Педагогика пәні, оның негізгі ұғымдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2013 в 17:28, реферат

Краткое описание

Тәрбие дегеніміз - адамдарды қоғамдық өмірге және өнімді еңбекке дайындау мақсатын көздеп, жаңа ұрпаққа қоғамдық-тарихи тежірибені беру процесі. Тәрбие ұғымы кең мағынада әлеуметтік қоғамдағы құбылыс ретінде барлық тәрбие салаларын, атап айтсақ: отбасы, мектепке дегіінга мекеме, оқу тәрбие орындары, еңбек ұжымы, ақпарат құралдары, баспа орындарын қамтиды. Біздің мемлекетте бұл салалар қоғамдық, мемлекеттік мақсатқа қызмет етеді.
Кең мағынада деген ұғымда бүкіл сыртқы әсерлердің, адамды қоршап тұрған, табиғи және әлеуметтік ортаның, тәрбиешілердің мақсатты іс-әрекеттерінің ықпалымен адамды қалыптастыру.

Содержание

1. Педагогика пәні, оның негізгі ұғымдары.
2. Педагогиканың шығуы және дамуы.
3. Педагогика ғылымының салалары және оның басқа ғылымдармен байланысы.
4. Педагогиканың методологиялық негізі және ғылыми пе¬дагогикалық зерттеу әдістері.

Вложенные файлы: 1 файл

Педагогика пәні.docx

— 33.08 Кб (Скачать файл)

Монографиялық бақылау арқылы алуан түрлі педагогикалық құбылыстар бақыланады. Мысалы: биыл бірінші сыныпқа  ңа-былданған оқушыларды зерттеу. Объектілері - оқушының мәдениеттілігі, ой-өрісі, мінезі, т.б.

Бақылау фактілері кезінде  белгіленіп отырылмаса, жақсы жүргізілген  бақылаудық өзі де құндылығын жоғалтады. Бақылауды күнделік дәптер түрінде  жүргізген ыңғайлы. Ең әуелі баланың  денсаулығы, отбасының құрамы, ата-аналарының мамандығы жөнінде қысқаша мәлімет  беру керек. Содан кейін бақылау  жөнінде жазулар болады. Жазулар  хронологиялық тәртіппен жүргізеді. Сабақ кезінде, үзіліс уақытында, сыныптан тыс сабақтың кезінде барлығын түгел  жазып отыруға мұғалімнің уақыты жоқ. Дегенмен, қысқаша жазып отыру  керек болады. Оқушылардың айтқан сөздерін, олардың сөздерінің өздеріне тән ерекшеліктерін сақтай отырып, сөзбе-сөз жазған жөн.

Әңгіме әдісі. Бақылау  мәліметтері әңгіме әдісі арқылы түскен деректермен толықтырылады. Оның арнайы жоспары болады. Әңгімелесу кезінде жеке адамдардық дербес ерекшеліктерін ескеруді керек етеді. Себебі, кейбір оқушылар мұғалім сұрағына жауап  бермей, өзінше сақтанып ар жағындағы  ойын айтпайды. Сондықтан әңгімелесуге мұғалім алдын ала дайындалу  керек. Жауаптар дәптерге жазылады. Кейде  оқушыға білдірмей магнитафонға жазуға болады. Әңгіме Бақылау және экспериментпен ұштасса, нәтижелі болады.

Педагогикалық эксперимент - педагогика ғылымындағы негізгі  әдіс. Эксперимент - оқыту және тәрбиенің  қандай да бір әдісін, тәсілін тәжірибе арқылы сынақтан өткізу. Педагогикалық  эксперименттің негізгі міндеті - педагогикалық  ықпал мен оның нәтижелері арасында байланыс орнату. Эксперимент өткізер  алдында белгілі бір педагогикалық  әдіс-тәсілдің тиімділігі туралы ғылыми гипотеза айтылады. Ғылымға сүйеніп  жасалған, алдын-ала айтылған ой - гипотеза деп аталады.

Көлемді экспериментке көп  оқушылар қатысады. Жергілікті, микроэксперименттерге  аз оқушы қатысады. Кең көлемді, ірі  эксперименттерді мемлекеттік, ғылыми мекемелер және білім беруді басқару  органдары өткізеді. Мысалы, XX ғасырдық 60-жылдарында балаға алты жастан бастап жалпы білім беру үлгісі тексеріліп, оған көп оқушылар қатысқан эксперимент  өтті. Нәтижелері жақсы болған соң  балалар алты жастан бастап білім  алуға көшті.

Ойдағы эксперимент - іс-әрекетті санада жасау. Жасанды жағдай - бір  не бірнеше оқушыны ұжымнан бөлу. Эксперимент педагогикалық жұмыстың қандай да бір әдісінің тиімділігі туралы қорытынды болғанда өткізіледі.

Тексеру эксперименті, ғылыми педагогикалық зерттеу институттары шығарған оқулықтарының пайдалылығын арнайы мектептерде тексеру эксперименті арқылы зерттейді. Мектептегі озат тәжірибелерді  зерттеу процесінде пайда болған болжамды анықтау үшін тексеру эксперименті қолданылады. Мысапы, педагогикалық  ғылыми-зерттеу институттары жаңадан  шығарылған оқулықтардың, бағдарламалардың тиімділігін тексеру эксперименті арқылы зерттейді. Оқу мен тәрбиенің  мазмұнын ұйымдастыру түрлерін, принциптері  мен әдістерін жаңадан құру үшін арнаулы эксперимент жүргізіледі, оны жасампаз эксперимент дейді.

Мақсатына қарай эксперимент  анықтаушы, тексеруші, нақтыландырушы деп бөлінеді. Озат және көпшілік тәжірибені зерттеу процесінде жасалған гипотеза тексеріледі. Жасампаз, өзгертуші эксперимент  арқылы жақсы жағдайлар жасалады. Зертханалық эксперимент жүргізу  үшін бір немесе бірнеше оқушыны  ұжымнан бөліп алу керек.

Табиғи эксперимент өткізу үшін зерттеуші жобаны оқу- тәрбие, басқару жұмысының күнделікті жоспарына  енгізеді. Зертханалық эксперимент  арқылы зерттеуші өзінің гипотезасын  алдын ала тексеру үшін жасанды  жағдайлар жасайды. Ол рөлдік ойынға ұқсас, себебі тәжірибедегі керек модель тексеріліп, табиғи экспериментке енгізу үшін өзірленеді. Нәтижесінде эксперимент  бағдарламасы жан-жақты түзетіліп, табиғи экспериментте қолдануға  әзірленеді. Табиғи педагогикалық процестің  нақты жағдайында жаңа үлгі бойынша  тәрбие, білім беріледі.

Мектеп құжаттарын зерттеуде  кейбір күдікті жайттарды құжаттарға сүйеніп зерттеуге болады. Мұрағат  мәліметтері, сынып журналдары, оқушы  күнделіктері, сыныптың оқу-тәрбие жоспары, үйірме жұмыстарының жоспары мен  есеп, үйірме мүшелерініңбаяндамалары, педагогикалық кеңестің хаттамалары, мектептің жылдық есебі, мұғалімдердің  озат тәжірибесі негізіндегі әдістемелік  баяндамалар және тәрбие жұмыстарының тақырыптарына жазылған баяндамалар  мен ғылыми мақалалар жатады. Педагогика тарихының мәселелерін мұрағат  мәліметтеріне сүйеніп зерттейді. Оқу жұмысының жетістіктері менкемшіліктерін ашып, тиісті қорытынды шығаруға мүмкіншілік  береді.

Оқушылардың жұмысын зерттеу. Оқушылардың жазба, бақылау және графикалық жұмыстары, суреттері, пәндер бойынша дәптерлері, әр түрлі тақырыптарға жазылған баяндамалары мен рефераттары  және еңбек сабақтарында жасаған  заттары зерттеушіні кейбір қажетті  мәліметтермен қаруландырады. Оқушылардың  дербес қабілетін, оқуға және еңбекке  көз-қарасын, тәжірибелік даярлығын, мұғалімдердің де іс-әрекетін зерттеп  анықтауға болады. Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуінің жаппай және дербес орындайтын жұмыстарын ұштастырып жүргізудің және осы сияқты дидактикалық мәселелерді қолданудық тиімді жолдарын іздестіреді.

Кибернетикалық және математикалық  әдістерді педагогикалық зерттеулерге енгізу. Бұл әдістер әр түрлі педагогикалық  құбылыстардың өзара сандық байланыстарын, олардың өлшемін, сапалық ерекшеліктерін айқындау үшін қолданылады. Бұл үшін әр түрлі көрсеткіштерді, мысалы, оқушының сабаққа қатысуын, алған бағаларын, мектепте таза, жинақты жүруін, т.б. белгілі уақыт ішінде қалай өзгеруін тіркеу, тәртіпке келтіру немесе реттендіру, яғни, бөліп отыру жүйелі жүргізіледі.

Педагогикалық зерттеулерде математикалық әдістерді қолдану  эксиперименттік зерттеулердің  сандық деректеріне статистикалық  өңдеу жасау үшін қажет.


Информация о работе Педагогика пәні, оның негізгі ұғымдары