Педагогикалық шеберлік пәні мақсаты мен міндеттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2013 в 13:07, реферат

Краткое описание

Педагогикалық шеберлік үнемі жетіліп отыруды қажет ететін балаларды оқыту мен тәрбиелеу өнері. Ол өнерге балаларды сүйетін және өз қалауымен жұмыс істейтін әр педагогтің қолы жетуі мүмкін. Педагог – өз ісінің шебері, жоғары мәдениетті, өз пәнін терең меңгерген, ғылым мен өнердің тиісті салаларынан хабардар, жалпы, әсіресе балалар психологиясының мәселелеріне қанық, оқыту мен тәрбиенің әдістемесін жетік игерген маман.

Содержание

1. Педагогикалық шеберлік педагогика ғылымының бір саласы
2. Педагогикалық шеберлік пәнінің мақсаты мен міндеттері
3. Педагогикалық шеберлік пәнінің зерттеу объектісі, басқа пәндермен байланысы

Вложенные файлы: 1 файл

пед.шеберлік.docx

— 33.88 Кб (Скачать файл)

Педагогикалық шеберліктің  негізгі белгілері: кәсіптік білім, біліктілік, дағды, кәсіптік қабілет, педагогтік әдептілік, педагогикалық техника  жатады.

Мұғалімнің творчестволық  қабілеті, жаңашылдық әрекеттері, біліктілігі, физиологиялық және психикалық сапасы, педагогикалық кәсіптік біліммен сәйкестенеді. Жаңашылдық творчестволық қуат шексіз, әрі үздіксіз қозғалыста дамиды. Бұл педагогикалық бағытта оқытушы мен оқушының өзара ықпалы, өзара дамуда, ынтымақтастықтан теңгермешілікке, дамудың жоғарғы деңгейіне жетуде мәні зор.  Материалистік диалектика табиғатында үздіксіз даму, ғылыми білім мен тәжірибенің бірлігін, тұтастығын, сәйкестігін ашып көрсетеді.

Біздің ойымызша, педагогикалық  шеберлік - бұл мұғалімнің кіріктірілген  қасиеті, өйткені ол өзінін кұрамына өзара тәуелді, тыгыз байланысты бірліктерді, яғни білім, іскерлік, қабілет  пен қасиеттерді камтиды. Әрине, педагогикалық шеберлік күрделі  кұрылым болғандыктан, онын мәнін  ашуды, оны түсінуге деген әр түрлі  көзқарас тұрғылары қалыптасқан. Қазіргі  заман сұранысына орай, біз педагогикалық  шеберліктің негізі инновациялык іс-әрекет деп тұжырымдаймыз. Тек жанашылдыкка деген талпыныс, үздіксіз ізденіс  мұғалімді өз ісінің биік шыңына жетелейді. Осы тұжырымды өлкеміздің мандай алды азаматтары, оз ісінін шеберлері  К. Нургалиев, К. Бітібаева, Ж. Шайжунусов, еліміздін бір туар тұлғалары Р. Нуртазина, А. Ысқақов, Е. Очкур сынды ұстаздар қызметі негізінде жасадық. Олар өз педагогикалық іс-әрекет шыңына жаңашылдыққа ұмтылыс негізінде жетті. Бірак, инновациялық іс-әрекет, кәсіптік білім мен іскерліктерсіз және тұлғалык қасиеттерсіз жүзеге асуы мүмкін емес. Әсіресе, қазіргі таңда мұғалім шеберлікке қол жеткізу үшін өзін-өзі басқара алуы керек, бойында оптимизм, лидерлік қасиет, тәуекелге бел буа білу, қуаттылык, төзімділік сияқты тұлғалык касиеттері болуы тиіс. Аталған қасиеттер мұғалімді жанашылдыкка жетелейді, жаңаны жасауға ынталандырады.

      Мектепте  білім алу–бала өмірінің маңызды  кезеңдерінің бірі. Қандай білім беру жүйесінен және қандай мұғалімнен білім алғаны баланың үлгеріміне және жеке тұлғалық қалыптасуына байланысты болады. Кәсіби шеберліктің құрылу процесі білімінің жүзеге асуы мен қалыптасуын ғана емес сонымен қатар оның тұлғалық қалыптасуын да қарастырады  
Мұғалімнің кәсіби шеберлігіне байланысты мәселелер көптеген жауапкершілікті талап етеді. Қазақстан Республикасындағы жалпы білім беретін және кәсіби білім беретін мектептердегі жүргізіліп жатқан реформалар өзінің педагогикалық жүйесінде принципті өзерістерді қажет етеді. Қазіргі кезеңде білім беру мақсаттары өзгеруде, оқу ақпаратының мазмұны жаңаруда, педагогикалық коммуникация құралдары, және педагогикалық әсер етудің объектісі-оқушылар да айтарлықтай өзгеруде. Осы факторлардың барлығы педагогикалық кәсіби шеберлігінің деңгейін жоғарлатуды талап етеді. Оқу процесінің жаңаруына қажетті шарт кез-келген педагогикалық жүйенің басты тұлғасы болып табылатын оқытушылардың педагогикалық шеберлігін арттыру болып саналады.  
Жаңа әлеуметтік тұрғыда мұғалімнің кәсіби шеберлігінің қалыптасуы – оның кәсіби шеберлігі мен білімінің жоғарғы сапасын қамтамасыз етеді.  
Педагогтардың жалпы және кәсіби шеберлігін дамыту мәселелеріне Н. Кузьмина, А. Щербаков көңіл аударған.  Қазіргі заманғы білім беру жүйесі оқытушылардың кәсіби шеберлігі мәселесін күрделендіріп отыр. Өйткені, дәл қазіргі таңда оқушылардың жалпы және рухани мәдениетін мұғалім анықтайды. Педагогикалық энциклопедияда педагогикалық шеберлікке мынадай анықтама береді. Өзінің аты бойынша балаларды сүйетін және өзінің тәрбиелеу және білім беруін барлық уақытта жоғары деңгейде жаңалап отырады.  
      Педагог - өз ісінің шебері. Бұл дегеніміз жоғары мәдениетті, өз пәнін терең білетін, өзіне тиісті ғылым және мәдениет салаларымен жақсы таныс, психологиялық мәселелерін практикалық түрде талдай білетін, тәрбиелеу мен білім беру әдістемесін терең меңгерген маман. Осылайша, педагогикалық шеберліктің маңыздылығын кәсіби әрекеттерді ұйымдастырудың жоғарғы деңгейін қамтамасыз етуші жекелік қасиеттердің жиынтығы деп көрсетеді. Бұл қасиеттерге оқытушы әрекетінің гуманистік бағытталуы, кәсіби білімі, педагогикалық ерекшеліктері жіне педагогикалық техникасы жатады.  Ғылымда сонымен бірге педагогтың меңгеруі қажетті нәрсе- педагогикалық технология деген түсінік бар. Педагогикалық түсінік дегеніміз - тәрбиеленушілерге әсер етуші әдістер мен тәсілдерді меңгеру. Сонымен қатар әртістіктің кейбір әдістерін игеру, сөйлеудің, демалудың, дауыс көтерудің, мимиканың әдістерін білу.  Егер бала нашақормен, қылмыскермен немесе маскүнеммен бірге қиын жағдайға ұшырап қалса, мұғалім олармен әңгімеде тіл таба білуі керек және жай ғана сөйлесіп қана қоймай оларды сендіріп, әсер ете білуі керек.  Педагогтың шеберлігі туралы А, С. Макаренко былай деп жазған: ! Мен бұндай шебер дәрежесіне тіпті шебрліктің бар екендігіне сенбей жеттім.!! Немесе педагогикалық талант жөнінде әңгіме айтуға болды ма? Бізде талантты тәрбиеленушілер қанша? Және талантсыз тәрбиелеушінің қолына түскен бала не үшін зардап шегуі тиіс. Біз балалардың тәрбиесін талапқа қарап жасай аламыз ба? Жоқ. Шын білім туралы, тәрбиелей алу туралы.  Бастаушы педагогты шеберлікке не алып келеді? Педагогикалық әдебиеттер бұл сұраққа бір мағанада жауап береді-педагогикалық техника және талпыныстар. Басқаша айтқанда тәрбиеленушіні түсіне білу, яғни қарым-қатынас психологиясын білу, сөйлеудің ерекшеліктерін білу, сенің сөзіңді оқушылардың қалай қабылдап жатқанын білу, өзін -өзі бақылай білу, өзін-өзі ұстау қабілетін білу.  
Тәжірибе көрсеткендей, ешқандай сұрау салу және ешқандай сауалнама мұғалім мен оқушының, тәрбиеші мен тәрбиеленушінің әңгімесінің орнын алмастыра алмайды. Бұл процесте мұғалім тарапынан ақпараттық әңгіме басым болады. Бұндай жағдайда әңгіме бұзылып, түсінбеушілік пайда болады. Мектептегі педагог өзінің оқушыға деген психологиялық әсерін ескермейді. Педагог әр балаға жол таба білуі керек. Мейлі ол бала тұйық немесе бұзық, жалқау немесе ештеңеге қызықпайтын бала болса да. Педагог өзінің балаға деген бір ауыз сөзі, яғни көңілге жететін сөзі баланың өмірінде маңызды роль атқарып, жадында мәңгі жатталып қалатындай есінде қалуы керек.  

     Педагогикалық  шеберлік пәні жалпы педагогикалық  пәндердің бірі болғандықтан  педагогикалық мамандыққа кіріспе  , педагогиканың жалпы негіздері,  педагогика тарихы, тәрбие теориясы,  дидактика,  тәрбие жұмысының  әдістемесі пәндерімен тығыз  байланысты болады.

Қорыта келгенде, бүгінгі  талапқа сай мектепте білім берудің  жаңа саласына жету – мұғалімнің мейірімділігімен, білімімен, шеберлігімен тығыз байланысты. Өз мамандығына жан –жүрегімен берілген ұстаз ғана ұстаздық этиканы да, ұстаздық техниканы да, шеберлікті де жақсы меңгереді.

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Сағытаев Т.С. Педагогикалық шеберлік негіздері. Қарнағанды-1996ж.

2. Кукушкин В.С. Педагогикалық  қызметке кіріспе ростов-2002ж

3.Коджаснирова Г.М. Педагогтың  кәсіби білімін көтеру мәдениеті-М.1994ж.

4.Кан-Калик В.А. Никандаров  Н.Д. Педагогикалық шығармашылық-м.1990

5. Кан-Калик В.А. Грамматика общения-М.1995

 

 


Информация о работе Педагогикалық шеберлік пәні мақсаты мен міндеттері