Мектепке дейінгі мекеме мен бастауыш буын арасындағы сабақтастық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Сентября 2015 в 22:34, доклад

Краткое описание

Білім беру және ғылым саласына елеулі өзгерістер енгізіп жатқан қазіргі кезеңде мектепке дейінгі ұйымдар мен бастауыш білім беру ісін жаңа сапалық деңгейге көтеру міндеті бүгінгі күннің көкейкесті мәселесі. Осы өзгерістер білім саласының алғашқы сатысы болып саналатын мектепке дейінгі ұйымдарда болашақ ұрпақтың дүниетанымын дамытуға, жеке тұлға ретінде қалыптастыруға, сәбилік шақтан бастап толық жағдай жасауды, тәрбиелеумен білім беруге аса жауапты қарауды басты міндет етіп қойып отыр.

Вложенные файлы: 1 файл

mektepke deingi.doc

— 103.00 Кб (Скачать файл)
  • мектеп пен балабақшадағы оқу-тәрбие жұмыстарының бағыттарын, мазмұнын айқындау жетілдіру;
  • екі буыннның оқу бағдарламаларын және жоспарларын зерттеп, оларды жетілдіру жолдарын қарастыру;
  • педагогикалық ұжымдарға ғылыми-әдістемелік жағынан көмек көрсетуді ұйымдастыру;
  • оқытудың жаңа технологияларын зерттеу және ұстаздар тәжірибесіне енгізу;
  • екі буынның таңдаған бағыттары мен мүмкіндіктерін ескере отырып, белгілі бір проблемалармен айналысуына, тәжірибе-сынақ жұмыстарын жасауға басшылық жасап, ғылыми-әдістемелік көмек көрсету.

Сонымен қатар биылғы өткізілген педагогтардың тамыз кеңесі «Бастауыш және мектепке дейінгі білім беру жүйесінде сабақтастықты қамтамасыз ету білім сапасын арттырудың өзекті мәселесі» атты тақырыпта өткізілді. Секция жұмысы барысында педагогтар келесі сабақтастықтық ұсыныс жобасын құрып, сабақтастық жұмысын ұйымдастырудағы кейбір қиындықтарды атап айтты. Қабылданған ұсыныс жоба:

  1. Әдістемелік бөлім жетекшілері, аудандық (қалалық) оқу бөлім әдіскерлері бастауыш және мектепке дейінгі білім беру сабақтастығы жайында сұрақтар бойынша педагогикалық тәжірибені облыста, аудан, мектепте жинақтап қорыту.
  2. Мектепке дейінгі педагогтар, мұғалімдер балалардың эмоционалды жайлы жағдайын қамтамасыз етуге бағытталған әдістер мен формаларды өз жұмысында қолдану.
  3. Мектепке дейінгі педагогтар, мұғалімдер ойын іс-әрекетін мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш буын оқытуындағы жетекші іс-әрекет ретінде қарастыру.
  4. Психологтар мен мұғалімдер баланың мектепке дайындығын анықтау барысында негізгі тест психологиялық сапасын бағалауды есепке алу.
  5. Әдістемелік бөлімнің жетекшілері, аудандық (қалалық) оқу бөлімдерінің әдіскерлері сабақтастық сұрақтарын жүзеге асыратын бірыңғай жоспар құру (мектепке дейінгі мекеме педагогы-бастауыш сынып мұғалімі-ата-ана —психолог —әлеуметтік ұстаз).

Қиындықтар:

  • кіші жастағы балалармен жұмыс жүргізудегі дидактикалық-әдістемелік базаның толық дайындалмауы;
  • мектептегі бастауыш сынып мұғалімдерінің ересек жастағы балалармен жұмыс жүргізу дайындығының жеткіліксіз болуы;
  • мектепалды дайындық тобында психологиялық қызмет көмегінің аз көрсетілуі.

Сонымен қатар сабақтастық мәселесін шешуде ата-аналармен жұмыс жүргізу бала дамуының бірыңғай кеңістігін жасаудың белсенді бағыты ретінде де қаралуы тиіс. Өйткені, ата-аналардың көпшілігі бала тәрбиесіндегі педагогикалық талаптардан бейхабар болуы мүмкін. Сондай-ақ баланың физиологиялық-психологиялық даму ерекшелігінен де назардан тыс қалатын жағдайлар да болып жатады. Сондықтан педагог қауымның алдына қойған қосымша — ата-аналармен жұмысты одан әрі жетілдірудің тың жолдарын қарастыра отырып, ортақ мақсатқа жетудің ұтымды сәттерін жіберіп алмау.

Мектепке дейінгі мекеме, бастауыш буын мен ата-ана арасындағы сабақтастық сақталғанда баланың мектепке жалпы, арнай және психологиялық жағынан қамтамасыз етіледі. Сондай — ақ, бастауыш сыныптағы оқыту мен тәрбие беру жұмыстарының негізі қаланып, мектепке дейінгі балалық шақтан жүйелі оқытуға кедергісіз көшу үшін жағдай жасалады. Қорыта айтқанда, жоғарыда көтерілген мәселелер бойынша елімізде ауқымды іс-шараларды жүзеге асыру қолға алынуда. Тәрбие-білім беру әрбір баланың мектепке келуге және жетістіктерге қол жеткізуге деген қызығушылығын арттыру үшін жағдай туғызуға, білім алуға үнемі алға басуына кепілдік беріп отыруы қажет.

Білім беру әр бала, әр оқушы үшін тұлғалық мазмұндығын қамтамасыз етуге және ол үшін өз ісінеде, өз өмірінде жеке тұлғалық ойын, құруға, өзіндік қорғану, өзіндік тәрбиелеу механизмін қалыптастыруға және адамдардың адаммен, табиғат, өркениет, мәдениет пен қауіпсіз қарым-қатынас жасауын қамтамасыз етеді.Білім беру баланың жеке тұлғасында адамдық экологияны сақтап, тәрбиелеуге, өмір маңыздылығына, жеке бас бостандықтарына адамгершілікке тәрбиелеуде адамның қалыптасу функциясын қалыптастыру керек. Жарқын болашақтың тамырын терең, тұғырын биік жасаймыз деген игі мақсатымыз ізгі іспен көмкеріліп, үзіліссіз жүйемен өріліп жатса, еліміздің әрбір азаматының арманы орындалып жатыр деп ұғынуға болады.

Қолданылған әдебиеттер

  1. Начальная школа, № 1, 2008
  2. Дошкольное воспитание, № 3, 2007
  3. М. Жұмабаев, «Педагогика» —1992 ж.
  4. Тұрғынбаева Б.Ә. «Дамыта оқыту» —Алматы 1999 ж.
  5. Школа на пути к свободе —М. 2002.

 


Информация о работе Мектепке дейінгі мекеме мен бастауыш буын арасындағы сабақтастық