Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2015 в 06:44, лекция
Педагогикалық кеңес барлық мектептерде жұмыс істеуге тиіс. Педагогикалық кеңес оқу-тәрбие жұмысының негізгі мәселелерін қарау үшін құрылған жұмыс орталығы онда қаралатын мәселелер – мектептің жылдық оқу-тәрбие жоспарында атап көрсетіледі және онда қаралып бекітіледі.
Педагогикалық кеңесте оқу-тәрбие жұмыстарының өзекті мәселелері талқыланып, нақты шешімдер қабылданады.
Педагогикалық кеңес барлық
мектептерде жұмыс істеуге тиіс. Педагогикалық
кеңес оқу-тәрбие жұмысының негізгі мәселелерін
қарау үшін құрылған жұмыс орталығы онда
қаралатын мәселелер – мектептің жылдық
оқу-тәрбие жоспарында атап көрсетіледі
және онда қаралып бекітіледі.
Педагогикалық кеңесте оқу-тәрбие
жұмыстарының өзекті мәселелері талқыланып,
нақты шешімдер қабылданады.
Педагогикалық кеңес мүшелері
болып барлық мұғалімдер, психология қызметкерлері,
дәрігер, ата-аналар комитетінің басшылары
кіреді. Мектеп директоры педагогикалық
кеңестің басқарушысы.
Педагогикалық кеңесте
қаралатын мәселелерді алдын-ала жоспарлау.
Педагогикалық кеңес
жұмысын алдын-ала жоспарлау төрт кезеңнен
тұратынын көреміз.
Мектеп тәжірибесінде,
сондай-ақ, жоғары орындардың бұл мәселеге
байланысты құжаттарында оқу жылында
бес рет кеңес жұмысы өткізіледі. (Әр тоқсан
сайын және оқу жылының аяғында).
Бесінші педагогикалық
кеңесте сыныптан сыныпқа көшу, 9-сынып
және 11-сыныптың сынақ емтихандарына босату
қаралады.
Бірінші педагогикалық
кеңес оқу жылының басында (тамыз айының
аяғында) өткізіледі. Онда өткен жылдың
оқу-тәрбие процесінің қорытындылары
бойынша нақтылы талдау жасалынады, оқу
жылында қол жеткен табыстармен қатар,
орын алған олқылықтар айқындалып алдағы
оқу жылында оларды болдырмау шаралары
белгіленеді. Осы кеңесте жаңа оқу жылына
арналған мектептің оқу-тәрбие жоспары
бекітіледі. Ол кеңесте бұл мәселелер
жөнінде негізгі баяндама жасап, түсінік
беруші мектеп директоры болуға тиіс.
Келесі педагогикалық
кеңестерде оқу-тәрбие процестерінде
ғылыми-теориялық бағыт беретін, білім
беру ісін дамыта түсуге ықпал жасайтын
жаңа педагогикалық технологиялар жайында
және жоғары директивалық органдардың
нұсқауларын басшылыққа алатын күрделі
мәселелер қаралады.
Бірінші кеңесте өткен
оқу жылының оқу-тәрбие процесінің қорытындыларын
талдаумен қатар, екінші мәселе ретінде
«Мемлекеттік білім стандартына сәйкес
жасалған жаңа буын оқулықтары мен бағдарламалары
және әдістемелік кешендерді меңгеру
барысында педагогикалық ұжым мүшелерінің
міндеттері» деген тақырып қаралса, ал
қараша айында өткізілетін кеңесте «жаңа
педагогикалық технологиялар және ақпараттық
коммуникативтік техникаларды оқу процестерінде
қолданудың әдістемелік проблемалары»,
Мектеп ұжымының адамгершілік, Қазақстандық
патриотизм тәрбиесін берудегі міндеттері
сияқты тақырыптар талқыланады.
Ал келесі кеңестерде
1. «Халық педагогикасы, оның озық үлгілерін
оқу-тәрбие процесінде ұтымды пайдалана
білудің әдістемелік жолдары», 2. «Қазақ,
орыс және шетел тілдері сабақтарында
жаңа технологияларды қолданудың әдістемелік
проблемалары», 3. «Физика, химия және биология
пәндерінде компьютерді пайдаланудың
әдістемелік аспектілері», 4. «Нарықтық
экономика және мектептегі еңбек тәрбиесіне
қойылатын басты міндеттер». 5. «Қоршаған
ортаны қорғау, өндірістің жиі шоғырлануына
байланысты экологияның оқушылармен жүргізілетін
экологиялық тәрбиенің міндеттері», 6.
«Оқыту процесінің теориялық негіздері
және оны практикада іс жүзіне асырудың
мәселелері», 7. «Қазіргі сабақ, оның түрлері,
оған қойылатын талаптар, сабақтарды талдау,
тәжірибе алмасу», 8. «Спорттың және әскери
патриоттық тәрбие беру проблемалары»,
9. «Мектеп ұжымы мен ата-аналардың адамгершілік
тәрбиесін берудегі біріге атқаратын
қызметтері», 10. «Бірыңғай ұлттық тестілеу,
оған дайындалу жолдары», 11. «Сыныптан
сыныпқа көшу емтихандары», 12. «Өткен оқу
жылындағы оқу-тәрбие процесінің қорытындылары,
оған талдау жасау», 13. «Жазғы оқушылардың
демалысын ұйымдастыру» т.б. мәселелер
талқыға ұсынылады.
Жоғарыда үлгі ретінде
мектепте өткізілетін педагогикалық кеңестерде
қаралатын мәселелердің, қазіргі уақытта
маңызды деген тақырыптарды атадық. Алайда
мектептің ерекшеліктеріне сәйкес басқада
мәселелер қаралуы мүмкін. Сондай-ақ, педагогикалық
кеңестің шешімдері оқу-тәрбие процесін
жетілдіре түсуге байланысты ең жоғары
орган болғандықтан, онда қаралатын мәселелерге
алдын-ала мұқият дайындалу, кеңес шешімін
қабылдау, алынған міндеттердің орындалуын
келесі кеңесте жариялап отыру мектеп
басшысының міндеті. Педагогикалық кеңесте
қаралатын мәселелерге әдістемелік бірлестік
басшылары, озат, тәжірибелі мұғалімдерді
белсенді түрде қатынастырып отыру, кеңес
ісін жандандыра түсуіне әсер етеді. Жоғарыда
кеңесте қаралатын тақырыптың бірі ретінде
«Қазіргі сабақ, оған қойылатын талаптар»
деген тақырып ұсынады. Осы тақырыпты
күн ілгері кеңеске дайындауда, теориялық
мәселелермен қатар, мұғалімдердің өз
әріптестерінің озат тәжірибелерін көпшілікке
көрсете білудің маңызы өте зор.
Педагогикалық кеңестің
өту кезеңінде, талқыланып жатқан тақырыптың
ғылыми-теориялық және практикалық маңызын
арттыра түсу мақсатында, ұжым мүшелерінің
тың ой-пікірлерін есепке алып, демократиялық
ұстанымға сай, нағыз ой елегінен өткізетін
орган болуға ұдайы бағытталып отырылуы
қажет. Педагогикалық кеңес мәдениетті,
оқу-тәрбие ісін жетілдіруге пайдалы,
іскерлік жағдайында өтілуі тиіс. Кеңесте
уақытты реттейтін регламентті сақтаудың
да мәні бар. Мектеп директоры кеңес алдында
қалыптасқан уақыт режимін сақтауды ескеріп
өткені де артық болмайды. Сондай-ақ, мектеп
директоры талқыланатын мәселелерді толық
меңгеруі қажет.
Қорыта келсек педагогикалық
кеңестің ролін арттыру, бүкіл оқу-тәрбие
үрдісін жетілдіре беруге ықпал жасайтын
органға айналуы тиіс.
Мектептің
шығармашылық жұмыстары, оларды жоспарлау,
басқару, бақылау мәселелері
Мектептің барлық шаруашылық
жүйесінің бір қалыпты ырғақты жұмыс істеуі,
бүтін оқу-тәрбие үрдісінің жоспарында
көрсетілгендей іс жүзінде асуын қамтамасыз
етеді. Бұл бөлімді жоспарлау, мектептің
перспективалық жобалары мен тығыз байланысты.
Бөлімде жаңа оқу жылы қарсаңында оқу
кабинеттерін қосымша жаңа ақпараттық
технология аппараттары және көрнекі
құралдармен жабдықтау қамтылады. Мектеп
шеберханаларына (ағаш, метал өңдеу) қажетті
станоктар түрлі құрал-жабдықтар мен толықтыру
есепке алынады. Сонымен бірге спортқа,
салауатты өмір салтын және президенттік
сынамаққа қажетті жабдықтармен толықтырылады.
Оқу жылы басында барлық
ұжым мүшелеріне техникалық құралдармен
электр жабдықтарын пайдалану ережелерін
бұлжытпай орындау ескеріледі.
Сондай-ақ, алдағы уақытта
атқарылатын мектеп үйін, шеберханаларын,
спорт залдарын, электр, жылыту жүйелерінің,
су тарабы, канализация т.б. ағымдағы, орта
күрделі жөндеулерден өткізу есептеліп,
анықталады.
Мектепте санитарлық-гигиеналық
нормаларды мүлтіксіз орындау мәселесінде
бөлімде басты орын алуы қажет. Әсіресе,
жарықпен қамтамасыз ету нормасын сақтауға
ерекше көңіл аударылуы тиіс. Ғылыми негізге
сүйене отырып жарық мөлшері 75-100 болуы
шарт.
Оқу кабинеттері мен
сынып бөлімдеріндегі жабдықтар (парталар,
столдар, орындықтар), оқушылардың жас
ерекшелігі мен бойларының биіктігіне
лайықты болуын ерекше мән беріп бақылау
қажет. Сондай-ақ, кабинеттері, сынып бөлмелері,
рекрияция, залдардың бояуы түсті, түрлі
жасыл бояу гаммаларынан тұруы лайықты
деп есептелінеді. Мектептегі (кабинеттер,
бөлмелер т.б.) жылу мөлшері санитарлық-гигиеналық
нормаларды сақтауға тиісті. Ғылыми тұжырымда
көрсетілгендей оқу кабинеттері мен сынып
бөлімдерінің жылу мөлшері 17-20°С, шеберханаларда
16-18°С , ал спорт залдарында 15-17°С болуға
тиіс. Әрбір сабақтан кейін үзіліс кезінде
кабинеттер мен бөлмелерді ұдайы желдетіп
отыруда назардан тыс қалмауы керек.
Сондай-ақ, сабақ арасындағы
үзіліс кезеңдерін дұрыс пайдаланудың
да оқушылардың денсаулығын нығайта түсуге
әсерін тигізеді. Мысалы ретінде көрсете
кетсек, 2-3 сабақтан кейін 30 минутке мөлшерленген
үлкен үзіліс, екінші жағдайда, 20 минуттік
екі үзілістің болғаны қажетті деп есептелінеді,
ал жалпы үзіліс 10 минут болуы керек. Оқушылардың
үй тапсырмасын орындауға жұмсалатын
уақытын реттеуде мектеп басшыларының
назарынан тыс қалмауы ескеріледі. Алдымен,
1-сынып оқушыларына оқу жылының 1-жартысында
үй тапсырмасы берілмейді, 2-жарты жылда
1 сағат 2-3-4-сыныптарға 1,5 сағат, 5-6-7 сыныптарға
2 сағат, 8-9-сыныптарға 3 сағат, ал 10-11-сыныптарға
4 сағат уақыт келетіндей болуын нормативтік
құжаттар талап етеді.
Еліміздің нарықтық
экономикаға көшуіне байланысты, мектептің
материалдық ресурстарын молайта түсу
барысына лайықты қосымша қаржы көздерін
ашу проблемасына да мектеп басшылары
көңіл бөлуі қажет. Олар: бау-бақша, көкөніс,
сәндік гүлдер өсіру, кіші фермалық шаруа
ұйымдастыру т.б. арқылы қосымша қаржы
түсіру. Бұл ретте әр мектептің өзіне лайықты
мүмкіншіліктерін ескерген жөн.
Алайда мектепке қажетті
шаруашылық түрлерін жоспарлау, оларды
іске асыруды қадағалап басқару мектеп
басшыларының міндеті. Әсіресе, мектепте
белгіленген санитарлық-гигиеналық талаптарды
қатаң бақылап іске асыру, оқу–тәрбие
үрдісінің жоспарда көрсетілген іс-шараларын
лайықты орындауға мүмкіндік береді.
Перспективалық
жоспарлау жолдары
Мектептің оқу-тәрбие
процесін одан әрі жақсарта түсу мақсатында
бірнеше жылға арналған перспективалық
жоспарлау, жасау үлгісі көптеген мектептердің
іс-тәжірибесінде қолданылып келеді.
Бұл проблеманы ғылыми
зерттеу нәтижесінде перспективалық жоспарлаудың
қажеттілігін анықтап отыр. Негізінде
бұл жоспарлау 3 не 5 жылға арналады.
Бұл жоспарлаудың басты
ерекшеліктерінің бірі - ағымдағы жылдық
жоспарлардың аясына сыймайтын, ұзақ мерзімді
іс-шараларын жүзеге асыруға тура келетіндігі.
Сондай-ақ, перспективалық жоспарлау ағымындағы
жылдық жоспарлармен тығыз бірлікте, бірін-бірі
толықтырып, басты мақсатқа жету жолындағы
анық бағыттық мұндай жоспарлау аудандық,
қалалық, обылыстық білім мекемелерінің
практикасында кеңінен қолданып келеді.
Әсірісе, олардың бастылары күрделі құрлыс,
қосымша сынып бөлмелері мен кабинеттер,
спорт залдары мен шеберханалар салу,
күрделі жөндеулер, оқушылар контигентінің
өсуіне байланысты жұмыстар, педагогикалық
мамандар дайындау, олардың біліктілігін
арттыру т.б. күрделі мәселелерді қамтиды.
Мектеп алдына бүгінгі
күнде қойылып отырған талаптар: Республиканың
«Білім Заңы» бойынша мемелекеттік білім
стандартын игеру, орта білім беретін
оқу орындарының жаңа бағдарламалары
мен төл оқулықтарға көшу, осыған байланысты
педагог кадрларды қайта дайындау, біліктілігін
арттыру, жаңа педагогикалық технологияларды
оқу процесіне енгізе білу, озат педагогикалық
тәжірибелерді насихаттау, информатикалық
технологияны оқыту процесіне түгелдей
пайдалану, оны интернет желісіне қосу,
осыған сай мұғалім кадрларының компьютерлік
техниканы толық меңгеріп, пайдалана білу,
электрондық оқулықтарды сабақ процесіне
кеңінен қолдана білу жатады.
Сондай-ақ, Қазақстан
Республикасының Конституциясында көрсетілгендей
жалпыға бірдей міндетті оқуды жүзеге
асыруға байланысты оқу жасындағы балаларды
түгелдей мектеппен қамту, тұрмысы төмен
отбасынан оқитын балаларға жәрдем жасау,
шағын елді мекендегі оқушыларды автокөлікпен
тасымалдау, интернат үйлерін қалыпқа
келтіру, оқушыларға арнап, оқушылар асханасын
қалпына келтіріп тамақ берумен қамтамасыз
етуді ұйымдастыру, ата-аналарға арнап
жүргізілетін, ұзақ мерзімге арналған
педагогикалық насихат т.б. жұмыстар -
күрделі мәселелердің бірі.
Ғылыми әдебиеттерде
мектеп жұмысын жоспарлау бағытында нақтылы
классификациялаудың жоқ екендігін байқаймыз.
Біздің тұжырымдауымызша жоспарлау түрлері
төмендегідей болуын ұсынамыз. Олар: ұзақ
мерзімге арналған перспективалық жоспарлау
(3-5 жылға арналған). Жылдық жоспарлау және
ағымдағы жоспарлау. Ағымдағы жоспарлауға:
тоқсандық, айлық, апталық жоспарлар, күнделікті
сабақ жоспарлары, сыныптан тыс жүргізілетін
тәрбие жұмыстарының кестелік, календарлық
жоспарлары жатады.
Перспективалық жоспарлау
мектептің тұрған жері, қандай елді мекенде
(қала, ауыл, аудан, темір жол, тасжолынан
қашықтығы, қандай өндіріс орындары, болмаса
ауыл шаруашылық өндіріс орындары, болмаса
ауыл шаруашылық, кәсіптік орындары) екендігі
еске алынуы қажет.
Екінші-мектептің микроауданындағы
0 жастан 18 жасқа дейінгі жастар жөніндегі
есеп-мағлұмат, олардың ересек адамдардың
санымен салыстырғанда алатын пайызы.
Бұл алдағы уақытта оқушылар контигентінің
қанша болатындығы болжауға мүмкіндік
береді.
Үшінші-жоспарланған
мерзімдерге сай мектептің даму үрдісі.
Олар: мектепке дейінгі дайындықтары,
бірінші сыныпқа қабылданатын оқушылар,
негізгі және орта мектепті бітірушілер,
мектеп бітірушілердің орта, кәсіптік-техникалық
және жоғары оқу орындарына түсуін жобалау,
жергілікті шаруа қожалықтары, ауыл шаруашылық
құрылымдары, өнеркәсіп орындарына жұмысқа
орналыстыру, қысқа, ұзақ мерзімді қажетті
жағдай дайындық курстарын ұйымдастыру
т.б.
Төртінші-оқушылардың
білім сапасын жетілдіре түсу, оқытудың
ғылыми дәрежесін арттыру. Республиканың
білім стандартына сай, жаңа бағдарламалар
мен төл оқулықтардың қойып отырған талаптарын
іске асыру.
Ол үшін төмендегідей
талдау-анализ жасау қажет: оқушы білімінің
талаптарға сай болуы, оқу бағдарламаларындағы
қойылатын талаптардың орындалу деңгейі,
оқушы білімі, біліктілігі, дағдыларының
дәрежесі, оқытудың әр пән бойынша ғылыми
дәрежесінің сапалылығы; оқыту үрдісінде
техникалық, информатикалық құрал-жабдықтарды
пайдалана білу деңгейі, оқушылардың кейбіреуінің
оқу барысында уақтылы оқу материалдарын
толық меңгере алмауының психо-педагогикалық
мәнін аша білу, бірнеше оқу жылдары бойынша
сандық мөлшерлерді алып салыстыра талдау
жасау.
Бесінші-педагог кадрлардың
әдістемелік жұмыстары. Елімізде білім
беру реформасына байланысты, бірінші
сыныптан бастап жаңа бағдарламалар мен
төл оқулықтарға көшу талаптарына сай
мектептегі әдістемелік жұмыстарды қайта
жасау, пән бағдарламаларын игерудің жыл
сайынғы, динамика, өсу жолдары, орын алған
кемшіліктер, оқу процесіне информатикалық
технологияны, электрондық оқулықтарды
қолдана білу, бұл жаңалықтарға лайықты
оқыту-әдістемелік ұсыныстарды қолдана
білу.
Алдағы жылдарда болатын
педагогикалық оқуларға байланысты тәжірибелі
мұғалімдерге тапсырмалар беру, тақырыптарын
анықтау, осыған байланысты қажетті әдебиеттерді
көрсету, түрлі консультациялар өткізу.
Мектеп бойынша және аудандық, облыстық,
республикалық педагогикалық оқуларға
қатысуға күн ілгері тапсырмалар беріліп,
тақырыптарын анықтау.
Жаңа педагогикалық
технологияны оқыту процесіне ұтымды
пайдалана отырып, жаңашыл сипатта (шығармашылықпен)
жұмыс істейтін педагог-мамандардың іс-тәжірибесін
зерделеу, қорыту, жинақтау, ұжым мүшелерінің
арасына тарату істерінің перспективалық
жобаларын жасау. Жаңашыл педагогтар бойынша
топтар құру, тәжірибесі аз, жас мұғалімдерді
осы жаңашыл педагогтардың істері арқылы
оқушыларғы білім беру сапасын арттыра
түсуге мүмкіндік жасау.
Мектеп практикасын
толықтыру мақсатында педагогика ғылымының
жаңалықтарын енгізу. Перспективалық
жоспарда көңіл аударатын мәселелердің
бірі - әр пән бойынша, сондай-ақ, музыка,
сурет, спорт түрлері т.б. ерекше көзге
түскен балалармен айрықша жұмыс істеу,
қамқорлыққа алу, оларға:
а) ғылыми интеллектуалдық
сайыстарға дайындық жұмыстарын жүргізуге;
ә) мектеп ішіндегі,
аудандық (қалалық), облыстық, Республикалық
пән олимпиадаларына қатынасуға дайындық
істерін жүргізуге;
б) дарынды оқушылардың
ата-аналары мен мектептің біріге атқаратын
жұмыстарын ұйымдастыруға қажетті жағдайлар
жасау.
Осы аталған жоспарда
жыл сайын өткізіліп отыратын, озат ұстаздардың
іс-тәжірибесін насихаттауға бағытталған,
аудандық (қалалық), облыстық, Республикалық
«Жыл мұғалімі» сайыстарына дайындықтан
өткізу сияқты іс-шаралары да енгізілуі
қажет.
Перспективалық жоспарда
қамтылатын мәселелердің бірі - мектеп
реформасы бойынша алдағы жылдар ішінде
12 жылдық мерзімге көшу. Бұл үлкен тыңғылықты
дайындықты қажет етеді. Олардың ішіндегі
бастылары:
а) қажетті материалдық
базасын дайындау (қосымша сынып бөлмелері,
оқу кабинеттері, қосымша оқу-құрал жабдықтары,
ақпараттық технологиялардың жаңа түрлері
т.б.);
ә) соңғы сыныптарда
белгілі мамандық беруге сәйкес оқушылардың
талап-тілектерін, қызығушылығын, икемделу
процесін т.б. факторларды психологиялық
тұрғыдан зерделей отыра оқушыларға алдын-ала
кәсіптік бағдар беру;
б) оқушыларға кәсіптік
мамандық беруге байланысты алдын-ала
ауыл шаруашылығы, шаруа қожалықтары,
бірлестіктер, машина-трактор жөндеу заводтары
мен шеберханалар, жаңадан құрылып жатқан
ауыл шаруашылығын техникамен жабдықтау
станциялары т.б. өндіріс орындарымен
келісім шарттар жасау, тәжірибеден өтуге
мүмкіндік жасау шаралары;
в) оқу мерзімінің 12
жылдығына байланысты эксперименттік
зерттеу жұмыстарына қатынасу, бүгінгідей
тұтас жинақы жаңа бағдарламалар мен оқулықтарды
игеруге сәйкес жұмыстар жүргізу.
Жоспарлаудың қандай
түрі болмасын, олардың алдағы атқарылатын
іс-шаралардың моделі екендігін атап өттік.
Ең басты мәселе, мектеп
бітіруші түлектердің әлемдік бәсеке
кезеңінде, тәуелсіз еліміздің жастары
бәсекеге сай білімді, білікті, ақпараттық
технологияларды толық меңгерген азаматтар
етіп тәрбиелеуді міндет етіп отыр. Осыған
орай қазіргі нарықтық экономика жағдайында
білім сапасына қойылатын талаптар мейлінше
жоғары сатыға көтеріліп отыр.
Осы ең негізгі міндеттерді
іске асыруда мектептің перспективалық
және жылдық оқу-тәрбие процесіне арналып
жасалған жоспарлардың мәні мен маңызы
арта түседі. Өйткені басқару үрдісінде
атқарылатын күрделі іс-шаралар алдымен
жоспарлауды қажет ететін басты механизм
екендігі жоғарыда атап көрсетілді.
Жалпы алғанда бiрiншi
кезеңде оқу–тәрбие процесiн басқарудың
контуры /жалпы жобасы/ белгiленедi. Бұл
кезеңде атқарылатын iстер жиынтығы мектептердің
барлық түрлерiне /гимназия, лицей, жалпы
негiзгi және орта мектептер/ қатынасты
екендiгi байқалады.
1. Алдымен, жоспарлау
iсiне қажеттi материалдарын жинақтау,
топтау және белгiлi бiр қалыптасқан жүйеге
келтiру;
2. Жиналған материалдарды
саралау, сұрыптау және талдау жасауға
дайындау;
3. Белгiлi бiр мерзiмге
арналған жоспардың мақсаты мен мiндеттерiн
анықтау;
4. Өткен оқу жылының
басты–басты қорытындылары жайында нақтылы
мағлұматтар, жаңа бағдармалар мен төл
оқулықтарды толық игеру жолындағы iс-шаралары
жөнiнде хабарлама–деректер;
5. Ақпараттық технологияны,
электрондық оқулықтарды оқыту процесiнде
оңтайлы қолдана бiлу жөнiндегi мағлұматтары;
6. Мектептi бiтiрген
/11 сынып/ бiрыңғай ұлттық тестiлеу қорытындылары
жөнiндегi нақты цифрлар мен фактiлер /жағымды,
жағымсыз/;
7. Тестiлеу қорытындылары
бойынша қай пәндерден үлгi тұтатындай
табыстар болды, қандай олқылықтар кездестi,
олардың орын алу себептерi деген сұрауларға
жауап беретiн хабарлар жиынтығы болуы
шарт.
Жоспарлаудың
екiншi кезеңi
Бұл кезеңде мектеп
директоры бүкiл ұжым мүшелерi (мұғалiмдер,
тәрбиешiлер, сынып жетекшiлерi, ата–аналар
комитетінің басшысы, оқушылар комитетi)
қатынасуы қажет. Өйткенi бұл кезеңде болашақ
жылдық жоспардың бөлiмдерi мен бөлiмшелерi
нақты белгiленедi.
Жыл бойы атқарылатын
iс-шаралардың контуры (сұлбасы) айқындалады.
Осыған байланысты
мектеп ұжымының әрбiр мүшесi және жобалау
iсiне қатысы бар қоғамдық ұйымдар, өздерi
тiкелей қатысып орындайтын салалар бойынша
ұсыныстарын белгiлеп анықтауға тапсырма
алады. Ұсыныстарды тапсыру мезгiлi белгiленедi.
Ұсыныстарды жинақтау
iсi директордың оқу–тәрбие жөнiндегi орынбасарына
тапсырылады. Жылдық жоспарда қамтылатын
мәселелер схемасы көрнекті жерге iлiнiп
қойылады.
Жыл бойы атқарылатын
iс-шараларын жобалауда бүкiл ұжым мүшелерiн
және оқу орнына қамқорлық жасайтын ұйымдардың
өкiлдерiн қатынастыру, басқару барысындағы
мектеп iшiндегi микроклимат пен демократиялық
ақуалды барынша жақсарта түсудің сапалы
жолы болатындығына мүмкiндiк туғызады.
Бұл жұмыстар наурыз айының соңғы күндерінің
бiрiнде өткiзiлуi дұрыс деп есептелiнедi.
Жоспарлаудың
үшiншi кезеңi
Үшiншi кезең ең соңғы
жауапты кезең болып саналады.
Жылдық жоспарды жобалау
жөнiнде мектеп басшысы және комиссияға
келiп түскен нақтылы атқарылатын iс-шаралары
мен ұсыныстар, бөлiм-бөлiмге байланысты
сұрыпталып нақтылы топталып өз орындарын
табады. Осы тұста мектеп директоры, комиссия
мүшелерi төмендегi шешушi мәселелерге
аса жауапты түрде көңіл бөлулерi қажет.
Атап айтқанда олар:
а/ жоспарда қаралған
iс-шаралардың, мектеп алдына қойып отырған
мiндеттерiне маңызды ықпал жасап, бүкiл
оқу–тәрбие құрылымын барынша жетiлдiре
түсетiндей;
ә/ қабылданатын iс-шаралардың
нақтылығы;
б/ қабылданып отырған
iс-шаралардың бұрыннан белгiлi нұсқау
– ережелердi жазып қою, декларативтi көп
сөздiлiктен аулақтануы;
в/ мектеп пен ұжым
мүшелерінің орындау мүмкiндiгiне сай келе
бермейтiн iс-шараларының жоспарда орын
алмайтындай болуы;
г/ белгiленген нақтылы
iс-шаралары кей бiр ұжым мүшелерiне үйiп–төгiп
тапсырма беруден сақтандыратындай;
д/ атқарылатын iс-шаралардың
көлемi жағынан да мектеп пен ұжым мүшелерінің
мүмкiндiгi, iс-тәжiрибелерi, қабiлеттерiне
сай болатындай болулары қажет.
Жоғарыда көрсетiлген
жоспарлау кезеңдерінің талаптарын орындау,
iстің тиянақты, алда атқарылатын мiндеттердің
нәтижелi орындалуына ықпал жасайтындығы
айқын екендiгiн көру қиын емес.
Жылдың жоспардағы
бөлiмдер мен бөлiмшелер мектептердің
қай жерде орналасуы аз және көп сынып
– комплектiлi болуларына қарамастан барлығына
бiрдей қатысты екендiгiн еске аламыз.
Сонымен қатар мектептің
оқу-тәрбие процесiн жобалау саласындағы
ғылыми зерттеулердi саралай келе және
алдыңғы қатарлы оқу орындарының озат
үлгiлерiмен iс тәжiрибелерiн зерделеу барысы,
мектептің жылдық жоспарының төмендей
бөлiмдерiн ұсынады.
Бұл ұсынылып отырған
вариант мектептердің жыл бойы атқарылатын
нақтылы iс-шараларын қамтитындығын көремiз.
Жоғарыда атап өткендей
ауыл, қала, шағын және көп сынып-комплектiлi
мектептердің өздерiне тән өзгешелiктерi
мен ерекшiлiктерiн еске алу қажеттiдiгiн
де атап өтемiз. Мысал үшiн айта кетсек,
сыныптан және мектептен тыс жүргiзiлетiн
жұмыстар үшiн аса қажеттi мәдени орталықтар
/театрлар, мұражайлар, сурет галереялары
т. б./ спорт кешендерi сияқты тәрбие iсiне
көмек көрсететiн орындар, алыстағы ауыл
мекендерiнде жоқ.
Сонымен бiрге ауыл
мектептерiнде оқушылардың еңбекке ерте
араласуына қала мектептерiне қарағанда
мүмкiндiктің толығырақ екендiгi белгiлi.
Соңғы жылдары нарықтық
экономикаға көшуге байланысты мектептің
өзi орналасқан елдi мекеннің мәдени орталығына
айналғандығы да шындық.
Қорыта келе жоспарлау
кезеңiнде бүгiнгi күннің шындық факторлары
есептен тыс қалмауы керектiгiнде атап
өтудi дұрыс деп есептеймiз.
Жоғарыда атап көрсетiлгендей
мектеп жоспарының үлгiсi әртүрлi болуы
мүмкiн.
Бiз үлгi ретiнде жоспарладың
төмендегiдей схемасын ұсынып отырмыз.
|
|
|
|
|
1. Жоспарлаудың
кiрiспе бөлiмi
Жоспарлардың бұл бөлiмiнде
өткен оқу жылының қорытындылары баяндалады.
Алдымен, мектеп бiтiрушi
түлектердің «Бiрiңғай ұлттық тестiлеу»
қорытындылары жайында толық мағлұмат
берiледi: бiрыңғай тестiлеу кезiнде алған
оқушылардың бал сандары; әр пән бойынша
тестiлеуде алынған бiлiмнiң сапа көрсеткiштерi;
тестiлеу қорытындыларын өткен оқу жылдарымен
салыстыру; сондай-ақ, аудан /қала/ облыс
және Республика бойынша тестiлеу сапаларымен
салыстыру. Бұл маңызды мәселеде жетiстiктер
мен қатар, кемшiлiктердің нақты себептерiн
айқындау, осы орайда пән мұғалiмдерінің
жауапкершiлiгiн күшейту мәселелерi де
көрсетiледi. Жаңа оқу жылында «Бiрiңғай
ұлттық тестiлеу» мәселесi бойынша атқарылатын
iс-шаралары анықталады.
Сонымен қатар сыныптан
сыныпқа көшу және негiзгi мектептi бiтiрушiлер
емтихандарының қорытындырыларына талдау
/анализ/ жасалады. Осы емтихандар барысында
қол жеткен табыстар мен қатар, орын алған
кемшiлiктердi жаңа оқу жылында болдырмауы
қатаң ескертiледi.
Сондай–ақ, бұл кiрiспе
бөлiмде қысқа түрде, шолу есебiнде, жаңа
буын оқулықтарын игеру, бұл мәселе бойынша
өткен оқу жылы бойында атқарылған шаралар
және әдiстемелiк бiрлестiктің атқарған
шаралары айтылады.
Казiргi кезеңде бүтiн
мұғалiмдер қауымының арасынан қызу қолдау
тапқан педагогикалық технологиялардың
ұстаздар арасында қолдану сөз болады.
Сонымен бiрге ақпараттық
технологияны бiлiм саласында кеңiнен қолдану,
интернет жүйесiне қосылу аркылы жұмыс
iстеу педагогикалық ұжымда қандай дәрежеде
қолдау тапқандығы айтылады.
Жалпыға бiрдей орта
бiлiм алуда өз мөлтек ауданында /қала бойынша/,
ауыл–мекендерде оқушылардың түгелдей
мектепке тартылуы, осыған байланысты
iс-шаралардың орындалуы /оқушыға материалдық
көмек, мектепке алыстағыларды көлікпен
тасымалдау, ыстық тамақ ұйымдастыру,
қоғамдық, және бюджеттiк интернаттар
жұмысы т. б. / назардан тыс қалмайтын маңызды
мәселелер.
Өткен оқу жылының
барысында, мұғалiмдердің тәжiрибе алмасу
негiзiнде өзара сабақтарға қатынасулары,
сондай–ақ, әдiстемелiк бiрлестiк, оқу iсінің
меңгерушiлерi және мектеп директорының,
мұғалiмдердің сабақтарға қатынасу жайындағы
анализ- талдаулары қысқаша қорытындыланады.
Тәлiм–тәрбие саласындағы
атқарылған жұмыстар: жетiстiктер, орын
алған кемшiлiктер, ата–аналармен, жұртшылықпен,
қоғамдық орындар мен бiрiгiп атқарылған
iс-шаралары.
Мектептің жаңа оқу
жылына арналған оқу–тәрбие жоспарын
жобалау демократия, гуманизация және
шығармашылық бағытта болуы жоғарыда
атап көрсетiлген.
Алайда қандай оқу
орны болмасын /жалпы бiлiм беретiн мектеп,
гимназия, лицей, колледж, жеке меншiк мектептерi/
барлығына бiрдей тән бағыттардың болуы
заңды құбылыс. Сонымен жаңа оқу жылында
қандай басты–басты мiндеттер қойылады.
Бiздің зерттеу қорытындыларымыздың
нәтижесi мына бағыттарды алға қою реттi
деп санаймыз. Олар:
1. Мектептегi қарым–қатынас
позициясы /басшы мен ұстаздар қарым-қатынасы,
сынып жетекшiлерi мен ата-аналар қарым-қатынасы
т.б./ демократиялық, гуманистiк және шығармашылық
бағатында болуы қажет.
2. Дара тұлғаны жан-жақты
дамыту, бәсекелестiкке жарайтын сапалы
бiлiм беру, жоғары адамгершiлiкке, Отанын
сүюге, Қазақстандық патриотизмге, нарықтық
экономика жағдайында кәсiпкерлiкке, өмiрде
өз орнын таба бiлуге дайындау.
3. Мемлекеттiк бiлiм
стандартын, жаңа буын оқулықтары мен
әдiстемелiк кешендердi, бағдармаларды
толық игере бiлуге бағыттау.
4. Жаңа педагогикалық
және ақпараттық технологияларды игеру
және оларды бiлiм беру барысында ұтымды
қолдана бiлуге бағыттау.
5. Қазақстан Республикасы
Конституциясының (тамыз, 1995 ж.) 30-бабында
атап көрсетiлгендей жалпыға бiрдей жастарға
орта бiлiм беру Заңын мүлтiксiз iске асыру
бағыттары.
6. Мектептегi педагогикалық
ұжым мүшелелерінің арасында өзара түсiнiк,
бiр-бiрiне шынайы әдiстемелiк көмек көрсету,
жоғары моральдық ақуалдың қалыптасуын
бағыттау мәселелерi.
7. Мектептегi бүкiл
оқушылар арасында, педагогикалық ұжым
мүшелерi арасында салауатты өмiр салтын
қалыптастыруға бағыттау iс-шараларын
жүзеге асыру.
2. Оқу-тәрбие
үрдiсiн ұйымдастыру жолдары
Бұл бөлiмде негiзiнде
жаңа оқу жылы бойында атқарылатын іс-
шараларды ұйымдастыру мәселелерi қаралады.
Алғашқы оқу жылы басындағы
ұйымдастыру iстерінің нақтылы, мектеп
жағдайына лайықты, алдын-ала ойланып
жасалынуы, жыл бойғы оқу-тәрбие процесінің
жобаланған ритмде жұмыс жүргiзуге мүмкiндiк
туғызады. Әсiресе, көп комплектiлi, екi
маусымда жұмыс атқаратын мектептер үшiн
ұйымдастыру жұмысының нақтылылығын қамтамасыз
етудің маңызы зор.
|
|
|
|
|
Бұл ұйымдастыру бөлiмiнде,
мектептің тұрған жерi /қала, ауыл/, қоршаған
ортасы, көп жылдардан берi қалыптасып
келе жатқан дәстүрлi ұйымдастыру iс-үлгiлерi
т. б. осы бөлiмде ескерiлуi қажет деп есептеймiз.
Оқу-тәрбие үрдiсi бiртұтас
жүйе ретiнде бiрлiкте iске асырылатындығы
мұғалiмдер қауымына белгiлi. Сабақтарда
өтiлетін оқу материалдары арқылы бiрiншi
сыныптан бастап мектеп бiтiргенге дейiн
жас түлек бойынша жоғары адамгершiлiкке,
Отанын, елiн, халқын сүйiспеншiлiкке, еселеп
еңбек етуге, iзгiлiкке т. б. жоғары қасиеттерге
тәрбиелейдi.
Қазiргi кезде бiлiм
беру саласындағы бағыт беретiн құжат
Қазақстан Республикасы орта бiлiм мемлекеттiк
стандарты болып есептелiнедi. Бұл бiлiм
стандартының мектептер үшiн маңызы өте
зор. Орта бiлiм беру тұжырымдамасында
«Бiлiм беру стандарты дегенiмiз – Республикадағы
бiлiм саясатын жүзеге асыруды қамтамасыз
ететiн стратегиялық мәндi құжат» деп атап
көрсетiлген. Бiлiм стандарты жалпы бiлiм
дайындығының мемлекеттiк нормасын белгiлеушi
жүйе ретiнде ел азаматтарының
барлық жас буынға бiрдей тең мүмкiндiктерінің
ескерiлуiне негiзделген. Әлеуметтiк-саяси
және мәнi оның бiлiм беру кеңiстiгiн бiртұтас
етудi қамтиды және мектептердің дамуын
қолайлы жағдайға ықпал етедi.
Қорытып айтқанда,
бiлiм стандрты – мемлекеттiк бiлiм нормасы
ретiнде қабылданатын, нақтылы тұлғаның
мүмкiндiктерiн пайдалана отырып негiзгi
бiлiм беру жүйесi болып табылады.
Сонымен қатар бiлiм
стандартында көрсетiлгендей мектеп ұжымының
басты мақсаты және мiндетi жалпы орта
бiлiмнiң белгiленген нормасы мен талаптарына
сай бiлiм беру үрдiсiне қатысушылардың
қатынас-қызметiн ұйымдастырып, реттеп
отырады.
Мектептің әрбiр сатысында
жеке тұлғаны дамыту мiндетiне сай бiлiм
мазмұнын толық жүзеге асуын талап етедi.