Мектеп жасына дейінгі кезең

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2015 в 18:31, реферат

Краткое описание

Мектеп жасына дейінгі кезең мінездемесі.
Ойын - мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс- әрекеті.
Когнитивті даму: қабылдау, ес, ойлау ерекшеліктері.
Эмоционалды – ерік аймағының дамуы, тіл даму ерекшеліктері.

Вложенные файлы: 1 файл

10 тарау Сымбат.docx

— 36.53 Кб (Скачать файл)

 

Ойлау.

Көрнекі бейнелі ойдың қалыптасуына қиял әр етеді. Алғашында бала заттарды бір – бірінің қызметіне байланыссыз заттарды алмастырады. Кейін бала алмастырған заттардың белгілі бір функциялық рөлін анықтайды да, олармен тәжірбиелік әрекеттер жасау өзінен – өзі өміршеңдігін жоғалтады. Сөздік – логикалық ойлау балада тілді меңгеру кезінде пайда болады. Мектеп жасының ортасында балада талдау ерекшелігі пйда болады да, әсіресе  Ж.Пиаже сипаттайтын эгоцентрлік сөйлеу феноменінде ерекше көрінеді. Балада талдау көрінгенмен, ол әлі де болса өлшем, сапа деген түсініктерді ажырата алмайды. Аталған ойлаудың түрі екі кезеңде өтеді. 1. Бала алдымен затқа байланысты сөзді меңгереді де, оны пайдаланады: 2. Бала логикалық талдаудың шартын меңгеріп, қарым – қатынасты ажырататын түсініктер жүйесін танып біледі. Логикалық ойлаудың дамуы кезінде балада іс – әрекеттің ішкі жоспарының даму үрдісі жүзеге асады. Н.Н. Подьякова бұл үрдісті зерттеу барысында дамуыдң алты кезеңін атайды:

  1. Алдымен бала көрнекі– әрекетті жағдайда қолдың көмегін арқылы заттармен манипуляция жасайды.
  2. Заттармен манипуляция жасауды одан әрі жалғастыра отырады, бала тілді пайдалана бастайды.
  3. Бала ойша бейнелерді талдай бастайды.
  4. Бала тарсырманы алдын – ала ойластырып, жоспар бойынша орындайды.
  5. Бала алдымен ойша іс – әрекетті жоспарлап алады да одан кейін оны жүзеге асуруға кіріседі.
  6. Тапсырма іштей ғана орындалады да, оның бекуіне назар аударылмайды.

Н.Н. Подьяковтың зерттеулері бойынша, балада ойша жасалған кезеңдер мен жетістіктер жоғалмайды. Олар жаңа, жетілген түрімен одан әрі жалғасады. Қажет болған жағдайда балада көрнекі – әрекеттік, көрнекі бейнелі, сөздік – логикалық ойлаудың дамуы қайтадан қосылады. Осыдан мектеп жасына дейінгі балаларда интеллектінің дамуында жүйелік приципі жүзеге асады.

10.4 эмоционалды  ерік аймағының дамуы, тіл даму  ерекшеліктері.

Мектеп жасына дейінгі балаларда зейін ырықсыз түрде дамиды. Негізгі ерекшелік – қызығушылық байланысты зейіннің дамуы. Бала өзін қызықтырған затқа, обьектіге, адам назарын қызықтаған уақытқа байланысты аударады. Ырықты зейін эгоцентрлік сөйлеуге байланысты дамиды. Бала алғашқы кезде ырықсыз зейіннен ырықты зейінге ауысу үшін шығара отыра талдау нәтижесінде жүзеге асады. Кіші мектеп жасына дейінгі балаларда затқа зейінін тұрақтата алуы 6-8 секунд, ал ересек мектеп жасына дейінгі балалар 12-20 секунтқа назар аударады. Балалардың бұл кезеңдегі зейінін тұрақтата алуы әр түрлі болады. Оның себебі, балалардың жүйке жүйесінің әртүрлілігі, дене дамуы мен өмір сүру ортасына да байланысты. Аурушаң, қозба балалар сау, даму деңгейі қалыпты балаларға қарағанда зейіндері әлсіз, тұрақсыз болады.

Мектеп жасына дейінгі балалардың зейіні 4-5 жаста қарқынды дамиды. Ойын барысында бала 2-3 затты пайдалана алады. 5-6 жаста балаға 2-3 зат туралы айтып берші десең, бір зат сипатталса, қалған зат ұмытылып қалады. Мектеп жасына дейінгі балалар ырықты түрде анализдің дағдыларын қалыптастыру қажет. 5 жастан бастап ырықты зейін қалыптаса бастайды. Бала затқа 10 минут өз зейінін бағындыра алады да, 7 жаста 1 сағат,  1,5 сағатқа дейін ұлғаяды.

Қиял.

Сәбилік кезеңнің соңында бала заттарды алмастыра бастайды, осыдан қиялдың алғашқы кезеңі басталады. Кейін ол ойында одан әрі жетіле түседі. Қиялдың дамуын тек қана ойын үстінде емес, сурет салу мен әр түрлі қолдан жасалған заттар арқылы көруге болады. О.М. Дьяченко қиялдың даму кезеңдері барлық басқа да психикалық жан қуаттары сияқты өтеді деп көрсетеді. Қиялдың негізгі қайнар көзі – сенсорлы эталондар. Мектеп жасына дейінгі кезінде балаларда репродуктивті қиял басымдылық көрсетеді. Ол балада қабылданған заттарды механикалық қайта жаңғырту арқылы образдарды бейнелеуден тұрады. Бала өзіне қатты әсер еткен эмоционалды жағдайларды қайта жаңғыртады. Жоғары мектеп жасына дейінгі балаларда репродуктивті қиял қиялға айналады. Ол шындық әрекеті шығармашылық айналдырады. Бұл үрдіс кезінде ойлау да қатысады. Қиялдың бұл түрі сюжеттік – рөлдік ойындарда жетіледі. Қиял функциялары: танымдық – интеллектуалдық, аффективті –қорғаныш болып бөлінеді.  Танымдық – интеллектуалды қиял бейнесін заттан бөлу мен тілдің дамуы арқасында жүзеге асады. Аффективті – қорғаныш баланың ішкі жан дүниесіне үңілу, өсіп келе жатқан баланың дұрыс қалыптасуы мен үйлесімділіге назар аудару.

Тілдің дамуы.

Тілдің көлемі ұлғаяды. 6 жаста 5-6 мың сөзді пайдаланады. 38% зат есім, 32% етістік, 10% есімдік,  7% одағай,  2% сын есім пайдаланады. Тілдің даму кезеңдері.

  1. Жағдаяатты сөйлеу, алғашқы кезеңде дамиды.
  2. Контексті сөйлеу. Ойлаудың жоғарлауына байланысты сипаттайтын жағдаятты толық айта бастайды.
  3. Түсіндірмелі сөйлеу. Ақыл ойдың жоғарғы деңгейі.

Мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық жаңа құрылымның пайда болу ерекшелігі бұл мектепке даярлық.

Оның негіздері:

  • Когнитивті даярлық
  • Эмоционалды даму деңгейі
  • Технологиялық құрал – жабдықтар
  • Тұлғалық дайындық
  • Коммуникативті дайындық

Когнитивті даярлық.

Ж.Пиаже бойынша мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл – ой дамуының екінші кезеңінде болады. Ақыл – ой образдарды ойлауға  байланысты, алайда логикалық ойлау әлі қалыптасқан жоқ. Мектеп жасына дейінгі кезеңнің соңында балада анимизмдік және антроморфизмдік ойлауды жеңе бастайды, яғни жансыз заттарға адамның мінез бітісін сипаттауға тырысады. (Ж.Пиаже)

Эмоционалды даму.

Бала әр түрлі эмоциялық жағдаяттарды меңгеруді  үйрене бастайды. Балалар тәртіп нормаларын меңгере бастағандықтан, агресия азая бастайды. Ертегі және ойын негізгі көмекші құралдары.

Технологиялық құрал – жабдықтар

В.В. Давыдов бойынша «даярлықтың негізгі көрсеткіші – қиялдың жоғарғы деңгейде дамуы ».

Тұлғалық дайындық. Өзін – өзі жігерлендіруден көрінеді.

Коммуникативті дайындық. Қоршаған адамдармен дұрыс қарым – қатынас орната алуында.

Мектепке дайын болмауына себептері:

  1. Балаға ортаның тәрбиелік сипатының жетіспеушілігі.
  2. Соматикалық дамудың жетіспеушілігі.
  3. Мінездің невротикалық дамуы.
  4. Жоғарғы жүйке жүйесінің ерте зақымдалуы.
  5. Интеллектінің олигофренияға дейінгі формасында дамуы.

Баланың мектепке алғашқы кезеңде болуы, оның жаңа жағдайда әлеуметтік – психологиялық бейімделу мезгілі болып табылады. Баланың барлығы өмірлік әрекетінің жаңа жағдайында табысты түрде бірдей бейімделмейді. Г.М. Чуткинаның зерттеуі бойынша, ол баланың мектепке бейімделуінің үш деңгейін атап көрсетеді. Бейімділік жоғарғы деңгейі: 1– сынып оқушысының мектепке деген қарым – қатынас жағымды; оқу  материалдарын жеңіл меңгереді; күрделі есептерді шығарады; мұғалімнің түсіндіргенін, берілген тапсырманы ешкімнің бақылауынсыз орындайды; өздік оқу жұмыстарына үлкен қызығушылықпен қарайды; барлық сабақтарға дайындалады; қоғамдық жұмыстарды қуана және адал орындайды; сыныпқа белгілі бір ұнамды тық орны бар.

Бейімділіктің орта деңгейі: 1– сынып оқушысының мектепке деген қарым – қатынас жағымды; оның қатысуы кері күйзелісті шақырмайды; егер де мұғалім оқу материалын нақты және көрнекілік пайдалану арқылы баяндаса; онда оны түсінеді; оқу бағдарламасының негізгі мазмұнын меңгереді; типтік есептерді өз бетімен шығарады;  үлкендердің нұсқауын, тапсырмаларын орындағанда мұқият, бірақ үлкендердің бақылауымен жасалынады; өзі қатты қызыққан іске ғана зейінін тоқтата алады, сабаққа дайындылығы және арқашан үй тапсырмасын орындайды; қоғамдық жұмыстарды адал орындайды; сыныптастарымен достасады.

Бейімділіктің төмен деңгейі: 1– сынып оқушысының мектепке деген қарым – қатынас жағымсыз; көңіл күй түсінкі; мұғалімнің түсіндірген материалдарын көрнесті түрде көрсетеді; денсаулығына жиі шағымданады; оқулықтармен өздік жұмыс жасау қиынға соғады; сабаққа жүйелі  түрде дайындалмайды; оған үнемі бақылау жасап отыру керек, мұғалімдер мен ата – аналар тарапынан ескертулер мен жүйелі түрде көмектер қажет; қоғамдық жұмыстарды ынтасыз; пасстивті; бақылаудың көмегімен жасайды; жақын достары жоқ; сыныптастарының жартысының ғана  аты жөнін біледі.

Баланы мектеп бейімдеуде әсер ететін жағымсыз факторлар – жанұя жағдайында тәрбие үрдісінің дұрыс болмауы, үлкендермен қарым – қатынасы қанағаттанарлықсыз, ата – анасының білім деңгейінің төмен болуы, құрбы – құрдастарының арасында өзін теңдей, сезінбеу, жартылау отбасынан шығуы, отбасында үнемі кейкілжіңдер орын алуы т.б.

Л.С. Выготский суреттеуі бойынша, бұл кезеңді жоғалу жасы деп атады. Негізгі белгілері: бала қиқарланады, ересек адамға бағынғысы келмейді. Бұрын ересек адамның айтқанын екі етпейтін бала, енді өзіне қарым – қатынас талабын жоғарлатады. Бала тәртіптің бір формасын жоғалтып, екінгі форманы әлі меңгермеген. Негізгі қажеттілік – өзін – өзі сыйлату. Әрбір бала өзін ересек, өз бетімен шешім қабылдайтын жеке тұлға ретіндесе қабылдатқысы келеді.

К.Н. Поливанова мынадай ерекшеліктер айтады:

1) Кідіріс – бала өзіне қойылатын талапты, тілекті «естімейді».

2) Дауласу –  басқа отбасындағы мүшелермен өзін салыстырады да, іс– әрекеті жоққа шығарады. «Неге оған рұқсат, неге  маған ол іс – әрекетті жасауға болмайды? »

3) Тыңдамау – демонстративті түрде өтеді. Жиі алдау арқылы жүзеге асады.

4) «Ересек адам тәртібі» – ересек адамша пайымдылық іс – әрекеті.

5) Сыртқы түрі – өзінің түр әліпетіне ерекше зейінділік (өз жасынан ересек көрінуге тырысады).

6) Қыңырлық, қырсықтық, табандылық, сынға деген реакция.

 

 

Бақылау сұрақтары.

  1. Мектеп жасына дейінгі кезеңнің әлеуметтік даму жағдаятының ерекшелігі неде?
  2. Мектеп жасына дейінгі баланың ойынын сипаттама.
  3. Мектеп жасына дейінгі баланың ойынның мазмұндылығын сипаттама.
  4. Мектеп жасына дейінгі баланың ересектер мен құрбы – құрдастар қарым – қатынасының ерекшелігі неде?
  5. Д.Б. Эльконин мен А.В. Запорожец еңбектеріндегі бала дамуының амплификациясы дегеніміз не?
  6. Л.С. Выготскийдің бала дамуының негізгі заңдылықтары атаңыз.
  7. Л.С. Выготский психикалық функциялардың қайсысы жоғары «жоғарғы» деп аталады?

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Мектеп жасына дейінгі кезең