Мұғалімге қойылатын талаптар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2013 в 10:45, реферат

Краткое описание

Мұғалім деген мамандықты менсінбейтін болдық. Тіпті, мектепті ілбіп жүріп, әрең бітірген бала мұғалімдік диплом ала салады. Мысалы, елімізде жыл сайын 34 мың педагог маман дайындалады, оның жұмыс істеуге қабілетті 24 мыңнан астам маманы басқа салаға кетіп қалады.

Вложенные файлы: 1 файл

Мұғалім құқығы астында оқушы құқығымен салыстыру кестедеееееееее.docx

— 20.03 Кб (Скачать файл)

Мұғалім құқығы астында  оқушы құқығымен салыстыру кестедеееееееее

Мұғалім деген мамандықты менсінбейтін болдық. Тіпті, мектепті ілбіп жүріп, әрең бітірген бала мұғалімдік диплом  ала салады. Мысалы, елімізде жыл сайын  34 мың педагог маман дайындалады, оның жұмыс істеуге қабілетті 24 мыңнан астам маманы басқа салаға кетіп қалады.  Көлденең көк аттыға бұйыра беретін батпан құйрық мамандық – осы мұғалімдік болып бара жатыр. Алайда бізде білікті кадрлар жетіспейді. Елімізде 7741 мектепте 2,5 миллион оқушы оқиды екен. Онда 240 мыңнан асатын мұғалім дәріс береді. Жеке басқа шаққанда, бір мұғалімге жүзден аса оқушыны тәрбиелеуге тура келеді деген сөз мұнымыз.  Бұл енді дерек қана. Осының өзінен біраз жайттың астарын айтпаса да түсінуге болады. 
Соңғы кезде мұғалім мен оқушының, ата-ананың арасында түсініспеушілік жиі орын алуда. Бірде «оқушының құқығы тапталды», бірде «мұғалім құқығы ескерілмеді» деп шулаймыз. «Мұғалімнің жалақысы аз. Содан олар дұрыс жұмыс істемейді» дейміз тағы.  Бүгін біз осы мәселенің аражігін ашуға тырыстық.

МҰҒАЛІМНІҢ ЖАЛАҚЫСЫ ШЫНЫМЕН АЗ БА?  
Өткен жылдың шілдесінен бастап мұғалімнің жалақысының 30 пайызға өскенін сүйіншілеп еді министрдің өзі.  «Енді І санаттағы мұғалім 64 мың теңге алады» деген. 
Құдай-ау, жалақысын 64 мың теңгеге жеткізу үшін мұғалімдер не көрмейді, не істемейді дейсіз? Таңның атысы, кештің батысы үй көрмейді. «Мақаламды шығарам» деп газет-журналдардың есігін тоздырады. Одан қала берсе, оқушының жазған мақаласының соңына «жетекшісі Пәленше Түгеншиева» дегенді қосарландыра жазғысы келіп тұрады. Бұл үшін мұғалімді жазғырмаймыз. Оларды осындай әрекетке жүгіндіріп қойған – жүйе. Санатқа өту үшін жетістіктің барлығы ескеріледі емес пе? Айтпақшы, балалар басылымы оқушылардың шығармашылығын қолдауға, дамытуға жұмыс істегендіктен, мұғалімдердің әдістемелік мақалаларын шығартпайды. Сондықтан, мұғалімдерге әдістемелік басылымдарға жүгіруге тура келеді. Ал оған әр бетіне 2000-2500 теңгені қалтадан суырып береді. Есептей беріңіз, мұғалімнің қалтасы қалай қағылып жатыр? Одан тыс әр редакцияға барып, «мақаламды шығарып беріңіздерші» деп өтініп жүрген мұғалімнің беделін ойлап қойыңыз. 
Осы 30 пайызды қосарда министр Бақытжан Жұмағұлов кәсіби біліктілік турасында да әңгіменің басын ашып айтқан. «Шындығын айтсақ, нәтижелері мәз емес. Мұғалімдердің жартысына жуығы тестілеудің бастапқы деңгейінен өте алмады. Сондықтан Мемлекет басшысымен кездесуде мұғалімдер кадрларының жаңа сапасына көшу туралы мәселе қойылды»  деген. 
БОЛАШАҚТА МҰҒАЛІМНІҢ ЖҮЙКЕСІН ТЕКСЕРІП ҚАНА ЖҰМЫСҚА АЛАДЫ  
Бұл бастаманы министр Бақытжан Жұмағұловтың өзі көтерді. «Әлемде балаларды зорлап жатқан мұғалімдер бар ма? Бар. Шетелде, басқа елдерде болып жатыр. Ұстаз болған адамдардың арасында нашақорлар да, басқа адамдар да пайда болып жатыр. Сондықтан мұның алдын алу үшін  «келешекте осы адамға балаларымызды сеніп тапсыруға бола ма?» деген сауал төңірегінде ойлануымыз керек» деді. 
МҰҒАЛІМ МЕН ОҚУШЫ НЕГЕ БІРІН-БІРІ ТҮСІНБЕЙДІ?  
Бұл тұрғыда ешқандай мораль оқығымыз жоқ. Бізде мұғалім мен оқушының арасын айқындайтын заңдар бар. Оны заңгер Жеңіс Қорғасбек Қазақстан Республикасының Конституцисына негізделген «Білім туралы» Заңмен түсіндіріп берді. 
СОНЫМЕН, МҰҒАЛІМНІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚАНДАЙ?  
Кәсіптік білімі бар адамдар ғана педагогтік қызметке жіберіледі. Олар кәсіби мамандығына байланысты барлық жағдайлармен қамтылуға тиіс. Сондай-ақ,  ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-эксперименттік жұмыспен айналысуға, педагогтік практикаға жаңа әдістемелер мен технологияларды енгізуге; жеке педагогтік қызмет көрсетуге (репетиторлықпен айналысуға); білім беруді басқаратын бөлім-дердің алқалы жиналысына қатысуға; ұзақтығы 4 айдан аспайтын, кем дегенде 5 жылда бір біліктілігін арттыруға; санатын арттыру мақсатында мерзімінен бұрын аттестатталуға; педагогтік қызметі үшін мемлекеттік арнайы марапаттаулармен марапатталуға; өзінің кәсіптік ар-намысы мен қадір-қасиетінің қорғалуына; әскери қызметке шақырылу мерзімінің кейінге қалдырылуына; ғылыми қызметпен айналысу үшін педагогтік стажы сақтала отырып, шығармашылық демалыс алуға; білім беру ұйымы әкімшілігінің бұйрықтары мен өкімдеріне шағымдануға құқығы бар. Өз ісіне жауапкершілікпен қарап, республика заңына сәйкес сапалы білім беруге; білім алушыларды жоғары имандылыққа, ата-аналарын құрметтеуге, этномәдени құндылықтарға, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға тәрбиелеуге; оқушылар мен ата-аналардың жеке басын сыйлауға міндетті.  Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, педагог қызметкерлерді өздерінің кәсіптік міндеттерін орындаумен байланысы жоқ жұмыс түрлеріне тартуға жол берілмейді. Белгілі бір тәртіпте сот ісі қаралған, медициналық қорытындымен тыйым салынған ауруы бар адамдар жұмысқа алынбайды. 
Ал ата-аналар баласының қайда білім алуы керектігін таңдауға, оның оқу үлгерімі, мінез-құлқы туралы білім беру ұйымынан мәлімет алуға; баласы оқып жатқан мектептің жиналыстарына қатысуға құқылы.  Қазіргі кезде мектепте ақша жинау мәселесі жиі айтылады. Негізі заң бойынша ата-ана «балаларды оқыту мен тәрбиелеуде білім беру ұйымдарына жәрдем көрсетуге міндетті». Сонымен қатар, әр мектептің өз ішкі Жарғысы болады. Ол жарғы осы «Білім туралы» заңның аясында жасалады. 
ОҚУШЫЛАР НЕ ІСТЕП, НЕ ІСТЕМЕУІ КЕРЕК?  
Мемлекеттік стандарт белгілеген мөлшерде жалпы білім алуға;  қосымша білім алуға;  ғылыми жұмыстармен айналысуға, конференцияларға, олимпиадаларға, көрме және жарыстарға қатысуға;  мектепті басқаруға қатысуға құқылы. Бұл құқықтармен қоса, оқушыға міндеттер де жүктелген. Мәселен,  Қазақстан Республикасының Ата заңын  сыйлауға, ұстануға, ұлттық салт-дәстүрлерді құрметтеуге; мектеп жарғысында көрсетілген талаптарды мүлтіксіз орындауға; мемлекеттік стандартқа сәйкес білім алуға ұмтылуға; мұғалімдерге және тәлімгерлеріне құрмет көрсетуге; сыныптас достарымен, мектептің басқа оқушыларымен тіл табысып, кішілерге көмек көрсетуге; мұғалімдерден алған тапсырманы белгілеген мерізімінде тапсыруға; себепсіз сабақтан қалмауға; өзімен қажетті оқулықтар мен оқуға арналған құрал-саймандарды алып жүруге; мектеп формасын сақтауға; мектеп және қоғамдық мүлікті ұқыпты қолдануға міндетті. 
Егер осы заңды әр оқушы, ата-ана, мұғалім біліп, оны күнделікті қолданысқа енгізсе, бүгінгідей мұғалім мен ата-ана, оқушы арасында дау болмас еді. 
Бірақ шын мәнінде ұстаз болу оңай емес. «Түк болмасам, мұғалім бола салам» дейтін қасаң сөз іске ұласпайды.  Оған тағы бір көзіміз жетті.

 

 

Оқушы құқығы

Оқушы құқықтары

Оқушы құқылы:

·       мемлекеттік стандарт белгілеген мөлшерде жалпы білім алуға;

·       қосымша білім алуға;

·       ғылыми жұмыстармен айналысуға, кеңесулермен, конференцияларға, олимпиадаларға, көрме және жарсытарға қатысуға;

·       мектепті басқаруға қатысуға.  

 

Оқушылардың  міндеттері

Оқушылар міндетті:

·       Қазақстан Республикасының заңын сыйлауға, ұстануға, ұлттық салт –дәстурлерді құрметтеуге;

·       Мектеп жарғысында көрсетілген талаптарды мүлтіксіз орындауға;

·       Мемлекеттік стандартқа сәйкес білім алуға ұмтылу;

·       Мұғалімдерге және тәлімгерлеріне құрмет көрсету;

·       Сыныптас достарымен, мектептің басқа оқушыларымен тіл табысып,кішілерге көмек көрсету;

·       Мұғалімдерден алған тапсырманы белгілеген мерізімінде тапсыру;

·       Себепсіз сабақтан қалмау;

·       Өзімен қажетті оқулықтар мен оқуға арналған құрал саймандарды алып жүру;

·       Мектептің қоғамдық жұмысына белсене қатысу және қоғамдақ тапсырмаларды орындау;

·       Мектеп атағын аудандық, қалалық, және республикалық іс-шараларда қорғау;

·       Қоғамдық жерлерде  өзін үстау мәдениетін көтеруге, білім толықтыруға арналған жұмыстарды үздіксіз жүргізу;

·       Мектеп формасын сақтау;

·       Мектеп және қоғамдық мүлікті дұрыс қолдану. 

 


Информация о работе Мұғалімге қойылатын талаптар