Мектепке дейінгі мекеме әдіскерінің іс - әрекетінің негізгі бағыттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Сентября 2014 в 08:08, доклад

Краткое описание

Бірінші мақсат – бұл барлық балалардың физикалық сапа және еңбек ете білуін дамыту, білім, дағды және танымның нақты жүйесін анықтау, өздерінің танымдық қажеттіліктері мен интеллектуалдық қызығушылықтарын қанағаттандыру, өз ақыл-ес мүмкіндігі мен тәуелділігін толық түрде ашуға мүмкіндік алу. Бұл мақсатты бала мына жағдайда жүзеге асыра алады: балабақша әкімшілігі, педагогикалық ұжым бұл үшін жағдай жасауға мүмкіндігі бар және жағдайы бар.

Вложенные файлы: 1 файл

әдістемелік жұмыс.docx

— 25.32 Кб (Скачать файл)

Мектепке дейінгі мекеме әдіскерінің іс - әрекетінің негізгі бағыттары

                                                                                            

Мектепке дейінгі әдіскер жұмысының негізгі бағыттары қазіргі заман балабақша жұмысы мақсаты мен міндетімен анықталған. Бүгінгі күні балабақша педагогтары алдында екі негізгі мақсат тұр,  балабақша басшысы балаларды оқыту және тәрбиелеу процесін ұйымдастыруды анықтайды және жүзеге асырады.

Бірінші мақсат – бұл барлық балалардың физикалық сапа және еңбек ете білуін дамыту, білім, дағды және танымның нақты жүйесін анықтау, өздерінің танымдық қажеттіліктері мен интеллектуалдық қызығушылықтарын қанағаттандыру, өз ақыл-ес мүмкіндігі мен тәуелділігін толық түрде ашуға мүмкіндік алу. Бұл мақсатты бала мына жағдайда жүзеге асыра алады: балабақша әкімшілігі, педагогикалық ұжым бұл үшін жағдай жасауға мүмкіндігі бар және жағдайы бар.

Екінші мақсат - әр баланы мәдениетке, адамгершілік, шығармашылық, белсенділік және әлеуметтілікке тәрбиелеу. Бұл мақсат балабақшаның оқу-тәрбие үдерісінде жүзеге асады.

Әдіскер жұмысының ең маңызды бағыттарының бірі балабақшаның педагогикалық ұжымымен тамаша ұйымдастырылған және ойластырылған ынтымақтастық болып табылады.

Ол балабақша педагогтарымен, ұжымымен, бастауыш сынып мұғалімдерімен, әртүрлі әкімшілік функцияларды атқаратын басқа да мамандармен ынтымақтастықты ойластырады. 

Ынтымақтастық жемісті болу үшін әдіскер педагогикалық ұжыммен жүйелі жұмысты құруға мүмкіндік беретін басқару қызметтерінің әртүрлі тәсілдерін пайдалана білуі қажет. Аталған бағыт әдіскер жұмысының төмендегідей түрлері арқылы жүзеге асырылуы мүмкін:

  • танымдық;

  • диагностикалық;

  • бақылау-түзету;

  • болжау.

Мектепке дейінгі әдіскер жұмысының үшінші бағыты балалар отбасымен ынтымақтастық болып табылады. Баланың ортасын, отбасының материалдық және рухани жағдайларын білу, әдіскерге және оның әріптестеріне балаға қиын жағдайларда ғана емес, сонымен қатар, бала тәрбиесінде күрделі мәселелерді ескертуге мүмкіндік береді. Бұл жерде әдіскер жұмысында қызмет тетігі жүзеге асырылады. Бұл ата-аналарды мәдениетке баулу, отбасы диагностикасы, диагностикалық зерттеу банкісін құру.   

Балабақша әдіскері өз қызметінде әртүрлі функцияларды орындайды: ұйымдастырушылық, әдістемелік және әкімшілік.

Әдіскердің ұйымдастырушылық функциялары:

  • мектепке дейінгі білім беруде оқу-тәрбие үдерісі жағдайын талдау;

  • балабақша жұмысын ұйымдастыруда табыс жағдайлары және сәтсіздік себептерін шығару;

 

  • балабақшада баланы оқыту мен тәрбиелеу үдерісінің барлық қатысушыларының жұмысын болжау;

  • алдағы жұмыс мазмұны, формасы мен әдісін өңдеу;

  • кәсіби кадрларды оңтайлы таңдау;

  • педагогтарға алға қойылған мақсатты жүзеге асыруда міндеттің қойылымы мен тікелей көмек;

  • мұндағы барлық педагогтар жұмысының нәтижесін талдау анализі.

Әдіскердің ұйымдастырушылық құрылымының мақсаты – бұл баланың жеке тұлғасын қалыптастыру бойынша барлық педагогикалық процесс жұмысының тиімділігін және сапалылығын қамтамасыз ету.

Әдіскер – бұл кәсіпқой, яғни, балабақшада оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруда бас маман болып табылады. 

Оның әдістемелік құрылымы төмендегідей:

-   диагностикалық;

-   зерттеушілік;

-   құрылымдық;

-   коммуникативтік.

Әдіскер әдістемелік жұмыс үдерісінде

- тәрбиешілердің педагогикалық біліктілікті арттыруды ұйымдастырады,

- педагогтардың шығармашылық өсуін  ұйымдастырумен айналысады,     

- жас педагогтармен жұмысты ұйымдастырады,

- өз әріптестерінің тәжірибесі мен шеберлігін зерттейді,

- педагогтардың атқарған жұмыстары  мен жетістіктерін талдап қорытады,

- олардың дарындылығы мен кәсіби дағдыларын кеңірек ашу үшін жағдай жасайды.

Әдіскердің әкімшілік құрылымы өзінің күнделікті жұмысында басымдылық болып табылмайды.  Оның басты міндеті педагог жұмысының жүйелі оқу-тәрбие жүйесін құру бойынша әдістемелік және ұйымдастырушылық құрылымды бекіту болып табылады.

Әкімшілік құрылымның маңызды үлгісі балабақшада оқу-тәрбие үдерісінің сапасын бақылау болып табылады.

Баланы білім беру жұмысы субьектісі ретінде дамыту үшін Сабақтас және Контроль предполагает анализ деятельности педагогов по созданию условий для развития личности ребенка как субъекта образовательной деятельности, становления детских коллективов, построения системы преемственности в деятельности начальной школы и детского сада.

Әдіскер жұмысының практикасында педагогтардың бағдарламаны тақырыптық-күнтізбелік жоспарлау мен орындауды талдау және бақылау, жоспарланған оқу-тәрбие жоспары іс-шараларын орындау бойынша педагогтардың жұмыс нәтижелілігі, тәрбиешілердің әдістемелік бірлестігі жұмысын бақылау ерекше орын алады.

Жоғарыда жазылған құрылымдардың барлығы өз жұмысын көп және жемісті атқарса, өз кәсіби әлеуетін арттырса, өз әріптестеріне шығармашылық жағынан қызықты болса, барлық жағынан да жеткілікті тұлға болып көрінсе ғана, әдіскер жұмысында табысты болып көрінеді.

 

Мектепке дейінгі ұйым педагогының біліктілігін арттыру жағдайында әдістемелік қызмет жұмысының мазмұны

 

Әдістемелік қызмет жұмысын жетілдіру мәні – бұл 

    • педагогикалық ойлау стереотипін өзгерту;
    • әдістемелік қызметтің мазмұны мен жұмысындағы құзыреттілік, жеке тұлғаға бағытталған әдіс-тәсілдер;
    • шығармашылық дербестікті дамыту негізінде интерактивті оқыту.

Жаңа тәсілдің құрылымдық үлгісі негізінде әдістемелік жұмысқа бірнеше бағытты көрсетуге болады:

  • әлеуметтік тапсырысты зерттеу;
  • кадрлармен жұмыс: диагностика, тәрбиеші және тәрбие үдерісі шеберлігін педагогикалық сараптау, біліктілікті арттыру жүйесі;
  • эксперименталды-зерттеу жұмысы;
  • вариативті бағдарлама, технологияларды жүзеге асыру мониторингі;
  • педагогтардың өз жұмыстарында қолдау бағдарламаларын қамтамасыз ету.

әдістемелік жұмысты жетілдіру үдерісіне мектепке дейінгі мекеме педагогтарының кәсібилілігін арттыруда басты болатын мақсатты, жүйелі сипат беру.

Әдіскердің құжаты

 

Мектепке дейінгі әдіскердің жоспарлау бойынша төмендегідей құжаттары болуы қажет:

      1. балабақша жұмысының жоспары (өткен оқу жылында балабақша жұмысын талдаудың проблемасы және міндеті есебінде);

      1. келешек жоспары – балабақшаның 5 жылға дейінгі дамуын болжау;

      1. ағымдағы оқу жылының бұйрықтары мен ережелері (картотека);

      1. мектепке дейінгі әдіскердің бір жылға, ай, жұмаға арналған жұмыс жоспары;

      1. дәстүрлі іс-шараларды өткізу жоспары;

      1. әдіскердің қатысуымен оперативті кеңестерді жоспарлау;

      1. психолог пен әлеуметтік педагогтың балабақшадағы жұмыс жоспары;

      1. балабақшада әдістемелік жұмысты жоспарлау;

      1. балабақшада бақылау өткізу жоспары;

         балабақшаның  педагог кадрларын аттестаттау жоспары.

Мектепке дейінгі әдіскердің жұмыс жоспары жазбаша түрде ғана ұсынылмауы керек. Материалдар графикалық түрде ұсынылса жеткілікті.   

Мектепке дейінгі әдіскердің графикалық жоспарлауы төмендегі графикалық материалдар болып ұсынылуы қажет:

  1. директордың бекіткен сабақ кестесі (барлық жас бойынша);;

  1. директордың бекіткен үйірме жұмыстарының кестесі, ынталандыратын және қолдау сабақтары (психолог, логопед);

  1. аудандық және қалалық семинарлар, кеңестер өткізу циклограммасы;

  1. мектепке дейінгі педагогтардың БАИ курстарындағы сабақ кестесі;

  1. директордың бекіткен қорытынды (ашық) сабақтарды өткізу кестесі занятий (тоқсан бойынша, жыл ішінде);

  1. ашық сабақтар өткізу кестесі;

  1. жастарына байланысты топ бойынша балалар, тәрбиешілер жетістігі нәтижелерінің кестесі;

  1. мектепке дейінгі педагогтардың сабақ кестесі.

 

Мектепке дейінгі әдіскер құжаттарының бөлек топтамасында балабақшада әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру бойынша әдіскердің жұмыс жүйесін көрсететін материалдар ұсынылған.  

Педагогтармен әдістемелік жұмыс мазмұны төмендегідей құжаттар болып ұсынылуы тиіс:

  1. әдістемелік бірлестіктің ағымдағы жылға арналған жұмыс жоспары;

  1.  мектепке дейінгі педагогтардың әдістемелік бірлестігі отырысының хаттамасы;

  1.  әдістемелік кабинеттің өткен оқу жылына арналған жұмыс анализі;

  1.  әртүрлі категориядағы педагогтар үшін әртүрлі деңгейдегі семинарларды жоспарлау;

  1.  әдістемелік кабинеттің жұмыс тәртібі;

  1.  алдыңғы қатарлы тәжірибені талдап қорыту материалдары;

  1.  педагогтардың өзін-өзі білімдендіру материалдары;

  1.  педагогтардың зерттеу және эксперименталды жұмыс материалдары.

Әдіскердің жұмыс жүйесі төмендегідей материалдар болып ұсынылуы мүмкін:

  1. бақылауды ұйымдастыру және өткізу жоспары;

  1. бақылау нәтижелілігі мониторингі;

  1. бақылау аясында педагогтармен әңгімелесу материалдары;

  1.  бақылаудың әртүрлі түрін ұйымдастыру нәтижесі бойынша анықтамалар;

  1.  бақылау аясында сабаққа бару дәптері немесе бланкісі;

  1.  бақылау аясында диагностикалық және түзету материалдары.

Кадрлармен жұмыс – бұл мектепке дейінгі әдіскер қызметіндегі қиын бағыт. Мектепке дейінгі әдіскер бұл жұмысты сапалы түрде жүргізу үшін төмендегідей ұсынылған материалдарда педагог кадрлар жөнінде нақты мәліметі болуы керек:

1) балабақшаның педагог кадрларының  тізімдік құрамы;

2) тәрбиешілердің кесте құрамы (категория бойынша), министрлік есепке мәлімет;

3) балабақша педагогтарының шығармашылық  топтары;

4) жас педагогтар;

6) тәжірибелі тәрбиешілер материалдары;

7) мектепке дейінгі педагогтар жайында газет және басқа да жарияланымдарға шыққан материалдар;

8) мектепке дейінгі әдіскердің тәрбиешілердің сабақтарына кіру туралы дәптері;

9) мектепке дейінгі педагогтардың педагогикалық кеңес, семинар, көрмелерге қатысу материалдары;

10) педагогтардың жыл қорытындысы бойынша аналитикалық есептері;

11) мектепке дейінгі педагогтардың жүктемелерін тарату.

Әдіскердің балалар отбасымен жұмысы әдіскер құжаттарында бөлек бөлім болуы қажет. Ол төмендегідей материалдарды қосуы мүмкін:

1)  топтың ата-аналар комитетінің тізімі;

2) «Дарынды балалар» бағдарламасы шеңберіндегі отбасылар тізімі;

3)  проблемалы отбасы мен балалар тізімі;

4)  қолайсыз отбасы және қауіпті топтағы балалар тізімі;

5)  балалар отбасымен жұмыс жоспары (топ бойынша);

6)  балабақшаның жалпы ата-аналар жиналысын жоспарлау және оның  материалдары;

7)  ата-аналармен жеке жұмысты жоспарлау;

8) балалары балабақша есебінде тұратын ата-аналармен әңгімелесу материалдары (денсаулығы, тіл кемістігі бойынша).

Информация о работе Мектепке дейінгі мекеме әдіскерінің іс - әрекетінің негізгі бағыттары