен ізбасарлары
тәрбие мәселелерімен көбірек айналысты.
Өздерінің университетте студенттердің
алдында сөйлеген сөздерінде бұл ғалымдар
негізгі педагогикалық мәселелерді ашып
көрсетті. Олар оқытудың әдістемелерін
талдаумен айналысты және құнды оқу құралдарын
жасады.
1779 жылы университет жанынан Ресейде бірінші
мұғалімдер семинариясы ашылды, ол негізінен
Москва және Қазан гимназиялары үшін мұғалімдер
даярлады, сонымен қатар пансиондар үшін.
Университетте ХҮІІІ ғасырдың екінші
жартысында көптеген әртүрлі әдеби және
ғылыми қоғамдар жұмыс істеді. Мектептегі
білім беруді дамытуда типографиялық
қоғам ерекше роль атқарды, оған жетекшілік
еткен белгілі жазушы-сықақшы және ағартушы-педагог
Н.И.Новиков. Оны ұйымдастыруда ол біршама
еңбек сіңірді.
Москва университетінің жанындағы типографияның
және әдеби қоғамдардың қызметінде ең
жақсы шетелдік педагогикалық еңбектерді
аудару үлкен орын алды. Орыс тіліне Коменскийдің
“Дүниені суреттер арқылы бейнелеу”
атты оқулығы мен басқа еңбектері аударылды.
Джон Локктың “Тәрбие туралы ойлары”,
Руссоның “Эмиль, немесе Тәрбие туралы”
еңбектері аударылды.
2.А.Н.Радищевтің,В.
А.Н.Радищевтің педагогикалық
көзқарастары.
(1749-1802)
Орыс халықының дарынды
ұлы, өз отанының жалынды патриоты А.Н.Радищев
орыстың революциялық ағартушылық ой-пікірдің
негізін салушы болып табылады. Негізгі
философиялық мәселелерді Радищев материализм
тұрғысынан шеше білді. Барлық қоршаған
дүние Радищевше, материалды. Адам табиғатында
материалдан тыс ерекше рухтың болуы мүмкін
емес. Өзінің шығармаларында ол революциялық
жігермен патша үкіметіне ашу-ызамен қарсылық
білдірді. Радищев сонымен қатар езілген
халықтың өздерін қанап отырғандарға-
патшаға және помещиктерге қарсы революциялық
күрестің қажеттілігі мен заңдылығын
дәлелдеді. Басы байлы шаруалардың қиын
жағдайы туралы, олардың балаларын тәрбиелеудің
қолайсыз көріністері туралы Радищевтің
“Петербургтен Москваға саяхат” кітабында
хабарлады. Бұл еңбекте Радищев шаруа
балаларының көрген қиыншылығының ауыр
жағдайын суреттеп берді.
Тәрбиенің мақсаты Радищев өз халқының
бақыты үшін күресуге қабілетті және оны
қанаушыларға жеккөрушілікпен қарайтын
адамды – азаматты қалыптастыру деп есептеді.
Өзінің “Отанының ұлы туралы әңгіме”
деп аталатын еңбегінде Радищев тәрбиенің
негізгі міндеті ең алдымен өз отанын
сүйе білетін, өзін халқының мүддесі үшін
күреске арнайтын, жоғары адамгершілікті
адамды тәрбиелеу болып табылады деп жазды.
Ол нағыз патриот дегеніміз тек ғана революционер,
патша үкіметімен күреске дайын азаматты
айтады.
Тәрбиенің алдына революциялық міндет
“Отанның ұлын” қалыптастыруды ұсына
отырып, Радищев патриотизмді түсінуде
ресми патшалық педагогикадан түбірлі
алшақтықты аңғартты. Сол уақытта үкімет
мекемелерінде (кадет корпустарында, институттарында,
мектептерде, тәрбие үйлерінде) балалардан
патша өкіметі мен шіркеуге шын берілген
қанауға негізделген құрылысты жақтайтын
жалған патриоттарды даярлауға ұмтылды.
Радищев шын патриотты тәрбиелеу туралы
мәселе қойды. Шын мәнінде нағыз отанның
ұлы шын жүректен жауыздық, жалғандық,
хаюандық сияқты қасиеттерге жеккөрушілікпен
қарайды және осы жағымсыз қасиеттерге
қарсы күреседі.
Радищев орыс (Бецкой) және батысеуропалық
педагогтарды (Руссо және басқалар) сынай
отырып, олардың баланы қоршаған ортадан
аластату туралы айтқан көзқарастарын
сынға алды. Ол адам орта үшін дүниеге
келеді, баланы ортасынан, шындық өмірден
оқшаулау индвидуалистерді, тек ғана өз
қара басының мүддесін ойлайтын, қоғамды
өзгертуге қатысуға, идеялық күрескер
болуға қабілетсіз адамдарды тәрбиелейді.
Радищев барлық балаларда дамуға және
тәрбиелеуге табиғаттың берген қасиеттерінің
болатындығын көрсете отырып, Радищев
сонымен қатар жеке тұлғаның қалыптасуы
оның табиғатымен анықталмайды, өмір сүрген
ортасына, әлеуметтік жағдайларға байланысты
деген пікір айтады. Оның Бецкойдан айырмашылығы
ол қоғамды тәрбие арқылы өзгертуге болады
демейді. Керісінше, тек ғана ақылды қоғамда
тәрьиені дұрыс ұйымдастыруға болады
деген тұжырым жасайды. Ол адам мінезі
жалпы игілік іс-әрекетте қалыптасады,
заңсыздыққа, қоғамдағы тәртіпке, адамдардың
бойындағы жағымсыз қасиеттерге әруақытта
қарсы тұру арқылы іске асады.
А.Н.Радищев қанаушыларға жеккөрушілікке,
қарапайым халықтық бағыты үшін олармен
күресуге жаңа, революциялық моральдық
алғашқы бастаушы болды. Балалардың бойында
отанына, халқына деген шынайы сүйіспеншілікті
сіңірудің қажеттігін айта отырып, А.Н.Радищев
дворяндарға тән отандық мәдениетке менсінбей
қарауға, орынсыз француз тіліне еліктеуге
қарсы болды. Ол нағыз патриот өз ана тілін
жақсы білуі қажеттігін айтты.
ІІ Екатерина үкіметі Радищевтің шығармаларын
қоғамнан жасыру үшін, адамдардың санасынан
оның есімін өшіру үшін бар шараларды
алуға мәжбүр болды. Бірақ патша үкіметіне
революциялық күреске шақырған ұлы патриоттық
ашулы үні алдыңғы қатарлы орыс адамдарына
естілді. Үкімет тарапынан тыйым салынған
оның шығармалары, қолжазба түрінде жасырын
таратылды.
А.Н.Радищевтің Ресейде қоғамдық ой-пікірдің,
педагогикалық теорияның, орыстың революциялық
қозғалысының дамуында алатын орны ерекше.
3.Төңкерісшіл-демократ Добролюбовтың педагогикалық пікірлері.
Н.А.Добролюбовтың педагогикалық
көзқарастары
(1836-1861)
Н.А.Добролюбов Нижний Новгородта 1836 жылы
дін қызметкерінің жанұясында дүниеге
келді. Алғашқы білімді ол үйде және діни
училищеде алды, орта білімді діни семинарияда,
жоғары білімді – Петербургтегі педагогикалық
институтты бітірді. Студент кезінен бастап,
Добролюбов “Современник” журналының
жұмысына қатысып, онда өзінің бірнеше
педагогикалық мақалаларын жариялады,
оның ішінде “Тәрбиедегі беделдің маңызы
туралы” атты оның атақты мақаласы бар.
Институтты бітіргеннен кейін “Современник”
журналының редакциясына тұрақты жұмысқа
орналасты.
Добролюбовтың жан-жақты қалыптасқан
публицистикалық қызметінде педагогика
және тәрбие мәселелері ерекше орын алды,
ол мәселелерді шешуде Чернышевский сияқты,
материализм және революциялық демократизм
тұрғысынан қарады.
Ресми педагогиканы сынау. Өзінің еңбектерінде
үкіметтің халыққа білім беру саясаты
халықтың білімге ұмтылысын жоюға бағытталғандығын
жазды. Оны ол әскери деспотизм саясаты
деп атады. “Халыққа білім беру министрлігінде,-деп
жазды ол,-топастық, шектеушілік және жауыздық
үстемдік етеді”.
Ол ресми педагогиканы қатты сынға алды.
Өзінің еңбектерінде тәрбие мәселелеріне
ресми көзқарасын білдірген педагогикалық
шығармаларды өрескел кемшіліктері үшін
сынады. Ол бұл мақалалардың авторлары
балалардың кез-келген өз бетімен жұмысы
мен белсенділігінен айыратын тәрбиешінің
беделіне баланың соқыр, санасыз бағынуын,
мүлтіксіз бұйрығын орындауын жақтайтындығын
дәлелдеп берді.
Чернышевскиймен бірге ол жеке адамның
дамуында тұқым қуалаудың ролін асыра
бағалауға бағытталған көзқарастың ғылыми
негізі жоқ екендігін, үстем тап өкілдерінің
мүддесін қорғайтындығын дәлелдеді.
Бұл “теорияларға” қарсы, Добролюбовтың
айтуынша, адам дағдыры, оның көзқарастарын,
сезімдерін және көңіл-күйлерін, оның
мінез-құлқы мен қабілеттіктерін қалыптастыру
қоғамдық өмір мен тәрбиенің жағдайларымен
анықталды, тек ғана құрылысының кейбір
ерекшеліктері, темпераменттері, орналасулары
тұқым арқылы беріледі, Добролюбов “қазіргі”
білім беру жүйесін жақтады, оның негізгі
белгілері демократизм, гуманизм және
ғылымилық деп есептеді.
Жаңа жүйе жан-жақты дамыған мектеп жүйесі
болу керек, білім берудің барлық сатысында
мектептерде оқыту тегін болуы қажет,
Ресейді мекендеген барлық сословиелер
мен ұлттардың балалары өз ана тілінде
оқу керек. Барлық оқыту оқушының жеке
басын терең сылай негізінде құрылуы қажет.
Добролюбов дене тәрбиесіне жеткіліксіз
мән беруге қарсы болды. “Біз баланың
басына әртүрлі көптеген оларға жат (бір
құдайдың өзі білсін, істе ешқандай қажетсіз)
дерексіз ұғымдарды құюмен боламыз, бірақ
біз ақыл-ой және адамгершілік қызметке
қажетті органдарды дұрыс тәрбиелеуге
мән бермейміз”.
Добролюбовтың пікірінше, дене тәрбиесіне
жеткіліксіз мән беру екі негізгі себептерге
байланысты іске асады:
1) адам табиғаты туралы жалған, идеалистік
түсініктердің нәтижесінде; 2) үстем тап
өкілдерінің дене еңбегіне, еңбек адамына
менсінбей қараушылықтың салдарынан.
Адам даярлау жүйесінде Добролюбов басты
рольді ақыл-ой тәрбиесіне ерекше мән
берді. Ол табиғат және қоғам туралы білімдермен
шәкірттерді қаруландыруы қажет деген
болатынды.
Шәкірттердің сенімін қалыптастыруда
ақыл-ой білімімен қатар Добролюбов дұрыс
ұымдасқан адамгершілік тәрбиесіне ерекше
мән берді. Негізгі адамгершілік қасиеттерге
патриотизм, гуманизм, еңбекке сүйіспеншілікпен
қарау, табандылық, турашылдық, принципшілдік
т.б. қасиеттерді жатқызды.
Добролюбов оқушыларды сөз бен істің
бірлігін қамтамасыз ету қабілеттілік.
Оқушылардың тәртібі туралы. Добролюбов
сол кездегі мектептегі таяқ тәртібін
қатты сынға алды. Ұрып-соғу және басқа
да оқушылардың адамгершілік қасиеттеріне
нұсқан келтіретін және балалардың белсенділігі
мен өз дербестігін аяққа басатын құралдарды
Добролюбов варварлық деп атады.
Оқушыларға әсер етудің крепостниктік
тәсілдеріне тән таяқ тәртібін қарсы бола
отырып, Добролюбов оқушылардың саналы
тәртібімен оны ұстаудың ізгілік құралдарын
жақтады.
“Оқушылардың орнында дұрыс отыруы”,
Добролюбовтың пікірінше, - бұл таяқ тәртібінің
көрсеткіші. Ал саналы тәртіп баланың
қозғалғыштығына, белсенділігіне, балалық
ерекшелігіне онымен жұмысты және мінез-құлқына
мүмкіншілік беріледі.
Тәрбиенің негізгі шарттары мен тәсілдері
және оқушылардың арасында саналы тәртіпті
қолдау ретінде Добролюбов төмендегілерді
атады: мұғалімнің шәкірттерге ерекше
қамқоршы болуы, көңіл бөлуі, оқушыларды
дер кезінде міндеттерімен таныстыру,
мұғалімнің оқушыларға қойған талаптарын,
табандылық және бірізділік, кішіпейілділік
пен қамқорлық қатынастардың ұштасуын
қамтамасыз ету, мұғалімнің үлгісі және
оқушылардың мінез-құлқындағы жағымды
үлгілерді қолдану, оқушылардың тәртіпті
орнатуға ынталылығы, олардың тәртіпті
бұзушылыққа күреске қатысы.
Добролюбов Пироговтың ұрып-соғуға, таяқ
тәртібіне қарсы шығуын қызу қолдады.
Бірақ Пирогов өзінің бұрынғы айтқан бағытынан
ауытқып, “кейбір жекеленген жағдайларда”
ұрып-соғуды қолдануға болады дегеннен
кейін оған қарсы өзінің атақты “Дүремен
қиратылған бүкілресейлік иллюзиялар”
атты мақаласында Пирогов пікірінің екіжақтылық
сипатын қатты сынға алды. Пирогов 1860 жылғы
өзінің жауабында Добролюбовтың сын-ескертпелеріне
қарсы шығып, өзін ақтамақшы болды. Осыдан
кейін “Тамшыдан теңізге” атты мақаласында
тағы да Пироговтың келісімпаздығын, бұрынғы
ұстанған бағытынан бас тартқандығын
қатты сынға алды.
Чернышевский және Добролюбов Раищевтің,
Белинскийдің және Герценнің педагогикалық
көзқарасын дамытты және тәрбие, педагогика
туралы революцияшыл-демократиялық ілімнің
жүйесін негіздеді. Олар мектептің оқу
және тәрбие жұмысының мазмұны және әдістемесі
туралы ілімді толық талдады.
Революцияшыл демократтардың педагогикалық
мұрасы өзінің идеялық-саяси бағыттылығы
және ғылыми деңгейі бойынша Маркске дейінгі
кезеңде тең келетін болмады және тәрбие
мен оқытудың алдыңғы қатарлы жүйесі үшін
Ресей прогрессивті күштерінің күресінде
көрнекті роль атқарады.
Чернышевский мен Добролюбовтың революцияшыл-демократиялық
педагогикалық ойлары Ресейдегі прогрессивтік
педагогиканың және білім берудің дамуына
үлкен ықпал жасады. Осы педагогикалық
мұраның көптеген мәселелері қазіргі
кезеңге дейін өз құндылығы жоқ.
Информация о работе М.В.Ломоносов – Ресей ғылымының негізін салған ғалым