С.Қалиевтың еңбектеріндегі оқушыларға ұлттық тәрбие беру мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2014 в 19:54, диссертация

Краткое описание

Қазіргі кезде педагогика ғылымы әлеуметтік-мәдени өзгерістер жағдайында дамып келеді. Бұл өзгерістердің нәтижесі білімдік реформалардың табысты дамуына байланысты. Қазақстан Республикасының егеменді ел болып, төл тілінің мемлекеттік тіл болуымен қатар өткен тарихымызды қайта қарап, ондағы рухани құндылықтардың қорына өлшеусіз үлес қосқан бірегей тұлғалардың еңбектерін зерделеп, зерттеу маңызды мәселелердің бірі болуда. Қазақстан жағдайында ұлттық тәлім-тәрбие саласында әртүрлі проблемалары әсіресе, халықтың педагогикалық тағылымдарын жастар тәрбиесінде тиімді пайдалану негізгі проблема болып отырғаны Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, Г.Шәймерденова, К.Қожахметова, Г.Хамитова, С.Ұзақбаева, С.Ғаббасов, Қ.Бөлеев, Г.Әлсатов, Ж.Асанов, Ә.Табылдиев т.б. ғалымдардың зерттеулерінде жан-жақты қарастырылды.

Содержание

Кіріспе........................................................................................................

С.Қалиевтың педагог-ғалым ретінде қалыптасуына тарихи-педагогикалық сипаттама
Ғалым-педагогтің өмір жолдары және оның ғылыми-педагогикалық қызметтері..................................................................................................
С.Қалиевтың ғылыми зерттеулерінің негізгі бағыттары және оның ғылыми-педагогикалық кадрлар дайындаудағы үлесі...........................

С. Қалиевтың еңбектеріндегі ұлттық тәрбие туралы ой-пікірлерін болашақ педагогтардың кәсіби даярлығында пайдалану
С.Қалиевтың еңбектеріндегі ұлттық тәрбие туралы идеяларын педагогика курсын оқытуда пайдалану...................................................
Ғалым-педагогтің ұлттық тәлім-тәрбие туралы ой-пікірлерін сабақтан тыс жұмыстарда қолдану жолдары.........................................

Қорытынды .............................................................................................

Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................

Вложенные файлы: 1 файл

asankanova.doc

— 665.00 Кб (Скачать файл)

 

Біз жүргізген әдістемелік жұмыстар негізінде өткізілген сауалнамада болашақ педагог-психологтардың профессор С.Қалиевтың этнопедагогика мәселелеріне арналған еңбектеріне деген үлкен ықыластарын байқадық. Әсіресе, білімгерлер бойында ұлттық сана, ұлттық намыстың терең ұялағаны сезілді. Бұл өте қуанарлық жағдай болды.

Бұл сауалнама арқылы білімгерлердің ұлттық тәрбие жөнінде ғалым С.Қалиевтың еңбектерін пайдалану қажеттілігі қандай дәрежеде екенін және оның еңбектеріндегі ар-ұжданды қастерлеу, тәрбиені халық өмірінен бөліп алуға болмайтындығы, этностық және өркениетті әлемдік мәдениетті кіріктіре пайдалану арқылы ұлттық ментолитетті қалыптастыру қажет деген негізгі тұжырымдарын тәрбиеде пайдалану мүмкіндіктерін анықтадық.

  Ұлттық тәрбие жөнінде ғалым С.Қалиевтың еңбектерін пайдалану қажеттілігі жөнінде берілген сұрақтар бойынша педагогикалық пәндерден сабақ беретін оқытушылар арасында сұхбат жүргізілді. Бірінші орында ғалым-педагогтың қазақ ұлтының менталитеті, ұлттық тіл мен мәдениетті орындату жөніндегі пікірлері болды (сұхбаттасқан 20 оқытушының 88%). Ғалымның «Қазақ этнопедагогикасының тарихы», «Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы», «Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытудың педагогикалық негіздері», «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» еңбектерін жиі пайдаланатындарын көрсетті (90%). Ал, С.Қалиевтың «Тәлім-тәрбие хрестоматиясы», «Халық педагогикасының ауыз әдебиетіндегі көрінісі», «Қазақ этнопедагогикасының туу және даму тарихы» атты еңбектерін сирек пайдаланатыны белгілі болды ( 9%).

  Жүргізілген сұхбатқа берілген жауаптар ғалым педагогтің теориялық, оқу-әдістемелік еңбектерінің оқу-тәрбие үдерісінде пайдалануға деген қажеттіліктің жоғары екені туралы қорытынды жасауға мүмкіндік берді.

                                                   

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Профессор Серғазы Қалиев өзінің ұлан-ғасыр педагогикалық және қоғамдық қызметімен Қазақстанның этнопедагогика ғылымына үлкен үлесін қосты. Ұлағатты ғалым-ұстаздың көлемді де, ауқымды монографиялық, оқулықтары, оқу құралдары маман даярлауда үлкен рөл атқарды. Бұл еңбектерінде ғалымның педагогика, этнопедагогика, мораль, этика мәселелері әр қырынан сөз болады. Әсіресе, кең байтақ қазақ жеріндегі оқу-ағарту істерінің түрлі сипаттағы бағыттары, ұлттық тұрғыдан білім беру мен оқыту ісінің түйінді мәселелерін ғылыми зерттеу тұрғысынан көрсете білді.

Ғалымның қаламынан жоғары оқу орындарына арналған бірнеше монографиялар, оқулықтар, оқу құралдары, төрт жүзден астам ғылыми мақалалар жарық көрді. Ондағы ой-пікірлер жастарға рухани азық десе артық айтқандық болмас.

Ғалым С.Қалиев өзінің еңбектерінде жеріміздің ұлан-ғайыр кеңдігімен табиғат сұлулығының әсерінен ғасырлар бойы қалыптасқан дархандылық, адамға деген мейірімділік пен өнерпаздық, асқан қонақжайлылық, жойқын соғыс пен қырғынға ұшыраудың салдарынан мысқалдап жинаған рухани мұраны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу ниетінен қалыптасқан малжандылық (мәселен, аман-саулық сұрағанда алдымен малдың жөні сөз болатындығы), өзінің жұрттарға деген бауырмалдық, еш уақытта біреудің жеріне деген көз алартпаған бейбітшілік қасиеті, өзі тиген дұшпанның қабырғасын қаусатқан батырлық, «мың өліп, мың тірілген» кездердегі шыдамдылық біздің ұлттық мінезіміздің ерекшеліктерін егжей-тегжей зерттеген.

Ғалым кейбір қазақ жастарының ана тілін, ұлттық салт-дәстүрлерді біле бермейтініне, халқымыздың баға жетпес өнерлерін бағалай бермейтініне өкініш білдірді.

Қазақтардың санасына жалпы адамзаттық мінез-құлық ережелерімен қатар ұлттық моральдық асылы мен халықтың этнопедагогикалық, этнопсихологиялық ерекшеліктері еленбеді, жеке тұлғаның белгілі бір этносқа тән қатынасы ескерілмеді. Бұл сөз ащы болса да шындық еді.

С.Қалиев халқымыздың, ұлтымыздың жоғын жоқтап, жас ұрпақ санасына ұлттық тәрбиенің дәнін сеуіп, ұлтқа қызмет етудің не екенін айтып, жеткізуден шаршамаған патриот-ғалым. Ұрпағына ұланғайыр жер қалдырған бұрынғы билер мен батырларды айтпағанда, тәуелсіздікке қол жеткізген жылдары қаншама азаматтарымыз ел аузына ілікті. Мәселен, Елбасы Н.Ә.Назарбаевты алайық, қаншама орыс пен өзге ұлттардың ортасында жүріп-ақ, ана тілін ұмытпауы нені аңғартады? Қалаберді ұлттық мәдениет, салт-дәстүр, бәрі-бәрінен хабардар. Бұл отбасында тамаша тәрбие алғанын, қан тазалығының, жан сұлулығының, ұлтқа қызмет етудің не екендігін білетіндігі деуге әбден болады. Сондықтан ғалым жастарды қазақша сөйлеп, ұдайы кітап оқып, терең ойлауға шақырады.

Сонымен қорыта келгенде, Қазақстанда кеңес дәуірінде қазақтың ұлттық мектебі болған жоқ, мектептер қазақ мектебі деп аталғанымен, олар орыс мектебінің қолайсыз көшірмесі болды, оларда ұлттық тәрбие жүргізілмеді. Міне, сондықтан ғалым-педагог Серғазы Қалиев басқа да қазақтың ғалымдары сияқты ұлттық мектептің қажеттігін ерекше мәселе етіп қойған этнопедагогтар Қ.Жарықбаев, С.Ұзақбаева. М.Балтабаев, А.Көбесов, Ж.Наурызбай, Ә.Табылдиев, Т.Әлсатова, Қ.Қожахметова, Қ.Бөлеев, І.Хамитова, Ж.Асанов ерекше мәселе етіп қойып, жас ұрпаққа ұлттық тәрбие беру проблемаларын жан-жақты зерттеген ғалымдардың көш басында болды, болып та келе жатқанын айтуымыз керек.

    Ғалым педагог С.Қаливтың этнопедагогикалық көзқарастары бұрын соңды арнаулы зерттелмегендігін анықтады.

    С.Қалиев қазақ жастарына ұлттық тәрбие берудегі үлесі қомақты. Ол халқымыздың сан ғасырлық тыныс-тіршілігінің өзіндік ерекшеліктерінен туындаған ұлттық тәлім-тәрбиеге қатысты салт-дәстүр, әдет-ғұрыптары қазіргі этика, педагогика, психология ғылымдары тұжырымдамаларымен қиюласа, астарласып жатқанын өз еңбектерінде көрсете білді. Себебі, осы саладағы рухани мұрамызды осы күнгі ғылым деңгейіне, оның төңірегіне топтастырып, жүйе-жүйесімен талдауға алсақ, бұлардың өзіндік сыр-сипаты айқындала түседі дейміз.

    Серғазы Қалиевтың тарихи өмір жолдарын талдау арқылы біз оның этнопедагогикалық идеялары қазақ қоғамының тарихымен тығыз байланыста болғанын білдік. Ол ауыл баласынан мұғалім, қоғам қайраткері, белгілі ғалым дәрежесіне жетті. Ғалымның шеберлігі оның шығармаларында қоғамдағы барлық өзгерістер орын алып, жас ұрпаққа ұлттық тәрбие берудің небір қыр-сырларын ашуында.

    Сөз соңында белгілі ғалым-педагог Серғазы Қалиевтың этнопедагогикалық идеялары жас ұрпақтың ұлттық тәрбие алып, дені сау, білімді, ақылды, адамгершілікті, иман жүзді, сұлу да сымбатты, халқын, елін, туған жерін, оның табиғатын сүйетін ұлтжанды, ата-бабамыз армандаған «Сегіз қырлы, бір сырлы» азамат болып өсуіне жақсы ықпалын тигізетіні хақ.

   Зерттелген тақырып өте күрделі болғандықтан оның барлық қыр-сырын қамтудың мүмкіндігі болмады. Келешекте бұл мәселе өзінің жалғасын теориялық және тәжірибелік ізденістерде С.Қалиевтың ұлттық тәрбие туралы идеяларын мектеп және отбасы тәрбиесінде, арнаулы орта, жоғары кәсіптік білім беру жүйесінде, педагогика және психология, филиология мамандарын даярлауда жүзеге асырудың жолдарын анықтауға арналған зерттеулер болуы  мүмкін.

    Серғазы Қалиев шығармашылығында қазақ отбасындағы қарым-қатынас, туған жерге деген сүйіспеншілік (патриотизм), қазақ мақал-мәтелдерінің тәрбиелік мәні туралы мәселелер арнайы зерттелсе деген ұсыныс білдіреміз.

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

  1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. 1999 ж
  2. «Ұстаз – ғалым өмірі - көпке өнеге – сексеннің сеңгіріндегі – Серағаң» атты кітапта ғалымның «Қазақстан мектебі»  журналының тілшісіне берген сұхбаты. – Алматы, 2009-6,13б
  3. Бөлеев Қ. Қазақстан халық педагогикасы.- Жамбыл, 1993-22б
  4. Нұрахметов Н.Н. Ұлттың педагогика тарихының білгірі, әрі көшбасшысы - сексеннің сеңгіріндегі - Серағаң кітабында. - Алматы, 2009-51б
  5. Қалиев С. Жаңа замандағы сай ұлттың идеология керек.- Этнопедагогика журналы, 2008-4,5б
  6. Қалиев С., Оразаев М., Смайлова М. Қазақ халқының салт-дәстүрлері. – Алматы: Рауан,1994-222б
  7. Құдайқұлов М. Ізденуден жалықпаған феномсы ғалым. Сексеннің сеңгіріндегі – Серағаң кітабында. – Алматы, 2009-25,54б
  8. Қазақтың тәлімдік ой-пікір тарихынан. -  Құрастырғандар Қ.Жарықбаев, С.Қалиев. - Алматы: «Рауан», 1994-320 б.
  9. Волков Г.Н. Этнопедагогика. – Гебоксары, 1974-16б
  10. Құнанбаев А. Екі томдық шығармалар жинағы. – Алматы: Жазушы, 1986. – 1т-304б.
  11. Жарықбаев Қ.Б., Табылдиев Ә. Әдеп және жантану, - Алматы: «Білім», 1995-102,123б
  12. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан – 2030. – Алматы, 1997ж
  13. Қалиев  С. Халық педагогикасы және оның ауыз әдебиетіндегі көрінісі. – Алматы, 1998-196б
  14. Бөлеев Қ. Болашақ мұғалімдерді оқушыларға ұлттыұ тәрбие беруге кәсіби дайындау. – Алматы: Нұрлы әлем, 2004-152б
  15. Иманбаева Қ. Мақал-мәтелдерді пайдалану. – Алматы: Жазушы, 1985-46б
  16. Ұзақбаев Қ.Б. Балаларға эстетикалық тәрбие берудегі халық дәстүрі. – Алматы: Білім, 1990-30б
  17. Есімов Б. Сана болмысы . – Алматы: Ғылым, 1994-123б.
  18. Жарықбаев Қ.Б. Қазақ этнопедагогикасының әдіснамасын жасаудың кейбір өзекті мәселелері. Этнопедагогика және этнопсихология. – 2 жинағы, Алматы, 1996-18б
  19. Шаймерденова К. Мектептегі оқу-тәрбие жұмысының бағыт-бағдары. – Алматы: РБК, 1993-31б
  20. Ұзақбаева С.А, Қожахметов К.Ж. Жоғарғы мектеп студенттеріне этнопедагогикалық білім беру тұжырымдамасы. – Алматы: Өнер, 1998-22б
  21. Табылдиев Ә. Қазақ этнопедагогикасы. – Алматы: Қазақ университеті, 1991-200б
  22. Бөлеев Қ. Қазақстан халық педагогикасы.- Жамбыл, 1993-28б
  23. Халитова І.Р. Абай Құнанбаевтың мұрасын оқу-тәрбие процесіне енгізудің педагогикалық негіздері. – Алматы: РИК, 1997-151б
  24. Қожахметова К. Мектептің ұлттық тәрбие жүйесі: Теория және практика. – Алматы: РБК, 1997-141б
  25. Асанов Ж.І. Болашақ мұғалімдердің этнопедагогикалық  даярлығының теориясы мен практикасы. – Алматы: «Ғылым», 1999-212б
  26. Қазақстан Республикасы жалпы орта білім беретін мектептерінің тұжырымдамасы, - Алматы, 1996-23б
  27. Қазақстан Республикасында гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы. – Алматы: Қазақстан,1994-40б
  28. Қазақстан Республикасының этникалық-мәдени білім тұжырымдамасы. – Алматы, 1996-56б
  29. Құрсабаев М. «Атамекен» ұлттық ғылыми-тәлімдік, рухани-танымдық бағдарламасын оқу-тәрбие жұмыстарында жүзеге асырудың этнопедагогикалық-этнопсихологиялық мәселерді. – Алматы: Кәусар бұлақ, 1994-32б.
  30. Қалиев С. Педагогиканың ғылыми-зерттеу орталыңы немен айналысады? - Қазақстан мұғалімі, №1, 2003. 18б
  31. Төлеубеков Р. Бала тәрбиесіндегі халықтың педагогика. – Алматы, РБК, 1994-140б
  32. Қалиев С. Қазіргі оқу-тәрбие жүйесін этнопедагогикаландырудың теориялық негіздері. – Ұлт тағылымы, №1, 2001-17б
  33. Жарықбаев Қ.Б., Қалиев С. Из истории казахской народной педагогики.- Алматы: Китап, 1992-69б
  34. Қоңыратбаев Ә. Қазақ фольклорының тарихы. – Алматы: Ана тілі, 1991. 181б
  35. Қалиев С. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы. – Алматы: «Білім», 2003. 211б
  36. Жарықбаев Қ.Б. Аталы ар сөзі – ақылдың сөзі. – Алматы: Қазақстан, 1980-121б
  37. Тәлім-тәрбие хрестоматиясы. Құрастырғандар С.Қалиев, Р.Ізғұттынова, Г.Жексенбаева. – Алматы: Рауан, 1996-161б
  38. Қалиев С. Халық педагогикасы ұлт мектептеріндегі  оқу-тәрбие ісінің өзегі болуы керек. - Ана тілі, №38, 1993-23б
  39. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Из истории қазахски пародный педагогики. – Алматы: Рауан, 1990-281б
  40. Қалиев С., Базилов Ж. Қазақ халқының салт-дәстүрі және димократ- ағартушылары. – Алматы: РБК, 1993-179б
  41. Қалиев С. Екі ойшылдық тәлімдік үндестігі // Ұлағат. №4, 1996-27б
  42. Алтынсарин Ы. Мұсылмандықтаң тұтқасы. – Алматы: Қазақстан,1993-46б
  43. Қалиев С., Аюбаев К. Еуропа ғалымдарының қазақ мәдениеті туралы ойлар. - Алматы, 1992-301б
  44. Әлімбаев М. Халық - ғажап тәлімгер. – Алматы: Рауан, 1994-144б
  45. Ұзақбаев С.А, Момынбаев Б. Қазақ халық педагогикасынаң шетелдерде дамуы. – Алматы: РБК, 1994-56б
  46. Озғанбай Ө. Халықтан асқан ұстаз жок. – Алматы, 1996-161б
  47. Әбілова З. Этнопедагогика. – Алматы: ҚӘТУ, 1997-260б
  48. Өміралиев Қ. Абайдың нақыл сөздерін оқу-тәрбие ісінде пайдалану. – Алматы: Рауан, 1995-48б
  49. Наурыз: Жаңғырған салт-дәстүрлер. Құрастырған М.Қазиев. – Алматы: Өнер, 1993-360б
  50. Жалғасова Ш. Жастарды семиялық өмірге дайындауда ұлттық дәстүр мүшесінің рөлі. Алматы: Білім, 1986-36б
  51. Төлендиев Т. Иманбаев Қ. Қызым, саған айтам! – Алматы: Қазақстан, 1994-176б
  52. Көшербаева А. Халқым қандай десен, салтынан сынап біл. – Алматы: РБК,1993-42б
  53. Тәжібаева С.Г, Нұғманова Х.Е. Отбасы тәрбиесінде оқушының ұлттық келбетін қалыптастыру.- Алматы, 204-152б
  54. Сарыбеков Н, Сарыбеков М, Сарыбеков К. Қазақ халқының табиғат қорғау дәстүрлер. – Алматы: Рауан,1997-51б
  55. Кенжеахметұлы С. Ұлттық әдет-ғұрыптардың беймәлім 220 түрі. – Алматы: Санат, 1999-256б
  56. Үздіксіз тәрбиенің тұжырымдамасы.- Алматы: РБК,1992-30б
  57. Сыдыков А. Ақын-жыраулар.- Алматы: Жазушы, 1984-495б
  58. Жарықбаев Қ, Қалиев С. Ыбырай Алтынсариннің тәлім-тәрбиелік мұралары.- Алматы: Білім, 1990-36б
  59. Кенжеахметұлы С. Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдеп-ғұрыптары.- Алматы: Ана тілі, 1994-82б
  60. Өсеров Н., Естаев Ж. Ислам және қазақтардың әдет-ғұрыптары.- Алматы: Қазақстан, 1992-15 б
  61. Тілеужанов М. Халық тағлымы.- Алматы: Рауан, 1996-365 б
  62. Адамбаев Б. Халық даналығы. – Алматы: Мектеп, 1976-158б
  63. Төрекұлов Н. Қазақстан жүз шешені. Алматы: Жазушы, 1993. 301 б
  64. ҚР «Тіл туралы Заңы». – Алматы, 1998-38б
  65. Ғаббасов С. Халық педагогикасының негіздері. – Алматы: Әл-Фараби, 1995-463б

 

 

 

 

 

 

 


 



Информация о работе С.Қалиевтың еңбектеріндегі оқушыларға ұлттық тәрбие беру мәселелері