Мимика және пантомимика, олардың эмоциялық маңыздылығы
Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2014 в 18:37, реферат
Краткое описание
Эмоция деп айналадағы заттар мен құбылыстарға жағымды жағымсыз қатынастын сәулеленуін айтамыз. Эмоциялар шындықтын жүйкеде сәулеленуін айрықша бір түрі . Сыртқы дүниенің әсері адамның миында тек қана сәулеленіп қоймай, оған толғанып тебіреніп, өзінің қатысын білдіреді.
Содержание
1.Кіріспе. 2.Негізгі бөлім. A) Эмоция және сезімдер туралы жалпы түсінік Б) Педагогикалық шеберліктегі басқару техникасы, өзінің психофизикалық жағдайын меңгеру. Мимика және пантомимика. 3.Қорытынды
А.С. Макаренко шебер ұстаз
болу үшін «бері кел!», «сәлеметсізбе!»
деп 15-20 түрлі көңіл күйде, даусын, денесін
өзгерте білгенін жас мұғалімдерге ескертеді.
Жас мұғалімдерге орынды, мазмұнды,
әсерлі сөйлей алу үшін шешендік өнердің
төмендегідей жеті қағидасын ескерген
жөн :
1. Дүниеде тыңдаушыларының
өзі жақсы білетіндерін өздеріне
тәптіштеп айтып жатудан жаман нәрсе жоқ.
Сенің өзгеге айтатының кісіге білім беретіндей,
оның жүрегін қозғайтындай нәрлі болуы
керек.
2. Өз сөзін қадірлейтін
кісі тыңдаушысын да қадірлейді. Тыңдаушыларды
қадір тұта сөйлеген адамның сөзі тартымды
болады.
3. Сөйлегенде әрбір сөзің
анық, дәл, айқын естілетін болсын. Даусың
булығып шығып, бір сыдырғы әуенмен, жігерсіз,
баяу сөйлейтін болсаң, айтқаның қанша
қызықты болғанымен тыңдаушыларды жалықтырып
жібереді, олардың көңілі басқаға ауып
кетуі мүмкін. Сөйлеушінің дауысы құбылмалы
әрі жайдары болуға тиіс. Құр айғайлап
кетудің де керегі жоқ. Сенің даусыңнан
әрқашан байсалдылық, сенім, табандылық
сезілетін болсын.
4. Сөзің татымды болсын десең,
оған аздап болса да бет-әлпет, қолдың
қимылын қатыстыр. Бірақ, жөн-жосықсыз
қолыңды оңды-солды сермей беру жараспайды.
Мұндай жеңілтектік тыңдаушыларды алаңдатып,
көңілін басқа нәрсеге аударуға себепкер
болады. Ең керегі – байсалдылық, тағы
да байсалдылық.
5. Тыңдаушыларға көз қырын
салмай, екі көзін қағаздан алмай сөйлейтін
кісіні жұрт онша ұнатпайды, біреу жазып
берген сөзді оқып, өзгелерді алдап тұрғандай
көрінеді.
6. Айтайын деген ойды әбден
ығыр болған, үйреншікті сөздермен бастама.
Онда сөзің тартымды болмайды, өзгелер
ықыласпен тыңдамайды. Ойыңды өз сөзіңмен,
әдеби тілге тән сөздермен, әсерлі, қызықты
етіп жеткізуге тырыс.
7.Айтқан сөзің қысқа
әрі тұжырымды болсын. Аз сөзбен көп нәрсе
айтуға тырыс. «Көп сөз – көмір, аз сөз
– алтын» екенін ешқашан мұғалім есінен
шығармаса сөйлеу мәдениетін меңгеріп
алады.
Педагогикалық техникаға
мұғалімнің сыртқы мәдениеті, көзқарасы,
оқушыға ықпал ете білуі де жатады.
Сыртқы мәдениетке: киінуі, шаш қоюі, дене бітімін
ұстай алу, сыртқы келбет, сөйлеу, вербалды
емес қарым-қатынас түрлері жатады. Сөйлеу
мәдение- ті дұрыс, қатесіз сөйлеуге, мәнерлілікке,
сөз қорының байлығына, сөздің бейнелілігіне,
дикцияға, тембрге тәуелді. Вербалды емес
қарым-қатынас мәдениеті мимика, пантомимика,
салмақтылық, өзіне сенімділік, аудиториямен
контакт жасай алу арқылы қалыптасады.
Сыртқы мәдениет мұғалімнің
жасына, фигурасына, модаға, кәсібі қызметке
сай қарастырылады.
Бұл оқытушы жұмысында
маңызды рөл атқарады, өйткені, ұстаз
әрқашанда аудитория алдында. А.С. Макаренко
мұғалімнің сыртқы мәдениетіне өте
зор мән берген. «Мен сыртқы кейпіне
баса назар аудардым, сыртқы кейпі адамның
өмірінде зор маңыз алады. Лас, салдыр-салақ
адам өзінің жүріс-тұрысын қадағалап жүреді
деп ойлау қиын». Ол қалай болса солай
киінген мұғалімді сабаққа кіргізбей
қоятын ескерткен.
Сыртқы мәдениет. Бұл оқытушы
жұмысында маңызды рөл атқарады, өйткені
ұстаз әрқашанда аудитория алдында болғандықтан,
оның сыртқы мәдениеті оқушылар үшін үлгі.
Сыртқы мәдениетке: сыртқы келбет, сөйлеу,
вербалды емес қарым-қатынас түрлері де
жатады.
Педагогикалық техниканы меңгеру
мұғалімге педагогикалық қызметте өзінің
тұлғалық, даралық қасиеттерін көрсетуге,
кез келген жағдайда орынды шешім қабылдауға,
сөз табуға, өзін жетілдіруге мұмкіндік
береді.
Педагогикалық іскерліктер
оқытушының кәсіби позициясының қалыпта-
суына, педагогикалық техниканың жетілуіне
көмектеседі, мақсатқа сай нәтиже- лерге
жетуге мүмкіндік береді.
Қорытынды.
Адамның эмоциясы мен Сезімдері
мимика (бет олпеті) пантомимикалық ( бұлшық
еттер қозғалысы) сияқты монді қимылдар
жүзсге асады. Монді қимылдар сезімдер
мен эмоциялардың экепрсссинтік жағын
сигналдық қызметі арқылы жүзеге асырады.
Дауыстың және мимика сигналдар әңгімелеекен
адамдармен қарым-қатынастың белгілі
түрін тудырады және бұл байланыс атмосферасын
жасайды.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Асқарбаева А. Ұстаз ізденістері.
А 1987.
Асылов Ұ.Ж. Нұсқабайұлы.
Әдеп. Инабаттылық дәрістері А 1987.
Елеусізова С. Қарым – қатынас психологиясы. А 1995.
Грехнев В.С. Культура педагогического общения. М 1990.
Желдербаева С. Мәнерлеп оқу. А 1992.
Зязюн Г.М. Основы педагогического мастерства. М 1989.
Синица И.Е. Педагогтың әдеп
және ұстаздық шеберлік. А 1987.
Шынықбекова Э.И. Ұстаздық қызметтегі
педагогикалық этика. А 1987.
Щетинин М.П. Ұстаздық еткен жалықпас. А 1989.
Абдуллина О.А. Общая педагогическая
подготовка учителя в системе высшего
педагогического образования. М 1990.
Введение в педагогическую културу.Под ред. Е.В.Бондаревской – Ростов Н.Д. 1995.
Абдуллина О.А. Жоғарғы педагогикалық білім беру саласындағы мұғалімді жалпы педагогикалық дайындау.
Грехнев В.С. Педагогикалық қарым – қатынас мәдениеті. 1990.
Елканов С.Б. Болашық мұғалімнің өзін - өзі тәрбиелеу негіздері.
М 1989.
Зинина Л.В. Меншикова Н.П. Педагогикалық шеберлік негіздері.
М 1990
Коджаспирова Г.М. Педагогтің кәсіби білімін көрсету мәдениеті. М 1994.
Кузьмина Н.В. Мұғалімнің
қабілеті, дарыны, таланты. Л 1985.