Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2013 в 19:43, курсовая работа
Біртұтас педагогикалық процесті құраушы екі басты бірліктің біреуі – оқу процесі. Бұл процесс өте күрделі, сипаты жағынан ол тек тəрбие жəне даму процестерінен кейін тұруы мүмкін. Сондықтан оған толық та жан-жақты анықтама беру қиынға соғады. Оқу процесі əр текті жəне табиғаты жағынан əртүрлі көптеген жағдаяттардың мың санды байланыстары мен қатынастарын қамтиды.
Кіріспе 2
1.2 Оқыту процесінің қозғаушы күштері 11
2 Оқу үрдісінің ерекшеліктері 16
2.1 Оқыту процесінің қызметі 16
Қорытынды 33
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 34
Оқыту нәтижелері, оны бағалау. Оқыту қол жеткен нәтижелерді талдаумен аяқталады. Бірінші сабақтағы ең басты назар оқушыға жаңа білім, іскерліктерді меңгеруге көмектесуге аударылып, келесі сабақтарда бақылау және талдау күшейтіледі.
Оқушылар жаттығуларды, үй тапсырмаларын жеткілікті деңгейде орындағаннан кейін меңгерілген оқу материалын қолдануға назар аударылады. Мұғалім оқушының фактілерді, анықтамаларды түсінгендігін тәжірибелік жұмыста білімді дұрыс қолдануынан көріп, оқыту мақсатына жеткендігі, білімнің меңгерілгендігі туралы қорытынды жасайды [19, 123 б.]
Оқушылардың білімді ұғыну сатылары
Оқу мақсатының деңгейлері |
Анықтамасы |
Оқушының іс-әрекеті |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушыға берілетін нұсқаулар |
Білім |
Ақапараттағы нақты элементтердің орнын анықтау |
Жауап береді, қабылдайды, есіне сақтайды, танып біледі. |
Басшылық етеді, бағыттайды. Әңгімелейді,хабарлайды. |
Хабарлама жасаңыз- суреттеңіз- саңаныз- есіңе түсіріңіз- «Бұл не?»- «Қайда орналасқан?»- ақпарат екенін анықтау. Тұжырымда- біл- есіңе сақта- әңгімеле- фактілерді баянда- қайтала- анықта. |
Түсіну |
Баяндалған материалды түсіну. |
Түсіндіреді. Өз пікірін айтады. Дәлелдейді. |
Дәледлейді. Тындайды. Сұрақтар береді. Салыстырады. Қатар қояды. Білімін тексереді, емтихан алады. |
Өзгертіңіз- жаңадан тұжырымдаңыз- сіреттеңіз- түсіндіріңіз, жалпы шолу жасаңы- сын пікір айтыңыз- әңгімелеңіз- жинақтаңыз- өз сөзінізбен түсіндіріңіз- қорытындылаңыз. |
Қолдану |
Ережелерді, тұжырымдамаларды, қағидаларды, теорияларды, идеяларды жаңа жағдайда қолдану. |
Жаңа мәселелерді шешеді. Дәлелдейді. Білімді жаңа жағдайларда қолданады. Жаңаны ойлап шығарып, құрастырады. |
Көрсетеді. Көмектеседі. Мақұлдайды. Бақылайды. Жұмысты сыни тұрғыдан талдайды. |
Қолданыңыз біліміңізді тәжірибеде сынап көріңіз- шешіңіз- дәлелдеңіз- көрсетіңіз- есеп беріңіз. |
Талдау |
Ақпаратты құрамдас бөліктерге бөлу. |
Талқылайды. Ашады. Санайды. Талдайды. Бөліктерге бөледі. Сыни тұрғыдан талдайды. |
Зерттейді. Жетекшілік етеді. Ынталандырады. Бақылайды. Оқушыға қосымша ресурс ретінде ықпал етеді. |
Талдаңыз- бөліктерге бөліңіз- сын көзбен қараңыз- табыңыз айырмашылықтарын анықтаңыз- ажыратыңыз- тексеріңіз- зерттеңіз- қараңыз- оқып үйреніңіз- бөліңіз- категорияға, топтарға бөліңіз. |
Синтез (жананы жасау) |
Әр түрлі идеялардан жаңа жоспар немесе өнім жасау. |
Талқылайды. Қорытындылайды. Бір жерге жинақтайды. Салыстырады. Түйіндеме жасайды. |
Кері байланысты береді (рефлексия). Терендетеді, жалғастырад. Бағалайды. Талқылайды. |
Жасаңыз- ойлап табыңыз- жаңалық ашыңыз- құрастырыңыз- болжам жасаңыз- ұйымдастырыңыз- жоспарлаңыз- жобалаңыз- безендіріліңіз- жетілдіріңіз- өзгертіңіз- қиялданыз- теория жасаңыз- ұсыныңыз. |
Бағалау |
Белгілі бір өлшемдер және стандарттар негізінде материалдар мен идеялардың маңызын бағалау. |
Бағалайды. Талқылайды. Пікір таласқа түседі. Күдіктенеді. Тұжырымдайды. Құрастырады. Өз пікірін айтады. |
Қабылдайды. Келіседі. Таниды. Өлшемдерді ашады. Үйлестіреді. |
Пікір құрастырыңыз- қорытындыға келіңіз- таңданыз- шешіңіз- бағалаңыз- сыни тұрғыдан талдаңыз- негіздеңіз- түсіндіріңіз- талқылаңыз- тексеріңіз- бақылаңыз- дәлелдеңіз- ұсыныңыз- анықтаңыз. |
Қорытындыларды шығаруға оқушылардың өздері де қатыстырылады. Сөйтіп, оқытудың соңғы кезеңінде білімдегі, іскерліктегі кемшіліктер анықталып, меңгерілген тақырыптармен және бөлімдермен одан әрі жұмыс істеу жолдары белгіленеді.
Мотив – оқу қызметінің маңызды бөлігі.
Оқу іс-әрекеті, мазмұны оқушыны оқуға итермелейді. Оқу-танымдық мотивтері (Д.Б.Эльконин) бар оқушы ақпараттармен шектелмей, әр пәндегі іс-әрекет тәсілдерін үйренуге тырысады.
Оқу танымын алға бастыратын жағымды себептер болып табылады. Танымға оқушының ықыласы болу керек. Оған қалай қол жеткізуге болады? Педагогика ғылымы бұл сұраққа толық жауап берген жоқ. Іс-әрекеттің негізгі себептері-қажеттілік, қызығушылық.
Мұғалімнің жеке тұлғасы, іс-әрекеті, оқу материалы мазмұны, оны меңгерту әдістері оқушының оқуға деген ықыласын оятып, жақсы сезім, қызықты сабақтар, жаңа көрнекіліктер, техникалық құралдар оқушыларды сабаққа қызықтырады. Болашақты ойлап пәндерге қызығу, түрлі пәндерге қабілет, белсенділік, ата-аналарының алдындағы парыз баланың білім алуына себепші болады.
Мұғалімнен, "екіліктен қорқып оқу" жағымсыз қылыққа жатады [20, 199 б.].
2.2 «Ойлауға үйрететін оқыту» негізіндегі оқу-тәрбие үрдісінің ерекшеліктері
Қоғамымызда болып жатқан елеулі өзгерістер білім беру саласына өз ықпалын тигізуде. Қазіргі жаңа типтегі білім беретін мектептегі оқу мен тәрбие үрдістерінің жаңа мазмұнын белгілеу, жетілдірілген оқу бағдарламаларын меңгеру оқу-тәрбие жұмысын, оның ішінде әрбір сабақты ғылыми негізде ұйымдастыруды талап етеді.
Жаңа типтегі мектептерде білім беру жүйесі қандай болу керек деген мәселе әркімді толғандырады. Американдық мұғалімдер ассоциясының вице-президенті, доктор А. Урбански «Оқыту ойлауға үйретуге негізделуі тиіс. Осыған байланысты оқыту үрдісінде өте маңызды кезең – рефлексті емес, басымдылықтан – ойлау әдістері мен амалдарын саналы түрде игеруге көшу» деген.
Ғылыми - психологиялық әдебиеттерде Зак А.З. атап көрсеткендей, ойлау механизмінде білім екі түрлі қызмет атқарады: жаңа білім алу мақсатымен ойша өңделетін «материал» және ойлау әрекеттерін «реттеуші» қызметі. Білімнің реттеушілік қызметі заттардың, құбылыстардың, ой-пікірлердің немесе олардың қасиеттерінің арасындағы қарым-қатынасты, себеп-салдар, уақыт, кеңістік қатынастарының логикалық байланыстарын зерттеуде байқалады. Оқу үрдісінде білімнің реттеуші қызметі толық мәнді қалыптаспаған, өйткені көпшіліктің қалыптасқан пікірі бойынша, мектеп оқушыларды қажетті білім көлемімен қаруландырса, яғни әртүрлі саладан жаңа білім берсе жеткілікті. Алайда, «көп білген кемеңгер емес, білімін пайдалана білген кемеңгер» демекші, көп білім тез ескіреді, өзінің реттеушілік сипатынан айырылып, маңыздылығын жояды. Оған қоса, заман талабына сай күрделенген оқу материалын саналы әрі шығармашылықпен меңгеру қажеттілігі туындайды. Сондықтанда, біздің ойымызша, дамыту мен оқыту екі жақтық үрдісінің бір-біріне ықпалын ескере келе, жаңа типті мектеп алдында тұрған негізгі міндет – ойлауды дамыту, негізгі ойлау әрекеттерін қалыптастыру арқылы оқу материалын саналы әрі сапалы меңгеруге үйрету және керісінше, мазмұнды да терең оқу материалын оқушылардың жан-жақты дамып жетілу құралына айналдыру. Бұл міндетті шешу мектеп ұстазына тек дайын білімді беруші емес, құр ақпарат көзі емес, ойлау әрекетін ұйымдастырушы болуын талап етеді. Сондықтан да, гимназия алды даярлық бастауыш сыныптарындағы оқу-тәрбие үрдісі оқушыларды гимназиялық үш бағыт бойынша (математикалық, гуманитарлық, ғылыми-жаратылыстану) оқушылардың қабілеттерін анықтай отыра, бағыттап даярлаумен қатар төмендегідей мақсат-міндеттерді алдыға қояды:
- cын тұрғысынан
ойлауды дамыту жобасы
- бастауыш сынып
оқушыларының бойында ойлау
- алған білімінің
өмірге қажеттігін анықтай
- зерттеушілік,
ізденушілік қабілеттерін
- өзіндік рефлексиялық қабілет, өмірде болып жатқан үрдістерге өзіндік ой-пікір қалыптастыру [21, 157 б.].
Гимназияға даярлау жұмысы жүйелі түрде сабақтастық моделі негізінде жүргізіледі. Төмендегі беріліп отырған кесте сабақтастық моделенің бір үзіндісі ретінде бастауыш сынып ұстазының 5-ші сыныпқа көшірудегі міндеттері мен әрекеттерін көрсетеді.
Кезеңдер |
Сипаттама |
Сабақтастығы үзеге асырудағы мұғалімнің міндеті |
Сабақтастығы жүзеге асыруда мұғалімнің іс-әрекеті |
Гимназия алды даярлық базалық бастауыш білім беру (7-11 жас) |
Мақсаты: білім алуға, оқу мазмұнына қызығушылық. Орта буында ғылыми негізінде пәндерді саналы игеруді қамтамасыз ететін ойлау түрлерін дамыту. Негізгі әрекет: оқу әрекеті. Психологиялық ерекшелік: еркін сезіну, эмоция басымдылығы, өзімшілдік, мақтан сүйгштік. |
Психологиялық диагностика қорытындыларын оқуүрдісінде басшылыққа алу. Орта буын гимназия сынып оқушысына қойылатын талаптарды жетік білу. 5-ші сыныптағы күрделі тақыпртарға алдын- ала даярлау. Гимназия сынып талаптарын ата-аналарға, оқушыларға таныстыру. |
- Сто жобасы негізінде оқу тәрбие жұмысын ұйымдастыру; - Біріңғай каллиграфиялық, орфографиялық, тәртіп талаптарын гимназист талаптарын үйрету; - 4 сыныпта диктанттарды әртүрлі мұғалімдерге оқытып алғызу. - Оқушыларды алдын ала сынып жетекшісі, пән мұғалімдермен таныстырып, бірнеше тәрбиелік шара бірлесе өткізу. - Әрбір өқушының
даму карталарын, шығармашылық папкаларын
әзірлеп, жеке міңездеме жазып,
5-ші сынып жетекшілеріне - 4 сыныптың
соңғы тоқсанында психолог |
Гимназиялық 5-ші сыныпқа қабылдап алған мұғалім мінездемелермен мұқият таныса отырып, оқушылардың даму карталарын, шығармашылық папкаларын жалғастырады. Адаптациялық кезеңнің ерекшеліктерін ескере отырып, оқушылармен неғұрлым «жұмсақ» қарым-қатынаста болуы тиіс. Жылына екі рет өтетін педагогикалық консилиумдар бұл бағытта көп көмек береді. 5-ші сыныптың бірінші жарты-жылдығында оқушылар мектеп психологы, пән мұғалімдері, әкімшілік тарапынан қатаң бақылауда болып, қабілеттеріне сай дұрыс сараланғандығы қайта тексеріліп, қажет жағдайда сыныптан сыныпқа көшіріледі [22, 98 б.].
Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысындағы білім мазмұны тұжырымдамасында «Бастауыш мектептің мазмұны мен қызметі оның үздіксіз білім беру жүйесіндегі басқа буындармен тек сабақтас болуымен ғана емес, ең алдымен, оқушы тұлғасы ұйытқысының қалыптасуы мен дамуы қуатты жүретін ерекше құнды, қайталанбайтын буын екендігімен анықталып негізделеді» делінген. Кез келген өтпелі күй сияқты бұл шақ көзі ашылмаған даму мүмкіндіктеріне бай. Адамның көптеген психикалық қасиеттерінің негіздері тап осы жаста қалыптасып әдетке айналады. Бастауыш сынып оқушыларының ойлауын дамыту мәселесін қарастырған ғалымдар еңбектерінде, ойлаудың қалыптасуына мейлінше қолайлы жағдайлар жасалғанда, төменгі сынып оқушылары терең абстрактілі теориялық материалды жемісті меңгере алатындығы дәләлденген. Сол себептен де, бастауыш сынып оқушыларына жоғарғы талап қойып, ауқымды өзбетіндік жұмысты, табандылықты, терең теориялық білімді қажет ететін шаралар ұйымдастыру қажет. Сондай шаралардың бірі - танымдық конференциялар.
Бастауыш сыныптарда «Сын тұрғысынан ойлау» жобасы негізінде танымдық конференциялар ұйымдастыру – оқушылардың зерттеушілік, ізденушілік қабілеттерін қалыптастыра отырып, гимназиялық сыныптарда өтетін сан-алуан ғылыми-практикалық конференцияларға, ғылыми жобалар қорғау сайыстарына үлкен дайындық қызметін атқарады.
Мектебімізде танымдық конференциялар 4-ші сынып оқушыларының арасында 3 жыл көлемінде өткізіліп келеді. Алғашқы өткізген танымдық конференциямыз дәстүрлі үлгіде ұйымдастырылды, дегенімен айтарлықтай нәтиже бермеді. Оның себебін оқушылардың қызығушылықтарының төмендігінен, өзіндік жұмысты жоспарлай білу қабілеттерінің әлсіздігінен, рефлексияның жоқтығынан деп білдік. Сондықтан да бастауыш сыныптар конференциясын жаңа үлгіде өткізуге бел будық.
Зерттеу тақырыптары қыркүйек айында оқушылардың қызығушылықтарына байланысты таңдалды. Ол үшін жыл басында оқушылардың зерттеушілік қызығушылықтарының бағыттарын анықтау мақсатын көздейтін сауал-сұрақ алынды. Сауал-сұрақ мазмұнында төмендегідей сұрақтар орын алды:
*Ғылымның қай саласы сені қызықтырады?
1. жануарлар мен өсімдіктер әлемі;
2. ғарыш;
3. табиғат ғажайыптары;
4. ғұлама адамдар өмірі;
5. әдебиет;
6. тарих;
7. ------------------------------
*Қандай тақырыпта зерттеу жұмысын жазғың келеді?
* Зерттеу жұмысын қалай жазғың келеді?
1. Өзбетінше
2. Досыммен бірге
3. Ұстаз басшылығымен
4. Ата-анаммен бірге
5. ------------------------------
Алынған сауал-сұрақты
талдау нәтижесінде оқушылардың 38℅
жануарлар мен өсімдіктер әлемі,
17℅ ғарыш мәселелері, 9℅ табиғат
ғажайыптары қызықтыратыны
Дегенмен, кейбір оқушылар барлық сала қызықтырады деп жауап беріп, зерттеу жұмысының тақырыбын анықтауға қиналыпты. Сондықтан да, оларға жалпыланған үлгі тақырыптар ұсыну тура келді. Мәселен:
1. Менің туған өлкем.
2. Денсаулық-зор байлық.
3. Табиғат өз үйің.
4. Әдептілік-әдемілік.
5. Көшеде сақ бол..
6. Кітап-біздің досымыз.
7. Спорт - сенің серігің.
8. Менің қалам.
9. Ел тарихымыздан.
10. Астана - бас қала.
11. Ғарыш ғажайыптары.
12. Ұлттық салт - дәстүрлер.
Осындай жалпыланған үлгі тақырыптар негізінде оқушылар жеке, нақты тақырып белгілеп алады. Мысалы: қорықтар және оларды қорғау. Шығыс Қазақстан облысының экологиялық жағдайы. Тіс ауыруларын алдын-алу жолдары. Зайсан көлінің балықтары. Тақырып бекітілгеннен кейін жеті ай көлемінде жұмыс жазылып, оқушылар өз тобында әрбір жұмыстың жазылуын қадағалап, бірлесе талдап, түзетулер жасап отырды. Баяндамаға қойылатын негізгі талаптар ретінде мәселенің өзектілігі, материалды дұрыс пайдалана білуі, өзіндік зерттеу деңгейі, баяндаманы жеткізе білу шеберлігі (тыңдаушылармен байланыстың болуы) көрсеткіштері алынды. Ұстаз тарапынан ұйымдастырылған көмектің мазмұнына әр топпен жеке кездесіп, материалды талдау, жинақтау, салыстыру, саралау, жалпылау жолдарын өз жұмыстарын талдату арқылы үйрету болды. Осылайша жүйелі, бірізді, қызықты жұмыс барысында оқушылар өздерінің керемет туындыларын жасап шығарды.