Педагогикалық оқу орындарында биология мен химия пәндерін ақпараттандыру негізінде кіріктіре оқытудың теориялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Января 2014 в 16:08, реферат

Краткое описание

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005–2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында аталып көрсетілгендей: «Жедел өзгерiп тұратын әлем және ақпарат легiнiң ұлғаюы жағдайында iргелi пәндiк бiлiм мiндеттi, бiрақ ол бiлiм берудiң жеткiлiктi нысанасы болып табылмайды. Оқитындар қазақстандық бiлiм беру жүйесi бағыт алған бiлiмнiң, дағды-бiлiктiң жиынтығын (бiлiм үстемдiгi) меңгерiп қана қоймауға тиiс. Оқитындардың өзiн барынша көрсете бiлу және қоғам өмiрiне пайдалы түрде қатысу үшiн (құзыреттiлiк) ақпаратты өз бетiнше табу, талдау, құрылымдау және тиiмдi пайдалану дағдысын бойына сiңiру әлдеқайда маңызды да күрделi...».

Содержание

Кіріспе.

Негізгі бөлім.

Педагогикалық оқу орындарында биология мен химия пәндерін ақпараттандыру негізінде кіріктіре оқытудың теориялық негіздері

Пәнаралық байланыс негізінде кіріктіре оқыту тарихы

Пәнаралық байланыстардың әртүрлі нысандары


Қорытынды.

Кіріктірілген сабақ және ақпараттық технолгияның пайдасы

Вложенные файлы: 1 файл

СОЖ препод.docx

— 34.61 Кб (Скачать файл)

Екінші нысанда байланыс тараптарын шартты түрде латын А, В, С және D әріптерімен белгілер болсақ, онда бұл нысанның келесі типтерін былайша бейнелеуге болады:

  1. Біржақты пәнаралық байланыс .
  2. Екіжақты пәнаралық байланыс
  3. Көпжақты пәнаралық байланыс .

Байланыстардың оларды түзетін  элементтердің әрекеттесуі бойынша  нысаны байланыстардың әр алуандылығымен ерекшеленеді. Фактілер, ұғымдар, заңдар, теориялар, ғылыми әдістер мен олардың  құрамбөліктері мен топтасулары  болып табылатын бұл элементтердің  арақатынастарын уақыт факторына  орай хронологиялық және хронометриялық деп бөледі. Хронологиялық деп  байланыстың іске асуының дәйектілігіне, ал хронометриялық – байланыстың  іске асуының ұзақтығы негізінде  ажыратылатын пәнаралық байланыстарды  айтады. Пәндерге бөлінетін сағат сандарының әртүрлі болуына байланысты оқу пәндерінің оқыту уақыты көбіне бір-біріне сәйкес келе бермейді. Демек, таза синхронды байланыстыруға қиындық туады. Практикада оқу пәндерінің арасында байланыстарға қатысты пайда болған проблемалық сұрақтар пәнаралық байланыстар теориясын, соның ішінде осындай жіктелістерін тудырды.

Зерттеу жұмысымыздың барысында  биология мен химия пәндерінің байланысын саралап кіріктірудегі жетекші рөлді биология пәніне бердік.

Әдебиеттерге талдау жасап, сондай-ақ көпжылғы тәжірибемізге сүйене отырып, біз аталған пәндерді кіріктіруді  біржақты қарастырдық: химия пәнін оқытуды биологияландыру; жаратылыстану ұғымдарын химиямен кіріктіру бағыттары және жолдары; ақпараттандыру барысында биология мен химияны оқыту әдістемелерін дамыту мен маңызын ашу.

Нәтижесінде биология курсының химиямен кірігуі арқылы біртұтастық  деңгейі артты, бұл пәндердің  мазмұндық және процессуалдық жағының  кірігу дәрежесі өсті, жаңа материалды меңгеру, пысықтау, қорыту, жүйелеу  сияқты дидактикалық кешенді іске асыру  есебінен тиімділігі артты. Мұндай «дидактикалық  жинақтау» арқылы кіріктірілетін оқу  материалдарын оқыту оқу-тәрбие үрдісінің бірлігі (дәріс, сарамандық, семинар, танымжорық) шеңберінде іске асырылады. Мұнда биология мен химияны  оқытудың әдістері мен нысандары  да кіріктіріледі. Атап айтқанда, оқыту  нысандарынан проблемалық, бинарлық және бейне дәріс, қорытындылау сабағы, зертханалық  жұмыс және практикалық сабақтарды; ал оқыту әдістерінен түсіндіру, сипаттау, тәжірибе, өзіндік жұмыс  және бақылауды атауға болады.

Ал оқыту құралдарына  ақпараттық оқыту технологиялары, электрондық  оқулық басылымдар, виртуальды зертхана, Интернет, өз білімін тексеру тапсырмалары, бақылау және тест тапсырмалары жатады.

Студенттердің біз зерттеп  отырған мәселеге байланысты пәндерді ақпараттандыру көмегімен кіріктіре  оқыту негізінде тиісті білік-дағдыларды қалыптастыруды дұрыс ұйымдастыру үшін мынадай міндеттерді шешуге тура келді:

  • студенттердің ақпараттандыруға қойылатын талаптарды игеру деңгейін анықтау;
  • биология мен химия пәндерінің арасындағы пәнаралық кіріктіру арқылы, білім беруді ақпараттандыру негізінде дербестікті интенсивтендірудің оңтайлы жолдарын айқындау;
  • биология мен химия пәндерінің кіріккен бағдарламасы, электрондық оқулық басылымдар негізінде студенттердің өз білім-білігін үнемі жетілдіруге, танымдық белсенділігін арттыруға бағытталған әдістемелік жүйе ұсыну.

Соңғы міндетте аталған әдістемелік  жүйені жасауда мына ережелер басшылыққа алынды:

  • педагогикалық оқу орындарындағы биология пәні бойынша «Омыртқалылар зоологиясы» мен химия пәнінің осыған сәйкес теориялық мазмұнын кіріктіре білім беруде ақпараттандыру мүмкіндіктерін толық пайдалану, оның негізінде студенттердің оқу іс-әрекетін дербестендіру, оқытуды жеке тұлғаға, оның қабілеттерін дамытуға бағыттау;
  • ақпараттық технологияның көмегімен дүниенің біртұтастығы туралы түсінік беретін пәнаралық және пәнішілік байланыстарды пайдаланып кіріктіре оқытудың тетігін құрылымдау, салыстыру әрі құрастыру мүмкіндігін туғызу;
  • ұсынылған жүйенің тиімділігін анықтау, ақпараттандыру негізінде әр тарау бойынша студенттердің білім-біліктерін оқытудың құрылымдық компоненттерін анықтау, оқу мазмұнының теориялық және практикалық аспектілерін толықтыру, қажетті өзгерістер мен толықтыруларды енгізу.

Әдістемелік жүйенің оқу  үрдісін ұйымдастырудың ізгілендіру, іргелендіру және прагматикаландыру  принциптерін қамти отырып құрылуы  биология мен химия пәнін ақпараттандыру негізінде кіріктіре оқытудың мақсаты  мен міндеттерін жүзеге асыруға  мүмкіндік берді.

Қазіргі таңда қоғамда болып  жатқан елеулі өзгерістер білім беру жүйесінен тыс өтпейтіні белгілі. Білім беру саласындағы басты  мақсат – еліміздің әлеуметтік-экономикалық және саяси өміріне белсене қатысуға дайын, бәсекеге қабілетті жеке тұлға  дайындау, олай болса, шағын жинақты  мектептердің ұстанымы да осыған келіп  саяды. Бұл мақсатты орындауда шағын  жинақты мектептердегі оқыту  жүйесін дамыту, соның ішінде оқу-әдістемелік  база құру: арнайы бағдарламалар, оқулықтар, әдістемелік құралдар әзірлеу өзекті мәселелерді шешу қажет.

Шағын жинақты мектептердің өзіндік ерекшелігі мұғалім бір  мезгілде екі, үш, кейде төрт сыныптың оқушыларымен қатар жұмыс істейді. Бұл ерекшелік оқу-тәрбие жұмыстарының өзгешелігін айқындайды.

Ал пәнаралық кіріктіре  оқытуда білім мазмұнының жүйелілігін  сақтай отырып, бір сыныпта бірнеше  пән бойынша мазмұны ұқсас  тақырыптарды кіріктіре оқыту жүзеге асырылады. Мұнда екі пәндегі  жаңа тақырып (мысалы, биология және химия, т.б. пәндерді кіріктіре оқытуда) мазмұны  ұқсас болғандықтан сыныпқа ортақ  түсіндіріліп, оқушылардың әр пән  ерекшклігіне сәйкес өзіндік жұмыстармен  ұштастырылады.

Кіріктіру – тығыз байланысқан  бір бүтінді жасаудың нәтижесі. Оқытуда  бұл түрлі пәндердің элементтерін (тақырып, бөлім), ғылыми түсініктерін және таным әдістерін біріктіру  пәнаралық байланысты шешу арқылы жүзеге асады. Әдебиеттерде, мысалы, бастауыш сыныптағы табиғаттану, жоғары сыныптағы  жаратылыстану пәндерімен келтірілген. Соңғысы биология, химия, физикамен  біріктірілген. Олар осы пәндердің  үйлестірілген мазмұнына сәйкес бір пәнде логикалық құрылымымен  беріледі.

Үйлестіру – өтілетін ұғымдар мен  құбылыстар және олардың оқу танымдылығы  мен уақыттары ортақ туыстас  пәндердің оқу бағдарламаларын  ыңғайластыру (пәнаралық байланыстың  тар мағынасы).

Оқытудағы осы бірлікті жүзеге асыру  – оқушының дүниетанымын қалыптастыруға бағытталған кешенді бағыттың педагогикалық  шарттарының бірі. Кешендік бағыт  және оқытудың тәрбиелік міндеті  жайлы ұстаным пәнаралық байланыстың  тәрбиелік рөлін күшейтеді. Бұл, әсіресе, гуманитарлық пәндер төңірегінде  айқын көрінеді.

Қорыта келгенде, мұғалім  жұмысының табысты болуы оқушылардың  жалпы дайындығына, олардың жас  ерекшелігіне, сабаққа керекті құрал-жабдықтардың, оқу материалының ерекшелігіне, оқушылардың  оқу-танымдық, әрекетін ұйымдастыра  алуына, оқу жұмысында проблемалық  сұрақтарды қоя білуіне, сондай-ақ мұғалімнің басшылығымен орындалатын және оқушылардың  өздігінен орындайтын жұмыстарының арақатынасына тікелей байланысты.

 

Кіріктірілу – бұл бір  оқу материалының әр түрлі саладағы жалпы білімдермен тоғысуы, бір-бірімен  етене араласып кетуі. Кіріктірілген  сабақтар оқушыға әлем туралы, заттар мен құбылыстардың өзара байланыстары туралы біртұтас мағлұмат береді, олар құрылысы бойынша белгілі қалыпқа  сыймайды, сондай-ақ, оқу сағаттарын барынша үнемді пайдалануға мүмкіндік  береді. Осы тектес сабақтарда оқушылардың  бейнелі ой-өрісі дамып, шығармашылық мүмкіндіктері ашылады. Кіріктірілген  сабақтардың құрылымы нақтылығымен, сыйымдылығымен, орамдылығымен, сабақтың әр сатысындағы оқу материалының логикалық өзара келісімімен, материалдың зор ақпараттық мүмкіндігімен ерекшеленеді.

                

Кіріктірілген сабақ  және ақпараттық технолгияның пайдасы

 

Қазіргі заманғы мектепте көптеген инновациялық педагогикалық  технологиялар қолданылады, олардың  ең келешегі зоры-компьютерлік технология. Бұл қазіргі өзгеріске ұшыраған орта білім беру мақсаттарының оқыту әдістеріне, құралдары мен түрлеріне сай келеді. Оның үстіне программалық оқыту идеясын дамытады, қазіргі компьютерлердің тіптен жаңа , әлі де зертелмеген бірегей мүмкіндіктерін ашады. Оларды белсенді қолдану мектеп курсы шеңберінде әр түрлі тақырыптар бойынша кіріктірлген сабақтар өткізуге мүмкүндік береді.

 
                        Оқу пәндерін кіріктіру мыналарға көмектеседі:

 
-неғұрлым ынта білдіргенде білімді  жеке мәнді және саналы түрде  қабылдауға; 
-кіріктірілген сабақ құрылымында проблемалық жағдайлар үлесін ұлғайтуға, оны оқу материалын танып білудің жаңа тәсілін іздестіруге жетелейтін және жеке тұлғаның зерттеушілік типін қалыптастыратын оқушының ойлау әрекетін белсендіруге; 
-оқушыға бір мезгілде әрекетті орындауда барлық мақсат қоюдан нәтижеге дейінгі барлық процесіне бақылау жасауға мүмкіндік беретін жалпы білімдер көлемін ұлғайтуға. Білім берушілік, дамытушылық және танымдық үшбірлікті дидактикалық мақсатын жүзеге асыруға; 
-Сабақтың ақпараттық сыйымдылығын арттыруға; 
-Оқушылардың уәждемесін арттыруға, олардың оқу-танымдық әрекетін белсендіруге, шаршағандары мен қажуларын азайтуға; 
-Оқушылардың шығармашылық ойлауын дамытуға, олардың алған білімдерін өмірде қолдана білулеріне көмектеседі.

 
Солай, кіріктіру сабақты күшейте  түсуде тиімді құрал болып саналады. Бұл кезде алынған білімді  бір мезгілде теориялық, практикалық  және қолданбалы салаларда пайдалану  мүмкіндігі ашылады. Қазіргі кезде  көптеген мектеп интерактивті тақталармен  жабдықталғанын атап өткен жөн, алайда оларды тиімді пайдалану тәжірибесі әлі де жетіспейді.  Қазіргі заманның ұстазға қояр басты талабы- ақпараттандырылған жан-жақты, дүниетанымы кең, тәрбиелі әрі саналы шәкірт сомдауы. Саналы білімге жету жолында ұстаздың аянбай еңбек етуі керек. Оқытудың тиімді әдіс – тәсілдерін, қазіргі заманауи инновациялық технологияларды меңгеруі шарт. Әрбір сабақта оқытудың тиімді әдістерін пайдалану білім сапасына елеулі әсер етпейтіні даусыз. Қазіргі сабақтарда ақпараттық технолгоия мен кіріктірілген оқыту технологиясын байланыстыра өту өте тиімді нәтиже береді. Ақпараттық технолгияда біз ұстазды ақпарат беруші, бағыт-бағдар көрсетуші деп түсінеміз. Белгілі бір тақырып бойынша мәлімет, әдебиеттер және т.б. беріледі. Ал кіріктірлген инновациялық технолгияда тақырыпқа байланысты мәлімет, ақпараттың барлығын жан-жақты пән мұғалімдермін түсіндірілуі, дәлелденуі және жеткізілуі оның басты артықшылығы болып тұр. Ұстаз әркез ізденуші бола білсе, өзі үшін білім жинақтайды. Оқушы үшін сабақты қызықты ете алады. 
 

    Пайдаланылған   әдебиеттер:

 

  1. Интернет  желісі: http://nis.edu.kz/kz/programs/integ-edu-program/

                                             Google.kz

  1. Н.Торманов  дәрістері

 

  1. «Биология  және салауаттылық негізі»  журналы, 2011/2

                                             


Информация о работе Педагогикалық оқу орындарында биология мен химия пәндерін ақпараттандыру негізінде кіріктіре оқытудың теориялық негіздері