Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу және құрастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2014 в 10:40, дипломная работа

Краткое описание

Қазақ балалар әдебиеті – қазақ әдебиетінің мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларға арналған саласы. Оның қайнар көзі қазақ фольклорынан бастау алады (қ. Қазақ балалар фольклоры). Қ. б. ә-нің алғашқы жазба үлгілерін 19 ғ-да Ы.Алтынсарин жасады. Ол балаларды өнер-білімге тәрбиелейтін, еңбекке баулитын, этик., эстет. тәрбие беретін өлеңдер мен әңгімелер жазды. Сондай-ақ, қазақ фольклорынан балалардың тіліне, ұғымына жеңіл шығармаларды іріктеп, орыс балалар әдебиетінен қысқа да қызықты әңгімелер аударып, құрастырды, ана тілінде алғашқы оқулық (“Киргизская хрестоматия”, 1879) бастырып шығарды.

Вложенные файлы: 1 файл

абай (2).docx

— 3.12 Кб (Скачать файл)

 

 

Қазақ балалар әдебиеті – қазақ әдебиетінің мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларға арналған саласы. Оның қайнар көзі қазақ фольклорынан бастау алады (қ. Қазақ балалар фольклоры). Қ. б. ә-нің алғашқы жазба үлгілерін 19 ғ-да Ы.Алтынсарин жасады. Ол балаларды өнер-білімге тәрбиелейтін, еңбекке баулитын, этик., эстет. тәрбие беретін өлеңдер мен әңгімелер жазды. Сондай-ақ, қазақ фольклорынан балалардың тіліне, ұғымына жеңіл шығармаларды іріктеп, орыс балалар әдебиетінен қысқа да қызықты әңгімелер аударып, құрастырды, ана тілінде алғашқы оқулық (“Киргизская хрестоматия”, 1879) бастырып шығарды. Сөйтіп, бала тіліне лайықты, ойына қонымды ойнақы өлеңдері мен қызықты әңгімелері арқылы педагог-жазушы Қ. б. ә-нің негізін қалады. Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев “Ғы-лым таппай мақтанба”, “Интернатта оқып жүр”, “Әсемпаз болма әрнеге” деген өлеңдерінде қазақ балаларын оқуға, өнерге үндеді. Қазақ балаларына арналған оқулықтар мен өлеңдер жинақтары 20 ғ-дың басында көбейе бастады. 1912 ж. орыс ақын-жазушыларының мысалдарын қазақ тіліне аударып, оған өзінің төл шығармаларын қосып, “Үлгілі тәржіма” атты кітап және “Үлгілі бала” оқулығын шығарған педагог-жазушы Спандияр Көбеевтің де Қ. б. ә-н дамытуға сіңірген еңбегі мол. Қ. б. ә-нің Қазан төңкерісіне дейінгі белгілі үлгілері қатарында М.Кәшімовтің “Әдеп” (1907), “Ақыл” (1908) атты жинақтарын, М.Нұрбаевтың “Көргенді бала – үлгілі ана” (1908), Ғ.Мәжитовтың “Қазақ шәкірттеріне ақыл” (1910), М.Дибердиевтің “Қазақ балаларына қирағат кітабы” (1910) кітаптарын, сондай-ақ, Т.Жомартбаевтың “Балаларға жеміс” (1912) атты өлеңдер жинағын атауға болады. Ақын С.Торайғыров балаларға арнап өз кезіндегі өзекті мәселелерді өрнектеген өлеңдер жазды (“Шәкірт ойы”, “Оқып жүрген жастарға”, “Бір балуанға”, т.б.).


Информация о работе Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу және құрастыру