Педагогтың кәсіби – құзыреттілігі — өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиеле көрсеткіші

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Ноября 2013 в 08:10, реферат

Краткое описание

Қоғамда болып жатқан әлеуметтік – экономикалық өзгерістерге сәйкес білім беру мақсаты мен міндеттері окушыларды әлемдік даму деңгейіне сәйкес келетін белгілі бір біліммен қаруландыруды және үлттык, сана – сезімін тәрбиелеуді көздейді. Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне — өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік, дүниетанымы дұрыс қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны айрықша. Мектеп — қазіргі қоғамның дамуымен, әлеуметтік практикамен тығыз байланысты. Мектеп өмірі балаға жаңа әлемнің есігін ашып беріп, рухани дүниесінің қалыптасуына негіз салады.

Содержание

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім. Педагогтың кәсіби – құзыреттілігі — өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиеле көрсеткіші
ІІІ.Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

Документ Microsoft Word (5).docx

— 34.47 Кб (Скачать файл)

Жоспар

І.  Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім. Педагогтың кәсіби – құзыреттілігі  — өскелең ұрпақты оқыту мен  тәрбиеле көрсеткіші

ІІІ.Қорытынды

IV. Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Қоғамда болып жатқан әлеуметтік – экономикалық өзгерістерге сәйкес білім беру мақсаты мен  міндеттері окушыларды әлемдік даму деңгейіне сәйкес келетін белгілі  бір біліммен қаруландыруды және үлттык, сана – сезімін тәрбиелеуді  көздейді.                                                                                                Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне — өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік, дүниетанымы дұрыс қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны айрықша. Мектеп — қазіргі қоғамның дамуымен, әлеуметтік практикамен тығыз байланысты. Мектеп өмірі балаға жаңа әлемнің есігін ашып беріп, рухани дүниесінің қалыптасуына негіз салады.                                                                                     Тәрбиенің сан – салалы, күрделі мәселелеріне терең бойлауға бастайтын, күнделікті түрмыста кездесетін дағдылар аркылы баланың жан дүниесіне әсер ететін білім мен тәрбиенің алғашқы баспалдағы — бастауыш мектеп. Бастауыш саты — білім, дағды, іскерліктің қалыптасуының бастамасы болып табылады. Келешекте жалпы білім алумен кез – келген арнаулы мамандықтарға талпынудың іргетасы осы бастауышта қаланбақ. Өйткені баланың жеке бас қасиеттері, оның адамгершілігінің, белсенділігінін калыптасуы мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш сыныптарда жузеге аспақ. Оқушының рухани күш – куаты мен ерік – жігерінің, шығармашылық қабілетінін, жалпы мүмкіндіктерінің ашылар кезі. Бастауыш мектептің негізгі міндеті — жеке тулғаны дамытып, оның алғашкы қалыптасуын қамтамасыз ету, білімге деген сенімін нығайту, іскерлігі мен дүниетанымын қалыптастыру, окуға дегеп қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру болып табылады.                                 Ендеше, осы міндеттерді жүзеге асыратын басты түлға  — Ұстаз.     Тек мықты үстаз ғана осындай ауъір жүкті алып жүре алады. 
Халқымыз әрқашанда ұстаз мәртебесін көтеріп, аса жоғары кастерлеп, бағалаған. «Ұстаздық еткен жалыкпас, Үйретуден балаға», «Адамның адамшылығы жаксы ұстаздан болады», деп айтқан ұлы Абай. 
Ал чехтің педагогі Я.А.Коменский: «Мүғалім мәңгі нұрдың кызметшісі, ол барлық ой мен кимыл орекетіне ақьщдың донін сеуіп, нүр құятьш тынымсыз жалын иесі», — деп, ұстаздар қауымын жоғары бағалаған. 
Мектеп табаддырыгын аттаған жас бала ертеңгі ел түткасы десек, оларды парасатты, саналы азамат етіп тәрбиелеу — әрбір ұстаздың борышы. Бүгінгі мүғалім кіші мектеп оқушыларына тек білім беріп қана қоймай, оларға халықтык педагогиканың нәрлі қайнарымен сусындату, әрбір оқушы бойына үлттық мінез – құлық, адамгершілік, сыпайылық пен кішіпейілдік қасиеттерін калыптастыруға, баланың жан дүниесін рухани қазыналармен байытуға, қазақ халқының әдет – ғұрпын, салт – дәстүрін меңгертуге тиіс. 
Алдыңгы қатарлы тәжірибені жетілдіре отырып, оқу үрдісіне жаңа әдіс-тәсілдерді, оқытудың жаңа технологияларын енгізіп, окушылардың жалпы дамуын камтамасыз етуі керек. Мұндай жағдайда мүғалімнің шеберлігі, үйымдастырушылык кабілеті үлкен рөл атқарады. Кіші мектеп окушылары үшін муғалім олардың еліктейтін, үлгі ететін абыройлы жан. Олар ұстазының бүкіл іс – қимылына, жүріс – тұрысына, сөйлеу мәнеріне, адаммен қарым – қатынасына еліктейді. Сондықтан да жауапкершілігі мол, адал да мейірімді, әділ де парасатты, рухани дүниесі бай педагогтар ғана балаға білім мен тәрбие беріп, оның жан дүниесіне әсер ете алады.

2.1 ІІ. Негізгі бөлім.  Педагогтың кәсіби – құзыреттілігі  — өскелең ұрпақты оқыту мен  тәрбие көрсеткіші

Жоғарыда аталған  міндетті шешу және қазіргі кезде  білім берудің мемлекеттік стандарттарының  жасалуы, оқушылардың стандарт деңгейінен кем емес білім алуының талап  етілуі оқытудың дәстүрлі әдіс — тәсілдерін өзгертіп, озық технологияларды қолдануды, мүғалімдердің әдістемелік даярлықтарына  қойылатын талаптар деңгейін көтеріп, олардың оқытудың жаңаша әдіс —  тәсілдерін, жаңа технологияларын меңгеруін  қажет етеді. 
Ал, жаңа технологияны меңгерудің қажетті шарттарының бірі – мұғалімнің кәсіптік білімін жетілдіду болып табылады.                                                  Мұғалімнің өздігінше кәсіби білім көтеруі – жалпы мәдеииет пен кәсіби тілектерін өтеу, танымдық мұддесін қанағаттандыру максатында арнайы жүйелі түрде ұйымдастырылған, жан – жақты, жеке және кәсіби маңызды танымдық қызмет. Бұл мұғалімнің шығармашылық қабілеті мен кәсіби шеберлігінің қалыптасуына тығыз байланысты, оның кәсіби өсуі мен педагогикалық қызметінің қорытындысына тікелей бағытталған көпсатылы қызмет болып табылады. Түптеп келгенде, бул тәрбиеленушілердің жеке тұлға болып қалыптасуына игі әсерін тигізері сөзсіз.                                                                Мұғалімнің өз бетімен кәсіби білім жетілдіруге дайын болуы   білім жетілдіру қызметін жүзеге асыру үшін қажетті іс — әрекет пен амалдарды колдана отырып, өз кәсібі мен тәрбиеленушісіне деген эмоционалды бағалау қарым – қатынасын айқындайтын деңгейі арқылы анықталады. Өзі жеке тұлға болып қалыптасқан адам ғана езгеден де соны керіп, дамыта алады. Өзін маман әрі жеке түлға ретіиде көрсете алатын мұғалім еш уақытта өзінің жақсы қасиет, қабілеттерін саналы түрде дамытып, жетілдіруден жалықпайды. Жеке тұлғаның өз «менін» қалай көрсете білуі, оның қаншалықты саналылығын жәие жетілу деңгейін байқатады.                                                                                  Педагогикалық рефлексия – бұл тек өзіне және өзінің іс — әрекетіне баға беру ғана емес, сонымен бірге педагогикалык, қарым – қатынасқа түскен өзге жандардың да өз — өздерін қалай түсінетіндіктерін байқау, өзін — өзі тану, өзінің әлсіз жақтары мен потенциалдық мүмкіндіктерін аша білу үшін қажет. 
Өзіндік талдау жасаудың маңызы мұғалімнің мінсіздікке жетуге ұмтылу факторы ретінде қаралатындығында. Өзін — өзі тексеру деп мұғалімнің өз іс -әрекеті мен жалпы педагогикалық қызмет құбылыстарын салыстыра отырып, өзінің педагогикалык, қызметіне жасаған талдауын айтуға болады. Өз кызметіне талдау жасап отыру мұғалімге қызмет бабында туындап отыратын қиындықтарды сезініп, оларды шешудің мақсатқа жеткізер кәсіби жолдарын табуына көмектеседі. Қиындықтар муғалімнің дайындық сипатының жеке ерекшелігіне, оның кәсіби бағыттылығына, сынып пен жеке балалардың ерекшеліктеріне бзйланысты педагогикалық процестің кез келген   буынында пайда болып отырады. Қиындықтардың туу себептерін анықтай білу — мұғалімге өзінің педагогикалык қызметінің барысында өз білімін жетілдіру мен өзін — өзі тәрбиелеу жолдарын белгілеуге жәрдемдеседі.                             Педагогтың өз бетімен білім жетілдіру қызметі әр түрлі мазмұндық және функционалдық қурамдас бөліктерден тұрады.                                                        Мазмұндық құрамдас бөлікке жалпы мәдениеттілік, пәндік, психологиялық – педагогикалық және әдістемелік жағынан өз білімін көтеруі жатады. Педагогтың жалпы мәдениеттілік білім көтеруі жалпы педагогикалық құндылыққа толы ақпаратты қабылдау, соған ие болуға арналған.                        Ал, өз білімін психологиялық – педагогикалық жағынан көтеруі — педагогикалық және психологиялық әдебиеттермен тереңірек танысып, оқып үйрену болып табылады. Осы бағытты арнайы зерттеу мен одан алынған нәтижелерге сүйене отырып, бұл аспектінің білім көтерудің өте бір әлсіз буыны екеніне көзіміз жетті.                                                                                     Мұғалімнің әдістемелік жағынан білім көтеруі пәннің оқытылу әдістемесін одан әрі тереңдету, нақтылау, өңдеу, кеңейту болып табылады. Бұл арнайы әдістемелік әдебиетті, оқулықтарды, педагогикалык тәжірибені оқып үйрену арқылы, өз кызметін талдап қорыту арқылы жүзеге асырылады.      Бұл бағыт көптеген мұғалімдерде жиі байқалады, бірақ бар- 
лық жағдайда бірдей алынған ақпарат саналы түрде шығармашылық тұрғыдан өңделмей, сын тұрғысынан талданбай, тек еліктеушілік сипатта қала береді.                  Кәсіби шеберлігі шыңдалып қалыптасқан муғалім үшін бұл да оның өмірінің кәдімгі үйреншікті тірлігіне айналады. Кәсіби перспективтік өздігінше білім алу — бұл муғалімнің өзінің педагогикалық қызметінің нәтижесін талдау негізінде пайда болған белгілі бір психолог иялык, — ледагогикалық немесе әдістемелік мәселе төңірегінде ұзақуақыт бойы жұмыс істеуі.                                  Өзектілік тұрғысынан педагогикалық өздігінше білім алу дегеніміз — бұл тез шешім қабылдауды қажет ететін педа-гогикалық қызметтегі кейбір елеулі, маңызды, бірақ жекелеген қиындықтар-мен жұмыс. 
Мұғалімнің өз бетінше кәсіби білім алуының мазмұндық компоненттерінің әрқайсысы әртүрлі деңгейде қалыптасқан болып, соның нәтижесінде барлық өзбетінше білім алу қызметі көл деңгейлі білім алу ретінде көрінуі мүмкін.                 Қазіргі заман талаптарына сай мүгалімдерді даярлауда жаңа мақсат – міндеттер  қойылып отыр. Мұғалімнің кәсіби білім мен біліктілігі жоғары деңгейде болып, окушылардың тұлғалық қасиеттерін дамыту проблемаларын шешуге шығармашылық қабілеттері болуға тиісті. Мүғалімнің кәсіби даярлығын жетілдіруде екі негізгі міндетті орындау кджет:                                      — бірінші мәселе — ұстаз қызметінде тәрбие беру мәселесі;                                 — екінші мәселе — дидактикалық даярлығын арттыру;                           Мақсатты және бағдарламалық — мақсаты тәсілдерді дамьпу педагогикалық оқу орындарының муғалімнің тәрбиелік міндеттерінің көбеюі (кәсіби қажетті білім, дағды, мүмкіндіктерінің ауқымын кеңейту) және оқу орын қабырғасында жүрген осы қажетгіліктер ауқымын нақты игеру мүмкіндіктерінің арасындағы қайшылықтарды жоюға бағытталған. Болашақ мүғалім — тәрбиеші жүмысының, мазмүндық және міндеттік қырларын нақтылау факультет пен мамандық ерекшелігі ескеріліп, кджетгі және сьтомс маліметгерді таңдап алу негізіңде жүргізілу қажет. Негізгі педагогикалық ережелерді ғылыми пайдалану дәрежесін артгыру, педагогикалық қызметті игерудің сапасын жетіддіру де осы мақсатка қызмет етуге тиісті.                                                               ‘                                       Дидактикалық дайындық — кәсіби – педагогикалық даярлықтың негізгі жөне маңызды саласы.    Дидактикалық даярлықты қалай түсіну керек? Мұғалімдердің дидактикалық даярлыгына жататындар: олардың оқыту үрдісінің теориясы мен практикасы бойынша игерген білімдері, педагогикалық қызметке деген ынтасы мен мүмкіндіктері. Нақты айтқанда, оқытудың мақсаты мен мазмүны оны үйымдастырудағы қолданатын тиімді әдіс — тәсілдерді жете біліп, іске асырудың жолдарын меңгеруді дидактикалық даярлықты аньгқтайтын белгілер деуге болады.                    Осыған орай, педагогикалық қызметті атқаруға қажет мұғалімнің бойында мынандай дидактикальгқ қабілеттер болуы қажет: оқыту үрдісін жоспарлай білуі, оны мақсатты турде ұйымдастыра алуы, жүйелі түрде бақылау мен бағалау ісін орындап отыруы.  Мектсптсгі оқыту дидактикалық үрдіс болғандықтан, болашақ мүғалім оның өзіне тән психологиялық, педагогикалық ерекшеліктерін білуі өте қажет. Оқыту үрдісінің басты компоненті — оқытудың мақсаты мен мазмұны. Оқушылардьгң рухани дамуына, ең алдымен, оқытудың гыльгми мазмүны мен гуманитарлық бағыты орасан зор ықпал етеді.                                                                 Психология, педагогика ғылымдарын оқыту барысында болашақ мүғалімдердің дидактикалық білімдері мен дағдыларын арттыру мақсатында педагогикалық қызметтің кәсіби қүрылымы мен оның моделі туралы, сондай – ақ, мектептегі оқушылардын танымдық әрекетін қалыптастырудың психологиялык, жөне әдістемелік құралдары мен тиімді жолдары туралы жан  жақты білім беру міндеті туындайды.                                                                         Жас мүғалімдердің қызметіндегі дидактикалық қиындықтар негізінен олардың мынандай іс — әрекетінен байқалады:                                                         -  ұстаздық қызметтің мазмұны мен кқрылымдык, жағына байлан|ыс іс-әрекетінде;                                                                                                                 -  оқушылардың танымдық орекетін қалыптастырудағы іс — әрекетінде; -  дарынды балалармен, үлгермейтін оқушылармен дара жүмыс істеудсгі әрекетінде;                                                                                                                 Жас мүғалімдердің үстаздық қыз.мет-ке тән іс-әрекеттің негізгі түрлерін (қүрамды бөліктерін) жете меңгере алма-ғандыгын емір көрсетіп отыр.              Оған мыналар жатады:                                                                                     -  үстаз қызмегіңцегі мақсат қоя білу ісі;                                                         -  білімнің мазмүнын игеру ісі;                                                                          -   оқушылардың білім алуға деген мүмкіндіктері мен психологиялық ерек-шеліктерін анықтау (диагностикалау) ісі;                                                           -  сабақ өткізудің әдістемелік жагын үйымдастыра білу ісі;                                -  оқушылармен жақсы қарым — қатынас жасай білу ісі (коммуниактивтік орекет);                                                                                                                         -  оқушыларды білімге ынталандыру, қызықтыру іс-эрекеті;                     -  оқушылардың білім, дағдыларын бақылау жоне бағалау іс — әрекеті.          Жас мүғалімдердің қызметінде кездесетін дидактикалық қиындықтардың көбірек орын алатьндары мыналар:                                                                                    -  оқыту үрдісінде оқушылардың танымдық әрекетін, логикалық ойлау қабілетін қалыптастырудағы қиындықтар;                                                            — оқушылардың оқу өрекетінің дағдыларын қалыптастырудағы киьшдықтар; дарынды балалармен және үлгермейтін оқушылармен жекелеп жүмыс істеудегі қиыңдықтар.                                                                                  Мұғалімдері қандай болса, когамы да сондай деген бұлжымас заңдылық ерте уакыттардың өзінде – ақ белгілі болды. Адамзат өркениетінің даму тарихында жақсы мектебі мен мүғалімдері бар мемлекеттер гана алга озып шыққан. Мүғалімнің рөлін томендету кашанда болмасын мемлекетті аздырып, әдет – ғүрыптарды нашарлататын кынжытарлық жагдайлармен аяқталып отырған.                                                                                                         Алғашқы талап — педагогикалық қабілеттіліктің болуы — оқушылармен жұмыс жүргізуге бейімділіктен; балаларға сүйіспеншіліктен; олармен қарым – қатынаста қанағаттанудан керінетін тұлғалық сапа.                                       Мәселен, В.А. Сластенин қабілеттердің мынаңдай негізгі топтарын баліп керсеткен:                                                                                                                         1.   Ұйымдастырушшық: мұғалімнің оқушыларды топтастыра алуы, оларды іске араластыру, міндеттерін бөліп беру, жүмысты жоспарлау, атхдрылған ісгің қорьггын-дысын шыгару және т.б. біліктерінен байқалады.               2.  Дидактикалық: оқу материалын көрнекілік, құрал – жабдықтарды іріктеу және дайындау; оқу материалын үғынықты, анық, мөнерлі, сеніңді жене бірізділікпен баяндау; танымдық қызығушылықтар меи рухани қажетгіліктердің дамуын ынталандыру, оқу — таньмдық белсенділігін арттыру және т.б.                                                                                                                 3.   Рецептивтік: тәрбиеленушілердін рухани әлеміне ене алу, олардың эмоциональдық көңіл – күйін объсктивті бағалау, психика ерекшеліктерін анықтау біліктерінде көрініс береді.                                                                     4.   Коммуникативтік: мұғалімнің оқушылармен, олардың ата-аналарымен, әріптестерімен, оқу орнының жетекшілерімен педагогикалық максатқа сөйкес қарым – катынастар орната алу білігінен байқалады                           5.  Суггестивтік: оқушыларға эмоциональды – еріктік ықпал жасаудан корінеді.                                                                                                                  6.  Зерттеуіштік: педагогикалық ситуациялар мен процестерді танып білу және объективті бағалау білігінен көрініс береді.                                                       7.  Ғылыми – танымдық: мұғалімнің педагогика, психология, әдістеме салаларындағы жаңа ғылыми білімдерді меңгеруге қабілеттілігіне саяды.                 Педагогикалық кабіяеттерді (талант, икемділік, бейімділік) педагогикалық алғышарты деп есептеуге тура келеді, алайда олар тіпті де шешуші кәсіби сапа емес. Мүғалім — ол қашанда ұлы еңбеккер.            Гуманизм — бұл мұғалім үшін міндетті сапа, яғни, өсіп жетіліп келе жатқан адамға жер бетіндегі жоғары құндылык, ретінде қарым – қатынас   жасау, бүл қарьш – қатынасты ол нақты істер мен қылықтарында көрсетеді. 
Мүғалім мамандығында түлғалық сапалар кәсіби сапалардан ажыратылмайды. Кәсіби сапалар арнайы білімдер, біліктер, ойлау жолдарын, әрекет одістерін игерумен байланысты.                                                                                                       Өзінің кәсіби еңбегіне суйіспеншілік — өз ісіне адалдық пен аямай берілтендік, тәрбие нотижелеріне қол жеткізгенге қуану, өзіне, озінің педагогикалық мамандығына ұдайы арттырып отыратын талап қоюшылық деп санаймыз.                                                                                                           Өзге мамандықтарға дол осы мұғалімдік секілді соншалықты жоғары талаптар қойылмайды.                                                                                           Сондай – ақ, бастауыш мектеп мүғалімінің жұмысын таддауда мүғалімдік шеберлік деп аталатын интефальды (біріктірілген) сапа алдыңғы орынға шығады. Педагогикалық. шеберліктің анықтамасы көп. Ең жалпы мағынада ол — тәрбиелеу мен оқытуды жоғары және үдайы жетіддіру өнері.   Шеберліктің негізіне мүғалімнің жеке мәдениеті, білімі мен ой — өрісінің педагогикалык, техникамен, сондай-ақ, алдьңғы озық тәжірибемен ұштасып, қорытьлуы алыннған. Шеберлікті меңгеру үшін көп нөрсені білу және істей алу қажет. Теорияны білу, оқу – тәрбие процесінің тиімді технологиясын пайдалана білу, оларды нақты жағдай үшін дүрыс тандау, тиісті деңгей мен сапаны белгілеу, болжау жоне жобалай алу кажет.                                                                 Педагогикалық шеберлікті кұрайтындар аз емес. Ол, ең алдымен, оқу процесін барлык, тіпті жағымсыз жағдайлардың озінде қажетті деңгейдегі торбиелік даму жоне білімге қол жеткізуге болатындай етіп ұйымдастыру білігінен корінеді.                                                                                     В.А.Сластениннің пікірі бойынша, мұғалім профессиограммасы мыналарды қамтиды:                                                                                               1) қоғамның саяси сапалары;                                                                                    2) әлеуметтік – психологиялық, этикалық – педагогикалық және ұстаздың жеке басының сапалары                                                                                            3) психологиялық және педагогикалық даярлық;                                      4) мамандық бойынша даярлық;                                                                     5) пән бойынша даярлық.                                                                       Бұл сапалар мұғалімдік қызметке қойылатын жалпы талаптардан туады.       А.Николс ұсынған жаңалық енгізудің модел инновацияның үш турлі кезеңін даярлық, жоспарлау, жаңалықты енгізуді қамтиды. Инновацияның мазмұндық құрылымына кіретіндер — білім беру — тәрбиелеу үрдісінде, оқу — тәрбие жұмысын және оларды меңгеріп алу, зерттеу, мектептегі оқу – тәрбие үрдісіне енгізу.                                                                                              Болашақ ұстаздың инновациялық іс — әрекеті төрт түрлі өлшеммен сипапалады:                                                                                                       ♦   инновациялық іс — әрекеттің қажеттілігін сезінуі;                                        ♦  оқу үрдісіне жаңалық енгізуде шығармашалықпен қызмет етуге даярлығының болуы;                                                                                                        ♦ енгізілетін жаңалықтардың бағытының дұрыстығына тиімді нәтиже әкелетініне сенімді болуы;                                                                                         ♦   белгілі проблеманы шешудегі қолданылатын инновациялық іс -  әрекетті толық өзіне қабылдап, оны енгізе білуі.                                          Мұғалімінің инновациялық іс-әрекетін ғалымдар былай сипаттайды:            1. Инновациялық іс — әрекеттің негізгі міндеттері:                                      ♦  жаңалықты тұтастай және жекелеген кезеңдерінің нәтижелерін болжау;        ♦   жаңалықтың жетімсіз жақтарын анықтап, оны енгізуді ұйымдастыру кезінде толықтыру мақсатын көздеу;                                                                       ♦ жаңалықтарды басқа жаңалыктармен салыстырып, олардың тиімдісін тандап алу, мәні мен зерттелуін анықтау;                                                                      ♦  жаңалық енгізілетін ұйымның инновациялық қабілетін бағалау.                        Бұл міндетті шешу үшін (зерттеу проблемасы бойынша) мынадай косымша міндеттер шешілуі қажет:                                                                  ♦ арнайы әдістемелік әдебиеттерді, қосымша газет-журнал материалдары-нан, жекелеген әдіскерлер еңбектерінен инновациялық іс-әрекет түрлерімен танысып, оларға талдау жасау, қолданылу мүмкіндіктерін айқындау;                        ♦   өз іс — әрекетіне үнемі әдістемелік талдау жасап отыру.                                   2. Болашақ маманның кәсіби педагогикалық функциялары: конструктивтік, ұйымдастырушылық, қарым – қатынастық, дамытушылық, ақпараттық,зерттеушілік.                                                                                            Бұл функцияларды іске асыруда мұғалім іс-әрекетінің түрлері бөлініп корсетілген:                                                                                                              ♦   өзінің және оқушының іс — әрекеті жоспарлауда оны дамыту мен қалып-тастыру үрдісінде құрылымдық тұрғыда іске асыру іс — әрекетінің міндеттерін шешу үшін, мұғалім оқу — тәрбие жұмысының бастауыш білім берудегі білім мазмұны мен кезеңдерінің әдістемесінің бірлігін сақтау;          ♦   оқушы іс — әрекетінің құрылысын жоспарлау және оған педагогикалық жетекшілік жасау;                                                                                                       ♦   негізделген инновациялық іс-әрекеттерді тандау, анықта                       ♦   ұжымдағы оқушылардың жеке бас ерекшеліктеріне сәйкес тапсырма-ларды ұйымдастыруы қажет.                                                                            Бұл құрылымдық тұрғыны іске асыруда мұғалім ғылымның, әдістеменің соңғы жаңалыктарын, инноваииялық іс-әрекетті пайдаланып құрылған сабақтар жүйесін жасайды. Сабақтың әр кезеңін шығармашылықпен өткізіп, оқушы іс-әрекетін ұйымдастыруда инновациялық іс — әрекетті тиімді қолдану жоспарын жасайды.                                                                                       Ұйымдастырушылық іс — әрекет міндеттерін шешу үшін:                             ♦  оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынасты ұйымдастыру;              ♦ оқушының оқудағы психологиялық және практикалық даярлығын ұйымдастыруға жағдай жасау                                                                                   ♦   оқушыларды әртүрлі оқу — тәрбие жұмыстарына баулу;                                     ♦ шығармашылықтарын дамытуға бағытталған жұмыстарды ұйымдастыру;                                                                                                          ♦   сабақты тыңдауға, білімді қабылдауға оқушыларды дайындай білуі.                  Қарым – қатынас тұрғысындағы әрекетті іске асыру:                                            ♦   оқушы мен мұғалім арасында іскер қарым-қатынас орнықтыру;              ♦ оқу үрдісіндегі ұжымдағы оқушылар қарым-қатынасын жақсарту.            Дамытушы тұрғыдағы іске асыру қызметі:                                                     ♦ инновациялық іс-әрекетті оқушының жас өспірім физиологиясына, педагогикалық-психологиялық ерекшелігіне сәйкес қолдану;                              ♦   оқу үрдісіне оқушының ақыл – ой еңбегін ұйымдастыру;                      ♦ оқу үрдісінде педагогикалық жағдаят тудыру арқылы, оқушының өздігінен ойлауымен оқылатын  шындық болмыс арасындағы байланысты білу ♦   оқушының білімге қызығушылығын арттыру;                                           ♦   алдыңғы қатарлы озық тәжірибелердің оқушы білімін дамытушы әдіс — тәсілдерін қолдану.                                                                                Акпараттық функцияны іске асыру қызметі:                                                   ♦ оқу материалдарын еркін меңгеріп, оны жеткізе білу әдістемесі мен тәсілдерін қолдана білу;                                                                                       ♦   пән мазмұнына ғылыми – дидактикалық талдау енгізу;                            ♦  оқытуда жаңа технологиялар элементтерін қолдану.       Зерттеу функциясы қызметін іске асыруда:                                                                            ♦   проблема бойынша зерттеу жұмысын жүргізу;                                         ♦   педагогикалық қызмет түрлерін қайта күру мен бағалау;                            ♦   инновациялық іс — әрекетті тиімді пайдалану мақсатында оқып үйрену.     Мұндай жеке бас қасиеттеріне авторлардың көбі білімді, дағды   мен іскерлікті және жеке бас сапаларды жатқызады. Жұмысымызда жеке бас қасиеттерінің әр көрсеткіштеріне жете тоқтап, талқылауды жөн көрдік. 
Білім сферасына біз идеологиялық әдістемелік, психология – педагогикалық және ақпараттық мағлұматтарды жатқыздық.                                       Идеологиялық мағлұматтарга: қоғам дамуының тенденцияларын айқындау, бастауыш білім беруді жетілдіру, философиялық, педагогикалық-психологиялық көзқарастарының болуын жатқыздық.                                     Психология – педагогикалық көрсеткішке: педагогикалық этика, инновациялық іс — әрекетті меңгеруге мұғалімнің психологиялық даярлығын, жаңалыққа сенімінің болуы, қолданылған талпынысының болуы, педагогикадан, психологиядан, әдістемелік пәндерден білімінің болуы, инновациялық іс — әрекет өлшемдерін, алдыңгы қатарлы озық тәжірибе туралы білімінің болуын жатқыздық.                                                                           Ақпараттық білімге: инновациялық іс — әрекет туралы ақпарат материалдарын жинақтауды, мұғалімнің монографиялық, периодикалық, анықтамалық әдебиеттермен жұмыс жүргізе білуін жатқыздық.                              Өз зерттеуімізде мұғалімнің жеке бас қасиетінің негізгі мамандыққа тон мынадай іскерлік түрлері қалыптасуы қажет деген ойға келіп отырмыз:                  ♦   бастауыш сыныптарда қолданылатын жаңашыл әдістемелерді анықтау іскерлігі;                                                                                                                   ♦   әр оқушының жеке басының қабілетін есепке алу іскерлігі;                           ♦   оқушылардың таным қабілетін, өздігінен білімін, іскерлігі мен дағдысын жстілдіру іскерлігі;                                                                             ♦   жаңашыл одістемелердің мүмкіндігін мақсатксрлікпен пайдалана білу іскерлігі.                                                                                                                Мұғалім қызметінде осындай білім іскерлік пен дағдыны қалыптастыру жүйесін қолдану  оның кәсіби шеберлігін қамтамасыз стсді.                           Сонымсн инновациялық іс — әрекетті зерттеген ғалымдардың пікірлерін бір жүйегс келтіре отырып, біз мынадай қорытындыға кслдік: инновациялық іс — әрекет дегеніміз — мұғалімнің жаңашыл идеяларды, жаңашыл әдіс – тәсілдерді оқу – тәрбис үрдісінде өз кәсіби тәжірибесіне, мектеп жағдайына, балалардың білім дәрежесіне байланысты енгізуін айтамыз.                                               Инновациялық іс — әрекетті жүзеге асыру әрекетінің ролі — жаңа білім беру бағдарламаларынан, әдіс – тәсілдсрімен танысып, талдау; оларды оз жүмысында қолдану туралы шешім қабылдау; жаңашыл әдіс – тәсілдерді өз еңбегіндс қолдану мақсаттарын белгілеу; эксперименталды жүмыстың кезеңдерін жоспарлау; болашақ қиыншылықтарды болжау; жаңашыл әдіс – тәсілдерді, идеяларды педагогикалық үрдіске енгізу; инновациялық іс – әрекеттің нотижесін қорытындылап, бағалау, талдау.                                                   Жеке тұлғаға берілген көптеген ғалымдардың анықтамаларын сараптай келе, жеке тұлға дегеніміз — әлеуметтік қатынастар мен саналы іс — әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид. Жеке тұлғаның ең басты белгісі — оның әлеуметтік мәнінің болуы, әлеуметтік функцияларды (қызмет-терді) атқаруы деп атап көрсеткен.                                                                                                                      Осыған байланысты қоғамның басты тірегі адам — жеке түлғаны қалыптастыру мәселесі тың түрғыдан танылуда оның қалыптасуына әсер ететін факторлар да шетте қалмауы тиіс. Атап айтатын болсақ, педагогикада жеке түлғаның дамуы мен қалыптасуына әсер ететін шешуші факторлар: орта, тәрбие, тұқымқуалаушылық.                                                                                 Жеке түлғаны қалыптастырудағы шешуші факторлардың бірі — тәрбие.       Тәрбие — есіп келе жатқан жас үрпақты өмірге даярлау-дың барлық жағын қамтитын, жекетүлғаны ғасырлар бойы жиналған адамзаттарихын-дағы тәжірибені игертіп, біліммен жарақтандыруға бағытталған қоғамның талап-тілегіне тәуелді күрделі үдіріс. Тәрбиенің қоғамдық ортаның объективті, субъективті факторларына тәуелді болуы, жеке адам дамуы мен тәрбиенің байланыстылығы, тәрбиеленушілердің іс — әрекетін қоғамға пайдалы етіп үйымдастыру. Бізге бүрыннан белгі болып келген тәрбиенің үйымдастырушылары: отбасы – ата – ана, балабақша — тәрбиеші, мектеп — мүғалім.                                                                                                      .        Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі мәселесіне баса назар аудару керек. «Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігіне не жатады?» деген сураққа жауап бермес бурын, кәсіби қузіреттілік терминінің мәнін ашып алайық. Ол үшін В.А.Сластенин ұсынған кәсіби құзіреттілік ұғымына сүйенеміз. Кәсіби құзыреттілік — жеке тұлғаның кәсіби іс — әрекетті атқаруға теориялық және практикалық әзірлігі мен қабілеттілігінің бірлігі. Ал педагогтың кәсіби қузіреттілігіне муғалімнің оқу — тәрбие үдірісін ұйымдастыруда өз мамандығына байланысты барлық теория мен практиканы меңгеруі, жеке тұлғаны қалыптастыруда, яғни, оқушыларымен жүмыс істеуге бағытталған қабілеттерінің бірлігі. Осыдан кәсіби құзіреттілік ұғымына мұғалімге тән болуы тиіс барлық қасиеттер мен қабілеттер кіретіндігін аңғару қиын емес. Яғни, мүғалімнің білім – білік, дағдылары, өз мамандығына қатысты білімдер жүйесі, жүмыс істеу шеберлігі, мәдениеті, психологиялық қасиеттері, қарым- қатынас стилі, әдеп т.б жатқызамыз.                                                                         Педагогтың кәсіби құзыреттілігін төмендегідей: Олар: муғалімнің бойынан табылатын субъектілік, нысандық, пәндік компоненттер.               Егер аталған компоненттердің әрқайсысына жеке-жеке тоқталатын болсақ, онда:                                                                                                         — субъектілік компонентке: муғалімнің мақсат қоя білушілік, шығармашылық және өзін дамыту барысында өзіндік диагностиканы, өз ісіне талдау жасай отырып, езіне сыни турғыдан қарай апу шеберлігі жатады;               -  нысандық компонентке: кәсіби іс — әрекет жүйесін және мүғалімнің әрекетін-дегі қойылған міндетгерді шешудегі стратегиялық іскерлік.                      — пәндік компонент: өз оілімін жетілдіру мақсатында қажеттіліктерін қанағатгандыру.                                                                                                       Егер біз мүғалімнің кәсіби құзіреттілігін тек жоғарыда аталған компоненттер қурайды дейтін болсақ, онда маманның кәсіби құзыреттілігі үғымының мағынасын тарылтқан болар едік. Біздің пайымдауымызша, бастауыш саты мүғалімінің кәсіби қузіреттілігінің қүрамына келесі муғалімге тән кәсіби, даралык, қасиеттер болуы керек                                                             -  іргелі және кіріктірілген білімдердің жоғары деңгейінің болуы;            -  түйінделген іскерлікті, дағдыны, қабілетті меңгеруі;                                    —  кәсіптік – педагогикалық қасиетке жаңаша көзқараспен қарауы;              -  инновациялық технологияларды меңгеруі;                                                  — педагогикалық міндеттерді шешудегі кәсіптік, шығармашылық іскерлігі;         — шығармашылық шеберлігі.                                                                   Педагогтың кәсіби құзыреттілігін төмендегідей ашып айтуға болады:             — ірелі және кіріктірілген білімдердің жоғары деңгейікің болуы — яғни педагогика, тәрбие теориясы мен әдістемесі, ди-дактика, бастауыш сыныпта оқытылатын барлық пәндерді жүргізу әдістемесі, сол пәндер арқылы оқушыларға берілетін білімдерді терең игеру;                                                              -  түйінделгөн іскерлікті, дағдыны, қабшетгі меңгеруі — дидактикалық, танымдық, коммуникативтік, зерттеушілік, шығармашылық, өз білімін дамытуға деген қабілет, теория мен практиканы байланыстыра алу қабілеті, диагностикапық іс — әрекет. Ғылыми – зерттеу іс — әрекетімен айналысу;                -  кәсіптік – педагогикалық қасиетке жаңаша көзқараспен қарауы — бурыннан қалыптаеқан «мұғалімнің айтқаны әрқашан дүрыс» деген қағидадан аулақ болып, мүғалім тек ақпарат таратушы ғана болмай, оқушының жеке түлға бслып қалыптасуы-ның басты көмекшісі болуы керек, оқушы-нын, даму деңгейіне қарамастан, оның тулғасын қүрметтеу, авторитарлық биліктің орнын өзара бірлескен қызмет, көмек, оқушының аз да болса да жетістігіне қуана білушілік басыы болуы керек. Оқушылардың әрқайсысын тануға тырысу, өз маман-дығын сүю;                                                                                                -  инновацялық технологияларды меңгеруі — педагог өзінің шығармашылық іс — әрекетінің арқасында  тұтас педагогикалық процесті тиімді ұйымдастыру үшін қазіргі кездегі бар инновациялық технологияларды меңгеруі тиіс. Жаңа инновациялық технологияларды ғылыми ізденіспен тәжірибеге енгізуде өз үлесін қосуы қажет;                                                                                    -  педагогикалық міндеттерді шешудегі кәсігттік, шығармашылық іскерлігі                                                                                                                    — педагогикалық міндеттерді шешу барысында шеберлік танытып, өзінің білім, білік дағдыларын пайдалана отырып, оқушыларға тиісті білімдер жүйесін меңгерту. Оқушылардың білімдерін тексеруде мұғалімнің жүргізетін диагностикапық іс — әрекеті;                                                                                       — шығармашылық шеберлігі — мүғалім оқушыларды оқытып қана қоймай, оларды тәрбиелеумен айналысатыны белгілі, мек-теп өмірінде небір қиын жағдаяттар кездесіп жатады, сондай жағдаяттарда өзінің шығар-машылықпен ойлай білетіндігін, шеберлігін танытуы тміс. Сонымен қатар оқушылармен, сыныппен жүргізілетін түрлі мәдени шараларды ұйымдастыруда дайын жоспарларды пайдаланбай, сол сыныпқа, сынып ішінің қүрамына, сипатына тән жоспарлар жасап, оқушылар үшін, ата – аналар үшін, мүғалімнің өзінің өз ісіне қанағаттануы үшін қызықты іс – шара өткізе білуі шарт.

Қорытынды

В.А.Сухомлинский: «Барлығы да балалық шақтан басталады, жас  өспірімдердің моральдық бет-бейнесі  адамның балалық шақта қалай  тәрбиеленуіне байланысты» —  деп есептейді. Баланың дүрыс  тәрбиеленуі үшін оның тәрбиесін  жүзеге асыратын мүғалім, педагогқа  қойылатын талаптар кәсіби қузіреттілік шарттарына сай болуы керек. Кәсіби қүзіреттілікке қатысты анықтама және оның құрамды бөліктері жоғарыда аталып өтті, олардан аңғарғанымыздай  маманның кәсіби құзыреттілігіне мүғалімнің бойында болуға тиіс барлық қасиеттер  енеді.                                                                                             Олай болса, ол қасиеттерге ие педагог қандай жетістіктерге жететіндігін атап өтейік.     Педагог маман сыныпта жүргізілетін пәндерде балаларға       берілетін барлық білімді жетік білуі, материалды түсінікті жеткізуі, оқушылардың білімін дүрыс бағалай білуі, олардың бойында тәжірибелік білімдерді қалыптастыруы. Өзінің іс — әрекетін сыни тұрғыдан бағалап, кәсіби құзіреттілікті жетілдіру, оқущылармен дүрыс қарым – қатынас ор-нықтыра білу, ата – аналармен тіл табыса алу, сөйлеу мәдениетін жаттықтыру сияқты қасиеттер мүғалімнің жұмысын жеңілдетіп, оқушылары мен олардың ата – аналарына сыйлы болатына даусыз. Өз білімін жетілдіре отырып, оқушыларды арнайы үғымдар мен терминдерді пайдаланып сөйлеуге үйрету, оқушыларды ғылымға жақындатады, әрі олардың алған білімдері негізді болады. Оқушылардың оқуға деген қызығушылықтарын ояту, оларды өздігінен білімдерін жетілдіруге дағдыландыру, сабақты жүргізуде қазіргі іс -тәжірибе мен еткеннің озық тәжірибелерін шебер пайдалана білу оқытушының құзыреттілігін танытады. Мүғалімнің құзыретгілігі оның сабақты нәтижелі жүргізуіне де тікелей байланысты.                                                                                                    Оқыту процесінде тәрбие жүмысын тиімді жүргізе білу, оқушыда жоғары адамгершілікті, патриотизм сезімін, еңбексүйгіштік, дербестікті қалыптастыру білігі педагогтык шеберліктің тағы бір элементін қүрайды.                                 Осылайша, педагог қазіргі қоғам талаптарын ескеріп, өзінің алдына педагогикалық міндеттерді қоя және шеше білетін, оқыту мен тәрбиенің озық технологияларын меңгерген, білім беру процесін баскара алатын, тәжірибеде педагогикалық ситуацияларды оқушы түлғасының дамуына бағыштап жобалай және жүзеге асыра алатын бәсекеге қабілетті, шығармашыл тұлға болуы қажет.

Пайдаланған әдебиеттер

1. Айтмамбетова  Б.Р, Бейсенбаева А.А. Жеке адамның  дамуы, тәрбиесі. — Алматы: КазПИ,1991.

2. Қоянбаев Р.М., Қоянбаев Ж.Б. — Ал-маты: Педагогика, 2000

3. Сластенин В.А.  и др. Педагогика: уч. пособие. —  Москва: Академия, 2004.

4. Кенжебеков Б.Т.  Педагогика ғылымдарының.докторы  ғылыми дәрежесін алу үшін  дайындалған диссертациясының авторефераты. Жоғарғы оқу орны жүйесінде  болашақ мамандардың кәсіби қүзіреттілігін  қалыптастыру. — Қарағанды, 2005


Информация о работе Педагогтың кәсіби – құзыреттілігі — өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиеле көрсеткіші