Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбек тәрбиесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Августа 2013 в 20:54, реферат

Краткое описание

Бұл тəрбие түрінің мақсаты- тəрбиеленушіде осы заманғы техника, технология жəне өндірісті ұйымдастыру, жалпы еңбектік ептіліктер мен дағдылар, еңбекке деген жауапкерлі қатынас пен психологиялық дайындық, еңбектенуге болған ықылас-ниет, еңбеккерге сый-құрмет сезімін қалыптастыру.
Еңбек тəрбиесінің мазмұндық негізін оқу еңбегі (ақыл-ес жəне тəн-денелік), өзіндік қызмет еңбегі (мектепте жəне үйде), қоғамдық пайдалы еңбек (демалыс кезіндегі тəжірибелік еңбек, құрылыс отрядтарындағы жұмыстар, орман қорғау, тимур қозғалысы жəне т.б.) құрайды.

Вложенные файлы: 1 файл

енбек.docx

— 18.45 Кб (Скачать файл)

Мектеп жасына дейінгі  балалардың еңбек тәрбиесі

Бұл тəрбие түрінің мақсаты- тəрбиеленушіде осы заманғы техника, технология жəне өндірісті ұйымдастыру, жалпы  еңбектік ептіліктер мен дағдылар, еңбекке деген жауапкерлі қатынас  пен психологиялық дайындық, еңбектенуге  болған ықылас-ниет, еңбеккерге сый-құрмет сезімін қалыптастыру.

Еңбек тəрбиесінің мазмұндық негізін  оқу еңбегі (ақыл-ес жəне тəн-денелік), өзіндік қызмет еңбегі (мектепте жəне үйде), қоғамдық пайдалы еңбек (демалыс  кезіндегі тəжірибелік еңбек, құрылыс  отрядтарындағы жұмыстар, орман қорғау, тимур қозғалысы жəне т.б.) құрайды.

Мектеп жасына дейінгі балаларды  еңбекке баулуға тарихи кезеңдерге түрліше мән берілген. Осы кезеңге  дейінгі еңбек тәрбиесінің міндеттері еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу, еңбекті  құрметтеу, еңбек мәдениетін және еңбек  ету дағдысы мен біліктілігін қалыптастыруды көздейді. Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында мектепке дейінгі  балаларды қоғамдық және әлеуметтік тұрғыдан тәрбиелеу мәселелерімен  қатар еңбек тәрбиесі ерекше қолға  алынды. 1919-жылы мектепке дейінгі тәрбиенің  мәселелері қарастырылған I съезде балабақша  мен мектепте еңбек тәрбиесін  бірізді жүргізу міндеттері анықталып, оның талаптары белгіленді. Р. И. Жуковская  балалардың ойын арқылы еңбек дағдыларын қалыптастыру, еңбек әрекетіне жұмылдыру, еңбек әрекеті ойынды байытуға бағытталуы тиіс деген. 1960 жылдары мектепке дейінгі  мекеме қызметкерлерінің ұсынысы бойынша  ең бастысы балаларды ересектің  еңбегімен таныстыру маңызды  деп саналып, баланың өздігімен  орындайтын еңбек әрекеттеріне мән  берілмеді. В. Г. Нечаева, Г. Н. Година, Д. В. Сергеева, Р. С. Буре, Л. И. Захаревич  тағы да басқа ғалымдардың мектепке дейінгі балалардың еңбектегі психологиялық  ерекшелігіне, еңбек дағдылары мен  біліктерін игеру деңгейлеріне, ұйымдастырылуы әдістемесіне қарай еңбек түрлерін өзін-өзі қызмет ету, шаруашылық-тұрмыстық  еңбек, қол еңбегі және табиғаттағы  еңбек деп бөлгендерін атап кетуге болады. Бірақ, сол кездегі теориялардың қай-қайсына да көз жүгіртсек, халық  тәжірибесіне сүйенбегенін, тұрмыстық  салт-дәстүрлерді ескеріп ұйымдастырылу  қарастырылмағанын байқадық. Бүгінгі  таңға дейін қоғамның дамуына  байланысты мектепке дейінгі балалардың еңбегінің түрлері терең зерттеліп, мазмұны анықталуда. Соның ішінде В. П. Нечаева, П. О. Абдулвагаева, Е. Н. Герасимова, Г. Н. Годинаның зерттеулерінде өзіне-өзі  қызмет ету еңбегі 5-6 жастағы балалардың өзін күтуі, ересекке тәуелсіз болып, өзінің ісіне сенімі қалыптасып ұқыпты, әдемі, өзі киіне алу біліктілігі, сыртқы келбетіне қарай алуы керек делінген. Балалар еңбегінің бұл түрін  халқымыздың тұрмыс салтымен байланыстырып  ұйымдастыруға болады. Табиғаттағы  еңбек арқылы балаларды еңбекке  баулу туралы А. К. Бондаренко, Н. Н. Кокорева, Е. И. Кокорева, А. Ф. Мазуринаның еңбектерінде зерттелген. Ғалымдардың пікірінше, 5-6 жастағы балалардың табиғаттағы  еңбегі өсімдіктер мен жануарларға  күтім, бақшада көкөніс өсіру, үлескені жасылдандыру, аквариумды тазартуға  араластыру. Еңбектің бұл түріне ертеде қазақ халқы балаларын мектепке дейінгі кезеңнен баулыған және түрлі  тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалана білген. Мектеп жасына дейінгі балалардың қол  және көркем еңбегінде табиғи материалдар, қағаз, қатырма қағаз, мата, ағаштан  бұйымдар жасайтындығы Я. И. Базик, Э. К. Гульян, В. Ф. Ждан, Е. Я. Беляевның зерттеулерінде теориялық негіздері мен әдістемесі нақтыланған. Бұл еңбектің түрінде  балалардың қиялы, шығармашылық қабілеті дамып, қолдың ұсақ бұлшық еті жетіліп, ұстамдылыққа, бастаған ісін аяғына дейін  жеткізуге үйренеді. Е. Б. Горунович, У. А. Карамзин, А. В. Пантелеевалар мектеп жасына дейінгі балалардың көркем еңбегін  ұйымдастыруды екі бағытта: әртүрлі  материалдардан сыйлықтар жасауға; екіншіден, топты мерекеге қарсы  әшекейлеуге, көрмені безендіру  әрекеттерін жүргізу деп бөледі. Қазақ психологтары А. Темірбеков, С. Балаубаев еңбектерінде дені сау  балалардың бәрінде қарапайым жұмысқа  бейімділік болатынын айтады. Қол  еңбегі баланың игілікті жұмысы. Қағаздан, картоннан, ағаштан нәрселер істейді, әрекет үстінде ұғымдылық, тапқырлық  ұйымдастыру ерекшеліктерін анықтауы біздің зерттеуімізге арқау болады. Осы аталғандар балабақшаның оқу-тәрбие үрдісінде қазақтың ұлттық тұрмыс салт-дәстүрлерімен  ұштастырып жүргізілсе, болашақ ұрпақтың еңбекке деген сүйіспеншілігі, еңбекке  деген қарапайым дағдылары көзделген  міндеттерге сай болар еді. Мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке  баулуды тек балабақшаларда ғана емес, отбасында жүзеге асыруға толық  мүмкіндіктер бар екені Т. А. Маркова, Л. В. Загик зерттеулерінде кеңінен айтылады. Олар ата-аналарға өз балаларын еңбекке баулу жұмыстарын мектеп жасына дейінгі кезеңнен бастауын, бірақ баланың жас ерекшелігін, психологиялық мүмкіндіктерін балабақшамен бірлесіп жұмыс жүргізу қажеттігін түсініп, педагогтардың талаптарымен ұштасқан жағдайда нәтиже беретіндігін алға тартады. Мектеп жасына дейінгі балалардың пайдалы еңбекке қызығушылығын ояту, белгілі бір еңбек тәртібін тәрбиелеу, еңбекті өздігімен жасауға, орындауға, бағалауға үйрету басты міндеттердің бірі болып отыр. 5-6 жастағы баланың белгілі бір уақыт аралығында еңбек етуге әдеттенуі жай ғана еңбекке үйрету емес, алғашқы еңбек процесіне құштарлық, еңбек етуге әзірлік деп қараған дұрыс. Еңбектің қандайы болмасын адамның белгілі қуат, күш-жігерін жұмсауды талап етеді. 5-6 жаста баланың ағзасы үнемі даму үстінде болып, бұлшық еті мен жүйке жүйесі толық жетілмегендіктен тез шаршауға бейім тұрады. Шамасынан тыс еңбек тапсырмасын беруде бала бар күшін салып ұмтылса да орындай алмайды. Сондықтан ересек топ балаларын тұрмыс-салт дәстүр негізінде еңбекке баулуда еңбек әрекетін қалыптастырудың психологиялық заңдылықтарына, даму мүмкіндіктеріне сүйену басты міндеттердің бірі болып саналады. В. С. Мухинаның еңбегінде бала тәрбие үрдісінде әрекеттің (орамалмен сүртінуі, қарындашпен сурет салу, мүсіндеу) сан алуан түрін меңгереді. Мұның бәрі сыртқы нәтижеге бастайтын практикалық іс-әрекет. Сонымен бірге баланың ішкі іс-әрекеті де қалыптастасады, оның көмегімен бала заттарды қарайды, қасиеттерін анықтайды, бір-бірімен байланысын ашады. Осындай ішкі іс-әрекеттің қалыптасуы бала дамуының негізгі еңбек мазмұнын құрайтыны айтылады. Қ. Жарықбаев адам іс-әрекеттің белгілі бір түрімен айналысу арқылы ғана сыртқы ортамен белсенді түрде байланыс жасайды дей келіп, «әрекет дегеніміз – түрлі қажеттіліктерді өтеуге байланысты белгілі мақсатқа жетуге бағытталған үрдіс» деп анықтама береді. Біздің ойымызша, бала өзінің қажеттерін өтеу үшін (ойын, еңбек үстінде) бар мүмкіндігін пайдаланады, әрекет етуге талпынады. Психолог Я. Л. Коломинский, Л. В. Финькевич зерттеулерінде 5-6 жас аралығында бала ойын мен еңбек арасындағы айырмашылықты аңғарып, еңбек құралдарын орнымен пайдаланып, еңбек операцияларын орындап, еңбектің обьективтік мақсатын қоя біліп, оның қоғамдық пайдалы бағыттылығын түсіне бастайды. Мектеп жасына дейінгі кезеңде еңбекті дұрыс ұйымдастыру баланы жүйелі түрде еңбекке баулудың, еңбек дағдыларына үйретудің алғашқы қадамы. Бірте-бірте еңбек етуге деген қажеттілікті ояту баланың болашақ өмір сүру қажеттілігіне айналуға алғышарт болады. А. В. Запорожец мектеп жасына дейінгі балаларды тек еңбек нәтижесі ғана емес, оның басқа адамдар үшін маңыздылығы да қызықтыратындығын айтады. Балалар қағаздан, ағаштан әр нәрсе жасауға, ересектерге көмектесуге қызығады, егер ересек тарапынан қолдау болса, балалар өздеріне тапсырылған іске неғұрлым саналы ниетпен қарап, орындауға талпынады. 5-6 жастағы балаларда алғашқы еңбек әрекеті қалыптасып, ересектен көмек сұрап қана қоймай, өздеріне де көмектесу ниеті пайда болады. Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбек әрекетінің өзіндік мақсаты, мотиві, жоспары нәтижесінің өзіндік ерекшеліктері болады. Аталған құрылымдар еңбек әрекетінің үрдісінде көрініп ересектердің көмегімен дамып жетілетіндігін айтады


Информация о работе Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбек тәрбиесі