Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2013 в 11:58, реферат
Отбасы бүкіл ғасырлар бойы адам баласы тәрбиесінің құралы болып келеді. Сондықтан ол адам үшін ең үлкен мәнге ие орта.
Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралардың сақтаушысы. Онда бала алғашқы рет өмір жолымен танысады, моральдық нормаларды игереді. Сондықтан отбасылық өмір жеке адамның азамат болып өсуінің негізі.
Отбасы- оқыту мен тәрбие жұмысындағы мектептің одақтасы. Ол бала тәрбиесі жөнінде мектеппен тығыз байланысты болуды өте жақсы түсінеді. Өйткені бала тәрбиесінің отбасында, мектепте нәтижелі болуы осындай ынтымақтастыққа негізделеді.
Отбасы және отбасы тәрбиесінің
бала дамуында алатын орны
Отбасы бүкіл ғасырлар бойы адам баласы
тәрбиесінің құралы болып келеді. Сондықтан
ол адам үшін ең үлкен мәнге ие орта.
Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды
өнегелердің, мұралардың сақтаушысы. Онда
бала алғашқы рет өмір жолымен танысады,
моральдық нормаларды игереді. Сондықтан
отбасылық өмір жеке адамның азамат болып
өсуінің негізі.
Отбасы- оқыту мен тәрбие жұмысындағы
мектептің одақтасы. Ол бала тәрбиесі
жөнінде мектеппен тығыз байланысты болуды
өте жақсы түсінеді. Өйткені бала тәрбиесінің
отбасында, мектепте нәтижелі болуы осындай
ынтымақтастыққа негізделеді.
Отбасы тәрбиесі-бұл қоғамдық тәрбиенің
бір бөлігі, мемлекет алдындағы ата- аналардың
борышы. Оған дәлел: балалар мекемелері
жөнінде халықтың қажеттілігін толық
қанағаттандыру, балалардың еңбек, спорт
лагерлерінің, жас натуралистер станцияларының,
ғылыми- техникалық және көркемдік шығармашылық
үйірмелерінің жүйесін кеңейту; ананы,
балалық шақты қорғауға ерекше көңіл бөлу;
отбасы мүшелерінің демалуы үшін санаторийлердің,
демалыс үйлерінің жүйесін кеңейту; аналар
жағдайын еске алып, әйелдердің халық
шаруашылығына қатысуын үйлестіру.
Отбасында басты мәселелердің бірі- баланың
тіршілік әрекетін ұйымдастыру. Бұған
баланың күн ырғағы, міндеттері, қойылатын
талаптар, оның үй еңбегіне қатысуы, оқу-
әрекеті бос уақытын ұйымдастыру жатады.
Отбасы, барлық уақытта да, өсіп келе жатқан
ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін шешуде
үлкен мүмкіндіктерге ие болған. Қазіргі
заманғы отбасының өсіп келе жатқан ұрпақтың
тәрбиесі мәселелерін шешудегі ерекшелігі
– ата-ананың білім және жалпы мәдени
деңгейінің жоғары болуы.
Балалардың отбасынбағы тәрбиесі оның
белгілі бір тұрақты әлеуметтік институт
ретінде анықталады. Ол отбасы мүшелері
арасындағы өзара қатынастардың қалыптасуы
мен дамуына септігін тигізетін адамдардың
жақындығы, туыстық қатынастар, өзара
үйелмендік, тұрмыстық өмір. Отбасы тәрбиесінің
артықшылығы да осы қатынастарда, оны
тәрбиенің ешкандай да түрі алмастыра
алмайды.
Отбасы – болашақ азаматтың әлеуметтену
жолындағы алғашқы қадамдарын жасайтын
бастапқы адым. Ол балаға моральдық қалпы
туралы алғашқы түсініктер береді, оны
еңбекке баулып, өз-өзіне қызмет ету дағдыларын
қалыптастырады. Ата-ананың іс-әрекеті
мен мінез-құлқы, өмір сүру салты арқылы
балаға дүниетанымдық, адамгершілік, әлеуметтік-саяси
құндылықтар беріледі.
Отбасы тәрбиесінің қоғамдық және мемлекеттік
тәрбиеге қарағанда артықшылығы басым.
Алайда, қазіргі қоғамдық өмірде болып
жатқан әлеуметтік, экономикалық және
демографиялық өзгерістер отбасына белгілі
бір қиыншылықтар туғызады.
Ата-аналардың білім деңгейіне байланысты
да отбасында ерекшеліктер орын алады.
Мысалы:ата-аналардың білімі жоғары болған
сайын олардың балалары мектепте жақсы
оқиды. Қазіргі ата-аналар жұмыс басты
болғандықтан бала тәрбиесі көбінесе
білімі төмен ата мен әжелерге жүктеледі.
Қоғамда жүріп жатқан тұрғындардың материалдық
жағдайға байланысты жіктелуі отбасы
тәрбиесіне материалдық жағдайы әртүрлі
ата-аналардың қарым- қатынасына әсер
етеді.Отбасында балаларға отбасылық
бюджеттің 25-50%жұмсалады. Материалдық
кірісі мол отбасыларда педагогикалық
көзсоқырлық, тойынғандық жағдайға алып
барады. Тойынғандық дегеніміз- өмірге,өмірдегі
мкатериалдық және рухани құндылықтарға
деген жеккөрінішті, келекетті қатынас.
Жастайынан осындай ортада өскен балалардың
арасына торығушылар, қаңғыбастар ,”қызықты”әсерді
іздеушілер өсіп шығады.
Қазіргі кезде отбасының “уақталу”процесі
жүруде. Ол дегеніміз- жас ата-аналардан
тұратын әжесіз, атасыз отбасылар. Бұл
отбасының беріктігін нығайтып, дербес
ұжымды қатынастырады. Қиындықтар достық
пен ынтымақтастықты нығайтып, қуаныш
пен қайғыны бөлісуге тәрбиелейді. Дегениен,
жас отбасында алғашқы кезде тұрмыстың
түзелмеуі,бала тәрбиесі сияқты қиындықтар
кездескенімен, олард ышешу қоғамның құзырында.
Отбасы мүшелерінің келуі, туылған бала
санының азаюы да отбасы дамуының ерекшелігін
құрайды. Қалалық отбасында бір-екі бала
ғана тәрбиеленеді. Бала туудың азаюының
себептері сан алуан және өте күрделі;
олар ата-аналардың жұмысбастылығын; мектепке
дейінгі мекемелермен қамтамасыз етілмеуі;бала
тәрбиесіне шығынның көп жұмсалуы; әйел
ананың шамадан тыс жұмысбастылығы; отбасының
қолайсыз тұрғын үйі; тұрмыстық жағдайы;
ата-аналардың “өзі үшін өмір сүруге”ұмтылған
тоғышарлық ұмтылысы және т.б.Бала туудың
азаюы- шағын отбасындағы тәрбие әдістерін
жасау деген және педагогикалық проблеманы
алуға тосады.
Қазіргі отбасы ажырасу санының едәуір
артуымен сипатталады. Ажырасудың 90% тұрмыс
қолайсыздығы мен дайындықсыздың салдары.
Дегенмен барлық ажырасуларға жағымсыз
баға беруге болмайды, өйткені кей жағдайда
ажырасу баланың психикасына теріс әсер
ететін ұрыс- жанжал, отбасылық кикілжіңді
алдын алады.
Бір балалы отбасы көпшілікпен араласу,
ұжымдық қызмет тәжірибесін игеру жағынан
баланы қиын жағдайға қалдырады.Бұндай
отбасыларда аға,әпке сияқты тәлімгер
іні, қарындас сияқты қамқорлығына алатын
бауырдың болмауы ұжымдық туыстық қатынастар
аясын мүлдем тарылта түседі. Осындай
жағдайда баланың қызығушылығы мен қажеттілігін
қамтамасыз етуде ата-аналардың педагогикалық
нормаларды сақтамауынан бастауыш сынып
кезінен оның бойында тоғышарлық, ұжымды
жатырқаушылық қасиеттердің қалыптасқандығын
аңғарамыз.
Нарық қатынастарының дамуы нәтижесінде
отбасында айтарлықтай адамгершілік тұрғыдан
ересектердің де, балалардың да жаңа құндылық
бағыттарын қалыптастырып, отбасы өміріне
елеулі өзгерістер әкелді. Ата-ана мен
мұғалімдердің міндеті – қоғамдық қатынастардың
жаңа жүйесі ұсынып отырған әлеуметтік
мүмкіншілікті дұрыс пайдалану. Мектеп
пен отбасы балаларды тауар мен ақша қатынастарының
мәдениетіне үйрету жұмыстарын ойластыру
қажет, сондай-ақ алып-сату пайда табу
немесе пайдақорлық емес, ол жалпы игілік
үшін және өз қажеттіліктерін қанағаттандыру
үшін құқықтық екі жақты қызмет көрсету
екенін түсіндіру. Ата-ананың маңызды
міндеті балаларымен біріккен коммерциялық
қызмет-әрекетке қатысып, оны бақылау,
оларды баланың адалдығын, адамгершілігін,
ұқыптылығын дамытатын қызмет көрсетудің
әртүрін орындауға үйрету. Нарық отбасы
мүшелерінің алатын орнына жанама әсер
етеді, олардың өміріне жаңа әлеуметтік
бағдарлар еенгізеді. Қоғамдық және мемлекеттік
тәрбие беделінің төмендеуі отбасы өмірінің
тәрбиесіне «өзінше» қиындық әкеледі.
Информация о работе Отбасы және отбасы тәрбиесінің бала дамуында алатын орны