Сенсорлық тәрбие туралы түсінік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Октября 2014 в 20:17, реферат

Краткое описание

Ұрпақ тәрбиесін жаңа құндылықтар негізінде жетілдіру қоғам алдында тұрған ауқымды істердің бірі, сол себепті де мектепке дейінгі мекемелерде балалардың ақыл-ойын дамытуды жаңа көзқарастар негізінде талдау - кезек күттірмейтін іс.
Баланың алғашқы бес-алты жас кезеңі оның дамуындағы ең жауапты кезең, себебі осы кезде баланың ақыл-ой қабілеттері, сенсорлық дамуы, эстетикалық сезімдері қалыптасады. Бала тұлғасының мұндай қасиеттері қызықты да мазмұнды сабақ, еңбек және ойын әрекетінде қалыптасады.

Вложенные файлы: 1 файл

СОЖ.docx

— 18.39 Кб (Скачать файл)

СЕНСОРЛЫҚ ТӘРБИЕ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК

Ұрпақ тәрбиесін жаңа құндылықтар негізінде жетілдіру қоғам алдында тұрған ауқымды істердің бірі, сол себепті де мектепке дейінгі мекемелерде балалардың ақыл-ойын дамытуды жаңа көзқарастар негізінде талдау - кезек күттірмейтін іс.

Баланың алғашқы бес-алты жас кезеңі оның дамуындағы ең жауапты кезең, себебі осы кезде баланың ақыл-ой қабілеттері, сенсорлық дамуы, эстетикалық сезімдері қалыптасады. Бала тұлғасының мұндай қасиеттері қызықты да мазмұнды сабақ, еңбек және ойын әрекетінде қалыптасады.

Мектеп жасына дейінгі баланың бойына ақыл –ой күштерін, ойлауын дамытудағы және ақыл –ой еңбек мәдениетін дарыту ең алдымен балаға сенсорлық тәрбие беруден бастау алады.

Кеңес дәуіріндегі педагогика сенсорлық тәрбие мәселелерінде Мария Монтессоридің сенсорлық тәрбие жүйесінде өз бейнесін тапқан позициядан принципиалды айырмашылығы бар позицияны ұстанады. Оның пайдаланған дидактикалық материалдар өзін-өзі бақылау принципіне сәйкес жасалған, мұның өзі балаларға педагогтың катысуынсыз, өз бетімен шұғылдануына мүмкіндік береді.

Ресейлік ғалым Н.М.Щелованов нәресте кезеңді сенсорлық тәрбие берудің «алтын кезеңі» деп атап көрсеткен.

Мектепке дейінгі педагогика тарихының әртүрлі даму кезеңдерінде бұл мәселе бойынша көптеген ғалымдар (Я.А.Коменский, Ф.Фребель, М.Монтессори, О.Декроли, Е.И.Тихеева және т.б.) балаларды заттардың қасиеттері мен ерекшілтерін таныстыратын әртүрлі дидактикалық ойындар мен жаттығуларды жасады.

Ғалымдар А.В.Запорожец, А.П.Усова, Н.П.Сакулина, Л.А.Венгер, Н.Н.Поддъяков және т.б. жалпы сенсорлық тәрбие бойынша көптеген ой-пікірлерін айқындай отырып сенсорлық тәрбие жүйесінің қалыптасуына өз ықпалдарын тигізді.

Кеңес педагогикасы сенсорлық тәрбиені іс-әрекеттің әр түрі: бейнелеу, құрастыру, музыкалық-қимыл үдерісінде, балаларды қоршаған ортамен таныстырғанда жүзеге асыру керек деп есептейді. Мәселен, Е. И. Тихеева сезім органдарын жетілдіру жұмысын бала тілінің дамуымен, қоршаған заттар дүниесімен таныстырумен байланыстырды. Ол жасаған дидактикалық материалдар, ойындар (әсіресе табиғи материалдармен ойындар) да түсті көлемді, форманы ажырата білуге бағытталған, бірақ балаларды заттардың қасиетімен, сапасымен таныстыру ойын әрекеті үстінде жүргізіледі, оның өзі білім мен ұғымды жақсы игеруге көмектеседі.

Мектепке дейінгі балаларға сенсорлық тәрбие беру, заттардың формасын, түсін, көлемі мен басқа да ерекшеліктері мен қатынастарын зерттеуге бағытталған қабылдау әрекеттерінің нәтижесінде қалыптасқан кез-келген түсініктер, келешекте кейіп мәніне айналуы қажет. Бірақ бұл жеткіліксіз. Себебі, әртүрлі заттардың әртүрлі ерекшеліктерінің ішінен салыстыра отырып, ортақ белгілеріне сәйкес заттардың қасиеттерінің негізгілерін айқындай білуі керек.

Балаларға сенсорлық тәрбие беру мәселелерін зерттеумен көптеген ресейлік және шетелдік ғалымдар айналысқан. Соңғы кездері әдіскерлер өз назарларын көбірек шетелдік авторларға аударуда. Орыс ғалымдары А.П.Усова, А.В. Запорожец, А.Г. Рузская, Н.А. Ветлугина, Л.А. Венгер, В.П. Зинченко және т.б. осы сенсорлық тәрбие беру мәселеріне едәуір өз үлестерін қосты.

Ақыл-ой тәрбиесі әр заманда балаларға білім берудің негізгі құралы болып табылады. Білім алуға және ғылымға ұмтылыс халық санасының тереңнен әрдайым орын алады. Халық табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтары бейнеленген ғылымның деректерін, түсініктерін және заңдарын мақсатты игерудің нәтижесі деп білд. Тек ақылды адам ғана терең білімдерді меңгере алатынын түсінді. Білімнің мәнін «Ақылдан қымбат байлық жоқ», «Ақылды сатып ала алмайсың», «Ақыл – тозбас киім, білім – сарқылмас бұлақ» деген халықтың даналық сөздерінен-ақ байқауға болады.

Белгілі ғалым А.Меңжанова мектепке дейінгі жастағы балалардың «ақыл-ой тәрбиесінің мақсаты – балаларды табиғат пен қоғамдық өмірдің сан қилы қарапайым құбылыстары жайлы біліммен қаруландыру, сезім мен қабылдау ерекшеліктерін жетілдіру арқылы ақыл-ой қабілетін (зейін, ой, ес, қиял, тез және дұрыс шешім қабылдау, тұжырымдау, игерген әдет пен дағдыны, білімді іс-әрекет үдерісінде туған міндеттерді шешуге пайдалана білу, өз еңбегнің сапасын, оның қорытындысын, ынта-ықыласын болжай алу) дамытуды қамтамасыз ету», - деп анықтаған.

Сенсорлық тәрбие ақыл-ой тәрбиесінің негізі болып табылады, ол баланың сезімдік тәжірибесінің дамуын және баюын қамтамасыз етеді, заттардың қасиеті мен сапасы туралы түсінігін қалыптастырады. Сенсорлық тәрбие дегеніміз бұл түйсік пен қабылдаудың дұрыс бағытта дамуы. «Сенсор» сөзі латынның «Sensus» - «сезім», «түйсік», «қабылдау», «түйсіну қабілеті» деген сөздерінен шыққан. Дүниені тану түйсінуден, қабылдаудан басталады. Түйсігі мен қабылдауы мол адамның қоршаған дүние жайлы көзқарасы кең, жан-жақты келеді. Сөйтіп, баланың сенсорлық мәдениеті, оның түйсігі мен қабылдауының даму деңгейі ойдағыдай дамыған таным қызметінің алғы шарты болып табылады.

Педагогикалық сөздікте «сенсор» ұғымына «1) жеке рецептор, 2) рецеторлы мүше» деп атап көрсетілген.

Сенсорлық бейімделу- организмнің сыртқы ортаның әр түрлі жағдайына бейімделу қабілеттілігі.

Сенсорлық бөлік – орталық жүйке жүйесінің өрлеме нейрондардың ұштары болып табылатын бөлігі. Мысалы.: көру аймағы, соматосенсорлық бөлік және т.б.

Сенсорлық ес – сезім органдарына түсетін ақпараттарды сенсорлық өңдеудің өнімдерін өте қысқа уақыт бойында есте ұстауды қамтамасыз ететін гипотезалық ес жүйкешесі.

Сенсорлық тәрбиеге екі ұғым кіреді: зер салып ойлау және ақыл –ой күштері.

Ойлау дегеніміз не? Ойлау деп - заттар мен құбылыстардың арасындағы табиғи байланыстарды және қатынастарды бейнелейтін психикалық процесті айтады. Ойлау – таным іс-әрекетіндегі күрделі үдеріс. Ол білмеуден білуге қарай бағытталған ой қозғалыстың адам миында бейнеленуі.

Ой – түйсіну, қабылдау, елестетуден алынған сезімдік деректердің адам миы арқылы өңделуі, мәнге айналуы. Ойлау – барлық адамдарға тән туынды түсінік. Жеке адам даму процесінде тәрбиеге қоятын міндеттерге сай жедел дамитын ойлаудың нақты жақтарын немесе түрлерін қалыптастырады. Тәрбиешінің міндеті ойлау түрлерінің мәнін терең түсінуі, оларды тұтас педагогикалық процесте шебер қолдана білуі, балалардың ақыл- ой қабілетінің дамуын әсер ету тәсілдерін жете зерттеу қажет.

Енді әрбір ойлау түрлерінің тұлғаның даму үдерісінде алатын орны туралы сөз етейік.

Нақты логикалық ойлау - біздің затты тікелей қабылдауымыз. Мұны кейде көрнекі ойлау деп те атауға болады. Нақты логикалық ойлау балалардың ойлау және оқу процесінде, адамдардың еңбек іс- әрекетінде байқалады.

Сенсорлық даму және ойлау білігінің негізі ойлау операцияларын меңгеруде қажет етеді. Негізгі ойлау операцияларына ғылымда белгілі анализ, синтез, салыстыру, классификация жатады.

Анализ дегеніміз бүтінді бөліктерге ойша жіктеу немесе бүтіннің жеке қасиеттерін ойша бөлу болып табылады.

Синтез – заттың бөліктерін ойша үйлестіре біріктіру немесе құбылыстардың жеке жақтарын олардың белгілері мен қасиеттерін біріктіру. Анализ бен синтез біріне – бірі қарама- қайшы ойлау операциялары болғаны мен, олар бір- бірімен үздіксіз байланыста болады.

Белгілі бір сабақтастықта нақты белгілі немесе бірқатар белгілер бойынша олардың ұқсастықтарын немесе айырмашылықтарын анықтауды салыстыру деп аталады.

Салыстыру – жинақтаудың қажетті алғы шарты. Араларындағы ұқсастық немесе айырмашылыққа тәуелді заттар немесе құбылыстарды топтарға ажыратуды жіктеу (классификация) деп атайды.

Негізгі ойлау операцияларын тұтас педагогикалық процесте меңгере және нәтижелі қолдана білу тәрбиешінің шеберлігін, біліктілігін, білімдарлығын көрсетеді.

Сенсорлық тәрбиенің тағыда бір маңызды міндеті балалардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру болып табылады. Мұның негізінде әлем танымдылығын түсіну, табиғат пен қоғам дамуының заңдарын ұғыну. Жинақты етіп айтсақ, балалар барлық оқу іс-әрекетінде негізгі дүниетанымдық жұмысты бекітеді, баянды етуді талаптандырады. Ақыл–ой тәрбиесінің маңызды міндеті – ақыл–ой қызметінде, білімді үнемі молайтуға қажеттілікті дамыту. Ғылымның, техниканың және мәдениеттің қарқынды дамуы мен байланысты бұл міндет ерекше үлкен мәнге ие болып отыр. Оны шешпейінше талаптылық пен білуге құштарлықты дамыту, ауқымды ғылыми информациядан бағдар табуды қалыптастыру мүмкін емес .

Сенсорлық даму – бұл бала жасына, тәжірибесінің молаюы мен тәрбиелілік ықпалдарының әсеріне байланысты ойлау әрекетінде пайда болатын сан және сапалық өзгерістердің жиынтығы. Мектепке дейінгі шақта білімнің қорлануы шапшаң қарқынмен жүреді . Таным процестері жетіледі, бала сенсорлық әрекеттің қарапайым әдістерін меңгереді. Баланың сенсорлық дамуын қамтамасыз ету оның барлық кейінгі іс-әрекеті үшін зор маңызы бар. Сенсорлық дамыту әлеуметтік ортаның ықпалымен жүзеге асырылады. Ол айналадағылармен араласу барысында тілді қарым-қатынас құралы ретінде пайдаланып, сонымен бірге қалыптасқан ұғымдар жүйесін игереді. Сенсорлық тәрбиені неғұрлым тиімді дамыту оқыту мен тәрбиелеу негізінде жүзеге асырылады. Қазіргі педагогика ғылыми ақыл- ой дамуының негізгі көрсеткіштері – білімдер жүйесін игеру, олардың қорын жинау, шығармашылық ойды дамыту және жаңа білімдер алуға танымдық қызмет әдістерін меңгереді деп есептейді .

Сенсорлық тәрбие –балалардың белсенді ойлау қызметінің дамуына ересектердің мақсатты ықпалы . Ол қоршаған дүние туралы түсінікке жеңіл білімдерді хабарлауы, оларды жүйелеп отыруды, танымдық мүдделерді зияткерлік дағдылар мен іскерлікті қалыптастыруды, танымдық қабілеттерді дамытуды қамтиды.

Сенсорлық тәрбие – адамның таным қабілетін дамытып, білім қорын игеруіне жол ашатын тәлім – тәрбиенің негізгі бір саласы. Сенсорлық тәрбие арқылы балалардың оқып білім алуына іс - әрекетін бағыттау – сана сезімінің дамуына, ғылыми негіздерін меңгеруіне бағыт – бағдар бере отырып жеке тұлғаны қоғамның өркениетті даму бағытына сай жан – жақты тәрбиелеудің құрамды бөліктерінің бірі.

Сенсорлық тәрбие – тұлғаның жан-жақты дамуының негізі. Сенсорлық даму еңбек өнімділігін арттыруға, еңбектің шығармашылығына зор ықпал жасайды. Ең бастысы, ол ғылым мен техниканың, мәдениеттің жедел дамуының қайнар бұлағы екендігін үнемі есте ұстағанымыз жөн.

Қорыта айтқанда, сенсорлық тәрбие – адам зиялылығының негізі.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. А.Усова. Обучение в детском  саду. М.Просвщение. 1981.- 176с.

2.Венгер Л.А., Мухина В.С. Сенсорное воспитание дошкольников // Дошкольное воспитание, 2004 , № 13. – С.424

3.Дидактические игры и  упражнения по сенсорному воспитанию  дошкольников / Под ред. Л. А. Венгера. — М.: Просвещение, 2008. – С. 315

4.Морозова О.Е.И. Тихеева. Дошкольный возраст: сенсорное воспитание  и воспитание // Дошкольное воспитание. -1993. – №5. – С. 87

5.Ә.Табылдиев. Қазақ этнопедагогикасы. Алматы Санат, 2001. – 320б.

6.А.Меңжанова, Г.И.Исмагулова, Е.Дайрабаев, Мектепке дейінгі педагогика. А. Мектеп,1982 .

7. Ф.Н.Жұмабекова. Мектепке  дейінгі педагогика. – Астана: Фолиант, 2008, - 336б.

 


Информация о работе Сенсорлық тәрбие туралы түсінік