Педагогикалық технологияларды

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Октября 2015 в 04:58, реферат

Краткое описание

Педагогикалық үрдісте жаңа технологияларды енгізіп, интерактивті оқытуды пайдалану мұғалімдерді шеберлік жағынан шыңдайтындығына дау тудырмайды. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалды, кәсіптік адамгершілік, рухани азаматтық және адами келбетінің қалыптасуына әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үлгісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Сабақта қолданылатын әдістер көмегімен жеке тұлға ретінде жан-жақты дамыған, шығармашылық ойлау білімі меңгеріледі.
Педагогикалық технологияларды талдау барысында мына факторлар ескерілуі керек

Вложенные файлы: 1 файл

5апта.docx

— 25.51 Кб (Скачать файл)

  1.Бүгінгі қоғамның ұстаздар алдына қойып отырған басты міндеті, артар  
жүгі – сапалы білім берумен қатар жан-жақты дамыған, өзіндік ой-пікірі қалыптасқан, өмірде ойын жүзеге асыра алатын тұлға қалыптастыру. Тұлға қалыптастыруда – оның тәні мен жанын қатар дамыту, танымдық қызығушылығын дамытудың әдіс тәсілдерін іздеу, анықтау, жүйелеу, қолдану.  Елбасымыздың жолдауында: «Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте білім деңгейімен айқындалады» - деген байламы жеке адамның құндылығын арттыру, оны дайындайтын ұстаз жауапкершілігінің өсуі, тынымсыз еңбек, сапалы нәтиже деген ұғыммен егіз. Тәуелсіз ел тірегі-білімді ұрпақ.  Мемлекеттік білім стандарты деңгейіне оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Сондықтан оқу-тәрбие үрдісіне жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу- оқушылардың білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол салады.  
Оқу тәрбиесі үрдісінде педагогикалық жаңалықтарды енгізу  
IV кезеңнен тұрады:  
І. Жаңа идеяны іздеу  
Инновацияларды ұйымдастыру, жаңалықтарды іздестіру  
ІІ. Жаңалықтарды ұйымдастыру  
ІІІ. Жаңалықтарды енгізу  
Оқу - тәрбие үрдісінде жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдалану  
IV.Жаңалықтарды бекіту  
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көпнұсқалық қағидасы бекітілген, білім мекемелерінің педагогтарына өзіне оңтайлы нұсқаны тиімділігіне қарай пайдалану мұғалімнен үлкен шеберлікті талап етеді.  
Мектептегі білім сапасын арттыру үшін:  
• Әр сабақта интерактивті әдістерін қолдану;  
• Әр оқушының психологиялық ерекшеліктерін ескеру;  
• Міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып, мүмкіндік деңгейлерін ашу;  
• Инновациялық технологияларды сынау арқылы тиімділігін арттыру, мектеп жағдайына бейімдеу;  
Заман талабына сай технологияларды қолдану ауқымы, түрлері өзгеріп отырады. Бірақ, ең басты технологияларды тиімді, жүйелі қолдану керек.  
Инновациялық технологиялар:  
• Жобалау технологиясы;  
• Саралап даралап оқыту;  
• Дамыта оқыту технологиясы;  
• Модульдік оқыту технологиясы;  
• Сын тұрғысынан ойлауды дамыту;  
• Сатылай комплексті талдау;  
• Деңгейлеп оқыту технологиясы;  
Инновациялық технология нәтижелері:  
1. Түрлі әдістерді пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі.  
2. Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады.  
3. Олардың әрқайсының деңгейін анықтай алуға болады..  
4. Оқушылардың көбін бағалауға мүмкіндік бар.  
5. Оқушыларды ізденіске баулып, өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді.  
6. Оқушылардың қабілеттері, ұйымшылдығы, шығармашылық белсенділігі артады.  
7.Жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауда, өзіне деген кәсіби сенімін қалыптастырады.  
Педагогикалық үрдісте жаңа технологияларды енгізіп, интерактивті оқытуды пайдалану мұғалімдерді шеберлік жағынан шыңдайтындығына дау тудырмайды.  Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалды, кәсіптік адамгершілік, рухани азаматтық және адами келбетінің қалыптасуына әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үлгісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Сабақта қолданылатын әдістер көмегімен жеке тұлға ретінде жан-жақты дамыған, шығармашылық ойлау білімі меңгеріледі.  
Педагогикалық технологияларды талдау барысында мына факторлар ескерілуі керек:  
• Алынып отырған технология сабақтың тақырыбы мен мазмұнына сай болуы;  
• Тиімділігі, жүйелілігі .  
Бұл проблемаларды шешуде жаңа технологиялардың атқаратын орны бөлек. Болашақта өркениетті елдердің жоғары технологиясын меңгерту, дүниежүзілік білім кеңістігіне шығу-бүгінгі күннің мақсаты.  
Жаңа технологияларды енгізу кезінде мұғалім келесі іс-әрекеттерді дұрыс ұйымдастыра алуы қажет:  
1. Мұғалім жаңа технология көмегімен шешілетін мәселелерді.  
2. Жаңа технологияны қолдану арқылы алынатын нәтижелерді.  
3. Жаңа технология мәнін, алынатын нәтижелердің теориялық негізін.  
4. Жаңа технологияда мұғалім қолданатын әдіс-тәсілдерді.  
5. Оқушылардың жұмыс әдісін.  
6. Оқушылардың жаңа технологияда жұмыс істеуге үйрету әдісін білу керек.  
Білімді меңгерту-оқушының танымдық талдау жасай отырып оны орынды пайдалана білуі арқылы жүзеге асатын құбылыс. Бұл оқушылардың есте сақтау, ойлау, даму қабілеттерін арттырады.  Тіл сабағында әдістерді тиімді пайдалану арқылы оқушылардың білімге деген қызығушылықтарын арттыру, терең ойлау қабілетінің белсенділігін қалыптастыру, оқытудың жаңа технологиясы арқылы жүзеге асып келеді.  Оқыту әдістерін тиімді пайдалану үшін шығармашылықпен жұмыс істеу арқылы оқушылардың пәрменді ойлауын дамытудың негізі болып табылатын әдістеме теориясының тірегі – әдістерді анықтап алу басты міндет.Мысалы, анализ әдісі – ойлаудың логикалық тәсілі, ал синтез – таным деңгейін көтеру әдісі. Синтез – талдау барысында бөлшектенген ұғымдарды жинақтау, біріктіру деген сөз.. Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеудегі білімдерін өзіндік таным тұрғысынан жинақтауға жетелейді. Сондай-ақ, шығармашылықпен жұмыс істеу әдістемесінде индуктивті-дедуктивті, эксперимент әдісі, салыстыру, қатысымдық, проблемалық, жаттығу, интерактивтік әдістер қолданылады. Салыстыру әдісі – дамыта оқыту технологиясының белсенді әдістерінің бірі.  Сабаққа іріктелген жаттығу, тапсырма, ойындардың шығармашылық сипатта болуы өте маңызды. Оның маңыздылығы: оқушылар үшін практикалық құндылығының болуы; оқушылар өмірімен байланысты болуы; олардың интеллектуалдық қабілеттерінің дамуына жағдай жасалуы; оқушылардың қызығушылығын туғызуы; оқытудың практикалық мақсаттарына сай болуы. 

   2.Білім – қоғамды әлеуметтік-мәдени, ғылыми үрдіспен қамтамасыз ететін жоғары құндылық. Болашақтың бүгінгіден нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамы алға апаратын күш тек білімде ғана. Қай елдін болсын өсіп-өркендеуі, ғаламдық дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүиесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты. XXI ғасыр деңгейінде білім беру және кәсіптік даярлау жөніндегі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына 2007 жылғы 28 ақпандағы Жолдауында « Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек. Әр оқушының білім мен қабілет деңгейінің тиімділігін бағалаудың біртұтас жүйесін жасау қажеттігін, оқу жоспарларына жаратылыстану бейініндегі арнаулы сыныптар құруды қарастырған жөн » екендігі атап көрсетілген болатын. Жаңа ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технология бағытымен дамыту мақсатымен аттауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. « Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды » дегендей, жас ұрпаққа сапалы, мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру – бүгінгі күннің басты талабы. Қазіргі кезеңде жалпы білімнің міндеті – баланың жалпылама дамуын қамтамасыз ету ғана емес, ең бастысы, оларды жастай өз қабілеті мен қызығуына қарай белгілі бір мамандыққа арнайы әзірлей білу. Жасөспірімдердің шығармашылық тұлғасының белсенді бағытын оның тек сабақтарға жалпы қатынасы және оның қажеттілігі мен мұқтаждығы ғана емес, сондай-ақ білімді тәжірибелік іскерліктерді қабылдау мен меңгеру үрдісінің өзі де анықтайды. Оның ішінде таңдау курстары – шығармашылық ізденістің алғашқы баспалдығы. Қандай да бір таңдау курсына қатысқан оқушының өзіндік талпынысы, ізденісі болары анық. Белгілі педагог-ғалым А.Құсайынов алдыңғы қатарлы дамыған елдердің (Америка, Германия, Жапония, Франция, Нидерландия, Англия, Канада) жалпы білім беру жүйесіне талдау жасай келіп, «бұл елдерде 7-сыныптан бастап дифференциялап  (саралап) білім беру іске асырылып, оқушылардың өздеріне таңдау мүмкіндігі беріледі. Әрбір оқушы өз қабілеті мен қызығушылығына қарай өзінің білімін дамыту жобасын жасайды. 10-сыныптан бастап міндетті пәндер көлемі азайып, профилдік және оқушылардың өздері таңдаған пәндер көлемі көбейеді» дейді. Демек, олелдерде жоғары дамуға негіз болып отырған, бірбіріне соншалықты жақын әрі қатаң бірыңғай кәсіби бағдарлы білім беру жүзеге асырылады. Қазіргі кезеңдігі оқытудың негізгі мақсаты – болашақ мамандығына байланысты әрбір балаға тереңірек білім беру, білімді өзгермелі өмір жағдайларына пайдалана білу дағдысын қалыптастыру. Сондықтан қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі – әлеуметтік экономикалық өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны жақсартуға игі ықпал ететін жеке тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар: шығармашылық, белсенділік, әлеуметтік жауаптылық, жоғары интеллектілік, терең білімділік, кәсіби сауаттылық.  Жеке тұлғаға бағдарланған оқытудың тұжырымдамасы баланы жанжақты дамытумен бірге жеке және жас ерекшелігіне қарай қоғамдағы өзгерістерге бейім даму мүмкіндігін айқындауды қарастырады. Жеке тұлғаға бағдарланған оқыту проблемалы бағыттағы шығармашылық сипатқа ие бола отырып жаңа білімді іздену арқылы тәжірибеде қолдана білуге ықпал етеді, мұндағы басты міндет – баланың жалпы және өзіне ғана тән қабілеттерінің даму мүмкіндігі мен білім, білік, дағдыларын қалыптастыру және қолдану. 2006-2007 оқу жылында Қазақстан мектептерінде жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын біртіндеп енгізудің маңызды кезеңі басталды – бейіндік оқытуға көшу, «оқытуды даралау мен оқушылардың әлеуметтенуіне бағытталған, жалпы білім беру мекемесінің жоғарғы сыныбы оқушыларын арнайы дайындау жүйесі» құрылды.

Бейіндік оқыту бір немесе екі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

-   жаратылыстану-математикалық;

-   әлеуметтік-гуманитарлық.

Біздің мектеп жаратылыстану-математикалық бағытпен жұмыс жасайды.

Бейіндік оқытуды жүзеге асыру үшін мұғалімнің қандай кәсіби білімі мен іскерлігі болуы керек?

Ол:

-   оқытудың тұлғалық-бағдарлық, жеке-даралық құзырлығының әдістемелік негізі мен оларды жүзеге асырудың механизмін;

-    базалық және бейіндік деңгейіндегі пән бойынша білім мазмұның,

-   элективтік курстарды әзірлеу мен ұйымдастырудың әдістемесін;

-   оқушылардың жобалық, ғылыми-зерттеушілік қызметін ұйымдастырудың әдістемесін білуі керек;

-   өзінің білімін жетілдірумен айналасу керек:

1.  Педагогиқалық әдебиетердің жаңалықтарын, оқытатын пән бойынша қосымша ғылыми материалдарды оқып-қарастыру.

2.  Жаңа бағдарламалар мен оқулықтарды қарастыру, оның талаптары мен ерекшеліктерін аңықтау.

3.  Жұмыс дағдыларын компьютерде қолдану, сабақта оқытудың техникалық құралдарын пайдалану.

4.  Ғылыми-зерттеу тақырыбында жұмыс істеу.

  3. Қазақстан Республикасы «Білім» туралы Заңының 51 бабының 5-тармағында «Мұғалім өзінің педагогикалық шеберлігін, парасаттылығын, шығармашылық және жалпы ғылыми деңгейін үнемі жетілдіріп отыруға міндетті»,-делінген. Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобасында Қазақстанда оқитындарды сапалы біліммен қамтамасыз етіп, халықаралық рейтингілердегі білім көрсеткішінің жақсаруы мен қазақстандық білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін, ең алдымен, педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, олардың бүкіл қызметі бойына мансаптық өсуі, оқытылуы және кәсіби біліктілігін дамытуды қамтамасыз ету, сондай- ақ педагогтердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды арттыру мәселелеріне үлкен мән берілген. Мұғалім еңбегі жоғары деңгейдегі ұтқырлығымен, күрделілігімен және жан-жақтылығымен ерекшеленеді, бұл оның терең және кәсіптік білімінің, білік-дағдыларының болуын қажет етеді. Өзіндік білім алудың шеңберінен тыс мұғалімнің тұлғалық және кәсіптік дамуы мүмкін емес. Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі. Сондықтан қазіргі заман мұғалімі қоғамдық дамудың деңгейінен көрінетін, оның әлеуметтік парызына жауап беретін, жаңалыққа жаны сергек, педагогикалық құбылыстардың барысын идеялық адамгершілік тұрғысынан шеше алатын, жаңаша ойлау дағдысын меңгерген, балалардың талапкерлігі мен қабілетін, өздігінен еркін дамуын ұйымдастыра алатын, әрі шығармашылықпен еңбек ете алатын, кәсіби шеберлігі дамыған шығармашыл мұғалім қажет. Құзіреттілік бірінші орынға білімгердің ақпаратты сауаттылығын емес, оның мәселені дұрыс шеше білу қасиетін қояды. Егер болашақ педагогтың құзыреттілігінің қалыптасуын орта кәсіби білім беру жүйесінің аумағында қарастырсақ, онда білім, білік, дағды мүмкіншілігі, яғни, бір сөзбен педагогикалық қызметке маманның қаншалықты дайын екендігі туралы айтуға болады. Кәсіби құзіреттілік деп педагогтың жеке бас сапалары мен оның психологиялық-педагогикалық және теориялық білімінің, кәсіби біліктілігі мен дағдысының, тәжірибесінің бір арнада тоғысуы деуге болады. Болашақ маман өз ісінің шебері, жақсы мұғалім болу үшін мамандығына қажетті қабілеттерді және жалпы әлемдік мәдениетті, өз елінің мәдениетін, қарым-қатынас мәдениетін, тіл мәдениетін игеріп, интеграциялық үрдістерді меңгеріп, әлемдік білім кеңістігінің өресінен шыға алуға талпынуы керек.

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Педагогикалық технологияларды