Тұрлаулы мүшелерді оқыту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Июня 2013 в 18:29, курсовая работа

Краткое описание

Қазақ тілінің асыл мұрасы – сөз байлығы, шебер сөйлеудің озық үлгілерін игерту жолындағы осындай үлкен мақсатты дұрыс түсінген қазақ тілі мұғалімінің алдында көптеген міндеттер тұратыны белгілі. Қазақ тіліндегі әр тақырыптарға белгілі сағат беріліп тереңдетіліп оқытылады. Оларды оқытуда көзделетін мақсат берілген тақырыпты дұрыс меңгеретін оқушылардың білімін, ой - өрісін дамыту. Солардың ішіндегі тұрлаулы мүшелерді оқытуға тоқталып өтсек. Мектептерімізде оқытылатын қазақ тілі синтаксисының оқушыларға білім – тәрбие берудегі маңызы ерекше.

Содержание

І. Кіріспе 3 – бет.
Тұрлаулы мүшелерді оқытудың міндеті мен мақсаты.
ІІ. Негізгі бөлім 4 – 21 беттер.
Тұрлаулы мүшелерді оқытудың жолдары
және оны оқытуда кездесетін қиындықтар.
Тұрлаулы мүшелерді оқытуда жаңа технологияларды пайдалану.
ІІІ. Қорытынды 26 - бет.
Тұрлалы мүшелерді оқытудың маңызы.
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер. 27 – бет.

Вложенные файлы: 1 файл

Турлаулы муш окыту курсов раб.doc

— 171.50 Кб (Скачать файл)

 

                            Тұралулы мүшелерді оқыту

                                      

                                        Курстық жұмыс

 

 

 

 

                                                Жоспар:

 

І. Кіріспе                                                                              3 – бет.

Тұрлаулы мүшелерді  оқытудың міндеті мен мақсаты.

ІІ. Негізгі бөлім                                                                 4 – 21  беттер.

  1. Тұрлаулы мүшелерді оқытудың жолдары

     және оны  оқытуда кездесетін қиындықтар.

  1. Тұрлаулы мүшелерді оқытуда жаңа технологияларды пайдалану.

ІІІ. Қорытынды                                                                       26 - бет.

Тұрлалы мүшелерді оқытудың маңызы.

 ІV. Пайдаланылған әдебиеттер.                                           27 – бет.                                               

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

    Қазақ тілі  пәні оқушыларды жазбаша сауатты  етіп шығаруды және осы тілде  еркін де жатық сөйлеуге үйретуді  мақсат етеді.  Тілден жүйелі  білім беру оқушылардың дүниетанымын, пайымдауын жетілдіруге, өзге пәндерді жақсы меңгеруге негіз болатындығы ғылым мен тәжірибеде айқындалған мәселе. Сондықтан мектепте қазақ тілін оқытуды жақсарта түсі – қазіргі кезеңдегі өмірдің өз талабы, өзекті ісі болып отыр.  Қазір қазақ тілі пәні тереңдетіліп оқытылады.

    Қазақ тілінің асыл мұрасы – сөз байлығы, шебер сөйлеудің озық үлгілерін игерту жолындағы осындай үлкен мақсатты дұрыс түсінген қазақ  тілі мұғалімінің алдында көптеген міндеттер тұратыны белгілі. Қазақ тіліндегі әр тақырыптарға белгілі сағат беріліп тереңдетіліп оқытылады. Оларды оқытуда көзделетін мақсат берілген тақырыпты дұрыс меңгеретін оқушылардың білімін, ой - өрісін дамыту. Солардың ішіндегі тұрлаулы мүшелерді оқытуға тоқталып өтсек. Мектептерімізде оқытылатын қазақ тілі синтаксисының оқушыларға білім – тәрбие берудегі маңызы ерекше. Тұрлаулы мүшелерді оқыта отырып оқушыларды сөйлем құрауға үйретіп, ойын толық жеткізуге машықтандырады. Бастауыш сыныптан тұрлаулы мүшелер туралы түсінік беріледі. Қазақ тілі пәні нақтылықты қажет ететін пән. Сондықтан тұрлаулы мүшелерді толық терең оқыту керек. Сонымен қатар ережені жатқа айтқызу керек емес, оқушы өзі сабақты түсініп айтса, болашақта білімі терең болады.

    Мектептерде  оқу жылы соңында міндетті диктант жазылады. Осы диктантты сауатты жазу үшін тұрлаулы мүшелердің тыныс белгілерін дұрыс қоя білу керек. Синтаксис тарауын ары қарай оқытқанда тұрлаулы мүшелер әрдайым жүреді. Тұрлаулы мүшелерсіз сөйлем құрай алмаймыз. Сондықтан да күнделікті өмірде болсын, оқыту барысында, шығармашылықпен айналысқанда тұрлаулы мүшелердің атқаратын ролі мол.

 

    Тұрлаулы мүшелер  бастауыштан бастап оқытылады.  Бастауыш сөйлем мүшесі ретінде  ұғынуға оңай тәрізді,  сөйлемнің  ішінен де тез – ақ тауып  алатын сияқты сезіледі. Шын мәнінде сөйлеудегі жіберілетін логикалық қателер, ұғымдағы түсініксіздік, жазудағы стильдік қателер мен тыныс белгілердің дұрыс қойылмауы бастауышты анық айыра алмаудан туындап жатады. Оқушыларды сөйлемнен бастауышты жалаң сыртқы белгісіне қарай, яғни кім? не? сұрақтарына жауап беретіндігіне қарай ажыратып қоймай, ішкі белгісіне, яғни не жайында сөйлесіп тұрғанына қарай алуға машықтандыру керек. Мысалы, жеті атасын білмеген жетесіз. Мұнда жеті атасын білмеген  адам жайында сөз болып тұр. Осы сөйлемде былайша қате талдау кездесіп жатады: бастауыш (кім?)  - білмеген, баяндауыш (кім?) – жетім, толықтауыш (нені білмеген?) – жеті атасын. Дұрыс емес, бұл жерде білмеген сөзі тек көмекшілік қана қызмет атқарып, жеті атасын білмеген дейтін күрделі бастауыштың құрамына еніп тұр. Ойдың иесі – жеті атасын білмегендік.

    Мен, сен  – екеуіміз барамыз деген тәрізді  сөйлемде де бастауыш біреу  емес, үш сөз, (мен, сен, екеуіміз). Осындай мысалдарға да көбірек көңіл бөлініп, бастауыштар дара, күрделі, үйірлі, бірыңғай  бастауыштар болатындығы ескерітіледі.1

    Бастауыш жайында  түсінік бергенде, оның дара, күрделі,  бірыңғай түрлері бары ескеріледі. Ал оларды арнайы оқытқанда,  оқушыларға бұлардың әрқайсысының  өзіндік ерекшелігін таныту мақсаты  көзделеді. Оқушыларға сөйлем мүшесі жайында білім берілгенде, қандай мүшенің дара, күрделі, бірыңғай мүше деп аталатыны түсіндіріледі. Сондықтан да оқушыларға бастауыштың дара,  күрделі, бірыңғай түрерінің анықтамасын білу онша қиынға соқпайды. Ал, шын мәнінде, оқушылардың түсінуіне қиындау тиетін  - күрделі бастауыштың жасалу жолдары. Мұғалім   күрделі

 

1. Г. Қосымова. Қазақ тілі. (әдістемелік  нұсқау)      Алматы, 2004.

бастауыштың жасалу жолдарын оқушыларға саналы түсіндіру үшін таблицаны  тақтаға іліп, әр сөйлемдегі бастауыштың  құрамын  және олардың сөз таптарынан жасалғанын айтуды талап еткен жөн:

 

             Күрделі бастауыш.

      Жасалу  жолдары.

Ертең канал қазу жұмысы басталады.

Тәуелдік жалғаулы күрделі  сөздер.

Үй – іші ұзақ жым – жырт болды.

Ілік жалғаулы зат  есім мен көмекші есім.

Егіннің үштен екісі жиналды.

Сан есім.

Дене шынықтыру денсаулық үшін өте пайдалы.

Есім мен тұйық етістік.

Менің айтып отырғаным – ақыл.

Көсемше мен есімше.

Еңбек еткен ер атанады.

Зат есім мен есімше

Білегі жуан бірді жығады, білімі толық мыңды жығады.

Сан есім мен сын есім.


 

    Мұндай жұмыстар  оқушылардың белсенділігін арттырады  жаңа материалды өздігінен іздене  отырып білуіне қозғау салады.

    Мұғалімнің  жетекші сұрауларына сүйеніп,  оқушылар - Келгендер үй ішімен баяу амандасты - сөйлеміндегі келгендер сөзі дара бастауыш, ал таблицадағы -   Ертең канал  қазу жұмысы басталады - сөйлемінде канал қазу жұмысы күрделі бастауыш екенін айта алады. Мұнан кейін мұғалім бір сөзден жасалған бастауыштың дара бастауыш деп, ал екі я онан көп сөзден жасалған басатуыштың күрделі бастауыш деп аталатынын ескертіп,  күрделі бастауыштың жасалу жолын төмендегі жүйемен түсіндіруі керек:

  1. Тәуелдік жалғауы сөз тіркесі (негізгі зат есімге немесе  көмекші зат есімге тіркесіп, бір ұғымды білдіретін сөздер)
  2. Күрделі сын есім, күрделі сан есім, қос сөздер.
  3. Тұйық етістікке, есімшеге, сын есімге тіркескен есім сөздер.
  4. Есімшеге тіркескен көсемше.

    Қай сөздің  қай сөзбен тіркесіп барып  күрделі бастауыш жасайтыны оның (күрделі бастауыштың) өзіндік белгілері болып саналады. Тіліміздегі бірыңғай бастауыштарды оқушыларға таныту үшін  Мына жемістер – алма, алмұрт, шие, жүзім және өрік Алматыда өседі  тәрізді бір сөйлемді тақтаға я дәптерге жазып, осы сөйлемдегі не? Сұрауына жауап болып тұрған алма, алмұрт, шие, жүзім, өрік сөздерді  бірыңғай бастауыштар екенін сол себепті олардың арасына тиісті белгісі қойылып жазылғанын, жемістер – жалпылауыш сөз екенін, алайда ол да бірыңғай мүшелер сияқты сөйлемде бастауыштың қызметін атқаратынын айтудың өзі жеткілікті. Оның себебі, бірыңғай мүшеден хабары бар оқушыға мұнан көп айтылса, ол жалықтырып жібереді. Оқушыларға мынадай жаттығу, дағдыландыру жұмыстарын орындатқан дұрыс: текстен дара, күрделі бастауыштарды табу, күрделі бастауыштардың қалай жасалып тұрғанын айту; берілген сөздерді бастауыш етіп сөйлем құрау, ол сөйлемде бастауыш қалай жасалғанын айту, қайсысы дара, қайсысы күрделі екенін айту, күрделі бастауышты сөйлемді дара етіп, керісінше, дара бастауышты етіп, күрделі бастауышты сөйлем етіп қарастыру; текстен бірыңғай дара бастауышты сөйлемді теріп жазу, берілген жаттығудан бірыңғай күрделі бастауышты сөйлемдерді теріп жазу, берілген жаттығудан бірыңғай күрделі бастауышты сөйлемдердің тыныс белгісін қойып жазу, ойдан жалпылауыш сөзі бар бірыңғай бастауышты сөйлемдерді мысалға келтіру. Сонымен, жоғарыда баяндалған жүйемен, санамалап берілген жұмыстарды орындата отырып, оқушыларға бастауышты берік білдіруге болады. Бастауышты сөйлемнің ішінен іздегенде, оқушы алдымен зат есімді іздейді. Бастауыш зат есімнен болмай, басқа сөз таптары ойдың иесі болған жағдайларда қателесушілік болады. Сондықтан бастауыш  болатын  сөз таптарын санамалап тұрып түгендеу қажет. Затталған сан есімнен, сын есімнен, есімшеден, тұйық етстіктен, есімдіктен, үстеуден болған түрлеріне мұғалім қосымша мысалдарды тақтаға іліп, бастауыштардың қай сөз таптарынан болып тұрғандығын оқушыларға тапқызатын, зерттеу бағытындағы оқуды ұйымдастыру қажет. Бұдан кейін оқулықта берілген жаттығуларды оқушыларға орындату қиынға соқпайды.

    Бастауыштан  соң қойылатын сызықша:

Бастауыштан соң қойылатын  сызықша жөніндегі мұғалімнің түсінігі төмендегідей мазмұнда болуы жеткілікті:

  • Тілімізде бір сыпыра бастауыштар сөйлемде интонациямен басқа сөйлем мүшелерінен оқшауланып, бөлініп айтылады. Жазғанда мұндай бастауыштардан соң сызықша қойылады. Мұның себебі, ондай бастауыштарды айтқанда интонациямен, жазғанда сызықшамен өзінен кейінгі сөйлем мүшесінен ажыратып көрсетпесе, біріншіден, олардың кейбірі анықтауышқа айналып кетеді де, сөйлемде айтылуға, білдірілуге тиісті ол бұрмаланады, екіншіден, қандай бастауышты ерекше интонациямен оқуды оқушылар аңғара алмайды, үшіншіден, тыңдаушы мен оқушы ондай сөйлемдегі ойдың иесін таба алмай, сөйлемнің не жайында айтылып, жазылып отырғанын білмейді. Осындай кіріспе әңгімеден кейін мұғалім мына сияқты таблица арқылы былайша түсіндіреді.

                                Бастауыштан соң қойылатын сызықша:

 

мысалдар

                              Сызықша қойылады

Бастауыш

Баяндауыш

Бастауыштан соң

Құнаштың бойындағы  жақсы қасиет – адамдық.

Зат есім

Жіктік жалғауынсыз  зат есім

 

Жақсы – ісімен жақсы.

Сын есім

Сын есім

 

Алты жерде алты –  отыз алты.

Сан есім

Сан есім

 

Бұл – ауылдың жиі  отыратын жағы еді.

Сілтеу есімдігі

 

Анықтауыш

Біздің міндетіміз –  Отанға адал еңбек ету.

Зат есім

Тұйық етістік

 

Әрбір мерекеге тарту әзірлеу – ауыл адамдарының дәстүрі.

Тұйық етістік

Зат есім

 

Көрмес – түйені де көрмес.

Есімше

Есімше

 

Білген – білгенін айтады.

Есімше 

 

Есімше не есім сөз.


 

    Таблицадағы  Құнаштың бойындағы жақсы қасиет – адамдық деген сөйлемде қасиет сөзі бастауыш, ол көтеріңкі интонациямен айтылған, жазғанда, соңынан сызықша қойылған. Бұл  сөйлемде интонация неге қасиет сөзіне түскен? Мұның себебі, мынада: біріншіден, автор тыңдаушының назарын қасиет сөзіне аударғысы келген, екіншіден, бұл сөйлемнің баяндауышы атау септіктегі зат есімнен жасалған. Егер осы сөйлемдегі атау тұлғадағы зат есімнің орнына етістіктен жасалған баяндауышты қойып, сөйлемді өзгертіп, Құнаштың бойында талай – талай жақсы қасиет бар деп айтсақ, сөйлемдегі ой екпіні талай – талай сөзіне түседі де, ол сөз көтеріңкі интонациямен айтылады. Мұндай жағдайда қасиет сөзін көтеріңкі интонациямен айтудың қажеті болмайды. Сондықтан да жазғанда онан соң сызықша қойылмайды.

    Олай  болса,  Құнаштың бойындағы жақсы қасиет – адамдық деген сөйлемде қасиет сөзін интонациямен айтуға атау тұлғадағы зат есімнен жасалған баяндауыштың ықпалы тиіп тұр. Осылайша бастауыш зат есім орнына қолданылған, яғни заттанған сөз таптарынан жасалып, баяндауыш атау септіктегі зат есімнен немесе зат есім орнына жұмсалған сөз таптарынан жасалса, ол сөйлемдердегі бастауыштар көтеріңкі интонациямен айтылатынын, жазғанда, соңынан сызықша қойылатынын таблицадағы 2, 3, 5, 6, 7 – сөйлемдердегі тілдік фактілерден аңғаруға болады. Бастауышқа интонация түсірмей айтқанда қызметін ауыстыратын, яғни анықтауышқа айналып кететінін таблицадағы  Бұл – ауылдың жиі отыратын жағы еді, Білген – білгенін айтады сөйлемдерін талдау арқылы байқатылады.1

    Осылайша тілдік  фактілердін негізінде бастауыштан  кейін сызықша қойылатынын танытқаннан кейін, мынадай ережені есте сақтауды оқушылардан талап еткен жөн:

  1. Сөйлемнің баяндауышы атау тұлғадағы зат есім немесе зат есім орнына қолданылған басқа сөз таптарынан жасалғанда, сол сияқты сөз таптарынан болған бастауыштар ауызекі тілде көтеріңкі интонациямен айтылады, жазғанда, олардың соңынан сызықша қойылады.
  2. Сілтеу есімдігі мен жіктеу есімдігінің үшінші жағынан және зат есім, сын есім, сан есім, есімшеден болған бастауыштарды өздерінен кейінгі сөйлем мүшесінің анықтауышы деп шатастырмас үшін, ауызекі тілде көтеріңкі интонациямен айтамыз да, жазғанда, соңынан

 

1. Арғынов. Қазақ тілі синтаксисі методикасының негіздері. Алматы, 1969.

сызықша қоямыз.

     Осы   екі ережені жақсы білген оқушылар бастауыштан кейін сызықша қойып жаза алатын болады. Ал оқулықта берілген басқа ережелерді оқып танысқаны да жеткілікті, оларды жаттауды талап етудің керегі жоқ. Жаттығу, дағдыландыру жұмыстарын орындатқанда, оқушылар назарын оқулықта берілген әр ережеге байланысты сөйлемдерді дұрыс оқуға, дұрыс жазуға аударған жөн. Өйткені практикалық жұмыстарды көбірек орындау арқылы оқушылар бойында бастауыштың тыныс белгісін дұрыс жаза алатын дағдылар қалыптасады.

    Оқушыларға  берік дағды беру үшін төмендегідей  жұмыстарды  орындаудың көмегі  зор.

  1. Текстегі сөйлемдерді дұрыс оқу, жазуға бастауыштан кейін тиісті тыныс белгісін қою.
  2. Бстауышты да, баяндауышты да атау тұлғадағы зат есімнен, сын есімнен, сан есім мен тұйық етістіктен жасалған сөйлемдерді мысалға келтіру, тиісті жеріне сызықша қойып жазу.
  3. Сілтеу есімдігі мен жіктеу есімдігінің үшінші жағынан және зат есім, сын есім, есімшеден жасалған бастауышы бар сөйлемдерді дұрыс оқу, тыныс белгісін қойып жазу.
  4. Бастауышты заттанған сөз таптары, баяндауышы зат есімнен болған, керісінше, бастауышы зат есімнен, баяндауышы заттанған сөз таптарынан жасалған сөйлемдердің бастауыштарынан соң қою.
  5. Бастауыштан соң сызықша қойылатын сөйлемдерді схемамен көрсету.
  6. Сөйлемдерді түсіндіріп жазу.
  7. Карточкада берілген сөйлемдердегі бастауыштардан кейін тиісті тыныс белгісін қою.
  8. Бақылау диктанты мен шығарма жазу.

Информация о работе Тұрлаулы мүшелерді оқыту