Оқиғалы рөлді ойынды ұйымдастыру және өткізу ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2013 в 14:05, курсовая работа

Краткое описание

Баланы жан-жақты тәрбиелеу, оның дүние-танымын жетілдіру, сөздік қоры мен сөйлеу тілін, ой өрісін дамытып, еңбекке баулу – балабақшалардағы барлық топтарға бірдей ортақ басты міндеттер. Мектеп жасына дейінгі балаларды ауызекі сөйлеуге үйретіп, олардың ой өрісін кеңейтудің негізі –айналадағы орта мен табиғат құбылыстарын бақылату. Сөйлеу бала үшін қарым-қатынас құралы болып табылады, оның ойлау қабілетін және мінез-құлқын реттеуде маңызды рөл атқарады. Сөйлеу қатынасы баланың білімді меңгеруіне, қажетті білік пен дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Содержание

Кіріспе.........................................................................................................3 - 4

І-бөлім.
Оқиғалы рөлді ойынның тәрбиелік мәні...........................................5 - 7
Оқиғалы рөлді ойынның кезеңдері....................................................8 - 13

ІІ. Негізгі бөлім
2.1.Мектепалды даярлық тобында өткізілетін оқиғалы рөлді ойынның түрлері мен мазмұны...........................................................................14 - 18
2.2. Оқиғалы рөлді ойынды ұйымдастыру және
өткізу ерекшеліктері............................................................................19 - 27

ІІІ. Қорытынды.........................................................................................28 - 29

IV. Пайдаланылған әдебиеттер.............................................................30

Вложенные файлы: 1 файл

курстык жумыс.docx

— 70.45 Кб (Скачать файл)

Мектепке дейінгі мекмелердегі оқытудағы негізгі міндеті: сәбилер  тобынан бастап балаларға білім, дағды, іскерлікті берумен қатар  ойлау қабілеттерін қалыптастырып  балаларды ойлау жұмысына дайындау.

Бүгінгі жас ұрпаққа қамқорлық  жасап оларды ізгілікке, имандылыққа, адамгершілікке, адалдыққа еңбек  сүйгіштікке, ұлтжандылыққа, отаншылдыққа тәрбиелесең ғана еңбегің жемісті  болмақ.  Ертеңімізді бүгін ойлап, уақытында жүзеге асырып, жас ұрпақты  жан-жақты тәрбиелеу әр тәрбиешінің  міндеті.

        Ойын  белгілі бір ғылымның зерттеу  пәні болғанға дейін ол балаларды  тәрбиелеудің маңызды құралдарының  бірі ретінде кеңінен пайдаланылады.

       Қорытындысында  ерекше айтып өтетін нәрсе  -  рөлдік ойын оқытудың ең  перспективті нысаны болып табылады:

- ол сабақта жағымды  психологиялық климаттың құрылуына ықпал етеді:

- ынталандыруды күшейтеді және оқушылар қызметін белсенді етеді;

- қолда бар білімді, тәжірибені, әр түрлі жағдайдағы қарым-қатынас дағдыларын      пайдалануға мүмкіндік береді. Сондықтан сабақтарда рөлдік ойындарды пайдалану оқу үдерісінің тиімділігін көтереді, оқытудың барлық сатыларында зерттелетін пәнге оқушылардың қызығушылығын сақтауға көмектеседі.

         Оқиғалы рөлді ойындар оқытудың әр түрлі сатысында баланың жоғары психикалық даму сатысына көшуінде рөл атқарады.

Жоғарыда айтылғандар  келесі қорытындыларды жасауға мүмкіндік  береді:

- ойын әрбір сабаққа  белгілі бір түрде ендірілуі  тиіс

- сабақтарда ойынды пайдалану  –оқу процесі тиімділігінің,  қарым-қатынас жағдайын құрудың  міндетті құралы

- сабақтарда ойын жүргізу  оқытудың тәрбиелік мақсаттарын  жүзеге асыруға мүмкіндік береді

- ойын тиімділігі оны  дұрыс ұйымдастыруға байланысты

- оқыту процесінде ойынды  әзірлеу және ендіру оқытудың  әртүрлі сатыларында ауызша сөйлеуге  үйретудің негізгі міндеттерін  әлдеқайда үлкен жетістікпен  шешуге ықпал етеді.

           Ойындар келесі әдістемелік міндеттердің  орындалуына ықпал етеді:

- сөз қарым-қатынасына балалардың психологиялық дайындығын құру қайталау ретінде жүргізіуі мүмкін

- бір ойын сабақтың  әртүрлі сатыларда пайдалануы  мүмкін

- ойынның тартымдылығы мен тиімділігінің өзінде шегін сақтай білу қажет, әйтпесе олар оқушыларды шаршатып жібереді және эмоцияға әсер ету қабілетін жояды.

        Балалардың әрқайсысының жұмысқа қатысу деңгейі ашық түрде анықталады, ортақ міндеттерді шешу кезінде  қатысушылардың  өзара байланысы сезіледі. Оқиғалы рөлді ойын процесінде қисынды ойлау, қойылған сұрақтарға жауап іздеу қабілеттілігі, сөйлеу, сөз этикасы, бір-бірімен қарым-қатынас жасай білу қабілеті дамиды. Сондықтан мектепалды даярлық тобында оқиғалы рөлді ойынды пайдалану оқу процесінің тиімділігін көтереді. Балалардың тілге  деген қызығушылығын оқытудың барлық сатыларында сақтауға көмектеседі. Рөлдік ойындарда міндетті түрде білімгерлердің өзара әлеуметтік рөлдік қатынастары қалыптасады. Рөлдік ойын сөйлеу мәдениетін дамытуға да өз септігін тигізері хақ. Ол болашақ маманның өзін-өзі ұстай білу қабілетін, сөз саптау деңгейлерін дамытады. Сөйтіп, рөлдік ойын дұрыс сауатгы сөйлеу, тыңдап түсіну деңгейлерін жоғарылататын, қатысымдыққа жетелейтін құралдың бірі болып табылады.

IV. Пайдаланылған   әдебиеттер

 

  1. Қазақ бала – бақшаларындағы тәрбиелеу, оқыту мазмұнын жаңарту тұжырымдамасы – Алматы, 1991.
  2. Тұрғынбаев Б.А. Кіші жастағы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту. Алматы, 2005ж.
  3. Меңжанова А.К. Мектеп жасына дейінгі балаларды көркем әдебиет арқылы тәрбиелеу. Алматы, Мектеп, 2006ж.
  4. Ж.Шайхина. Ойын арқылы бала тілін дамыту. Отбасы және балабақша.2009 №2
  5. Балалар өміріндегі сюжетті-рөлді ойындардың орны. Отбасы және балабақша. 2012 №4
  6. Қисықова Б. Рөлдік ойындардың оқу процесінде алатын орны . Ұлағат 2004 №4
  7. Баймуратова Б. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту әдістемесі. 2007ж
  8. «Отбасы және балабақша» журналы, 2004ж №4
  9. «Отбасы және балабақша» журналы, 2009ж №1
  10. Аяпбергенова С. Көркем әдебиет. Алматыкітап 2006ж
  11. Қалменова Г. Мектепалды даярлық тобы. ХХІ ғасыр мектебі. 2001 № 4
  12. Егенисова А. Мектепалды даярлық тобы. Бастауыш мектеп. 2008 №5
  13. Момбекова Р Ойын түрлері Бастауыш мектеп 2011 №4
  14. Керімбаева Р. Рөлді ойынның түрлері. Бастауыш мектеп 2008 №3
  15. Мұсаева Ә. Рөлдік ойындар. Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде. 2004 № 1

 


Информация о работе Оқиғалы рөлді ойынды ұйымдастыру және өткізу ерекшеліктері