Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Апреля 2014 в 13:03, лекция
Тақырып:Мұғалім еңбегінің ерекшелігі.
Мақсаты: Білімгерлердің дәрісте алған білімдерін тереңдету.
Қарастыратын сұрақтар:
1. Мұғалім – қоғам мен өскелең ұрпақ арасындағы сарапшы.
2. Мұғалім мамандығы – біздің еліміздегі ең көп тараған мамандықтың бірі.
3.Мұғалім – болашаққа ұмтылған адам.
Тақырып:Мұғалім еңбегінің ерекшелігі.
Мақсаты: Білімгерлердің дәрісте алған білімдерін тереңдету.
Қарастыратын сұрақтар:
1. Мұғалім – қоғам мен
өскелең ұрпақ арасындағы
2. Мұғалім мамандығы –
біздің еліміздегі ең көп
3.Мұғалім – болашаққа ұмтылған адам.
Мұғалімдік мамандық жан-жақты
білімді, шынайы сезімтал болуды, балаларға
шексіз сүйіспеншілікті қажет етеді. Әр
күн сайын балаларға қуаныш әкелгенде
ғана оларды ғылымға ынталандыруға, еңбекке
баулуға, адамгершілік негіздерін сіңіруге
болады. Мұғалім қызметі — өскелең ұрпақтың
мәңгі өзгермелі карама-қайшылығы мол
жан дүниесіне ене білуде, әлі толыспаған
сәби жанын жасытып, жаралап алмас үшін
мұны әрқашан да есте сактау қажет. Педагогтың
балалармен шынайы достық қарым-қатынасын
ешбір оқулықпен алмастыруға болмайды.
Парасаттылық — ақыл-оймен, ар-ұятпен,
Отанға берілгендік — соған адал қызмет
етумен тәрбиеленеді.
Мүғалімді адам жанынын инженері,
мінез-қүлық сәулетшісі, ауру шипагері
ақыл-ой мен естің жаттықтырушысы, ой мен
сезім дирижеры, адамның алғашқы қылығының
әділ қазысы, жас өркенді мәпелеуші бағбан
деп атайды. Осының бәрі — таза шындық.
Бірақ басқа мамандықтардан мұғалімдердің
айырмашылығы — оларға өз еңбегінің жемісін
бірден білу жазбаған. Олардың еккен жемісі
көгеріп-көктеу үшін ұзақ жылдар керек.
Мұғалім өзінің жігер-шабытын қазіргі
және болашақтағы өз парыз түйсігінен
алады. Оның творчествосы мектеп реформасының
идеясымен рухтанады. Жоғарғы оқу орнында
оқыған алғашқы күннен бастап тәрбиелеу
өнерін үйрену қажет. «Мамандыққа кіріспе»—
ең алғашқы кәсіби-педагогикалық пән.
Онда төрт негізгі міндет койылған: 1) мұғалімнің
кәсіптік қызметінің ғылыми негіздерімен
таныстыру; 2) жоғарғы оқу орындарында
оқу енбегі мәдениетін меңгеруге жәрдемдесу;
3) бесінші семестрден бас-талатын педагогикалық
практиканы жеңілдету; 4) ең бастысы— мұғалімдік
кәсіби сапаны дербес қалыптастыруға,
яғни өзін-өзі тәрбиелеу деп аталатын
өте қызғылықты және игілікті іспен шұғылдануға
үйрету. Сонымен, бүл курста ең ізгілікті
істер оқыты-лады және де сендер оған ынта-ықылас
білдірсеңдер өмір жолдарынды дұрыс тандауға,
әрі педагогикалық творчествоның негіздерін
толық меңгеруге жәрдемдеседі.
Мұғалім — қоғам мен өскелең
ұрпақ аралығындағы сарапшы. Адамзат көп
ғасырлық тарихында өте мол тәжірибе жинақтады.
Жас ұрпақ үшін қоғам олардан және бұқаралық
информация құралдары арқылы ең бағалы
және қажетті нәрселерді алады, ал негізінен
алғанда мұғалім арқылы жастар санасына
сіңіреді. Мұғалім — бұл болашаққа ұмтылған
адам. Оның қызметі адамды қалыптастыруға,
солардың алдағы жағдайдын өзгеруіне
қарай белсенділігін арттыруға бағытталған.
Мұғалім ең күрделі процестерді — жеке
адамды қалыптастыру процесін басқарады.
Бұл процестің күрделілігі тәрбиеленушінің
жеке өзінің үнемі өзгеріп тұратындығына
байланысты. Мұғалім көптеген нақты жағдайда
қысқа уақыттық ішінде ен дүрыс педагогикалық
шешімді таба білуі тиіс, ал мүның; өзі
әрқашан күрделі. Түптеп келгенде, қоғам
мүғалімге ерекше жауапкершілік жүктейді.
Мүғалімге үйретуге ең сенгіш кезіндегі
адам сеніп тапсырылады. Мүғалім баланың
білімін, икемділігін, әдетін, мүратын
және өмірлік мақсатын қалыптастырады,
яғни онын, колында В.Г.Белинскийдің сөзімен
айтқанда, адамның өмірлік тағдыры тұр.
Мұғалім біздің үмітімізді және біздің
қоғамымыздың болашағы — үйлесімді жеке
басты тәрбиелейді. Мұғалім балаларға
әлем мәдениетін таныстыра отырып, шын
мәнінде, бақыт негізін қалайды. К.Г.Паустовский
«бақыт білімпазға келеді» деп әділ айткан
Мұғалімдер үшін арнайы әзірлікпен және
жалпы білімдарлықпен қоса, ойлаудағы
икемділіктіц, танымдық және практикалық
міндеттерді творчестволықпен шеше білудің
де манызы зор. Мүғалім ойын қадағалау
мүмкіндігі оқушылардың ойлау мәдениетін
қалылтастырады. Алайда болашақ жас педагогтар
үшін өзін-өзі тәрбилеудің, кәсіптік-педагогикалық
өзіндік пайдалы сипаттарын білгені жөн. Үйірсектік. Түйық мұғалімге өзі мен шәкірті
арасындағы өзара түсінісушілік пердесін
ысыруы оңайға түспейді. Оларға, үйірсек
мүғалімдерге қараганда, шәкіртінің ішкі
әлеміне енуі едәуір қиынға түседі. Өзін-өзі үстай білу. Өз әмоциясы мен сезімін меңгере
білген мұғалім жоқтан өзгеге күйгелекгенбейді,
асығыс қорытынды мен ескертуді жасамайды,
яғни орынсыз жазаламайды. Мақсапща әісетудегі
табаидылық. Іскер мүғалімдер өзі қойған
талабынан қайтпайды. Ол: тамшы тасты өз
күшімен емес, өзінің жиі таматындығымен
теседі,— деген мақалдың мәнін жақсы түсінеді.Оптгшизм және әзіл. Өте сыпайы, әрі орыиды әзіл
-тәрбие процесінін. бейсенділік катализаторы.
А.С.Макаренко педагогтарға балалар коллективінде
сергек, куанышты көңіл-күй туғызу, тәрбиеленушіге
«оптимистік болжамда» қарау, яғни оқушының
жаксы жағына сену және тәрбиеде соған
арқа-сү:іеу қажет деп үйреіті. Сонымен,
мұгалімнің жеке сапасымен және педагоги-калық
терен, білімділіғімен түтасқан идеялық
сенімділігі, оның кәсіби шеберлігінің
берік
Іргетасын қалайды. Педатогикалық
қызметтің ойдағыдай болуынық қа-жетті
шартты — балапы жацсы көру.Балаларды жақсы көрмей түрып,
оларды адамгершілік пен адалдыққа тәр-биелеу
мүмкін емес. Балаға салқын қарау көп жағдайда
олардыд мінез-қүлқына рақымсыздықтың,
іс-әрекетіндегі теріс кылықтың пайда
болуына әкеп соғады. Балаларды біреуді
жаксы, ал—біреуді жек көруге тәрбиелеуге
бол-майды. Бала жаксы көргенді-жаксы көреді,
күрмеітегенді— кұрметтейді. Олар әуелі
ез «физигін», «математигін», «әдебиетшісін»,
сонан соң физиканы, математиканьт немесе
әдебиетті үнатады немесе ұнатпайды. Екіншіден,
шєкіртін жақсы көрген мүғалім, жұмысын
да ұнатады. Мұғалімнің жеке басындағы
үйлесімділік көбінесе талапкершілігімен,
көнбістігімен, әмоциялығымен, парасаттылығымен,
сенімділігімен, сақтығымен, қаталдығымен
және жұмсақтығымен айқындалады. Мұның
барлығын мұғалім ешбір жерден таба алмайды,
оны іс үстінде өз мінез-құлқын тексеру
арқылы ғана жєне үнемі өзін-өзі тәрбилеу
нәтижесінде ғана тани алады. Л.Н.Толстой
былай деп жазды: «Мен мектепке кірген
кезде жалба-жұлба киінген, шілбиген кір-қожалақ
балаларды, олардың күлімсіреген көздерін
көргенде менде суға батқан адамды көргендей
үрей, елес пайда болады. Мен халыққа білім
беруді ойлағанда, сол түншыққан Пушкиндерді
Ломоносовтарды құтқарсам деймін. Ал олар
әр мектепте де көптеп кездеседі» Соңғы
жылдары мұғалімдердің біліктілігі едәуір
арттырылды, қазір олардың көпшілігінде
жоғары педагогикалық білім бар. Ауыл
мектептеріндегі мұғалімдерге берілетін
жеңілдіктер ұлғайтылды. Әдебиет пен өнер
қайраткерлері де мұғалімдерге көбірек
көңіл бөле бастады. Сонымен қоса, әсіресе
ғылыми-техникалык прогресс жеделдетіліп
отырған қазіргі жағдайда, мұғалімдерге
қойылатын талаптар арта түсетіні сөзсіз.Тµменде
келтіріліп отырған үзіндіде (жазушы В.
Драгунский жариялаған «Егер мен бәрін
орындай алсам» деген тақырыпта жеткіншек
жазған шығармадан) баланың мұғалімге
деген көзқарасы мен талабы айқын көрінеді.
«Мен ең әуелі өз жастығын балаларға арнаған
барлық мұғалімге, қартайған шағында,
айталық 30 немесе 32 жыл өткеннен кейін
еңбек сіңірген мұғалім атағымен наградтауға
бар күш жігерімді салар едім. Мұның өзі
оларды шексіз куанышқа, мақтанышқа бөлер
еді. Мен оларға « дені сау болатындай»
жағдай жасар едім. Алайда мен педагог
үйренетің істі едәуір қиындатар едім.
Кімде кім педагогикалык, институтқа түскісі
келсе, ол барлығын беске тапсыруы, ал
өзі оқытқысы келетін пәннен — бестік
бағадан да жоғарырақ тапсыруы тиіс. Ол
сонымен қоса өзін бапалармен тек ұстау
өнерін де меңгере білуі қажет. Оның балалармен
қарым-қатынасы жайлы арнайы емтихан болады,
егер ол бұл сынақтан өте алмаса, онда
әзірше хош бол, бір-екі жылдан кейін келерсің
дер едім!.. Тағы бір емтихан өткізіледі:
түкке тұрмайтын нәрсеге ызаланушы болма.
Егер ол осы сынақтың барлығынан өте жақсы
деген бағамен өтетін болса, онда педагогикалық
институтқа түсуге жол ашық дер едім».«Сәби
тілінде шындық бар»,—дейді халық. Расында,
өмір мұғалімдерге әрдайым жаңа талаптар
қояды. Егер мұғалім біздің қоғамымыздың
өміріне белсене араласып, ондағы көкейкесті
проблемаларға сергек қарағанда ғана,
ол бұл міндеттерді ойдағыдай орындайтын
болады.
Мұғалімдік – әлемдегі
мамандықтар арасындағы ең – ең біріншісі
алғашқысы, тұңғышы, құрметтісі, құдіреттісі,
киелісі.
Мұғалім туралы әлемдегі
ұлы да ұлағатты, дана да дара адамдардың
данышпандық пікір ойлары өте көп.
Пайғамбарымыз Мұхаммедтің
«Мұғаліміңді құрметте, ол сенің көкірек
көзіңді ашқан» деген даналық қасиеті
бар. Адамның көкірек көзі ашылмаса, ол
– көр соқыр, қара тобыр, хайуани тіршілікпен
өмір кешеді. Заттық байлық адамды рухани
мәртебеге көтере алмайды. Өскелең өреге,
биікке рухани тамаша қасиеттер жеткізеді.
Мұғалім – өскелең өре, рухани биіктік
мамандығы.
Олай болса, халық пен
мемлекеттің тағдыры мұғалімнің қолында.
Мұғалімнің бұл қасиеттерін
көр соқырлар, қара тобырлар білмейді,
түсінбейді, сезбейді. Айта берсе, олар
өздерін жаратқан Алланың кеуделеріндегі
жандарының барлығын да сезбейді. Көршілеріне,
туыстарына қасындағыларға тиісіп, ренжітіп
жүреді. Адамға пайдасы тиер, ертең керек
болар деген оймен қарайды, сәлемдеседі,
сыйлайды, бас иеді, хамелеонша екі жүзділікпен
құрдай жорғалайды. Себебі, олардың көкірек
көздері ашылмаған. Сондықтан олар хайуани
тіршілікпен өмір кешеді, тұңғиық шыңыраудағы
бірдеңелер.
Корольдер, императорлар,
патшалар, президенттер, генералдар, өнертапқыштар,
өнерпаздар – бәрі мұғалімнен оқыған.
Сондықтан да мұғалім мәртебесі, дәрежесі
биік, асқақ, ардақты, атақты.
Мұғалімдік қызмет
– адам жанына нәр беретін игілікті жұмыс.
Мұғалімнің сөзі – жан азығы. Ол жаныңды
өсіреді, жалындатады, қанаттандырады,
өмірге қызықтырады, шаттыққа бөлейді,
өмір жасын нұрландырады, рухани биіктікке
көтереді.
Құдіретті де мәртебелі,
қасиетті де киелі, осы мамандықтың иесі
мұғалімнің бірі – мен, сіз және біздің
әріптестеріміз.
Мұғалімнің бұл қасиеттерін
үлкен жүректі жаны жайсаң, кең пейілді,
меценат – Атымтай жомарт, парасатты адамдар
өте жақсы біледі. Мұғалімдерді қадірлейді,
оларға сый-құрмет көрсетеді.
Бұл - білімсіз, тәрбиесіз қоғамның алға жылжуы мүмкін еместігін көрсетеді. Өз баласына жақсы тәрбие беру - кез келген адамның міндеті. Бүгінгі өркениетке бет бұрған кезде қоғамда қабілетті, қазіргі заманға бейімді, білімді, білікті, ой қызметімен айналысатын шығармашыл тұлғаны қалыптастыру - ең өзекті мәселе болып отыр.
Әсіресе, жас ұрпаққа ұлттық тәрбие беру - ел болашағының негізі екенін ұмытпауымыз керек.Онда болашақта жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу қажеттілігі туындайды.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi бекіткен бағдарламаларда ұлттық тәрбие берудің мақсаттары мен міндеттері айқын белгіленген. Бүгінгі жастардың қоғамдық өмірден еш қашан қол үзбей, өз елін сүюге, салт-дәстүр мен әдет-ғұрпын білуге тәрбиелеу - педагогика ғылымдарының алдында тұрған зор міндеттердің бірі.
Елімізді, жерімізді, тілімізді құрметтеуді бүгінгі жастардың бойына сіңіре білгеніміз абзал. Сонымен қатар өз елінің рәміздерін, Ата заңын білу әрі құрметтеу әрбір азаматтың міндетті.
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Бүгінгі өскелең ұрпақ білімді, жан-жақты дамыған, бірнеше тілді меңгерген, нағыз өз елін сүйетін, ұлтжанды азамат болуы керек» деп, атап өткені баршаға мәлім.
Жас ұрпақты елжандылыққа тәрбиелеуде ұстаздарға жүктелер жауапкершілік те жоғары. Бауырмалдық сезіміне бағытталған ұлттық педагогикалық идеялар өзге ұлт өкілдеріне, олардың тіліне, мәдениеті мен өнеріне құрметпен қарау қасиетін қалыптастырып, Қазақстандағы ұлттар арасындағы ауызбіршілікке өз септігін тигізеді.
Шаһарымыздағы белгілі білім ордасы Ы.Алтынсарин атындағы облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының ұстаздары да нәтижелі жұмыс атқаруда. Оның бір жарқын дәлелі, үстіміздегі жылы шәкірттеріміз халықаралық ғылыми жобадан мен респуликалық жарыстардан жүлделі орындарды иеленді. Ал пәндік олимпиадаларында да біздің оқушылар ерекше көзге түсті. Сондай-ақ , осы оқу жылында 3 түлек «Алтын белгіге» үміткер болып отыр. Мұндай табыстарға мектеп ұжымының тынымсыз ізденістерінің арқасында қол жеткіздік.
Қазақ халқының рухани көсемі Ахмет Байтұрсынов: «Мектептің жаны - мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Сондай болған соң ең әуелі мектепке керегі - білімді,педагогика, жаңа әдістерден хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім» деп ұстаздың жас ұрпаққа білім беруде алатын орнына тоқталған.