Тәрбие теориясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2013 в 15:26, реферат

Краткое описание

Жасөспірімдердің білімі қалыпты болса да тәрбиесі жеткіліксіз болуының қоғамға тигізер кесірі мол. Қоғам өркендеп, заман көркейгенмен жаны азған, тілден, діннен безген, арбау мен алдау, кісі өлтіру мен ұрлық, әділетсіздік пен қайырымсыздық сияқты келеңсіз жағдайлардың кездесуі - ата-ана, мектеп, жұртшылық тарапынан тәрбиенің кеміс түсіп жатқанының айғағы. Сондықтан қазіргі таңда мектептің алдында тұрған өзекті мәселелердің бірі - білім берумен қатар тәрбие жүйесін жетілдіру.

Содержание

Кіріспе
3
1. Тәрбие әлеуметтік құбылыс
4
2. Педагогика классиктерінің тәрбие мақсаты жөніндегі пікірлері
4
3. Тәрбиенің мақсат-міндеттері
6
4. Тәрбие процесінің мәні
7
5. Тәрбиенің заңдылықтары мен принциптері
7
6. Өзін-өзі тәрбиелеу және қайта тәрбиелеу
10
Қорытынды
13
Пайдаланылған әдебиет
14

Вложенные файлы: 1 файл

реферат каз яз.doc

— 126.00 Кб (Скачать файл)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 

 

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

 

 

ТІЛ ТЕОРИЯСЫ ЖӘНЕ ОҚЫТУ  ӘДІСТЕМЕСІ КАФЕДРАСЫ

 

 

 

 

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: «Тәрбие теориясы»

 

 

 

Тексерген:

Сәметова Ж.Ш.

Орындаған:

Кубеева С.О.

ПП, 5В010300, 2/2, о/б

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы 2013

Мазмұны

 

Кіріспе

3

1. Тәрбие әлеуметтік құбылыс

4

2. Педагогика классиктерінің тәрбие мақсаты жөніндегі пікірлері

4

3. Тәрбиенің мақсат-міндеттері

6

4. Тәрбие процесінің мәні

7

5. Тәрбиенің заңдылықтары мен принциптері

7

6. Өзін-өзі тәрбиелеу және қайта тәрбиелеу

10

Қорытынды

13

Пайдаланылған әдебиет

14


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Жасөспірімдердің білімі қалыпты болса да тәрбиесі жеткіліксіз  болуының қоғамға тигізер кесірі мол. Қоғам өркендеп, заман көркейгенмен жаны азған, тілден, діннен безген, арбау мен алдау, кісі өлтіру мен ұрлық, әділетсіздік пен қайырымсыздық сияқты келеңсіз жағдайлардың кездесуі - ата-ана, мектеп, жұртшылық тарапынан тәрбиенің кеміс түсіп жатқанының айғағы. Сондықтан қазіргі таңда мектептің алдында тұрған өзекті мәселелердің бірі - білім берумен қатар тәрбие жүйесін жетілдіру. Жалпы білімді ізгілендіре отырып, тәрбие беру жолдары қандай? Тәрбие беру жолдарын қалай жетілдіруге болады? Міне, педагог қауымды ойландырып отырған осындай мәселелер Ш.Жексенбаев атындағы орта жалпы білім беретін мектеп-балабақшасында төмендегідей жолдармен шешімін табуда. 
Мектептегі тәрбие жүйесі Қазақстан Республикәсындағы білім беру мекемелерінің 2006-2011 жылдарға арналған тәрбие жұмысының кешенді бағдарламасына негізделіп құрылған. 

Тәрбие мәртебесін көтеруді көздейтін бағдарлама мектептің  алдына жүктейтін міндеттерді, мақсатын, ұстанымдарды өзінің айқындығымен, нақтылығымен жандандыра түседі. 
Тәрбиенің негізгі мақсаты - жеке тұлғаны дамытудағы толыққанды, парасатты, дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер азаматтың бейнесін қалыптастыру. Мектепте осы негізде тәрбие жұмысын жүзеге асыратын диагностикалық талдау жасалынып, жоспар жасалды және оны жүзеге асыратын тәрбие орталықтары құрылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Тәрбие әлеуметтік құбылыс

 

Тәрбие - қоғамның негізгі  қызметтерінің бірі, жеке адамды мақсатты, жүйелі қалыптастыру процесі, аға ұрпақтың тәжірибесін кейінгі буынға меңгертіп, олардың сана-сезімін, жағымды мінез-құлқын дамытушы. Ересек буын қоғамдыдтарихи өмірде жинаңталған тәжірибені, білімді жас буынға тәрбие процесі арқылы береді. 
Тәрбие материалдық игіліктерді өндіруге қабілетті, іскер адамдарды дайындауға бағытталуы қажет. Басты өндіруші күш - жеке тұлға. Адам жүйелі түрде күрделі қатынастарға араласып, қоғамдағы қалыптасқан идеяны, саяси және моральдық көзқарастарды, сенімдерді қоғамдағы адамдардық өмір сүру тәртібін меңгереді. 
Педагогика баланы оқыту, тәрбиелеу тәжірибелерін қорытып, тәрбие және даму үшін қажетті жағдайларды анықтайды. 
Қорыта айтқанда, тәрбие - қоғамның тарихи әлеуметтік-экономикалық жағдайларынан туатын объективтік процесс. 
Тәрбие процесінде бала өзінің дамуына қажетті жағдайларды пайдалануға тиіс. Табиғи және әлеуметтік орта оның көзқарасын дамытады.

 
2. Педагогика классиктерінің тәрбие мақсаты жөніндегі пікірлері

 

Мақсат дегеніміз - бір  нерсеге  ұмтылу, іске асыру. Бұл тұрғыдан алғанда тәрбие мақсаты — жастарды өмірге әзірлеу мақсатымен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының нәтижесін ерте болжау. 
Тәрбиенің мақсаты мен жүйесі мемлекеттің саясаты мен экономикасына тәуелді. Тәрбие мен қоғам бір мезгілде пайда болды. Тәрбие қоғамдық құбылыс, онсыз қоғам өмірі ілгері дамымайды. Алғашңы қауымдық құрылыста ересектер балаларды еңбекке дағдыландыру үшін қауымның әдет-ғұрпын, салтын үйретті. 
Таптық қоғамда тәрбие мақсатын анықтау қоғамның ең негізгі мақсатына айналды. Құл иеленуші қоғамдық құрылыста құлдар, өндіріс құралдары (жер, еңбек құралдары) - құл иеленушілерінің жеке меншігі болды. Тәрбиенің мақсаты құл иеленушінің мүддесіне бағындырылып, балаларды басқыншылық соғыс өнеріне тәрбиеледі. 

Әрбір мемлекетте балаларға  білім беру мен тәрбиені ұйымдастырудық нақтылы мәселелері мен әдістері қарастырылады. Мұғалім қандай адамды қалыптастыратынын дәл білуі керек. К.Д.Ушинский өз қызметінің айқын мақсатын көрмейтін тәрбиешіні құрылыс материалдарын бір жерге үйіп тастап, одан не алғысы келетінін білмейтін архитектормен салыстырады. Тәрбиеші жас ұрпаққа берілетін білім, іскерлік, дағдыны, тәрбиелейтін сезімді біліп, жоспарлы, мақсатты тәрбие жұмысын жүргізеді. 
Я.А. Коменский "Тәрбие мақсаты және міндеттері, маңызы, жүзеге асыру жолдары адамның қоғамда алатын орнымен анықталу керек", "Келесі ғасырдық қандай болатындығы сол ғасыр үшін тәрбиеленген азаматтарға байланысты. Дүние - даналар-дық көптігімен баңытты" - деген ойлар айтты. Осы ойларын "Ана мектебінің" кіріспесінде өрбітеді. 
"Тәрбие - адамды қалыптастыратын және жетілдіретін үйлесімді процесс" - деп Коменский тәрбие мақсатын төмендегі-дей негізгі элементтерге бөлді: 
•  адамға барлық заттарды білгізу - "ғылыми білім"; 
•  заттардың және өзінің қожасы ету - "адамгершілік"; 
•  құдайға, заттарға құлшылық ету - "діни тәрбие"; 
•  тән саулығы - "дене тәрбиесі". 

И.Г. Песталоцци тәрбиенің  мақсаты балаға бастауыш білім, еңбек, ақыл-ой, дене тәрбиесін беріп, жан-жақты  және үйлесімді дамыту деген. 

Неміс педагогы А. Дистервег  педагогикалық мәселелерді шешудегі сословиелік және шовинистік саясатқа қарсы күресіп, "Мектептің міндеті - адамзатты және өз халқын сүйетін саналы азаматтарды тәрбиелеу" - деген. 

К.Д. Ушинский тәрбиенің  мақсаты қоғамға пайдалы, адамшылығы бар адамды тәрбиелеу деген. Ол адамгершілік тәрбиесін ақыл-ой, еңбек тәрбиесімен тығыз байланысты қарастырады. 
П.П.Блонский тәрбие мақсаты балаға жалпы адамзаттың және ұлттың мәдениетті меңгеруге көмектесу, жеке тұлғаның жалпы адамзаттық идеалдарын қалыптастыру деген. 

1941-1990 жылдардағы педагогикалық  әдебиеттерде "жан-жақты даму" ұғымына ақыл-ой, политехникалық оқу және өндірістік еңбек, адамгершілік тәрбиесі, дене және эстетикалық тәрбие салалары енгізілді. 
А.С.Макаренко тәрбиенің мемлекеттік міндеті негізінде педагогикалық міндет қойып, педагогтардың жұмысын бақылауға алуға болатындығын атап көрсетті. Ол "Тәрбиенің негізгі мақсаты баланы жан-жақты дамыту" - деген ұсынысты қолдады, В.А.Сухомлинский оны жүзеге асырды. 
Тәрбие мақсаты қазақ тәлім-тәрбие тағылымына да қойылды. Ұлы ұстаз Әбу Насыр әл-Фараби "Адамға ең әуелі білім емес, тәрбие берілуі керек. Онсыз берілген білім - адамзаттың қас жауы. Ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі" - деді. 

Ы.Алтынсарин "өмірдің негізгі  мәні — еңбек, ол адамның адамгершілік қасиетін мәртебелендіреді, өмірдің  шын қадірін тек еңбексүйгіш  адам ғана түсіне алады. Мәнсіз еңбек, мағынасыз бейнетқорлық адамның жігерін мұқалтады, өз еңбегінің қызығын, рақат-ләззатын көре білу - кісіліктің басты белгісі" - деген. 

Абай Қүнанбаев талап, еңбек, терең  ой, қанағат, рақым сынды жеке тұлғалық жақсы сапаларды қалыптастыру мақсатын қойып, өсек, өтірік, маңтаншақтың, еріншектік, бекер мал шашпақ сияқты зиянды әдеттерді жоюға шақырады. 

М.Жұмабаев "Көркем денелі, түзу ойлайтын, дәл пішетін, дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы үн, әдемі  түрден .ляззат алып, жаны толқынарлық болса, баланың дұрыс тәрбие алып шын адам болғандығы" - деп жазды. 

Мәтжан Мақсымұлы Тілеужанов өзінің "Қазақ тағылымы" атты монографиясында (1994) қазақ тағылымының негізгі  бағыттарын атап көрсетті. Олар: ар-ождан тазалығын сақтау; ақыл-ойлы, парасатты болу; барлық әрекетінен, сөйлеген сөзінен, қарым-қатысынан, көзқарасынан ғибрат иісі аңқып тұру; ерте тұрып, кеш жату; аз сөйлеп, көп тыңдау; иманды, инабатты, қайырымды болу; жас ұрпаққа тәрбие беруден жалықпау; халық дәстүріне берікболу; оны жаңарту; әдет-ғұрыпта жоқ нерселерден  алулақ болу; сегіз қырлы, бір сырлы болу; халқының рухына кір салмау; ел берекесін сақтап, оның баюына үлес қосу. 
Сонымен дәстүрлі педагогикада жас ұрпақты тәрбиелеудің негізгі мақсаты "жан-жақты үйлесімді дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру" - деп жазылды. 
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы "Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалардың тәрбие тұжырымдамасы" халықаралық адам құқығы туралы нормаларға сәйкес жазылған. 
Қазақстан Республикасында халыққа білім, тәрбие берудің Негізгі мақсаты-Қазақстанның егемендігін қамтамасы ететін, оны бүкіл дүние жүзіне мойындататын, онымен тең қарым-қатынас жасап, Қазақстандық патриотизмді, саяси бостандықты қамтамасызыз ететін нарықтың іргетасын қалап, экономикалық бостандыққа қол жеткізетін, жан-жақты дамыған адамдарды тәрбиелеу. 
Тәрбиенің мақсатынан міндеттер туындайды.

 

  1. Тәрбиенің мақсат-міндеттері

 

Дүниетіным - тәрбиенің  маңызды міндеттерінің бірі. Дүниетіным - адамның табиғат пен әлеуметтік орта, қарым-қатынас, іс-әрекетінің бағыты туралы көзқарастары. Дүниеге көзқарас  ғылым негізінде дүниенің даму заңдылықтарын танып білу. 
Ақыл-ой тәрбиесі - оқушылардың ойлау қабілетін, дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру, ғылыми білім жүйесін меңгерту. Ақыл-ой тәрбиесінің басты міндеттері: оқушыларды табиғат және қоғам жайындағы ғылыми білімдермен қаруландыру; ойлау қабілеттерін жетілдіру арқылы (абстракттілі, ой операциялары талдау, синтез, салыстыру, жинақтау, саралау, т.б.) таным іс-әрекетін (іскерлік, дағды, бақылау, жазып алу, өзін-өзі бақылау, т.б.) дамытып, ғылыми көзқарасын қалыптастыру. 
Адамгершілік тәрбиесінің міндеттері: гуманизм, адалдық, батылдық, төзімділікті қалыптастыру; адамға сүйіспеншілік, құрмет, қайырымдылық сезімін дамыту; оқушыларды өз міндетіне, өзгенің мүддесіне байыпты қарауға үйрету; өз Отанын сүюге, ұлттар достығын құрметтеуге тәрбиелеу; 
Еңбек тәрбиесінің негізгі міндеттері: 
а) оқушыларды іскерлікке, еңбек дағдысына үйрету; 
ө) оқушыларды халық шаруашылығының басты салаларымен, еңбек түрлерімен таныстырып, мамандық таңдауға тәрбиелеу; 
б) озық еңбек дәстүріне тәрбиелеу.  
Эстетикалық тәрбие міндеттері: 
• бейнелеу өнері (кескіндеме, графика, мүсін) көркемөнер шығармашылығы (көркем өдебиет, музыка, театр, кино) арқылы баланың сезімдері мен талғамдарын дамытып, сұлулық туралы ұғымдарын қалыптастыру 
•  эстетикалық құралдарды пайдалануға дағдыландыру. 
•  әсемдікке үлесін қосуға тәрбиелеу. 
Дене тәрбиесі міндеттері: оқушылар ағзасын дамыту; жастарды еңбекке, Отанды қорғауға даярлау, төзімділікке, батылдыққа, ептілікке, іскерлікке, тәрбиелеу.

 

  1. Тәрбие процесінің мәні

 

Тәрбие процесінің мәні - баланың  ұжым және қоғаммен қатынастарының жүйесін  құру, педагогикалық жағдайлардың, тәрбиелік әсерлердің нәтижесін  талдау, жоспарлау жұмысын реттеу; Тәрбие процесінің жобасын құру және жүзеге асыру; тәрбиелік ықпалдарды реттеу және оларға түзетулер енгізу; қорытынды, есепке алу және бақылау. 
Тәрбие диалектикасы сыртқы ықпалдық (объективті) адам санасына (субъективті) өтіп, іс-әрекет барысында көрінетін құбылыс. Адамның қоғамдық мәнінің қалыптасуында әлеуметік іс жағдай маңызды рөл атқарады. 
Тербие процесінде адамның қоғамдық мәнінің қалыптасуына сыртқы және ішкі қарама-қайшылықтар ықпал етеді. 
Сыртқы қарама-қайшылықтар: 
•  Қоғамдық ережелер мен адамдардық тәртібі арасындағы сәйкессіздік. 
•  Мұғалімнің талабымен оқушының тәртібінің арақатынасы. 
Ішкі қарама-қайшылықтар: 
•  Тәрбиешінің талабы мен тәрбиеленушінің мүмкіндігінің ара- қатынасы. 
•  Тәрбиеленушінің қажеттіліктері мен қанағаттандыру тәсілдерінің ара қатынасы.

 

5. Тәрбиенің заңдылықтары мен принциптері

 

Тәрбиенің негізгі зандылықтары. Педагогикалық құбылыс пен үрдіс  арасындағы байланысты заңдылықтар  деп атайды. 
1. 'Тәрбиенің қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайына, демократиялық принципті іске асыруына, адам құқығын қорғау мәселелеріне тығыз байланыстылығы. 
Осы заманғы тарихи жағдайларға байланысты халықаралық қауымдастық дүниежүзі тарихында халықаралық стандарт болып табылатын жалпы адамзаттың құндылықтар мен адамның негізгі құқығы, бостандығы ашылып көрсетілген ("БҰҰ адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы" "Бала құқығының Конвенциясы") құжаттарын жасады. Олар осы заманғы тәрбие теориясы мен әдістемесіне, тәрбие мұраттары мен рухани құндылықтарға жаңаша бағыт береді. Қазақстан Республикасының "Білім туралы" (1999) Зақына сәйкес бұл құжаттар еліміздің білім саласындағы мемлекеттік саясатының негізі болды. 
2. Тәрбиенің оқыту мен білім берудің сапасына байланыстылығы. Оқыту - тұлғаны қалыптастырудық құралы. Тәрбиенің мазмұны, түрі және әдісі тәрбиеленушілердің даму дөрежесіне байланысты іріктеледі. 
3. Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеу бірлігі. Жеке адамның дамуы мен қалыптасуында белсенділіктің рөлі зор. Іс-әрекет барысындағы белсенділіктің түрлері: қарым-қатынас белсенділігі, таным белсенділігі, өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі. 
Қарым-қатынас белсенділігі тұлғаның мінез-құлқын, жүріс-тұрысын қалыптастырады.Таным белсенділігі - заттар мен құбылыстардың мәнін, ғылыми ұғымдар мен заңдылықтарды терең түсінуге, оны тәжірибеде қолдана білуге үйретеді. Егер ересек адамдар балалардың сұрақтарын қостап, таным белсенділігінің дамуына бағыт беріп отырса, онда олардың талпынғыштық және бақылағыштық қасиеттері қалыптасады. 
Өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі - тәрбиеші өзін-өзі тәрбиелеуге баланың ынтасын оята алғанда тәрбие жұмысы нәтижелі жүреді. 
4. Педагогикалық процестегі ұжым мен жеке адамның өзара байланысы. 
Ұжымның басты борышы - әрбір адамның шығармашылық өсуіне қамқоршы болу. 
 
Тәрбиенің принциптпері 
Принцип дегеніміз - адамның іс-әрекетінде басшылыққа алатын алғы шарты, негізгі ережесі. 
Бүгінгі күннің талабына сай ұрпақ тәрбиесінің мазмұнын, әдіс тәсілдерін және ұйымдастыру жүйесінің іргетасын қалайтын  негізгі қағидалар: 
1. Тәрбиенің идеялылығы мен мақсаттылығы. 
тәрбиенің негізгі мақсаты - дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ождан мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттері қалыптасқан адамды тәрбиелеу. 
Мектептің бүкіл іс-әрекеті, қоғамдық өмірі осыған қызмет етуі керек. 
2. Жас ұрпақты іс-әрекет пен қарым-қатынас арқылы тәрбиелеу - балаларды ақыл-ой әрекетімен қатар іскерлік пен пысықтыққа машықтандыру, өнімді еңбек етуге бейімдеу, ата-ана мен бала, Тәрбиеші мен тәрбиеленуші, үлкен мен кіші арасынғы қарым-қатынасты өзара сенімге, қайырымдылыққа, имандылыкқа, бір-біріне сый-құрметпен қарауға негіздеу, тәрбие барысында психологиялық жайдарылық, үйлесімділік ахуал туғызу, жас азаматтың өзіне сенімін арттыру, қамқоршылық сезімін дамыту. 
3.  Тәрбие барысында жеке тұлғаға қойылатын талап пен көрсетілетін құрметтің бірлігі. 
Жаңашыл ұстаз Құмаш Нүрғалиев "Мұғалім мен оқушы арасында үзілмейтін алтын желі болуы тиіс. Ол баланың ұстазына деген сенімі, мұғалімнің баланы сүюі" - деген болатын. 
Тәрбиеленушіні құрметтеу және оған талаптар қою - баланың мықты және нашар жақтарын біліп, оның өсуіне қажетті жағдайлар жасау. Талап қоюдан оқушыға құрмет, күші мен қабілетіне сенім көрінеді. Мұғалім оқушы бойынан рухани қасиетті жобалап, оған сүйеніп, оқушының өз тәжірибесін дамытуына көмектесу керек. 
4. Тәрбиелік ықпалдардық тізбектестігі, жүйелілігі, үздіксіздігі. 
Тәрбие тәжірибесі балаларға қойылатын талап пен педагогикалық ықпал бірлігі қажет екенін дәлелдеді. Ұрпақ тәрбиесінің нәтижелілігі - тәрбие мекемелеріндегі талаптың бірлігі, іс-әрекеттің сабақтастығы. 
5.  Оқушылардың жас және жеке ерекшелігін есепке алу. 
Оқушылардың жеке ерекшелігі - денсаулығы, ақыл-ойы, адамгершілік қалыптасуы, сыртқы әсерлерге жауабы, қабылдауы, т.б. Біреулері өзінің байсалдылығымен ескертулерді дұрыс қабылдаса, кейбіреулеріне керісінше әсер етуі мүмкін, сондықтан оқушылардың тәрбиелік дәрежесін дер кезінде анықтап отыру қажет. Тәрбие жұмысының барлығы білім мен сенімнің, сөз бен істің үздіксіздігі негізінде құрылады. 
Бала - педагогикалық қамқорлықтың ең жоғары мақсаты. Баланың ішкі мүмкіндіктерінің ашылуы адамдардық сүйіспеншілік сезімі мен қарым-қатынасына байланысты. Баланы тең адам санап, оған еркіндік бергенде ғана ол өз пікірін ашық айта алады, үлкендердің балаға деген құрметі олардың сенімін арттырады. 
Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік санасы жаңа қалыптасып келе жатқандықтан, олар негізінен мұғалімнің ықпалында болады. Жасөспірімдер жедел дамып келе жатқандықтан тәрбиесі бірқалыпты жағдайға ауысып, өзін-өзі тәрбиелеуге қажеттілігі артады. 
6.  Баланы ұжымда, ұжым арқылы тәрбиелеу - тәрбие жұмысындағы жетекші принциптердің бірі. Мұны екі түрлі көзқарас тұрғысынан қарау керек. Бірі - ұжымдық тәрбие қоғамның негізгі қаруы. Бала берік ұйымдасқан, ынтымақты, өлеуметті, рухани таза ұжымда болуы қажет. Екіншісі - тәрбиеленушінің педагогтың ықпалымен, көзқарасымен шектеліп қалмауы. 
Педагог - тәрбиеші қосарланған ұғымына А.С.Макаренко қарсы болып, оны ұжымның жан-жақты тәрбиелік әсерімен бекітуді ұсынған. 
Бірлескен іс-әрекетте, орынды ұйымдастырылған ұжымдық жұмыстарда өзара тәуелді, жауапкершілікті қатынастар туындайды, баланың тәжірибе және ұжымдық өмір дағдыларын жинау процесі жүреді. 
7. Тәрбие процесінде мұғалім, мектеп, отбасы және қоғамдық ұйымдардық күш-қуатын үйлесімді педагогикалық бірізділікке бағыттау. 
Тұлға өзін өмірде сирек кездесетін ерекше феномен деп қарайды. Бұл принцип мектеп мұғалімдерінің, отбасының және қоғамның педагогикалық күш-жігерінің бірлігі мен қызмет етуін қажет етеді. 
Бала тәрбиесінде отбасының рөлі көп жағдайда жаңа әлеуметтік қатынастарға байланысты. Ол ата-аналар мен мектептің және қоғамның арасындағы нарықтық еңбек жағдайында қатасады. Отбасындағы тәрбиеге көмек ретінде елімізде демеушілер мен қайырымдылық жасаушылар, әлеуметтік құқық қорғау бөлімдері мен қамқорлық қорғау кеңестерінің жұмысы да ұмытылуда. 
Тұлғаның сапаларын қалыптастыру бір мезгілде, кешенді түрде жүргізілетіндіктен, педагогикалық ықпал да кешенді сипатқа ие болуы тиіс. 
Жасөспірімдердің өздеріне сын көзбен қарамауы, жауапкершілік сезінбеуі ата-аналары мен мұғалімдерді босқа мазасыздандырып отырған жоқ. 
Мектеп пен отбасындағы балалар тәрбиесінің ең маңызды міндеті - оларды қажетті өмір сүру процесіне дайындау.

Информация о работе Тәрбие теориясы