Мұғалімге қойылатын талаптар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Ноября 2013 в 09:20, реферат

Краткое описание

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің кезекті бір халыққа ұсынылған Жолдауында халқымыздың алдына «ХХІ ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан-жақты, мәдениетті жеке тұлғаны тәрбиелеу керек», – деп жауапты міндет жүктеп отыр деп түйіндеп айтып өткен.

Вложенные файлы: 1 файл

шыгарма.docx

— 14.65 Кб (Скачать файл)

Қазақстан Республикасының  Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің кезекті  бір халыққа ұсынылған Жолдауында халқымыздың алдына «ХХІ ғасырды  құрушы іскер, өмірге икемделген, жан-жақты, мәдениетті жеке тұлғаны тәрбиелеу  керек», – деп жауапты міндет жүктеп отыр деп түйіндеп айтып өткен.

 Қазақ халқының «Білікті  бірді жығады, білімді мыңды жығады»  деген аталы сөзі бар. Олай  болса оқушы жастарымыздың білімді,  саналы болып шығуы үшін мектеп  пен мұғалімдер ұжымына үлкен  міндет жүктелері анық.

 Білім мен тәрбие  беру – қиын да қастерлі  еңбек. Бұл жолда мұғалімдерден  талмай, тынымсыз еңбектеніп, шығармашылық  ізденуді, үйренуді асыл мұратына, биік парызына айналдырғанда  ғана жете алатыны сөзсіз. Шебер  мұғалімдер ғана зеректік пен  зерделікті сомдап, рухани құндылықтарды,  өз мамандығын терең меңгеріп, тәрбие жұмысын ұйымдастыруға  қабілетті, мәдениетті, өнегелі,  заман талабын қанағаттандыра  алатын жағдайда ғана халқының  сеніміне ие болып «ұстаз - мұғалім»  дәрежесіне көтеріле алады. 

 «Ұстазы жақсының ұстамы  жақсы» демекші оқушылардың қиялына  қанат бітіріп, асыл армандарының  орындалуына мүмкіндік туғызу  ұстаздың борышы. Өзі үйрене алмаған  өзгені үйрете алмайтыны анық. Қазақ халқында «Тоқтатпасаң  оқытпа» деген сөзі ұстаз-мұғалім  болуы үшін мұғалімнің кәсіби  өсіп жетілуінің, талаптанудың арқасында  ғана жететіндігін аңғартады. 

 Мұғалім қызметінің  табысты болуы, оның оқу және  тәрбие жұмысының мақсаттары  мен міндеттерін жете түсінуге  байланысты. Мұғалім оқушыларға  саналы тәрбие жан-жақты білім  береді, олардың көзқарасын қалыптастырады, дүниетанымын дамытады, еңбек пен  қоғамға деген сүйіспеншілігімен  ынтасын тәрбиелейді. 

 Мұғалім оқушылардың  жылдан-жылға өсіп отыратын талаптарын, қанағаттандырып отыру үшін, өмірде  болып жатқан түрлі құбылыстарға, жаңалықтарға, өзгерістерге құлақ  асып, өмірмен бірге аяғын алып  жүретін адам болуға тиіс.

 Сондықтан мұғалім  ЖОО нан алған білім көлемімен  шектеліп қалуға болмайды. Бірақ  мұғалім өндіргіш күштердің дамуына  және халықтың материалдық игілігінің  дамылсыз өсуіне әсер етеді.  Ол қоғамның ең басты өндіргіш  күштерін жеке адамды оқытып  тәрбиелеп дамытатын және қалыптастыратын  басты тұлға. 

 Базис, қондырма, өндіргіш  күші, өндіріс қатынасы, материалдық  өндіріс, идеялық өндіріс ұғымдарын  еске алу қажет. 

 Қоғамның өндіріс күштерінің  өзгеруі, экономикаға көшу демократиялық  бетбұрыс, мұғалім алдына үлкен  міндеттер жүктейді, оқу ағарту  саласындағы артта қалушылықты  жою оқу-ағарту ісін бүтіндей  қайта құруды талап етеді. Бұның  бәрі мектеп арқылы іске асатыны  белгілі, мұғалім мектептегі басты  тұлға. Ол бұқаралық-саяси, мәдени-ағарту  және тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруға  қабілеті мол, өз мамандығынан  теориялық және тәжірибелік терең  білімі бар адам. Мұғалімнің қоғамдық  прогрестегі ролі, мамандығының  әлеуметтік мәні осында.

 Сонымен бірге мұғалімге  кәсіптік педагогикалық талаптар  да қойылады. Ең алдымен мұғалім  терең білімді, өз Отанын шексіз  сүйетін, оның дүние жүзі алдындағы  беделін жете түсінетін, соған  үлес қосатын білімдар адам.

 Мұғалім қызметінің  табысты болуы оның өз қызметінің  мәнін жете түсінуінде, оқушыларға  саналы тәрбие, жан-жақты білім  береді, олардың көзқарасын қалыптастырады, дүниетанымын дамытады, өмірге, еңбекке,  қоғамға деген қатынасын тәрбиелейді. 

 Мұғалімнің кәсіби  мамандығына қойылатын негізгі  талаптар:

- қоғамның алдыңғы қатарлы  идеяларын игеру; 

- жан-жақты білімдарлық  өмірдің әртүрлі саласынан хабардар  болуы; 

- педагогикалық байланысты  пәндерден – психологияны, ЖПП  физиология, анатомия, мектеп гигиенасын, мектеп тану пәнін жақсы білуі  керек; 

- оқытатын пәнін, соған  байланысты ғылымдарды, олардың  жетістіктерін, ағымын жақсы білуі  керек; 

- жұмысына шығармашылық  көзқарас;

- баланы жете білу, олардың  жан дүниесін түсіну, педагогикалық  сенім, оптимизм;

- педагогтік техниканы  меңгеру, қисынды, мәнерлі сөйлей  білу;

- педагогтік әдептілікті  тактіні меңгеру; 

- балаға деген сүйіспеншілік  пен әділдік. 

 Ұстаз еңбегінің қыр-сыры  мол, қиын да жауапты, шығармашылық  еңбек екендігін еске алсақ,  олардың жемісті, әсерлі жұмыс  істеуі үшін үкімет тарапынан  үнемі жеңілдіктер жасалып отыруы  керек. Сонымен қатар мұғалімдер  сапалы, құнды оқулықтармен, көрнекті  дидактикалық, техникалық құрал  жабдықтармен толық қамтамасыз  етілуі тиіс. Мұғалімдерге көптеген  қосымша жұмыс атқаруына тыйым  салу, заңды түрде аптасына 2 күн  демалыс берілуі тиіс. Мұғалім  сонда ғана шәкірттерінің өз  бетімен білім алуына ықпал  етіп, ынталы оқушыға әрдайым  ақыл-кеңес бере алады. 

 Қорыта айтқанда, саналы  азаматтарға білім мен тәрбие  беретін мұғалімдердің бүгінгі  таңдағы алатын орны зор. Қазіргі  білім беру саласында болып  жатқан ауқымды өзгерістер әр  түрлі ынталы бастамалар мен  түрлендіруге кеңінен жол ашылуда.  Осы тұрғыдан алғанда ұрпақ  тәрбиесі және оның дамуы мен  арнайы айналысатын әлеуметтік-педагогикалық  қызметтің тиімділігін арттыру,  оны жаңа салада ұйымдастыру,  көтеру қажеттілігі туындап отыр. Білім берудің ұлттық моделіне  көшкен қазіргі мектепке ойшыл  зерттеуші, өз ісінде қатып  қалған қасаңдық пен жаттандықтан  аулақ, практикалық қызметте педагогикалық  үйлестіруді шебер меңгерген  психолог-педагогтық диагностика  қоя білетін іскер мұғалім  қажет. 

 Жаңа заманның жаңа  адамын тәрбиелейтін мұғалімдер  рухани тоқыраудан сақтанып көп  ізденуі керек. Болашақ ұрпақты  тәрбиелеуде әрбір педагогтың  алдында үлкен жауапкершілік  тұр. 

 Жалпы айтқанда, болашағын  қамтамасыз ету әрбір мұғалімнің  азаматтық рухани парызы мен  борышы.


Информация о работе Мұғалімге қойылатын талаптар