Педагогтың мимикалық және пантомимикалық мәнері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Ноября 2015 в 03:11, реферат

Краткое описание

1. Педагогтың мимикалық және пантомимикалық мәнері
Вербалдық емес сөйлеу құралы
Бұл келесі құралдар жатады:
1) паралингвистік (интонация, паузация, дем, дикция темп, дауыс, ритмика (ырғақ), тон, мелодика);
2) экстралингвистик (есік қағу, күлкі, жылау және басқа да дыбыстар);
3) кинесикалық (жесттер, мимика, көздің контактысы);
4) Проксемистік (тұрыстар, дене қозғалыстары және дистанция)

Вложенные файлы: 1 файл

5 тапсырма.doc

— 60.50 Кб (Скачать файл)

 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ  ҒЫЛЫМ МИНИСТЛІГІ

 

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ


                                   Педагогика және психология факультеті

 

 

 

 

 

 

ТАҚЫРЫП: Педагогтың мимикалық және пантомимикалық мәнері

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған: Бокаева. К. А.

Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі

1  жеделдетілген курс

Педагогтың мимикалық және пантомимикалық мәнері

Жоспар:

1. Педагогтың мимикалық  және пантомимикалық мәнері

2. Отбасындағы сөйлеу  мәдениеті.

3. Мұғалімнің жеке тұлғасы – кәсіби қызметінің негізгі.

4. Пайдаланған әдебиеттер тізімі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Педагогтың мимикалық  және пантомимикалық мәнері

Вербалдық емес сөйлеу құралы

Бұл келесі құралдар жатады:

1) паралингвистік (интонация, паузация, дем, дикция темп, дауыс, ритмика (ырғақ), тон, мелодика);

2) экстралингвистик (есік  қағу, күлкі, жылау және басқа  да дыбыстар);

3)  кинесикалық (жесттер, мимика, көздің контактысы);

4) Проксемистік (тұрыстар, дене қозғалыстары және дистанция)

Ғалымдардың ойынша коммуникативтік процесс толық болмайды, егер біз оның вербальды емес құралдарына ауытқысақ. Вербальды емес құралдар қарым-қатынас нені енгізеді. Олар:

1) вербальды мәліметтердің бастапқы  немесе кейінгі бөлімдеріне назар  аударады;

2) вебральды түрде жеткізілгендердің  бәрін таң қалдырады;

3) айтылатын ойдың мазмұнына  қарсы келетін мағыналарды көрсетеді;

4) паузаларды толықтырды  және түсіндіреді. Бұл оның ойын  жалғстырғысы келумен керекті  сөздерді іздестіруін көрсетеді;

5) сөйлеушілер арасындағы  қарым-қатынасты сақтайды және  сөйлемдер үйлесімділігін арасындағы қарым-қатынасты сақтайды және сөйлемдер үйлесімділігін тәртіпке келтіреді;

6) жеке сөздердің немесе  сөйлемдердің орнын ауыстырады;

7) кеш болса да вербальды  мәліметтер мазмұнының орнын  басады;

Бұл мұғалімге не үшін керек? Вербальды емес қарым-қатынас құралдарын меңгере отырып мұғалім:

- оларды қатысушылар жұмысын  бағалау және уақытты үнемдеу  мақсатымен қолдана алады-жағымды  қарым-қатынас тонусын жасау, қарым-қатынасты  сақтау;

- қатысушылардың сөйлеу  белсенділігіне ықпал ету;

- сөйлеу материалдарын  еске сақтауын ұйымдастыру.

 Мұғалім сабақ жоспарын жасай отырып, өзінің де вербалдық емес тәртібін алдын ала жоспарлау керек, өйткені ол қатысушылар психикасына үлкен  әсер ету күшін өзінде сақтауы мүмкін.

Вербалды емес құралдар тек қана продуктивті ғана қызметінде қолданылады деп ойлау дұрыс емес. Пиктограммалар, белгілер, текстердің орналасуы, шрифтер, абзацтар және тағы осы сияқты, осының барлығы оқарман үшін вербалды емес тіл болып табылады. Сонымен қатар тыңдаушы мимиканы, дене қозғалыстарын, интонацияны «оқи» білу керек.

2. Отбасындағы  сөйлеу мәдениеті.

«Сөйлеу мәдениеті дегеніміз – ауызша сөйлеудің жалпы тіл мәдениетіне қойылатын талаптармен қатар өзіне тән формалардың сақталуы болып табылады. Бұл нормада сөйлеу үлгісіндегі сөздерді дыбыстау, сөздің сазын келтіріп айту тәртібін айтады» ата - ана үшін ең бастысы ол баласымен тіл табыса алуы, үйде жағымды атмосфера тудыра білуі. Ал ең бастысы баланы айтып жатқанына сендіре білу, көңіл күйін айтқызбай-ақ түсіну, дер кезінде көмек көрсету, бұл қасиеттер ата - ана үшін аса маңызды дүние.

3. Мұғалімнің жеке тұлғасы – кәсіби қызметінің негізгі

«Ұстаз ... жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, бұлардың ешнәрсені ұмытпайтын ... алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі ..., мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ .., жұрттың бәріне ... жақсылық пен ізгілік көрсетіп ... қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек». 
Әл-Фараби

Мұғалімнің тұлғасы және оқушыларға берілетін ұлттық тәрбиенің ерекшелігі

Бүгінгі таңда мұғалім тұлғасы деген мәселе өте өзекті болып отыр. Ол туралы ойшылдарымыз да, ғалымдарымыз да, қоғам қайраткерлері де ерекше мән беріп, түрлі тұжырымдар мен пайымдаулар жасаған. Солардың бірі – ұлтымыздың ұлы тұлғасы, алаштың біртуар қоғам қайраткері Жүсіпбек Аймауытов. Жүсіпбек Аймауытовтың ұстаз тұлғасын қалыптастыруға негіз болатын ой–тұжырымдарына назар аударсақ: «Мұғалімдікке арналған адам жақсы оқытушы болу үшін өзіне тиісті нәрселерді мына ретпен үйренсе керек. Әуелі оқытудың мағлұмат жағымен, яғни дидактикамен, математикамен жақсы таныс болады. Сонан соң әрбір сабақ берушілердің оқыту ыңғайларын, әдістерін бақылап, қарап жүреді. Одан кейін жақсы ысылған оқытушыларының жетегімен, солардың алдында өзі сабақ беріп, күшін шамалайды.

Кез келген мұғалім өз мамандығын шынайы сүйіп таңдайтын болса, жоғарыдағы талаптарды орындау қиынға соқпайды. Мұғалімдік мамандықты таңдап, теориялық біліммен шынайы қаруланған маман қалған талаптарды тәжірибе арқылы толықтырады. Сондықтан да ең алдымен, ата – ана баласының бойында қандай қасиет бар, болашақта қай мамандыққа икемді, сол мамандыққа орай алған білімі тиянақты ма,таңдап отырған мамандығының ерекшелігін, қиындығын сезіне ме деген мәселелерге ерекше көңіл бөліп, баласының болашақ мамандығын дұрыс таңдауына ықпал етуі қажет. Оқытушы шәкірттерінің психологиялық ерекшеліктерін, қабілетін, ой топшылауын, жеке тұлға ретіндегі бейнесін көре, тани алуы керек.

Өкінішке орай, кей кездерде әріптестеріміздің арасында мұғалімнің этикетіне жат қылық көрсететіндер де кездесіп жатады. Баланы тек сабаққа дайындығына қарай ғана бағалау, жақсы дайындалып келсе жылы қабақ танытып, өзгелердің алдында мақтап, ал дайындығы нашар немесе мүлдем сабақ оқымай келген баланы жолдастарының алдында кемсіту – мұғалімнің үлкен қателігі. Мұндай жағдай баланың жүйкесіне, өмірге деген көзқарасына, адамдарға деген сеніміне келеңсіз кірбің түсіріп, сол пәнге деген қызығуын жояды. Мұғалімге деген сенімі жоғалып, жек көрушілік сезімі пайда болады. Бұл – өсіп келе жатқан жас бұтақтың тамырын қолмен жаралау деген сөз. Жараланған тамырдан жақсы ағаш өсіп шықпайтындығы сияқты мұндай шәкірттен бүгінгі қоғам талап етіп отырған жеке тұлға қалыптаса алмайды.

Бала қандай нәрсеге ынталы болмақ. Бұрын таныс емес, тың нәрсеге ынтасы болмайды. Бұрын білетін ескі нәрсеге де ынтасы болмайды. Ынтаны қоздыратын жаңа мен ескісі аралас нәрсе. Баланың ынтасын тарту үшін оқылатын нәрселерде бір жаңалық болуы керек. Ол жаңалық бұрынғы ойда бар нәрсені не толықтырғандай, не дәлелмен бекіткендей, не бұрынғыны бекерге шығарғандай, болмаса күшейткендей бір өзгеріс кіргізетін болуы керек. Оқыту нағыз берік болсын. Баланың нақты білгені қойылған бірнеше сұрауларға жауап қайыра алғанынан көрінеді. Шәкіртке бір нәрсе ұқтырғанда мұғалім анық айқын айтуы керек. Мұғалімнің сөзін бала ынтамен тыңдаса, айқындық сонда табылады. Өз мамандығын сүйген ұстаз – қашанда әдіскер. 
 

Мұғалім қызметінің негізгі мәні - оқушыны оқыту, тәрбиелеу, дамыту ғана емес, сол үрдістерді басқаруды шығармашылықпен ұйымдастыра білу. Өйткені, мұғалім еңбегінің бүгінгі нәтижесі қандай болса, елдің, қоғамның ертеңі, болашағы сондай болмақ. Жалпы білім беретін мектептерде оқушыларды еңбекке үйрету мен тәрбиелеуді жүзеге асыру барысында жастарды еңбек негізінен мектеп жасынан бастап қалыптастыру іскер маманның негізгі міндеттерінің бірі болып есептеледі.

Психологтар айтуынша қандай болмасын адамның әрекетшілдігі мен тұтынушылық бағалары және әрекетшілдіктің пайдалылығы, оның мүмкіндіктері бірге жүреді. Мұғалімдік еңбекті адамтану ғылымы, адамның жан дүниесі , рухани әлеміне бойлай алу өнері дей отырып, педагогикалық шеберлік - кәсіби әрекетті жоғары деңгейге көтеретін мұғалімнің жеке қасиеттерінің, оның білімі мен білігінің жүйесі. Бұл түсініктің барлығын оның мәселелерді шығармашылықпен шеше алуынан бір қырын білсек, адамның мамандығы қабілеттері мен қызығушыларына сәйкес қаншалықты ол өз ісінен қанағат табатындығымен байланысты.

Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі-оның жан-жақты білімінен ұстаздық шеберлігімен, оқытудың жаңа әдістерін меңгерумен өлшенеді. Мұғалім қаншалықты білімді, шығармашыл болса, оның құзыреттілік аясы да соғұрлым кең болмақ. «Құзыреттілік» ұғымы педагогика саласында тұлғаның субъектілік тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым. Құзырлылық-белгілі сала бойынша жан-жақты хабардар, білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді шешім шығара алады дегенді білдіреді.

Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігінің негізгі шарттары:

  1. Тұлғааралық және еңбектегі байланыс.
  2. Қызметтің эканомикалық, әлеуметтік, құқықтық, адамгершілік, психологиялық аспектілерін меңгеруі.
  3. Қызметті жаңа жағдайға бейімдеудегі, басқару шешімін қабылдаудағы дайындығы.
  4. Практикалық кәсіби тапсырмаларды орындаудағы дайындық әлеуеті
  5. Нақты жағдайларға байланысты қандай да бір әдістерді пайдалану біліктілігі.
  6. Тиімді шешім қабылдау қабілеті.

«Құзырлылық – тек кәсіби білімі емес, тұлғаның жалпы мәдениеті мен шығармашылық әлеуетін дамыту қабілеті»- деп түйіндейді  белгілі оқымысты Т. Г. Браже. Сондықтан бүгінгі ұстаз тек кәсіби білімін толықтырып қана қоймай, үнемі шығармашылықпен жұмыс жасауы қажет.

Мұғалімнің өз кәсіби қызметтерін шығармашылықпен атқаруына әр деңгейдегі әдістемелік жұмыстарды иновациялық бағытта ұйымдастырып өткізудің ықпалы мол. Біліктілігін арттырушы мұғалім өзінің білімін, жалпы дүниетанымын кәсіби және әдіснамалық деңгейін жоғарлатады, психологиялық – педогогикалық сонымен қатар әдістемелік сауаттылығын жетілдіреді. Ең бастысы бұл білімдер мен білік дағдыларды құзырлылық ұстанымдарының талаптарына сәйкес өздерінің меңгеруі және сол жолдар арқылы өздерінің ойлау жүйесін, шығармашылығын өнертапқыштығын, рефлексиялық машығының дамуына жол ашады.

Сол кезде ғана мұғалімнің өзіне-өзі бағ баға беру деңгейі артып, өзін-өзі анықтап, үздіксіз өзін-өзі дамытуға деген қажеттілік туады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды.

Мұғалім-баланың жеке тұлғасын қалыптастырушы,маңызды тәлім-тәрбие өнегесінің бастаушысы,жарқын үлгісі,бала қиялын самғатып,арманын көкке ұсындырушы басты тұлға.Бүгінгі жас өркеннің ертеңгі әлеуметтік –саяси қоғам мүшесі ретінде қалыптасуында тәлім-тәрбиенің маңызы зор екендігі белгілі.Ендеше қоғамдағы қол жеткен тәрбиелік жақсы дәстүр атаулыны пайдаланып,биік адамгершілік қасиеттерге баулу,тәрбиелеу-мұғалімнің басты міндеті.Мұғалім жан-жақты жетілген білімді,әдістемелік шығармашы- лық   шеберлік иесі,халықтық дәстүр,әдет-ғұрып пен салт-сана   ерекшеліктерін  әлеумет- тік  қарым-қатынастар түрлерін кәсіби түрде меңгеруі тиіс. Әсіресесе осы кәсіби білік дағ- дыларын шыңдауы оның ұстаздық тәжірибе жинақтауының ең басты алғы шарты болып табылады.[2]

Қазіргі таңда мұғалім болу,тәрбиеші болу оңай жұмыс емес.Басқа ешбір мамандық адамға дәл мұғалімге қойылғандай талаптар қоймайды.Педагогтық қызметтің жетістігін бағалау да өте қиын. 

 

 

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер 
 
1.Қондыбай C. Арғықазақ мифологиясы. 3 кітап.  
 
2.Қайдар Ә. Ұлтты ұйыстыратын құдіретті ұйытқы. – Алматы, 2003.  
 
3.Айталы А. Ұлттық жаңарудың алғы шарттары Тіл және қоғам – Астана,2004, № 3.  
 
4.Кекілбайұлы Ә. Ұлттық руханиятымыздың өзегі – тіл.Тіл және қоғам –Астана, 2004, 

Пайдаланған әдебиеттер:

Ұстаздық шығармашылық – Б.А.Тұрғынбаева  Алматы 2007

Құзырлылық амалының негізгі ұғымдары – К.С.Құдайбергенова  Алматы 2007

Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар – 3-2011

 

 


Информация о работе Педагогтың мимикалық және пантомимикалық мәнері